400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал биология, психология, педагогика пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың технологиялық картасы


Пән

Педагогика

Оқытушы

Садирова Гулбахар Тохтасуновна

Топ

201,202,203

Өткізілетін күн

03.11- 09.11.2018ж.

Тақырып


Баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар

Сабақ саны

10

Мақсаты


Студенттердің өз-өздерін тану барысында заманауилыққа бағыт-бағдарларын бұрып, жан-жақтылыққа баулу

Құзыреттілікті қалыптастыру міндеті


ақпараттық

коммуникативтік

Мәселені шешу

Студенттерді жеке тұлғаның дамуы және оған әсер ететін факторлармен, тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбие туралы толық мәліметпен ақпараттандыру.
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктерінің бір-бірімен байланыстылығын және анықтауыш қасиеттер – жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары туралы ақпараттандыру.


Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіру арқылы бір-бірімен ақпарат алмасуы, ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құраладарын қолдануы

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға екендігін ескере отырып, қоғам мен тұлға арасындағы қарама-қайшылықтарды таба білуге және оны шешуге студенттерді бағыттау.

Сабақта қолданылатын жұмыстың түрі

Аралас

Сабақта қолданылатын жұмыстың әдіс- тәсілдері

Дамыта оқыту, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан оқыту

миға шабуыл, талдау, өзін-өзі бақылау, топтық пікірталас

АҚТ құралдарын қолдану өзектілігі

Студенттердің ауызекі сөйлеуіне, өз ойларын айта білуіне, мұғалімнің уақыт үнемдеуіне және қосымша ақпараттар алуға мүмкіндік ашады.

АҚТ құралдарын қолданудың түрлері (жан- жақты, CD, интернет ресурстары)


1. Проектор, Ш.Х.Құрманалина т.б. (Педагогика, Астана Фолиант, 2007) оқулығы.
2. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100, 147,215-беттер.
3. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 8-11-бет..

4. http://infourok.ru/

Қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдар (жергілікті желі, интернетке шығу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар)



Бағдарламалық құралдар, оқулық


Ұйымдастыру кезеңі



Үй тапсырмасын тексеру


















Жаңа тақырыпты үйрену



































































Жаңа тақырыпты бекіту











Қорытынды


Үй тапсырмасы














Рефлексия

Бағалау


  • Амандасу.

  • Студенттерді түгендеу

  • Сабаққа деген зейінін аудару

  • Үй тапсырмасын сұрау

Бастапқы білімдерін анықтау

«Шатастырылған логикалық баулар» әдісі арқылы өткенді қайталау

1.Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Олар қай жерлерде орналасқан?

2.Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің қай жақтарын қамтамасыз етуге бағытталған?

3.Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: ол қандай кезеңдер бөліп қарастырыңыздар?

«Біз білікті білімгер» тренингі 

Мақсаты: топта жағымды атмосфералық ахуал орнату, топқа бөлу.

Барлық білімгерлер постерден өздеріне ұнаған түстеріне бойынша бір стикер алып, шеңбер бойына келіп, сағат тілінің бағытымен стикерде жазылған сөйлемдерді дауыстап айтады: «Мен білімді білімгермін», «Мен жаңашыл білімгермін», «Мен үлгілі білімгермін»

Стикерлердің түсіне қарай топтасып отырады.

Мағынаны тану.
Бүгінгі біздің сабақтағы басты мақсатымыз жеке адамның дамуы, оның рухани өсуі және тәрбие, орта, тұқым қуалаушылық сияқты әсер ететін факторлармен және жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелерінің бірі екендігімен таныстыру болып табылады.

Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау 

Студенттерге жеке тұлғаның қалыптасуындағы факторлар негізгі ұғымдар мен ой-пікірлерді өздерінің қалауы бойынша сурет немесе сызба арқылы жоба дайындап, өзге топқа түсіндіруге дайындау тапсырылады.

1топ.Бала дамуына тұқым қуалаушылықтың ықпалы.

2-топ:Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның ықпалы.

3-топ: Тәрбиенің бала дамуына ықпалы.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» топтардың жауптарын бағалау.

Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.

Тұқым қуалаушылық — ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған.

Орта — адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.

Табиғи орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта — жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудың мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады.

Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.

Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.

Видеожазба көрсету.

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалары

1.Өмір бойы даму мен тәрбиесінің нетежесінде жеке адамның орнығып жетілуі қалай аталады?

2.Жеке адамды дамытудың ең басты факторларының бірі-

3. Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті

4.Баланың даму барысында қандай белсенділік артады.

5.Әлеуметтік факторларға жататындар:

6. Адамның жеке басының дамуы мен тәжірбиесінің нәтежесіне жетуі саналы өмір сүруге дайын болу қалай аталады?

Тест тапсырмаларын орындау

Бекіту барысында студенттердің түсінігінің қалыптасу деңгейіне орай толықтырып, түйін шығару

А-Шығармашылық жоба тақырыбы: “Р. Киплингтің “Маугли” повесіндегі Мауглидің қоғамдағы тағдыры”. Ол адамдармен бірге өмір сүруге аттанады. Оны адамдар жеке тұлға деп біле ме? Маугли адамдардың арасында еркін дами ала ма? Ертегіні әр түрлі философиялық – педагогикалық тұжырымдамаларға сүйеніп (идеалистік, биологиялық, материалистік) жалғастырыңыз.

В-Венн диаграммасы. Студенттер жеке тұлғаның дамуындағы негізгі әсер ететін факторлардың ерекшеліктерін салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табуға дағдыланады. Өз ойларын дәлелдеуге үйренеді.

С-Ақпараттық жоба тақырыбы: “Менің шыққан тегімнің жеке тұғалық сапаларымның қалыптасуына ықпалы”Сізге ата – анаңыздан, ата – бабаларыңыздан берілген қасиеттерді талдау үшін өз отбасыңыздың генеологиялық сызбасын жасап, белгілі бір іс - әрекетке икемділігін анықтаңыз.

Смс жаттығуы арқылы сабақты қорытындылау және бағалау

Білімдерін бағалау






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
3746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі