жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баланың басты ұстазы ата-ана
Баланың бас ұстазы ата ана
Ата-аналар
жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата ана
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде
қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың
жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың
бірігіп жұмыс жасауы.
Жиналыс
барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке
дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп.
Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны
білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент
әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік
абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен
тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»
- демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы
керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде
дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана
ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
3. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес,
еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең
қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы
табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте,
әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы.
Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан
басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың
отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен
әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала
түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан -
жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы
керек.
Мектепке келгеннен кейін ол
мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі
жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте,
қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді.
Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы,
мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені
өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге
көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере
алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай
қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы
азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың
қолында.
4.«Қызықты
сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2.Математика пәнінен беретін
мұғалімнің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз
түседі?
10. Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі?
11. Балаңыздың бойында ерекше
қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік
жасадыңыз?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі
14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана
оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс.
Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге
жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс
ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да
болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз
кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң
құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған
жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып
балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды
көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер
бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені
тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият
тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып
жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ
айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара
әңгімеге баланы
8. Мектептен келе сала баланы
отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз.
Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте
ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті
кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр
сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз.
Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп
дайындалыңыз.
Қорытынды бөлім:
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке,
қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық -
арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт
тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың
саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға
жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде
отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз
қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы
отырмыз.
«Қызықты
сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған
күні?______________________________________________
2.қазақ тілі пәнінен беретін мұғалімнің толық аты
жөні?_______________________
3. Балаңыздың аяғының
өлшемі?___________________________________________
4. Балаңыздың парталасы
кім?_____________________________________________
5. Балаңыздың сүйікті асы
қандай?_________________________________________
6. Балаңыз қандай түсті жақсы
көреді?______________________________________
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы
барды?________________________________
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер
пайдаланасыз?_______________________
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз
түседі?_______________
10. Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі?________________________________
11. Балаңыздың бойында ерекше
қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік
жасадыңыз?______________________________________________________
10. Балаңыздың ең жақын досы
кім?__________________________________________
«Қызықты
сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған
күні?______________________________________________
2.қазақ тілі пәнінен беретін мұғалімнің толық аты
жөні?_______________________
3. Балаңыздың аяғының
өлшемі?___________________________________________
4. Балаңыздың парталасы
кім?_____________________________________________
5. Балаңыздың сүйікті асы
қандай?_________________________________________
6. Балаңыз қандай түсті жақсы
көреді?______________________________________
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы
барды?________________________________
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер
пайдаланасыз?_______________________
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз
түседі?_______________
10. Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі?________________________________
11. Балаңыздың бойында ерекше
қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік
жасадыңыз?______________________________________________________
10. Балаңыздың ең жақын досы
кім?__________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген