Материалдар / "Баланың бас ұстазы-ата-анасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Баланың бас ұстазы-ата-анасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың бас ұстазы – ата-ана” тақырыбындағы психологиялық тренинг

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші, мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қажетті құрал жабдықтар: қобдиша, музыка ұнтаспасы, екі ыдыс, жүрекшелер,бала тәрбиесіне арналған жаднама;

Тренинг барысы:
Кіріспе сөз: Қымбатты ата- аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.
1.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
2. «Өтінемін» ойыны
3. Ақпарат.беру
4. «Музыкалық үзіліс»жаттығуы
5. «Жақсы қасиеттер» жаттығуы

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
(Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып отырады.Тапсырманы орындау үшін
қобдиша керек.Оның ішінде домалақ айна болады).
Жүргізуші:- Қазір сіздер мына қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер.Қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.
Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер.Оған күліп қарауларыңыз керек. (Барлық қатысушылар сандықшаға қарап болған соң, психолог сұрақтар қояды).
- Жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Жан-жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?
- Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады?
- Біз жан-жақты және қайталанбайтын бейнеге қандай көзқараспен қараймыз? (Қатысушылар ойын тыңдау). Қорытынды ой түйіндеу.
Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты және қайталанбайтын бейне екендігіне көз жеткіздік. Осы әрбір жан-жақты қайталанбайтын бейнелер «Өмір» атты үлкен өзенде отбасы, жанұя болып тіршілік етіп жатыр. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттаң да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
Біздің ұрпақтарымыз, баланың – адам екендігін ұмытпауымыз қажет! Бұл кіп-кішкентай адамға айғай мен жаза, өшпенділік пен қаталдық керек емес, оған сіздің мейірімділігіңіз, қамқорлығыңыз және ыстық махаббатыңыз қажет. Бала өзін үлкендер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан және психологиялық қысымнан қорғай алмайды және қорғауды да білмейді. Бірақ балалар біздің мінез-құлқымыздан, қарым-қатынас мәнерімізден үлгі алады: егерде біз айғайлатын болсақ, оларда айғайлайды, егерде біз дөрекелік көрсететін болсақ, оларда дөрекелік көрсетеді, егерде біз қаталдық көрсетсек, оларда соны қайталайды. Қазір біздің жағымды қарым-қатынасымыздан ұлгі алуға болатын бір жаттығуды орындап көрейік.

«Өтінемін» ойыны
- Сіздерді ортаға шақырамыз. Қатысушылармен бір ойын ойнап көрейік.
«Өтінемін» ойыны
- Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, ғафу етіңіз. өтінемін
Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет. Егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.
- секіріңіздер;
- өтінемін, қол шапалақтаңыздар;
- оң аяқтарыңызды көтеріңіздер;
- өтінемін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз;
- құлақтарыңызды ұстаңыздар;
-өтінемін, бір-бірлеріңізбен қолмен сәлемдесіңіздер;
- қолдарыңызды алға созыңыздар;
- өтінемін, бір-бірлеріңізге күлімдеп, құшақ ашып амандасыңыздар;
- алға бір қадам тастаң;
- өтінемін, бір-біріңізбен қоштасыңыздар;
Рахмет,орындарыңызға жайғасуға болады.

Ақпарат беру
Әрбір ата-ана өз баласының жеке қасиеттері, ерекшеліктерін ескере отырып, баласымен қарым-қатынас орнатқаны және оны тәрбиелегені дұрыс. Мұның үшін өз баласының қай темперамент типіне тән екендігін білу және соған сәй тәрбиелеу жолдарын таңдағаны бала тәрбиесіне тиімді әсерін тигізеді. Сондықтан темперамент типтеріне қысқаша тоқталып өтсек.
Неміс ғалымы И.Кантттын сыныптастыруы бойынша темперамент төрт типке бөлінген. Қант берген типологияны Павловтың сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі кездегі психологияда ең кең қолданылыатын сыныптастыру негізінде темперамент типтері холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.
1 – холерик. Бұл темперамент өкілдерінің жүйке процестері күшті жүреді, барлық іс-әрекеттерге белсенді кіріседі де шалағай орындап тастайды, сапаға терең үңілмейді, қозу процесі күшті және басым болғандықтықтан олар көп жерде ұшқалақтық көрсетеді, жаңалықты қуанышпен қолдайды, тәуекелге барғыш, ұрысқақ, кек сақтамайды, жүріс-тұрысы үйлесімсіз.
2 – сангвиник. Сангвиниктердің жүйке процестері күшті жүреді, қозу мен тежелу процестері тепе тең, жеңіл алмасады, іскер, сөзшең, адамдармен тіл табысқыш, барлық әрекетті ынтамен бастайды, бірақ қазағушылығы тез басылады, барлық жұмысты қызықты және қызықсыз деп бөледі, икемделгіш.
3 – флегматик. Флегматиктердің жүйке процестері күшті жүреді, байсалды, барлық нәрсені ойланып, асықпай сапалы орындайды, сыйысымды, тіл табысқыш, ашушаң емес, жай қимылдайды.
4 – меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді, салмақты, қозу және тежелу процестері жай алмасады, үйреншікті жерде іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқалақ, кейде ұстамалы.
Холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге; сангвиник баланың іс-әрекетін бақылап, берген тапсырманың орындалуын қадағалап отыру, жұмысты сабырмен асықпай істеуге үйрету керек. Флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеген жөн.

Ұлы педогог В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді. Бала жанұяның айнасы; бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті әр балаға бақыт сыйлау.Балаға бақыт сыйлаудың бір көрінісі ретінде олар шаршаған кезде, оны қалай жеңулері мүмкіндігін сөзбен айта қоймай, олармен орындап көрсеткенге не жетсін. Келің, қазір демалу, көңіл-күйді көтеру үшін балалармен бірге орындасақ болатын жаттығуға кезек берсек.

«Музыкалық үзіліс» жаттығуы.
Қатысушылар ортаға шақырылады. Көңілді музыкаға ата-аналардың жұмыс қабілеттіліктерін арттыру үшін музыкатерапия.
- Қазір орындалатын музыкаға барлығымыз дене жаттығуларының бір
элементін кезекпе-кезек көрсетуіміз және көрсетілген әрекеттерді орындауымыз керек.
- Ойынды бастауға дайынбыз ба? Бір, екі, үш, бастадық.

С.И. Голод (1998) пікірінше, отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата – ананың қамқорлығын қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасының қолдауы және баласын қабылдауы көп жағдайда олардың жалпы өзін–өзі бағалауына әсер етеді. Зерттеулерде ата–атаның жеткіншекке көңіл қойып, жылылық танытуы, олардың болашақта жағымды өзін–өзі бағалауын қалыптастырады.

«Жақсы қасиеттер» жаттығуы.
- Құрметті ата-аналар! Сіздер балаларыңызда бар болған ең жақсы
қасиеттерді алдарыңызда тұрған мына жүрекшелерге жазып, оны ыдысқа жапсырайық.
- Қараңыздаршы, қандай әдемі, ашық болды баланың жаны. Баланың
мөлдір, тап-таза жүрегіне, көңіліне ұқсаған осы ыдысымыз ешқашан сынбасын, құламасын, төгілмесін. Ол енді сізбен бізге, яғни үлкендерге байланысты.
Тренинг соңында бала тәрбиесі туралы ата-аналарға пайдалы кеңестер айтылады.
Ата –аналарға кеңестер:
* Баланы үнемі сынай берсе, ол жеккөруді үйренеді;
* Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді;
* Егер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі;
* Егер баланы сөге берсеңіз , онда ол кінәлі сезіммен өседі;
* Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;
* Егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;
* Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;
* Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;
* Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;
* Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді;

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!