жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баланың бас ұстазы - ата-анасы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы – ата-анасы Мақсаты: 1.Бала тәрбиесінде жауапкершілікті сезіну 2. Ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту 3. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде ат салысып, мектепке, оқуға құштарлығын арттыру Көрнекілігі: слайд, плакаттар, видеоролик Барысы: І. Кіріспе ІІ. Кері байланыс ІІІ. Практикалық блок IV. Қорытынды І бөлім. Кіріспе
Бала тәрбиесі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері - салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.
Туу ретінің сипаттамасы |
Жақсы ата-ана не істей алады |
ТҰҢҒЫШ БАЛА |
|
Қалған балалар үшін жауапкершілікте болады; үлкендермен жақсы тіл табысады. Көп нәрсеге қол жеткізеді. Оған өзінікі дұрыс дегенді сезіну қажет. |
Қысым көрсетпеу; қалай болса да жеңіске жету ұмтылысын емес, қатысқаны үшін мадақтау. Қателіктерден үйрену дегенді түсіндіру. Өз қателіктерін қалай сыйластықпен қабылдау керек екендігін көрсету. |
ЖАЛҒЫЗ БАЛА |
|
Әдетте барлығының назарында болады, маңайында басқа бала жоқ болса, өзін ата-анасымен салыстырады; басқа балаларға қарағанда өзін сенімсіздеу ұстауы мүмкін. |
Басқа балалармен байланысқа түсуіне мүмкіндік беру (бала бақша, достарының балалары, мектептегі жолдастары); қонаққа жиі бару; достардың ортасында қызықты кештерді өткізу; |
Өте жауапкершіл; өз дегеніндей болмаса, бірлесіп істеуден жиі бас тартады. |
Тәрбиелеуге басқа туыстарды шақыру, бала күтушінің көмегін пайдалану. |
ЕКІНШІ БАЛА |
|
Үнемі үлкен баланы қуып жетуге тырысады. Үлкенге қарсы тұрғысы келеді. Өз дегенін табу үшін дау шығарады. |
Оның бірегейлігін мадақтағыз. Үлкен баламен салыстырмаңыз. Үлкен баламен қақтығыстарын өзі шешуіне жол беріңіз. |
ОРТАНШЫ БАЛА |
|
Өздерін тобырда сезінеді және орнын таба алмайды. Сезімтал, ашуланғыш немесе кекшіл болуы мүмкін. Жақсы «дипломат» пен делдал бола алады. |
Уақытты соған ғана бөлу. Оның пікірін сұрау. Үй шаруасында міндеттемелер беру. |
КЕНЖЕ БАЛАЛАР |
|
Үнемі ата-аналарымен немесе үлкен балаларымен еркелетіп жіберілген. Оларды жиі қақтығыстардан қорғайды. Өздеріне жиі аяушылық танытады. Жиі өздігінен әрекет ете алмайды. |
Өзіне деген сенімін ынталандыру. Көшбасшы болуына мүмкіндік беру. «Сәби» деп санамау. Тәуелсіздікке үйрету. Қақтығыстардан құтқармау. |
ІІ. Кері байланыс
Отбасындағы тәрбие процесіне қатысты адамдарды машина бөлшектерімен қатыстырып, теңеп жазу. Және себебін анықтау, кері байланыс жасап пікірлерін сұрау.
Машина бөлшектері |
Тәрбие процесіне қатысты адамдар |
|
|
ІІІ. Практикалық блок
Оқушыларға жүргізілген «Отбасылық велосипед» , «Ағаштағы орныңыз қайсы» әдістемелерімен бөлісу, қорытынды шығарып, пікірлерін, ұсыныстарын тыңдау.
«ОТБАСЫЛЫҚ ВЕЛОСИПЕД» жеке тұлғаны зерттеу әдістемесі
Тест: "Ағаштағы орныңыз қайсы?" авторы: Пип Уилсон
Таңдаған позициям |
|
Өзім |
Ұқсағым келеді |
№1, 3, 6, 7 позицияцы |
Қорықпайтын, батыл мінезді, кедергілерді жеңе алады |
|
20 20 10 11 |
№2, 11, 12, 18 және 19 позициясы 17 позициясы |
Көпшіл, достықты бағалайды. Қол көмегін бергенді ұнатады. Өзгеден қолдау күтеді |
|
10 20 10 10 |
№4 позиция |
Кез келген қиындықты оңай өткеріді. Тез бейімделеді |
|
20 20 20 |
№5 позиция |
Шаршаңқы, көңілсіз жүреді, ұялшақ |
|
|
№ 9 позиция |
Көңіл көтергенді ұнатады |
|
20 20 |
IV. Қорытынды.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Қорыта келгенде,оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс — әрекетін сараптап, жан – жүрегімен сезіне алатын жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдемін.
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай,
— балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!
Сондықтан үш одақ оқушы, ұстаз, ата – ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген