Баланың бас ұстазы- ата-ана

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баланың бас ұстазы- ата-ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Біртұтас тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, ұлттық құндылықтардың, қазақи мақал-мәтелдердің ырым-тыйымдардың бала тәрбиесіне маңыздылығын жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.      

В. А. Сухомлинский

Өткізген: Нұрсапанова А.Ш

Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы -ата-ана».

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Біртұтас тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, ұлттық құндылықтың, қазақи мақал-мәтелдердің, ырым тыйымдардың бала тәрбиесіне маңыздылығын жеткізу. Жас ұрпақты парсатты, ақылды,мейірімді, жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін көрсету.

Көрнекілігі:ою өрнек пазлдары, 3 презентация, таратпа қағаздар.

Қатысушылар: балабақша ата-аналары.

Әдіс-тәсілі: пікірлесу,сұрақ-жауап,ойын.

Жоспар:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Баяндама. «Баланың бас ұстазы- ата- ана»

  2. Шаттық шеңбері.

  3. Аналар мен әжелер шаттық шеңбері «оюлар билейді» тренингі.

  4. «жасырылған пазл» тренинг ойыны.

  5. «quiz» (Жұмбақ, мақал, ырымдар) пікірлесу ойыны.

  6. «Мен», «Мектеп», «Балам» кесте бойынша пікірлесу.

  7. Сиқырлы сандық. Алғыс айту.

  8. Қорытындылау.

Жиналыс барысы.

1.«Баланың бас ұстазы- ата - ана» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

- Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар? Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді .Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.!



2.Шаттық шеңбері.

Шарты:Аналар және әжелер ортаға шығып жарты шеңбер болып тұрайық. Мына лентаны мен ұстап, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіреміз. Мысалы: Мен сізге әркез достықты болайық дегім келеді- деп лентаны қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, лентадай берік, ажырамастай, тату, бірлікте болайық.


3. «Оюлар билейді» тренингі
Мақсаты:Ұлттық құндылықты дәріптеу, ата-аналар арасындағы қарым –қатынасты жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу.

Шарты:Аналар және әжелер ортаға шығып жарты шеңбер болып тұрайық. Мына презентацияда көрсетілген оюларды қимылмен би құрастырамыз.

Енді «Жасырын пазл» ойынына кезек берейік.

 4.«Жасырын пазл ойыны
Мақсаты: Ұлттық құндылықты дәріптеу, Өзінің жанұясында өзін қай деңгейде ұстайтыны екенін анықтау.Ата-аналардың қырағылығын анықтау.

Шарты: Ата-аналар Ата, әке, әже, ана тобы болып 4 топқа бөлінеді. Әрқайссыныз ортада тұрған оюлардың ортасын толықтырасыздар. Осы кабинеттее отырғанымызға біраз уақыт болып қалыпты оюларды байқаған боларсыздар.Жан-жағымызға қарап жасырын ою бөліктерін тауып құраймыз.

Нәтижесі: қол маторикасы. Ұлттық ұүндылықты дәріптеу.

5.quiz.Енді ата-аналар сіздерге арналған қызықты біртұтас тәрбиеге негізделген қазақи мақал-мәтелдермен ырым-тыйымдардан құралған quiz ойыны бар. Уақытпен алдыларыңыздағы параққа жауап берулеріңіз сұралады. Әділ-қазылар алқасы _____________________________________________________________________________

жауаптарыңызды тексеріп отырады.

Ата-аналарға жасанды интеллект көмегімен дайындалған суреттер.(презентация)

Жұмбақтар.

1.Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп.

2. Денесі бар шыбықтан,

Темір болып құдықтан,

Сусын алып ішеді,

Ойы із болып түседі.

3.Үсінде есігі,

Өзі орындық, әрі үстел,

Оқушылар бесігі

4. Тал басында үндіксіз отау

5.Кішкене ғана тостаған жер дүниені бастаған.

2. кезең мақал- мәтелдер. (Жасанды интеллектпен жасалған суреттерден қандай мақал екенін тауып, топ ішінде талдайды.жауабын жазады)

  1. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

  2. Отан отбасынан басталады.

  3. Бала тілі- бал

  4. Өнерлі өрге жүзер

  5. Анасына қарап қызын ал

  6. Білекті бірді жығар, білімді бірді жығар

  7. Қызға қырық үйден тыйым

  8. Әке көрген оқ жана шеше көрген тон пішер

  9. Әке тұрып бала сөйлегеннен без

  10. Атадан жақсы ұл туса қар үстіне от жанар, Атадан жаман ұл туса ат үстіне ит қабар.

  1. кезең ырым-тыйымдар (Жасанды интеллектпен жасалған суреттерден қандай ырым -тыйым екенін тауып, топ ішінде талдайды.жауабын жазады)

  1. «Қазақ қыз баланы қорламайды.Қызыдың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тарса-ел жұтқа шалдығады. Қыз күлімдесе құт қоанды.Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады»-деп қыз баланыадамның бақытына балайды

  1. Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді.Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе қуып жүріп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды.

  1. Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса- үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз үйдің көркі». Дәм –тұз ауыспақ қыздан.Тұз шамданса-қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.

  1. Жуған қолды сілкісе, ырыс несібе кетеді.

  1. Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан қорғайды. Жаугершілік кезінде сақтыққа себін тигізеді, жаудың келіп қалғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар.

Осымен quiz ойынымыз өз мәресіне жетті. Парақтарыңызды әділ қазілар алқасына берсеңіздер 4 топтың ұпайын шығарады. Ата, әже, әке, аналарымыздан тәрбиелік мәні зор мақалдар мен ырымдарымызды бір мағынасын ашып, зерллделеп, есімізге түсіріп алдық.

6.«Мен», «Мектеп», «Балам» кесте бойынша пікірлесу. -Ендігі кезекте мен сіздерден өздеріңзді, балаңызды, мектепті қалай көретіндеріңізді білгім келіп тұр. Ол үшін алдымен тақтада көрсетілген бір жануарды таңдайсыздар. Ол жануардың мінезі осы көрсетілген тармақтарға сай болуы керек. мына таратылған «Мен», «Балам», «Мектеп» деп аталатын параққа реттік санын жазасыздар. Мысалы:Мен өзімді аюға теңеймін. Себебі аю өте мейірімді, әрі мен сияқты балды жақсы көретін жануар.

-Өте жақсы сипаттамалар бердіңіздер. Көп-көп рақмет. Пікірлесу аяқталса Қазылар алқасы да дайын екен белсенді топты анықтайық. Мараппаттау.

  1. Сиқырлы сандық. Алғыс айту.Мына сандықта сіздерге арналған жылылебіздер жатыр. Осы тәттілерді бір бірімізге жылы тілектер айтып табыстайық. Бір-бірден келіп тәттіні алып, өзіңізге баласының немесе өзінің ерекшелігімен көзге түскен ата-анаға табыстасаңыз.

Қорытындылау.

Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын.Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп, көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі