"Баланың басты ұстазы - ата-ана" ата-аналар тренингі

Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Баланың басты ұстазы - ата-ана" ата-аналар тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар тренингі "Баланың басты ұстазы - ата-ана"
Материалдың қысқаша нұсқасы











Ата-аналар тренингі

«Баланың басты ұстазы – ата-ана»

Изображение WhatsApp 2025-10-28 в 22.07.48_03c083c31.jpg












Мұғалім: Манасбаева Айгерім







Мақсаты:

  1. Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

  2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. "Қай амандасуды таңдайсыз?" жаттығуы;

  2. «Шаттық шеңбері» танысу

  3. «Білесіздер, білмейсіздер» ойыны

  4. «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбын ашу.

  5. «Күн тәртібі»

  6. «Жылы сөз – жараны да жазады» жеке жұмыс

  7. Кофе-брейк

  8. Бейнебаян тамашалау

  9. Топтық жұмыс

  10. Сергіту сәті «Мемдерді қайтала»

  11. «Егер де ...» жағдаят сұрақтары

  12. Қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Баланың басты ұстазы – ата – ана!» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер!

  1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып айтып шығады.

  1. «Білесіздер, білмейсіздер» ойыны

Мақсаты:

- Ата-аналар мен педагогтер арасында сенімді, жылы қарым-қатынас орнату

- Ата-аналардың бір-бірін жақынырақ танып, ортақ тақырыптар табуына жағдай жасау

- Қатысушылардың өзін еркін сезінуіне, белсенділігін арттыруға ықпал ету

  • Қызықты әрі достық атмосфера қалыптастыру

Ойынның ережесі:

1. Қатысушылар шеңберге жиналады немесе үстел басында отырады.

2. Әр ата-ана өзі туралы бір факт айтады — бұл көпшілік білуі мүмкін немесе ешкім білмейтін қызықты мәлімет болуы керек.

Мысалы: «Мен бала күнімде домбыра үйірмесіне қатысқанмын»

3. Осылайша барлық ата-аналар кезекпен өз фактілерін айтып шығады.

Талқылау:Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

Мұғалім сөзі:Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.Мектеп қабырғасындағы «Ата-аналар жиналысы» деген ұғым әрбір оқушы мен ата-ана үшін жақсы таныс. Дегенмен қазір ата-аналар жиналысы десе, үйдегілердің шеке басы тырысып, қаша бастайды. Ол ата-ананың баласына деген селқостығы емес, мектептегі жиналыстың өз деңгейінде өтпеуі.

Топқа бөлу. Ата-аналар қораптағы төртбұрыш және үшбұрыш пішіндерін таңдап алады.

Мұғалім сөзі:

Shape1

Өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді.

Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.


Өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады.




Shape2



  1. «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбын ашу.

Ата-аналар жиналысы не үшін керек?

балалар туралы қысқа әрі нақты ақпарат алу үшін;

үйірме ішімен таныстыру, оқушылардың қандай кеңістікте білім алатынан көрсету;

ата-аналарға балалары туралы толық ақпарат беру. Оның ішінде денсаулығы турасында, тәртібі, білім сапасы, сөйлеу мәдениеті мен өзін ұстау дағдысын айту үшін;

демалыс кезінде бос уақытты тиімді пайдалану үшін пайдалы кеңестер алу үшін;

оқушылар арасында орын алған қатыгездікке жол беретін жайттарды айта отырып талқылау, алдын алу үшін;

балалардың жетістігі мен шығармашылығы туралы айту үшін;

психологиялық тренинг ретінде өткізе отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін;

Баланың бас ұстазы ата – ана! Аналар балаларына жауапкершілікпен қарау керек. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу ата – ананың міндеті. Енді сол үшін ата – ана мен мұғалім бірігіп жұмыс жасауымыз қажет.

  1. «Күн тәртібі»

Бүгінгі күн тәртібінде:

  • 1-тоқсан бойынша Оқу үлгерімі мен тәртіп мәселелері

  • Сыныптың жетістігі

  • Алдағы іс-шаралары

  • Ағымдағы сұрақтар

  • Мектеп ережесі

  1. «Жылы сөз – жараны да жазады» жеке жұмыс

Мұғалім сөзі: Біз күнделікті өмірде баламызға жылы сөз айтып жүрміз ба? Сол үшін баламызға шуағымызды шашайық, жаттығуымызды жасайық. Ортада күннің суреті тұрады. Күннің шапақтарына балаңыз туралы жақсы сөздерді жазу керек.

6.Coffee break (сұраққа жауап)ой жинақтау:

  • Ата –аналарға сұрақтар беріледі, сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

  • Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайларды атаңыз.

  • Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлерін атаңыз

  • Бала үшінжетекші мен ата-анаарасындақандайбайланыс болу керек.

  • Оқушылар үйінде қандай үйірмелер ашылғанын қалайсыз?

  • Үйірмеге баланы қызықтыру үшін не істер едіңіз?

  • Балаңыз үйірмеге енді қатыспаймын десе, не айтар едіңіз?

  • Балаңыз үйірмедегі апайын жамандап келді, сіздің әрекетіңіз...

  • Оқушылар үйінде сіздің көңіліңізден шықпайтын нәрселер барма?

  • Балаңыз үйірмеден кешігіп келді...сіздің әрекетіңіз...

  • Басқа да қосымша үйірмелер бар екенін білесіз, алайда оқушылар үйінің ерекшелігі қандай?

  1. Бейнебаян тамашалау.

Талқылау: Бейнебаян туралы сіздің ойыңыз қандай?

8. Топтық жұмыс:

Мұғалім сөзі: Қазіргі заманның мұғалімі мен бұрынғы мұғалімнің айырмашылығы неде? (Топтар сұраққа жауап беріп, постерлерін қорғайды)

  1. Сергіту сәті «Мемдерді қайтала» ойыны

Мақсаты:

Ата-аналардың эмоциялық көңіл-күйін көтеру;

Креативті ойлау, мимика және қимыл арқылы өз ойын жеткізу дағдыларын дамыту;

Командалық жұмыс пен достық қарым-қатынасты нығайту.

Ережесі:

1. Қатысушылар 2 топқа (немесе жеке-жеке) бөлінеді.

2. Жүргізуші экраннан немесе қағаздан танымал, күлкілі мемнің суретін көрсетеді.

3. Қатысушылар көрсетілген мемді мимика, қимыл, поза арқылы дәл қайталауы керек.

4. Қай қатысушы (немесе команда) мемді шынайы, күлкілі және дәл бейнелесе — сол жеңіске жетеді.

5. Ең көп ұпай жинаған қатысушы немесе топ жеңімпаз атанады.

10. «Егер де ...» жағдаят сұрақтары:



  • Бір күні мұғалім күнде кешіге беретін балаңызды сабаққа кіргізбей қойды. Балаңыз үйге қайтып келді. Сіздің әрекетіңіз?

  • Балаңыздың тәрбиесіне әжесі араласа береді. Ол өте ерке, тіл алмайтын, есерсоқ болып кетті. Сізді атыңызбен атайды. Сынып жиналысы, мектептегі мерекелер барлығына әжесі барады. Күннен күнге балаңыздың өзіңізден алшақтай бастағанын көресіз. Әрі қарай сіз қандай әрекет етесіз?

  • Сіздің кішкене қызыңыз бар. Ол бойжеткен қыздарша киінгісі келеді. Сыныптастарының туған кештерін қалдырмайды. Бір сөбен айтқанда балалықпен ерте қоштасып үлгерген. Сіз мұндай жағдайда не істейсіз? Жалпы қыз бала тәрбиесі туралы не ойлайсыз?

  • Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитын бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде “телефон әпер” деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Мұндай жағдайда нес істейсіз? Баланың неше жастан бастап ұялы телефоны болғаны дұрыс?

  • Сіздің анаңыз мектепте кіші қызметкер болып жұмыс жасайды. Күнде жұмыстан шаршап келеді. Тіпті жаңбырлы күндері кезекті аяқ киім ауыстырмайтын оқушыларға, олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне ренжіп келеді. Сіз анаңызға қандай көмек берер едіңіз?

  • Балаңыздың екі сыныптасы жанжалдасып қалыпты. Тіпті бір-біріне қол жұмсап, шаштарын жұлып, төбелесіпті. Балаңыз ажыратудың орнына сыртынан бақылап, күліп телефон камерасына түсіріпті. Оны үйге келіп сізге көрсетіп ыржалақтап отыр. Мұндай жағдайда не істеу керек? Неге мұндай дәрежеге жеттік?

Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,Ендеше, ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да осы тренинг-сабақта айтылған психологиялық кеңестермен бейнероликтерден тамашалаған сюжеттерді есімізде ұстайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі