Баланың
миының дамуы саусақ ұштарымен тікелей
байланысты.
Мақсаты:Сабақ
үрдісінде саусақ ұштарына арналған
жаттығуларды пайдалана отырып,оқушылардың
ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту,танымдық
қабілеттерін арттыру.
Балалардың
ұсақ қол моторикасын дамыта отырып,
сөйлеу қабілетін, қиялын, ойлау жүйесін
жасына сәйкес жетілдіру болып
табылады. Оқушыларды саналы
тәртіпті,жан-жақты,адамгершілік қасиеті
мол сапалы білім иесі етіп тәрбиелеу.
Міндеті:
1.Баланың
саусақтарының қимылы немесе ұсақ
моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол
мидың және тілдің жетілуімен тікіелей
байланысты. Ақыл - ойы кем дамыған
балалармен ұсақ моторикасын дамыту
мақсатымен күнделікті саусаққа арналған
ойындарын ойнап тұрған жөн. Ойындар
арқылы баламен қарым-қатынасты
нығайтып,баланың өз-өзіне деген көз
қарасын өзгертіп,ойынға, оқуға деген
ынтасын көтеру. Сөйлеу тілін жетілдіру.
Қимыл-қозғалыс қабілетін арттыру.
2.Икемділігін
арттыру, логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
3.Танымдық
деңгейін арттыру. Жұмыс
нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың
нәзік қозғалысын қалыптасыру бойынша
түрлі әдіс – тәсілдер мен қабылдаулар
міндетті түрде пайдаланылуы қажеттігі
айтылады.
«Бала
қабілеті мен дарындылығы – саусақ
ұштарынан бастау алады. Саусақтардан
басталатын нәзік салалар − шығармашылық
ойларды нәрлендіретін қайнар көз» В.А.
Сухомлинский десе, «Қол – құралдардың
құралы» Аристотель, ал «Қол адамның
сыртқы миы іспеттес» И. Кант.
Баланың
оң жақ және сол жақ ми шарлары саусақ
ұшымен тікелей байланысты,саусақ ұшы
епті қимылдаған сайын баланың миы жақсы
жұмыс жасайды,атап айтқанда танымдық
процестері жақсарады.Қол
саусақ жаттығулары есте сақтау және
назар аудару қабілетін дамытатындығын
психологтар айтып кеткен. Тақпақты
саусақ жаттығулары ырғаққа ілесіп
қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының
қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан
баланы ерте жастан бастап шынықтырған
жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының,
сөздердің өзара байланысының (диалогты
дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.)
шыңдалуына
себепші.Ұсақ
саусақ моторикасын шыңдау – тілді
шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да
шыңдау деген сөз. Ұсақ саусақ
моторикасының балалардың жас кезеңдеріне
байланысты дамуына келсек:
− Туғаннан
екі жасқа дейін. Жармасу - бала заттарды
ұстауға үйренеді, мақсатты түрде
қимылдайды.
− Екіден
төрт жасқа дейін. Дағдылар дами түседі,
саусақтар белсенді қимылдайды. Қимылдарын
басқара алады, жазықтықта бағдарлауы
артады.
− Төрттен
сегіз жасқа дейін. Меңгерген ұсақ саусақ
моторикасының дағдыларын қолдануды
үйренеді, қол, қолдың білезік бөлігі,
саусақ қимылдары бағдарлы.
Ұсақ
саусақ моторикасын дамытуды баланың
нәрестелік шағында-ақ бастаған жөн.
Нәрестенің қолына саусақ жаттығуы –
саусаққа арналған массаж жасаған тиімді.
Сол арқылы ми қыртысымен байланысты
биологиялық нүктелерге әсер етеміз.
Саусақ
ұштарын дамытуға арналған жаттығулар.
Балаларға
жаңғақты ұсынамын:
1.
Оны екі алақанның ортасына салып
айналдырамыз.
2.
Жаңғақтың ұшы бар жағына, әр саусақтың
ұшымен басып шығамыз.
(3
рет)
«Кірпі»
добымен жұмыс жасаймыз.
1.
Алақанның ортасына салып айналдырамыз.
(4 рет)
Қыры
бар қарандашпен жұмыс.
1.
Екі алақанның ортасына салып айналдырамыз.
(
Мақсаты: балаларды өз бетімен саусақтарына
массаж жасауға дағдыландыру)
Саусаққа
арналған жаттығулар.
«Сәлем
саусақ, қал қалай?»
«Қайық»,
«Гүл»
«Шынжыр»,
«Орындық»
Ұсақ
заттармен жұмыс.
Бұршақпен
саңырауқұлақ безендіру.
«Кім
тез жинайды?» ойыны
Түрлі
түсті моншақты шашып тастап, түстерімен
корапқа жинау.