«Тараз қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №19 бөбекжай бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Баланың ойлау қабілетін
дамыту
Білім саласы: «Таным»,
«Шығармашылық», «Денсаулық»
Бөлімі: Қарапайым
математика
Тақырыбы: «Үшбұрыш»,
дөңгелек, төртбұрыш»
Тәрбиеші: Ниязова
А.Б.
Білім саласы: «Таным», «Шығармашылық»,
«Денсаулық»
Бөлімі: Қарапайым
математика
Тақырыбы: «Үшбұрыш», дөңгелек,
төртбұрыш»
Сабақтың мақсаты: Балаларды
қарапайым геометриялық пішіндермен таныстыру, ұқсас заттарды
салыстыру арқылы қабілеттерін дамыту.
Мотивациялық қозғаушы
кезең
Шаттық
шеңбер
Балалар шеңбер бойымен
тұрады
Тәрбиеші: Бір топта біз
нешеуміз?
Балалар: Сан жетпейді
десеміз
Ұлдар да
көп,
Қыздар да
көп
Апайлар да мұнда
көп.
Әне аю, әне
лақ
Бәрі жақсы, бірдей
ақ
Тату болсақ
бәріміз
Жарқырайды
тобымыз
Тәрбиеші: Балалар, мына керемет
қорапқа қараңдаршы. Қане, жақындаңдар, ішінде не бар екенін көрейік
(қорап ашылып ішіндегі үшбұрыш пен дөңгелек балалар
көреді).
- Ал, балалар орнымызға
жайғасайық, бәріңе көрінуі үшін мен үшбұрыш пен дөңгелекті тақтаға
орналастырайын.
- Балалар мынау қандай
пішіндер?
- Сендер бұл пішіндер жайлы не
білесіңдер?
- Тобымызға мұқият қараңдаршы,
үшбұрышқа ұқсайтын қандай заттар бар?
- Ал , дөңгелекке ұқсайтын
қандай заттар бар?
- Үшбұрыш пен дөңгелек
бір-біріне ұқсай ма?
-Неге?
- Үшбұрыштың түсі
қандай?
- Дөңгелектің түсі
қандай?
Дидактикалық ойын: «Ғажайып
қоржын»
Сергіту
сәті.
Біз кішкентай
баламыз
Өсіп-өніп
толамыз
Күнге қарай
талпынып
Көкке қолды
созамыз
Тәрбиеші: -Үшбұрыш пен дөңгелек
орманға саяхатқа барыпты, олар жолдарында бірнеше кедергілерден
өтіпті. Қане, біз де сол кедергілерден өтіп
көрейік.
- Соқпақ жолмен жүріпті
(бірінің артынан бірі жүру)
- Жолдың шетінде шыршалар өсіп
тұр екен, көздеріне кіріп кетпес үшін еңкейіп өтіпті (жартылай
отырып жүру)
- Жол бойындағы ағаштарда
торғайлар отыр екен. Оларды үркітіп алмау үшін ақырын жүріпті.
(аяқтың ұшымен жүру)
- Алдыларынан арық шығыпты ,
одан аттап өтіпті (аттап жүру )
- Арықтың жағасында әдемі
тастар көп екен. Тастарды басып жүріпті (секіріп, аттап
жүру)
- Алдарынан биік қарағай
шығыпты (қолды көтеріп, аяқтың ұшымен
жүру)
Тыныс алу
жаттығуы.
- Қарағайдың түбіне отырып
демалыпты (тыныс алу жаттығуы)
Тақпақ
Жанболат.
Көктем келді
шуақты
Балаларды
қуантты.
Алақай-ау,
алақай!
Көктем қандай
көңілді.
Алдияр.
Дала гүлге
бөленді
Қуанышқа
кенелді
Орман, тоғай
бақтарда
Құстар сайрай
жөнелді.
Ғажайып
сәт: Бұтақтың түбінен қоян
шығады.
- Балалар сәлеметсіңдер ме?
Мен сендерге келе жатыр едім, менің үйшігімді қасқыр келіп бұзып
кетіпті, маған үй жасап тұрғызуға көмектесесіңдер
ме?
Тәрбиеші: Балалар біз көмектесеміз ме?
(балалар көмектесеміз дейді)
Ендеше бәріміз қоянға үй
жасауға отырайық.
Ұжымдық
жұмыс : Қоянға үйшік
құрастыру.
Қорытындылау: Балалар сендер бүгін оқу
іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Балалар бізге орманнан кім
кездесті?Қоянға не жасап бердік? Үйшіктің шатырының пішіні
қандай?Доптың пішіні қандай?
Күтілетін
нәтиже.
Білу
керек: Пішіндерді ажырата
білуі.
Игеруі: Пішіндердің түстерін
ажыратады.
Дағдылану: Пішіндерден белгілі заттарды
құрастырады.