Тақырыбы: Баланың
интеллектуалды дамуы.
Мақсаты мен міндеттері:
Балалардың танымдық, интеллектуалдық,
эмоционалдық ерік - жігерлік аясын кеңейту, сөздік қорларын
дамыту;
Шығармашылық ойлау - қабілеттерін дамыту;
Балаларды қиын жағдайдан шығатын жол іздеуге, олардың өзгеру
тәсілдеріне үйрету, демалу гимнастикасының техникасымен
таныстыру.
Материал: Құмсалғыш; ойыншық балық, құмсалғыштағы құмда
ылғалды түрлі - түсті құм, құмға арналған формалар, музыкалық
сүйемелдеме.
Оқу қызметі
барысы:
Балалар залға кіріп, шеңбер жасап тұрады.
Балалар матамен жабылған «құм жапырағының» айналасында орындықтарда
отырады.
Қайырлы таң, балалар!
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Мен өзімнің жылуымның бір бөлігін сендерге бергім келеді. Қанекей
қол ұстасайық. Сендер менің жылуымды сездіңдер ме? (Балалардың
жауаптары).
Ал, енді бір - бірімізге күлімдейік, сонда біздің көңіл - күйіміз
одан сайын жақсара түседі.
Балалар, бүгін біз тек сөзбен емес, қимылмен де амандасайық.
Қол қолмен, шынтақ шынтақпен, тізе тіземен. Балалар бір - бірімен
шеңберде тұрып амандасады.
Балалар шеңбер бойынша орындыққа отырады.
Балалар, Су асты әлемінде балықтар өмір сүреді. Суда нелер өмір
сүреді екен Балықтардың көптеген түрлері бар екен. Біздің Атырау
қаламыздағы Жайық өзенінде: бекіре, сазан, көксерке, табан,
аққайран балықтары өмір сүреді екен. Бәріміз бірге қайталайық.
Балалар, тіршілік көзі. Су түссіз, дәмсіз болады. Бірақ сурет
салғанда судың түсін көгілдір түспін бояймыз. Су асты әлемінде
өсімдіктерде өмір сүреді екен. Оларды қалай атаймыз. Түсі қандай
болады Дұрыс айтасыңдар. Мен алдарыңызға қағаз беремін, ол жай
қағаз емес сиқырлы қағаз. Кешегі сабағымызда су асты әлемін боядық.
Енді соған балдырдың суретін салайық. Бұл жерде біз дәстүрден тыс
әдісті қолданып, таяқшамен саламыз. Жоғарыдан төмен қарай ирек
сызықпен балдырымызды саламыз. Болған соң, суретімізді жаттығу
арқылы кептірейік. Бәріміз бірге демімізді мұрын қуысы арқылы
ішімізге тартып, ауыз қуысы арқылы сыртқа шығарайық. 3 рет
қайталайды. Балалар, суретіміз кепсе, қағазымызды айналдырамыз.
Ненің суреті шықты Балалардың жауабы.
Балықтардың түсі қандай екен
Психолог: Мен
сендерді ғажайып Құм елімен таныстырамын. Мұнда құм салғышта құм
сақтаушы – Құм ханшайымы тұрады.
Ол өте көңілді, көптеген ойындар, оқиғалар мен ертегілер біледі.
Бірақ ол тек ережені сақтайтындармен бөліседі.
Құм еліне кіру салт - жоралғысы:
Құм еліне бару үшін құмсалғышты айнала тұрып, қол ұстасу керек.
Енді өз аттарыңды атаңдар.
Қолдарыңды құмсалғыштың үстіне алақандарыңды төмен қарата
созыңдар.
Көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді қайталаңдар:
Алақанымызды бағдарлап,
Тауып ал мейірім мен махаббат
Құм ханзадасы кел енді
Тұрмыз күтіп біз қарап.
Музыка ойнайды да, пердеден Құм ханшайымы шығады
Психолог:
Балалар көздеріңді ашыңдар. Енді Құм ханшайымен
танысайық, ол не айтар екен, соны тыңдайық.
Құм ханзадасы:
Сиқырлы әлемге келіпсіңдер,
Ортаға мені шақырыпсыңдар.
Балалар сендер құм елінің ережесін білесіндер ме? ( Балалардың
жауабы).
Психолог: Балалар, Құм ханзадасына құм елінің ережесін айтып
берейік.
Мұнда керісуге болмайды
Құм шашуға болмайды
Пікір айтып, жасауға бірақ болады
Тау, өзендер, теңіздер -
Өмір болсын айнала
Ешкімді де ренжітпе,
Ештеңе де сен шашпа
Бейбіт өмір бұл елде
Достарым менің орындықтарыма отырыңдар. Мен сендерге «Алтын балық»
туралы ертегіні айтып берейін.
Музыка жай ойналады.
Құм елінде ғажайып Алтын балық өмір сүріпті. Барлық тұрғындар оны
жақсы көрді, ол да оларды жақсы көрді, бірақ оның достары
болмапты.
Бір күні Алтын балық басқа елде алтын балықтың достарын жасай
алатын көңілді, мейірімді, ақылды балалар бар екенін біледі.
«Олар маған міндетті түрде көмектеседі» – деп ойлайды Алтын
балық.
Осылайша ол біздің балалар бақшасына телефон шалды.
Ол сендерді құм еліне шақырады.
Құм картинасын жасау.
Музыка ойналады. Психолог» құм жапырағынан» матаны алып
тастайды.
Психолог: Қараңдар, міне ол «Алтын балық» Шынында да әдемі ғой!
Балалардың алған әсерлерімен бөліседі.
Сонымен менің достарым, сендер қалай ойлайсыздар, біз балыққа
көмектесе аламыз ба?
Балалардың жауаптары
Ал енді ылғалды құмнан балықтың достарын жасап көрейік.
Музыка ойнайды. Психолог балалармен бірге балықтар жасайды.
Мінекей, бәрімізде шебер екенбіз. Біз Алтын балыққа көмектесіп,
достарын жасап бердік.
Ертегілік су асты елінде өсімдіктерде бар.
Кім біледі, олар қалай аталады? Балдырлар
Олардың түсі қандай болады? Жасыл
Құм ханшайымы:
Өте жақсы балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер, Алтын балықтың
достарын да тауып бердіңдер. Енді менің кететін уақытымда
жетті.
Психолог:
Балалар Құм ханзадасымен қоштасайық.
Сау болыңыз
Жұмыс аяқталғаннан кейін психолог қол жууды ұсынады.
Релаксация:
Ойын: Балықтар
Музыка ойнайды.
Балалар, келіңдер ойын ойнайық. Балықтардың ішінде жыртқышы да
болады екен. Ол өте қорқынышты. Сендер өздеріңді кішкентай, ғажайып
балықтармыз деп елестетіңдер. Суда шолпылдата жүзіп, бір -
бірлеріңмен ойнайсыңдар. Сендерге көңілді әрі жайлы.
Балалар балықтарды бейнелейді.
Бірақ бір кезде залым акула пайда болады. Сендерге қорқынышты.
Сендер су түбіне тығылып, оның қашан кететінін күтудесіңдер.
Акула айнала жүзіп, ешкімді таба алмаған соң кетеді.
Қорқыныш кетіп, сендер тынышталасыңдар, қайтадан жүзе бастайсыңдар.
Демалыстарың бірқалыпты, сендерге жақсы және жайлы.
Оқу қызметі рефлексиясы:
Психолог: Бүгін біз Құм ханшайымымен таныстық, ол бізге құммен
ойнау ережесін таныстырды. Біз Алтын балыққа достарын тауып, шын
мәнінде бақытты болуға көмектестік. Біз ертегі жасадық, ал бұл
дегеніміз - ең мейірімді жасаушы болу.
Қазір менің көңіл - күйім өте жақсы. Ал сендердің ше?
Мен көп қызықтарды біліп, сендермен және Құм ханшайымымен ойнай
отыра, тамаша демалдым.
Құм елінен шығу салт - жоралғысы
Енді менің сүйкімділерім, қолдарыңды құм салғыштың үстіне созып,
шар айналдырғандай қимыл жасаңдар. Енді жүрек тұстарына қойып,
менің айтқанымды қайталаңдар:
«Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істі, үйреніп
білгеніміздің бәрін ала жүреміз»
Қоштасу салт - жоралғысы.