«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық
мәселелері»
1 сынып ата-аналарына психологиялық
кеңес
ҚҰРМЕТТІ
АТА-АНА!
1. Психологиялық даярлық
дегеніміз не?
Мектепке бару – баланың
өміріндегі үлкен өзгеріс. Ол тек әріп пен санды үйрену емес, жаңа
ортаға бейімделу, тәртіпке бағыну, өз ойын жеткізу сияқты
қабілеттерді талап етеді.
Психологиялық даярлық –
баланың оқу іс-әрекетіне, ұжымға және мектеп тәртібіне дайын
болуы.
2. Мектепке даярлықтың
негізгі көрсеткіштері
Интеллектуалдық дайындық –
ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілетінің
дамуы.
Әлеуметтік дайындық –
сыныптастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас орната
білу.
Эмоционалдық дайындық – жаңа
ортадан қорықпау, өзін ұстай білу.
Ерік-жігер дайындық –
тапсырманы соңына дейін орындау, шыдамдылық
таныту.
Физиологиялық дайындық –
денсаулығы мықты, еңбек пен демалыс тәртібін сақтай
білу.
3. Ата-аналарға
кеңестер
1. Баланың режимін
қалыптастырыңыз – уақытында ұйықтап, уақытында тұруға
үйретіңіз.
2. Өз бетінше әрекет етуге
баулыңыз – киіну, заттарын жинау, тапсырманы
орындау.
3. Сөйлесу дағдысын дамытыңыз
– бірге әңгімелесіп, ертегі оқып, сұрақ
қою.
4. Эмоциялық қолдау көрсетіңіз
– баланы сынамай, мақтап, сенім беріңіз.
5. Ойын арқылы дамытыңыз –
пазл, құрастыру, сурет салу, рөлдік
ойындар.
6. Мектеп туралы жағымды
көзқарас қалыптастырыңыз – «мектеп қиын» демей, қызықты жақтарын
айтыңыз.
7. Мұғаліммен байланыста
болыңыз – бірлесіп жұмыс істеу балаға сенімділік
береді.
4. Ата-ананың басты
міндеті
Баланы мектепке баруға
қорқынышсыз, қуанышпен дайындау;
Оның жетістігін шағын болса да
бағалап, әрдайым қолдап отыру;
Баланың бойында «Мен істей аламын!» деген сенім
қалыптастыру.
Құрметпен
педагог-психолог
Наманова Дилярам
Муратжановна
ҚҰРМЕТТІ
АТА-АНА!
СІЗГЕ ПСИХОЛОГТАН КЕҢЕС
ҰСЫНАМЫЗ
?? «Сіздің балаңыз – 5-сынып
оқушысы»
✨ 1.
Ерекшелігі
• 5-сынып – баланың жаңа
ортаға бейімделу кезеңі.
• Пән мұғалімдері көбейеді,
сабақ кестесі күрделенеді.
• Бала өзін «ересек» сезінгісі
келеді, бірақ әлі де қолдауға мұқтаж.
? 2. Ата-аналарға
кеңестер
1. Қолдау
көрсетіңіз
– «Сенің қолыңнан келеді» деп
сенім артыңыз.
– Жаңа пәндерге қызығушылық
танытыңыз, бірге дайындалыңыз.
2. Сабырлы
болыңыз
– Балаңыз шаршап, кейде ашулануы
мүмкін. Бұл – бейімделудің табиғи
көрінісі.
– Сынды азайтып, қолпаш сөздерді
көбейтіңіз.
3. Тәртіп пен жауапкершілікті
үйретіңіз
– Үй тапсырмасын уақытында
орындауды қадағалаңыз.
– Өз заттарына, оқу құралдарына
ұқыпты болуға баулыңыз.
4. Қарым-қатынасына көңіл
бөліңіз
– Достарымен араласуын
бақылаңыз, бірақ шектемеңіз.
– Сыныптағы жетістіктері мен
қиындықтары туралы әңгімелесіп отырыңыз.
5. Эмоциялық қолдау
жасаңыз
– Балаңызбен жиі сөйлесіп,
тыңдай біліңіз.
– Қателессе де, «қолдау бар»
екенін сезінсін.
? 3. Ата-анаға есте сақтайтын
сөз
«5-сыныптағы бала – енді
кішкентай емес, бірақ ересек те емес. Оның қанатына күш беретін –
ата-анасының жылы сөзі мен махаббаты»
Құрметпен
педагог-психолог
Наманова Дилярам
Муратжанвна
