Материалдар / Баланың басты ұстазы ата - ана.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баланың басты ұстазы ата - ана.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата -аналар жиналысына арналған тренинг - сабақ. Ата - ана, мектеп, бала арасындағы үш жақты қарым - қатынасты нығайту бағытындағы жиналыс. Ата - аналар өз баласына қаншалықты көңіл бөлетінін байқау, қажет болған жағдайда көмек көрсету. Бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты жақсарту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Баланың басты ұстазы – ата -ана».

Мақсаты: Ата – ана, мектеп, бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар сіздерді көргеніме қуаныштымын!Ұлы Абай атамыз:«Бір ғана қуанышым бар, ол – менің балаларым» - деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша, құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін армандап қана қоймай, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетуіне көмектесуіміз керек. Бүгінгі «Баланың басты ұстазы – ата - ана» атты жиналысымызға қош келдіңіздер!

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. Барлық бала жақсы, жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыздың «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылының астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғи қуантып, абыройларыңызды асқақтатары хақ. Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!

«Біз баланың жүрегі»

Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырасыздар. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады.Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген махаббат тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды.



«Отбасылық құндылық ағашы»

Үлкен ағаштың суретін саласыздар. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз (Алдын ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі). Осы карточкаларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 10 минут.

Карточкадағы отбасылық құндылықтар:

  1. Мықты денсаулық

  2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  3. Ауызбіршілік

  4. Ортақ қызығушылық

  5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

  6. Қамқорлық

  7. Тәртіп

  8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

  9. Сенімділік

  10. Ата –ананың сөзі заң

  11. Ата – ана отбасының үлгісі

  12. Әлеуметтік жағдай

  13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас

  14. Махаббат

  15. Мейірімділік

  16. Шынайылық

  17. Сырт көзге үлгі болу

  18. Береке

  19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет

  20. Көп бала

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.

«Менің балам...» тренингі

Ия, әрбір ата-ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім-тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды, сонымен қатар қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны белгілі. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол – бірінші ата – анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал – екінші, ұстазынан тәрбие алады. Өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып, өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез – құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен. Дегенмен, кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз. Сондықтан, ата –ана баласын кешірімділікке, мейірімділікке, бауырмашылдыққа, тазалыққа, керексізді ілмеуге, білімді болып, болашаққа түзеу жол сілтеп, тәрбиелеу керектігін есте ұстаған абзал. Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін «Менің балам...» ойынын жүргізейік! Тапсырма: «Менің балам...» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. Ата – аналарға алдын ала дайындалған кеспе қағазы беріледі. Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады. Енді өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?

  1. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары.

  2. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.

Рефлексия:

  1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?

  2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?

«Тілек шамы»

Отбасы, ұшқан ұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. Сондықтан, оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамын» бір-бірімізге тілек айта отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.

«Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі».

Ақылды бала – әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала – шешесінің күйініші.

Данышпан білімін сақтап қояр,

Ақымақ аузымен пәле шақырар.

Қастығын жасырғанның тілі жалған,

Өсек – аяң таратқан ─ ақымақ жан.

Бүгінгі жиналыстың соңында сіздерге рухани құндылық тілей отырып, балаларымызға қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіріп, өз болашағына сенімді азамат пен азаматша болып қалыптасуына күш салайық дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!