Баланың
мектептегі
оқуға психологиялық дайындығы
Баланың
мектепке дайын болу жағдайы бірнеше
түрге бөлінеді:Дене бітімінің дайындығы-
баланың салмағы мен бойының өз жасына
сай болуымен қатар он екі мүшесі сау
болуы керек.Зеиінінің дайындығы-баланың
ой өрісінің ,есте сақтау қабілетінің,тілінің,
зейінінің ,өз еркімен тапсырма орындай
алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін
түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына
сай болуы.Әлеуметтік психалогиялық
дайындық –баланың жаңа ортаға деген
көз-қарасының,оқушы жауапкершілігінің,өзін-өзі
ұстай білуінің,үлкен кіші адамдармен
қарым-қатынасының өз жасына ,мектептердің
талаабына сай болуы.Ерік аясының
дайындығы-баланың өз іс-әрекетін мақсатты
түрде қалыптастырып,өз кемшіліктері
мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет
ете білуі.
Баланы
мектепке дайындау дегенде көптеген
ата-аналар әріптерді танумен,сандарды
санаумен ғана шектеліп жатады.Одан
басқа , баланың мектепке қажетті
құрал-саймандары мен киім-кешектеріне
баса назар аударады.Әрине бұл дайындықтарсыз
баланың мектепке дайын болуы екіталай.
Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының
даярлығымен, материалдық дайындығымен
шектеліп қоймай,оны оқуға психологиялық
жағынан даярлауды қарастыру қажет.Баланың
психикалық үдерістерінің дамуы оқуда
және басқа адамдармен қарым-қатынас
орнатуда қиындыққа кзікпеуі мүмкіндік
береді.
Жұмыс
барысында баланың мектепке оқудағы
психологиялық дайындық компонеттерін
білу мақсатында анықтау және қалыптастыру
эксперименттерін өткізу қажеттілігі
туындады.
Тәжірибе
жұмысы Алматы облысы Ақсу ауданы Суықсай
ауылы «Таң-Шолпаным» балабақша- сында
жүргізілді.Зерттеу жұмысына 5-6 жастағы
15 бала қатысты.Анықтау экспериментінің
бірінші сатысында балаларға Керн-Иерасек
әдістемесі жүргізілді.Әдістеме мазмұны
бойынша зерттеуге қатысқан балаларға
алғашында адам суретін салу,екінші
кезекті нүктелерді біріктіре отырып
белгілі бейнені салу және соңында
әріптерді жазу тапсы-рылды.Осы әдістеме
арқылы мектепке баратын баланың
ерік-зейінің, оның даму деңгейін анықтау
мүмкіндігі туды.Зерттеуге қатысқан
балалар арасынан тапсырманы орындай
алмаған балалар да болды.
Керн-Иерасек
тесті –бүгінгі таңда балалардың мектепке
оқудағы дайындық деңгейін анықтауда
кеңінен қолданылатын әдіс.Тесті жекелей
топпен де жүргізуге болады.Тест 3
тапсырмадан тұрады: 1. Ойша адамның дене
бітімін бейнелеу.2 Жазба әріптерді
көшіріп жазу.Нүктелер тобын біріктіріп,
бейне жасау.Тесті бағалауда 5ұпай
қолданылады. 1-жоғарғы,5-ең төменгі
ұпай.Барлық тапсырмалар бойынша 3-6
дейінгі ұпай жинағандар мен 3 тапсырма
бойынша біркелкі 7-9 дейін ұпай жинаған
балалар мектепке баруға дайын депсаналады.
Баланың
мектепке оқудағы даярлығы міндетті
түрде отбасындағы жүргізілген тәрбиелік
шараларға байланысты.Отбасында ата-ана
баланың күн тәртібін бір жүйеге
келтіріп,оның бос уақытты тиімді өткізуін
қадағалап, баланы мектепке оқуға
психологиялық жағынан дайындауы
керек.Бұл ретте ата-ана баланың әлі де
болса ойын баласы екендігін ескеріп,
баламен ұйым- дастырылатын барлық
шараларды ойын түрінде жүргізуі тиіс.Ойын
оқытудың әдісі,тәсілі,құралы әрі сабақты
ұйымдастыру формасына айналғанда ғана
бала үшін мектеп «қуаныш мектебіне»
айналады.