400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Баланың жасырын әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Баланың жасырын әлемі

Мақсаты: Баланың біз білмейтін құпия жағын ашу. Ата-ана мен

бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау.

Ата-аналарға педагогикалық білім беру.

Қоғам болып бала қабілетін ашу.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мини лекция «Ата-ана - баланың бас ұстазы»

Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі- есті де еңбексүйгіш, қайырымды да қайратты бала тәрбиелеу. Бала біздің болашағымыз. Өміріміздің айнасы. Сондықтан да жаны таза,адамгершілігі мол, қоғам тірегі бола аларлықтай ұрпақ тәрбиелейік. Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің ірге тасы. Баланың бағыт- бағдар алатын шамшырағы іспеттес. Өзі үлгі болуымен қатар, мейірім мен махаббат иесі болуы қажет. Балаға ата-анасынан асқан жанашыр жоқ екенін іспен дәлелдеген дұрыс.


І. «Танысу»

1. Баласы алдымен өлең шығарып, ата-анасын таныстырады.

2. Ата-анасы жақсылығын айтып баласын таныстырады.

3. Психолог әр ұстазды өлең шумақтарын оқып таныстырады.


ІІ. Пікірлесу.

«Баланың жасырын әлемі» Оған нені жатқызуға болады?

/ ата-ана мен ұстаздардың ойы тыңдалады/

а/ Бала қиялының орындалуы.

Балалық шағы. Есейген шағы.

Әрбір сынып жетекші, әр ата-ана,мұғалім қатысып, өзінің балалық қиялын, оның орындалған – орындалмағаны туралы айтып өтеді. Алдымен балалық шаққа. Содан соң есейген шаққа тоқталады.

Ал,біздің балаларымыз нені қиялдайды екен. /сурет салу, коллаж жасау, шағын эссе жазу, өлең шығару және оларды қорғау /

Баланың қиялын жетелеу керек. Қиялдың шындыққа айналатынына көз жеткізу керек.

Ән: «Әкем-анам» Ақниет пен Рамазанның орындауында


ІІІ. Мен оңаша қалғанда...

а/ Бір тақырыпты алып, сырласу сәтін көрсету. /ана мен қыз, әке мен ұл/

ә/ Сіз білесіз бе?

Балаңыздың оңаша қалғанда немен шұғылданатынын білесіз бе?

/бала оңаша қалғанда шұғылданатын істерін көрініс ретінде көрсетеді/


IY. Ой қозғау.

Отбасындағы, мектептегі бала тәрбиесі қандай?

Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде пікір алысайық.







Ата-аналарға сұрақ.

  1. Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?

  2. Білім алуына қандай жағдай жасап жатырсыз?

  3. Мектептен оралғанда көңіл-күйіне мән бересіз бе, ескеріп, әңгімелесесіз бе?

  4. Балаңыздың достарын білесіз бе? Достарының бойындағы қандай қасиеттерін бағалайсыз?


Ұстаздарға сұрақ.

1. Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе?

2. Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы сізді қызықтыра ма?

3. Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсыз ба?

4. Сабақта баланың көңіл-күйіне мән бересіз бе?


Оқушыларға сұрақ.

  1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?

  2. Саған ұстазыңның қандай қасиеттері ұнайды?

  3. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек?

  4. Мектебімізде саған ұнайтын мұғалім бар ма? Болса кімдер?

несімен ұнайды?

Y. Кездейсоқ жағдайдан шығу.

Ата-аналарға:

  • Балаңыз ойнап жүріп достарымен төбелесіп қалды. Сабақтан үйге жылап келді. Бірге ойнадыңдар, бірге жүрдіңдер неге жылайсың деп едіңіз. Балаңыз бәрі маған жабылды деді. Сіз не істейсіз?

Ұстаздарға:

  • Сіз әдемі бала қызығарлықтай қымбат қалам сатып алдыңыз. Балалар сіздің қаламыңызға қызықты. Бір күні үзілістен келсеңіз қаламыңыз орнында жоқ екенін байқадыңыз. Балалардан сұрағанда ешкім үндемеді. Сіз не істейсіз?

Оқушыларға:

  • Сен туған күнге баруға достарыңмен уәделесіп келдің. Ата-анаң рұқсат бермеді. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

Қорытынды. /мектеп психологі/

  • Өмір бір орында тұрмайды. Минут, сағат, күн, апта, ай, жыл жылжумен бір сәт те тоқтатпайды. Десек те,осынау қызығы мен қиындығы қатар алмасқан тірлікте бала қиялының, ой арманының орындалғанына не жетсін.

  • Қадірлі ата-аналар, ұстаздар, егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болып, балаларға бірдей талап қойып отырса біздің балдырғандарымыз жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Жақсы сөз жарым ырыс деген, олай болса бір-бірімізге жақсы тілектер , жылы сөздер айта отырып тренингімізді қорытындылайық.



Панфилов ауданының «Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің

педагог-психологі Махмутова Назира Қасымханқызы



Ата-аналар мен ұстаздар сұрақтарға жауап беруде





Мен оңаша қалғанда... сәтінен көрініс




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі