Материалдар / "Баланың бас ұстазы ата-ана" ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Баланың бас ұстазы ата-ана" ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде осы материалымды ұсынғым келеді. Бұл жерде ата-аналарға арналған сауалнама, тренингтаер, бейнероликтер, топтық тапсырмалар мен қорғау жұмыстары түрлері ұсынылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1486
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы

58 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі

Кикымбекова Мейрамгүл Кайруллина



4 «Е» сынып ата-аналарымен өткізілген «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында өткен ата-аналар жиналысы

Мақсаты: Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға оқытудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тарсырмалар.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналар балаларының парасатты, ақылды, мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты білімді де тәрбиелі азамат қалыптаса- тындығын түсінеді.

Ресурстар: Слайдтар, бейнероликтер, стикерлер, түсті бояулар.

Кері байланыс: Стикерлерге өз ой-пікірлерін жазу

Жиналыс мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды.

Picture 2

Ата-аналар арасында ынтымақтастық орнату мақсатында «Жүректен шыққан тілектер» тренингі өткізілді. Ата-аналар қолдарындағы әдемі гүл шоғын көршісіне сыйлай отырып, жиналыстың жақсы өтуіне, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуын және сәттілік тіледі

Picture 1

«Ақылдасып, жұптасайық» ойыны. Әр топтан есімінде «гүл» буыны бар ата-аталар,мемлекеттік қызметте жұмыс атқаратын ата-аналар,2-3баланың аналары ортаға жиналамыз деген белгі берілісімен топ мүшелері ақылдасып, топтағы аталған ата-аналар ортаға шығады, ал топ басшысы ол адамдарды ерекше құрметпен таныстырады.

Топтық жұмысPicture 3







Келесі кезекте топтық тапсырмалар орындалып, барлық топ белсенділік таныта білді.

Picture 8

1-топ: Мектеп

  • Сіздер балаларыңызға неліктен бұл мектепті таңдадыңыз? Осы мектеп ұнайды ма? Ұнамайтын жағы? Тиімді-тиімсіз жері? Мектеп туралы өз ойларыңызды жеткізсеңіздер.

2-топ: Мұғалім

  • Сіздердің ойларыңызша мұғалім деген кім? Мұғалімнің атқаратын орны қандай? Немесе мұғалім сіздердің ойларыңызша қандай болу керек? Ұсыныстарыңыз бар ма?

3-топ: Ата-ана

  • Бала үшін ата-ананың орны бөлек екенің жақсы білесіздер. Бауыр етініз балаңыз үшін ата-ана қандай жағдайлар жасаудасыздар? Бала мектептен соң үйге барған соң қандай көмек көрсетесіздер?.

Picture 4



«Бала тәрбиесіне байланысты» бейнеролик тамашаланды.

Picture 6

Ата-аналар бейнеролик мазмұны туралы ойларын ортаға салып, алған әселерімен бөлісті.

Тест. «Бала тәрбиесі».

1. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды жақсы көреді? Кітап оқумен - Компьютермен – Әртүрлі жұмыстармен- Далада қозғалыс ойындармен -

2.Сіздің ойыңызша балаңыздың күнделікті сабаққа әзірлігі қандай? Жоғары – Орташа – Төмен –

4.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады?

әкесі – шешесі – әжесі – әке-шешесі – бала күтушісі –

5.Балаңыздың сабақ оқитын жеке бөлмесі немесе бұрышы бар ма? Ия - Жоқ –



Қорытынды.



Рефлексия (әр оқушы алдын-ала еңбек сабағында әдемі екі бірдей бейне қиып. Біреуіне ата-анасына арналған тілек немесе өтінішін жазып кеткен. Сол бейнелер ата-аналарға таратылды, бос бейнеге әр ата-ана өз баласына деген тілектерін жазды)

Picture 5



Picture 7



Қызықты сұрақтар:

1.Балаңыздың туған күні?

2.Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

3 Балаңыздың парталас көршісі кім?

4.Балаңыз қандай өлшемлі аяқ киім киеді?

5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6.Балаңыз кеше қандай баға алды?

7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

11.Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

12.Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.



Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9. Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

10. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?

11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз













Тест. «Бала тәрбиесі»

1. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды жақсы көреді? Кітап оқумен - Компьютермен – Әртүрлі жұмыстармен- Далада қозғалыс ойындармен -

2.Сіздің ойыңызша балаңыздың күнделікті сабаққа әзірлігі қандай? Жоғары – Орташа – Төмен –

4.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады?

әкесі – шешесі – әжесі – әке-шешесі – бала күтушісі –

5.Балаңыздың сабақ оқитын жеке бөлмесі немесе бұрышы бар ма? Ия - Жоқ –





Тест. «Бала тәрбиесі»

1. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды жақсы көреді? Кітап оқумен - Компьютермен – Әртүрлі жұмыстармен- Далада қозғалыс ойындармен -

2.Сіздің ойыңызша балаңыздың күнделікті сабаққа әзірлігі қандай? Жоғары – Орташа – Төмен –

4.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады?

әкесі – шешесі – әжесі – әке-шешесі – бала күтушісі –

5.Балаңыздың сабақ оқитын жеке бөлмесі немесе бұрышы бар ма? Ия - Жоқ –



«Ашығын айтсам ».

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні-------------

Менің тренинг барысында түйгенім----------

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------

Жүргізушіге ұсыныс---------

Маған ең пайдалы, құнды болған----------

Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім,егер----------------

Маған ұнамағаны--------------

Ең жақсы ұнағаны--------------

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------

Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------

Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам-------------

Тренингті қорытындылау--------------------------

Қолы------------------------------------

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!