Баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының мектепке қызметтік даярлығын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы



М.Дауленов мектеп-интернаты”КММ













Баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау

(қызметтік даярлығы)

Әдістеме





















Орындаған мектеп психологы:

Толегенова Аяулым Толегенкызы





Оқушының мектепке бейімделуін анықтау.

Керн-Йирасектің мектептік жетілу тестінің көмегімен баланың мектепке қызметтік даярлығын анықтаймыз. Тест үш тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма-есінде сақтағаны бойынша ер адамның суретін салу, екінші-жазу әріптерін көшіріп салу, үшінші нүктелер тобын көшіріп салу. Әрбір тапсырманың нәтижесі 5 баллдық жүйемен бағаланады (1 жоғары балл,5 төменгі балл), содан кейін үш тапсырма бойынша жиынтық балл есептелінеді. Бала дамуын көрсетеді:

3 тен 6 балл-орташадан жоғары;

7 ден 11 балл-орташа;

12 ден 15 балл-нормадан төмен.

Тесті жекелей, топтық түрде де жүргізуге болады.

Графикалық тестің үш тапсырмасы да қолдың нәзік қозғалысының дамуын, керу және қол қозғалысының үйлесімділігін анықтауға бағытталған.

Тесті пайдалануға нұсқау. Балаға тест бланкасы беріледі. Бланктың сыртқы жағына бала туралы мәліметтер жазылады да, астында бос жер қалтырылады, бос жерде ер адамның суреті салынады, екінші жағынан жоғарғы жағына жазу әріптерінің үлгісі төменгі жағында нүктелер тобының үлгісі орналасады.

1 тапсырмаға нұсқау: «Мында (әрбір балаға көрсетіледі) қандай да бір ер адамның суретін сал. Қалай сала аласың солай». Осыдан басқа ешқандай түсініктеме берілмейді. Егер балалар қалай салу керек деп сұраса, (Қалай сала аласың солай сал) деп бір сөзбен жауап беру керек. Кейде балалар ер адамның орнына әйел адамды салуға болама деп сұрайды. Барлығы ер адамның суретін салып жатыр сен де ер адамның суретін сал деп жауап береді. Адам суретін салып болғаннан кейін қағаздың екінші жағына аударуын өтінеміз.







2 тапсырмаға нұсқау: «Қарашы, мында бірдеңе жазылған. Сен әлі жаза алмайсың: бірақ жазып көр, сенде де осылай шығар ма екен. Дұрыстап қара, қалай жазылып тұрғанын, мына жерге, қасына дәл солай жаз». Көшіріп жазатын сөздер «Ол сүт ішті!»(жазба әріптерімен жазылған).

3 тапсырма нұсқау: «Қарашы мында нүктелер салынған. Мында қасында дәл осы».

Тапсырманы орындау барысында балаларды бақылап, қысқа жазбалар жаза отырамыз: болашақ оқушы қай қолымен салып отыр-оң немесе сол, қарындашын бір қолынан екінші қолына ауыстырама.

Тест нәтижелерінің бағасы

1 тапсырма-ер адам суретін салу.

1 балл қойылады мына шарттар орындалғанда.

Салынған суретте бас, дене және аяқ – қолдарының болуы. Басы денесімен мойын арқылы байланысқан. Басында шашы және құлағы, бетінде көзі, мұрны және аузы болуы. Қолдарында бес саусағы бар. Аяқтары алшақ орналасқан. Фигурада ер адам киімі бар және контурмен салынған, яғни денесі, басы, аяқ-қолдары бір тұтас салынған.

2 балл. Келесі жағдайда қойылады.

1 баллдағы барлық талаптар орындалады, контурмен салудан басқа. Үш жақ бөліктері (мойын, шаш, бір саусақ қолда, бетінің жартысы) есептемейміз, егер фигура контурмен салынса.

3 балл. Фигураның басы, денесі және аяқ-қолдары бар. Қолдары немесе аяқтарына екі сызықпен салынған. Мойын, шаш, құлақ, киімдері, саусағы және табанның болмауы ескерілмейді.

4 балл. Басы мен денеден тұратын сурет. Аяқ-қолдары бір сызық арқылы берілген.

5 балл. Дененің анық бейнесі жоқ. Каракул сызықтары.

2 тапсырма-жазба әріптерімен жазылған сөздерді көшіріп жазу.

1 балл. Жазылған үлгіні дұрыс және толық көшіріп жазу. Әріптер үлгі әріптерінен 2 өлшем асады. Үш сөз әріптері анық байланысты.

2 балл. Үлгі түсінікті көшірілген. Әріптер өлшемі және жазу сақталмаған.

3 балл. Сөйлем үш бөлікке бөлінген. Үлгідегі әріптердің төртеуін түсінуге болады.

4 балл. Үлгімен екі әріп сәйкес келеді. Көшірілген үлгі бір жолдағы жазуға ұқсайды.

5 балл. Каракул сызықтары.

3 тапсырма-нүктелер тобын көшіру.

1 балл. Үлгі дұрыс көшірілген. Бір нүктенің қатардан немесе жолдан шығуына болады. Үлгіні кішірейтуге болады, ал үлкейту екі еседен аспау керек. Сурет үлгіге паралель болу керек.

2 балл. Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сәйкес. Үш нүктеден қателесуге болады.

3 балл. Сурет жалпы үлгіге сәйкес, ені мен биіктігі екі еседен аспау керек. Нүктелер саны үлгіге сәйкес емес, 20 дан аз және 11 ден көп болмауы керек.

4 балл. Сурет үлгіге сәйкес емес, бірақ нүктелер орналасқан. Нүктелер саны ескерілмейді.

5 балл. Каракулдер.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2018
1031
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі