400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БАЛАНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: «Денсаулық» бекетіне саяхат

Мақсаты: тепе-теңдікті сақтай отырып,екі сызықтың арасымен жүруді үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: ойыншықтар, екі арқан.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Тосынсый сәті -Балалар, қуыршақ Айсұлу бізді саяхатқа шақырып тұр.Немен баратынымызды білу үшін,жұмбақ шешіңдер. Жұмбақ

Достар біраз ойланды,

Жолға жылдам жиналды.

Тұрды тағы қатарға,

Кетті алыс сапарға. (Пойыз)


Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады.

Бір-бірінің артына тұрып, пойыздың жүрісін келтіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Қозғалыстың негізгі түрін көрсетеді және түсіндіреді.

Екі сызықтың арасымен жүру(2-3 рет)

«Жаңбыр тоқтады,күн жарқырап шықты,бірақ айналамыздың бәрі шалшық су.Аяғымызды сулап алмас үшін,төсеніштің үстімен жүрейік,басымызды түзу ұстайық»-деп, қуыршақ Айсұлу қалай жүру керектігін көрсетеді.

«Қонаққа барамыз» ойынын ойнаймыз.

-Балалар, қуыршақ Айсұлу бізге тыныс алу жаттығуын жасап, тобымызға қайтуды ұсынады. Ал, паровоз, баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Пыш,пыш,пыш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Шеңберге тұрып жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.


Арқасы мен басын түзу ұстайды.

Ойын ойнайды.

Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Тыныс алып, тыныс шығарады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қуыршақ Айсұлу балаларға сұрақтар қояды:

-Біз немен саяхаттадық?

-Сендерге не ерекше ұнады?

Өз әсерлерімен бөліседі.

Білуі: денешынықтыру жатт-ң денсаулықты нығайтатынын. Меңгеруі: салауатты өмір салты туралы түсінікті. Жасай алуы: тепе-теңдікті сақтай отырып, екі сызықтың ара-н жүруді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Менің көңілді добым Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: ойыншықтар, екі арқан.үлкен топ.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

Тосынсый сәті -Балалар, бүгін бізге орманнан қонақ келеді.

Қарлы, суық орманмен,

Мұзды, тайғақ соқпақпен,

Аю жаурап келеді,

Үйімізге енеді.

Жаңғақ толы дорбасын,

Бізге сыйға береді.


Өлеңді мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Бір орында тұрып, екі аяқтап секіру(2-3)

Мұғалім үлкен допты алып, оның қалай жақсы секіртетінін көрсетеді.(допты еденге ұрады),балаларды жақын келіп, доп сиақты секіруге шақырады. Допты еденге ұру арқылы секіру ырғағын көрсетеді.

«Аяғыңды суға тигізбе» ойынын өткізеді.

Бір-біріне кедергі жасамай, тек қана текшенің үстімен жүруді ұсынады.

-Аяғымызды сулап алмау үшін тастарды басып, өтіп бара жатырмыз деп ойлайық.

-Балалар, Қонжық бізге шар үрлеңдер дейді.

«Шар үрлейміз» тыныс алуды қалпына келтіруге арналған ойын өткізеді.

Ойынның шартын түсіндіреді, ойнатады.

Саусақтарын түйістіріп, ортасына үрлетеді.

Шеңберге тұрып жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.


Ойынды ойнайды, бір-біріне кедергі жасамай, тек қана текшенің үстімен жүруге тырысады.

Рефлексивті

түзетушілік

Қонжық балаларды мадақтайды, қоштасады.

Мұғалім балаларға сұрақ қояды:

-Қонаққа келген қонжық бізге не әкелді?

-Доп қалай секірді?

-Бүгін біз не үйрендік?


-қоштасады.

Доптың қалай секіретінін көрсетеді.

Білуі: денешынықтырумен айналасудың пайдалы екендігін Меңгеруі: салауатты өмір салты туралы түсінікті. Жасай алуы: жалпы дамыту жаттығуларын жасауды.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Ертөстік бізде қонақта Мақсаты: шағын топпен сапта жүруге және жүгіруге үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Бүгін бізге қонаққа Ертөстік келді.

Жұмбақ

Жерге түссе, тоқтамайды,

Тыңдамайды, домалайды.

Тыным алмай бір сәтке,

Секіреді, жорғалайды.(Доп)


Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Қозғалыстың негізгі түрін көрсетеді және түсіндіреді. Допты бір-біріне 1-метр қашықтықтан домалату.Ертөстік балаларға аяқ доп шеберлерінің доппен көп жаттығатындары туралы әңгімелейді.

Жаттығу 6-8 рет қайталанады.Балаларға допты себетке жинауды тапсырады.

«Қақпаға түсір» қимылды ойынын ұйымдастырады.

-Балалар, Ертөстіктің тағы ойнағысы келеді.

«Көпіршіктер» аз қимылды ойыны.

Өлең жолдарын бірге айтқызады.

Үрлене бер көпіршік,

Үлкейе бер көпіріп.

Жарылмашы тек қана,

Қалмайыншы өкініп.

Допты бір-біріне домалатады.

Ертөстікті тыңдайды.


Ойын ойнайды.

Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.






Рефлексивті-

түзетушілік

Ертөстік балалармен қоштасады.

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар қояды.

-Бізге кім қонаққа келді?

-Ертөстік бізге не әкелді?

-Доп қалай секіреді?

-Қоштасады.

-Жауап береді.

-Ертөстік.

-Доп.

Білуі: денешынықтыру жаттығу-ң дені сау болып өсуге көмектесетінен. Меңгеруі: топта жүру мен жүгіру жаттығуларын. Жасай алуы: еденде отырып, доптың бағытын өзгертпей бір-біріне д.ы.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Сылдырмақтар Мақсаты: балаларды бір қатармен жүруге және жүгіруге үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: ойыншықтар,әр балаға екі сылдырмақ,

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

Жұмбақ

Ұзын жолмен сырғыған,

Жорғалайды бір жылан. (Пойыз)

-Пойыз бізге сылдырмақтар әкелді. Бір-бірінің артына «вагондар» болып тіркесіп, пойызбен жүріп келуді ұсынады.

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Төрттағандап еңбектеу

Пойыздың депода тұрғанын естеріне сақтап, оның астын тексеруді-төрттағандап, пойыздың астымен еңбектеуді ұсынады.

Мұғалім бір балаға жіптің астымен қалай еңбектеу керектігін көрсетуді ұсынады, өзі түсінік беріп тұрады. «Асылбек тіреуге жақындады, төрттағандап тұрды(алақандарымен тізелерін тіреп), еңбектеді, жіпке басын тигізбеу үшін басын төмен иді, орныннн тұрды, сылдырмақты алды, оны жоғары көтеріп, қатты сылдырлатты». «Өз үйшігіңді тап» ойыны.

Ал паровоз, баста алға, Бәрімізді басқар да.

Пыш, пыш, пыш, пыш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Жаттығуды қалай жасау керектігін түсініп алады.


Төрттағандап орындыққа дейін еңбектейді, тұрады, сылдырмақты алып, жоғары көтеріп, қатты сылдырлатады.

Рефлексивті түзетушілік

Тақырыпты қорыту үшін сұрақтар қояды:

-Бізге сылдырмақтарды кім әкелді?

-Не үшін?

-Бүгін не істеп үйрендік?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді.

Білуі: денешынықтыру жаттығу-ң дені сау болып өсуге көмектесетінен Меңгеруі: топта жүру мен жүгіру жаттығуларын. Жасай алуы: сапта бір-бірден тұрып, бағытты өзгертпей жүру және жүгіруді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Асықтар. Мақсаты: шеңбер бойымен жүру мен жүгіруді үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: ойыншықтар, екі арқан, екі діңгек, текшелер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Балалар, бізге қонаққа Ботақан келді. Оның немен келгендерін табыңдаршы.

Дөңгелек төртеу, Жүк салғышы біреу.

Моторы бар күйме, Айтшы, қане бұл не?

-Бұл- жүк мәшинесі. Мәшиненің жүк салғышына қараңдаршы, не бар екен?

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады.

(Мәшине)

Ұйымдастыру-іздестіру

Текшелер еденге шеңбер бойымен қойылады. Текшелер қойылған жарты шеңберді жүріп, қалған жарты шеңберді жүгіріп өту керектігін түсіндіреді. 2-рет .

Текшелерді қолдарына алып, жаттығулар жасауды ұсынады.

Қозғалыстың негізгі түрін көрсетеді және түсіндіреді.

«Батыр» қимылды ойынын ойнауды ұсынады.

«Асықтар» аз қимылды ойыны.

Ойынның шартын түсіндіреді, ойнатады.

-Ботақан бізге асықтар алып келіпті.

Келіңдер, онымен бірге ойнап, мергендігімізді тексерейік.

Текшелерді айналып жүру мен жүгіруді бастайды.

Текшелермен жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.

Ойындар ойнайды.

Қатарға қойылған асықтарды атады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қояды:

-Ботақан бізге қонаққа немен келді?

-Асықтармен қалай ойнайды.

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді.

Білуі: асық ойнау ережесін; қозғалысқа толы өмір салтының пайдасын. Меңгеруі: шағын топта бірігіп әрекет етуді. Жасай алуы: мұғалімнің белгісін дер кезінде байқап, әрекет етуді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Құстар Мақсаты: жүру мен жүгіру кезінде мұғалімнің белгісіне тоқтауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: ойыншықтар, екі арқан. Бала санына сәйкес доптар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Балалар, қараңдар, бізге құстар ұшып келді.

Олар туралы жұмбақтар шешіңдер.

1.Ақ көйлегін киеді, Маңғаз басып жүреді.

Қызыл етік аяқта, Өз қадірін біледі.

2.Сұр киімді балақай, Томияды баладай.

Нан қоқымын шашылған,Теріп жейді талғама

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады

(Қаз), (Торғай)

Ұйымдастыру-іздестіру

«Қаздар мен Торғайлар» ойыны.

Жүру мен жүгіру жаттығуларын өткізеді.

«Қаздар» дегенде «қаңқ-қаңқ-қаңқ» деп, «торғайлар» дегенде «шиқ-шиқ-шиқ» деп жауап беру керектігін түсіндіреді.

Қозғалыстың негізгі түрін көрсетеді және түсіндіреді.

Еденге қойылған арқаннан секіру.

Құстардың кедергілерден жеңіл секіріп өтетіндерін ескертіп, секіруді ұсынады.Мұғалім балаларды бір-біріне қарсы қаратып, екі қатарға тұрғызады.

-Арқанға жақындап, аяқтарыңды дұрыстап қойып, тізені сәл бүгіп, секіріп өтіп, жерге аяқтың ұшымен түсу керек.

«Мысық пен торғайлар» қимылды ойынын ойнауды ұсынады.

Мұғалімнің соңынан жүру мен жүгіруді бастайды.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Арқанға жақындап, аяқтарыңды дұрыстап қойып, тізені сәл бүгіп, секіріп өтіп, жерге аяқтың ұшымен түседі.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қояды:

-Бізге қонаққа қандай құстар ұшып келді?

-Қаздар мен торғайлар неден қорқады?

-Қандай жаттуғыларды жасап үйрендік?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: құстарды дұрыс атауды, дауыстар мен жүрістерін салуды. Меңгеруі: шағын топта бірігіп әрекет етуді. Жасай алуы: : мұғалімнің белгісін дер кезінде байқап, әрекет етуді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Добым, добым домалақ, кетіп қалды домалап. Мақсаты: балаларды бір қатармен жүруге және жүгіруге үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес үлкен доптар,ойыншықтар, екі арқан.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Қараңдаршы, балалар, қандай ерекше төсеніш

Түзу, таза жолдармен,

Жіп-жіңішке соқпақпен,

Аяғымыз жүреді,

Үйі қайда біледі.

1,2,1,2, Үйіе тез кіреді.

Мұғалім оқыған өлең ырғағымен жүріп отырып, залға кіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Допты бір-біріне 1,5 метр қашықтықтан домалату.

Мұғалім бір баламен бірігіп, допты қалай дұрыс домалатуға болатынын көрсетеді. Допты қаттырақ, қарсыдағы баланың тура қолына қарай домалату керектігін айтады.

«Пойыз» қимылды ойыны.

Бір-бірінің артына тұрғызып, жүргізеді.

Қалыпты тыныс алуға көшу үшін

«Жапырақтар» жаттығуын орындайды.

Сұп-суық жел қоймай бәрін ұшырды,

Еменнің бар жапырағын түсірді.

Жапырақтар желмен ойнап, дөңгелеп.

Әуеде жүр көбелектей көлбеңдеп.

Жаңбыр оны жұлмалауды бастады,

Бұршақ оны тесіп, тесіп тастады.

Жаттығуды қалай жасау керектігіне мұқият қарайды және тыңдайды.

Ойынды ойнайды.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады:

-Сендерге доппен ойнау ұнады ма?

-Бүгін тағы қандай жаттығуларды жасап үйрендік?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: мұғалімнің белгісі бойынша жаттығулар жасауды. Меңгеруі: спорттық құрал-жабдықтар туралы түсінікті. Жасай алуы: допты бір-біріне серпінді түрде домалатуды.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Торғайлар Мақсаты: тепе-теңдікті сақтай отырып,екі сызықтың арасымен жүруді үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: ойыншықтар, екі арқан. Екі діңгек, орындықтар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Балалар, сендер торғайдың кішкентай балапандары, ал мен сендердің аналарың-үлкен торғай боламын.

Ағаштарда бір торғай, Шықылықтап жүр торғай.

«Балаларым, келіңдер,

Жылдам маған жетіңдер.»

Мұғалімді қызыға тыңдайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Жүру мен жүгіру жаттығуларын орындау үшін бір-бірден сапқа тұруды ұсынады. «балапандар» деген белгіні естігенде қанаттарын қағып, белгі бойынша бағыттарын өзгерту керектігін түсіндіреді.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін орындықтардың жанына тұруға тапсырма береді.

Негізгі қозғалыс түрлерін көрсетеді.

Екі сызықтың арасымен жүру мен жүгіру

Мұғалім екі арқаннан жол жасап, балаларға бір-бірден сапқа тұрып, алдымен жүруді, сосын жүгіруді ұсынады.

«Ойыншықты алып кел» қимылды ойынын ұйымдастыру арқылы шашырап жүру мен жүгіру.

Бірінің артынан бірі жүрудіі және жүгіруді бастайды, «Балапандар» деген белгіні естігенде қанаттарын қағады.

Бір-бірден сапқа тұрып, алдымен жолмен жүреді, кейін жүгіреді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады:

-Бүгін сендер қандай құсқа айналдыңдар?

-Торғайдың балапандары қалай ұшады екен?

-Бүгін қандай жаңа жаттығу үйрендік?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: денешынықтырумен айналасу керектігін Меңгеруі: құстардың тіршілігі туралы түсінікті. Жасай алуы: мұғалімнің белгісін дер кезінде байқап, әрекет етуді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Сандықтағы сыйлық Мақсаты: шағын алаңда жүру кезінде тепе-теңдікті сақтауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес таспа, екі жіп.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

Балаларға арнап өлең оқиды.

Ал балалар, тұрайық, Көзімізді жұмайық.

Қиялдап та алайық, Ертегіге барайық.

Жылу алған күннен де, Айналайық гүлдерге.

Самалымен тербеген, Шайқалайық желменен.

Бөлменің ортасына сандықты қояды.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Сандықты ашып, ішінен жалпы дамыту жаттығуларын жасауға арналған таспаларды алуды ұсынады. Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді бастайды.

Алға жылжи отырып, екі аяқтап секіру.

Мұғалім арқандарды балалардан 1,5 м қашықтықта қояды. Бір қатарға тұрып, белгіленген межеге дейін көжектерге ұқсап секіріп жетіп, арқанды аттап,бері бұрылып, секіре отырып,қайту керектігін түсіндіреді.

Шашырай жүгіру дағдыларын пысықтау және зейіндіктілерін тексеру мақсатында «Қоймадағы тышқандар» қимылды ойынын ойнауды ұсынады.

Таспалармен жаттығу жасау арқылы тыныс алуларын қалыпқа келтіруді ұсынады.

Саппен жүру мен жүгіруді бастайды, мұғалімнің белгісімен тоқтайды.

Сандықты ашып, ішінен таспаларды шығарады.

Ойын ережесіне сәйкес тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Сандықта не жатты?

-Таспалармен қандай жаттығулар жасадық?

-Қандай жаттығуларды үйрендік?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: денешынықтырумен айналасу керектігін Меңгеруі: кезектестіріп жүру мен жүгіру дағдыларын Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Секіргіш көжектер Мақсаты: шағын алаңда жүру кезінде тепе-теңдікті сақтауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, тақия.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

Жұмбақ

Ұзын екі құлағы, Елең қағып тұрады.

Тышқан еиес, бірақ сұр.Не екенін сұрап біл.

Тосынсый сәті

Құрсауларды алып, Көжек келеді. Балаларға құрсауларды таратып беріп, оны мәшиненің рөліне ұқсатып ұстау керектігін түсіндіреді.

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады


Ұйымдастыру-іздестіру

Бір қатармен жүру мен жүгіруді ұйымдастырады. «Көбелектер» жаттығуының дұрыс орындалуын-қанаттарын қағады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді бастайды.

Құрсаудан құрсауға секіру

-Құрсаулармен неше түрлі жаттығуларды жасауға болады,- дейді Көжек.

Көжек балаларды ойынға шақырады.

«Көжек отыр» аз қимылды ойыны. Ойынның шартын түсіндіреді, ойнатады.

Отыр мұңда бір қоян, Өзі қорқақ, сұр қоян.

Құлақтарын былайша, Қимылдатып тұр қоян.

Қоян біраз тынықты, Сосын қайта шынықты.

Табандарын ысқалап, Былай, былай жылытты.

Естіп әлсіз тықырды, Тал артына тығылды.

Мұғалімнің белгісімен шашырай жүгіруге кіріседі. «Көбелектер» деген белгімен тоқтап, қолдарын-қанаттарын қағады, «Көжектер» деген белгімен бір орында тұрып, екі аяқап секіреді.


Рефлексивті-

түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Көжек бізге не әкелді?

-Бүгін қандай жаттығулар жасадық?

Көжекпен қоштасу керектігін айтады.

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: денешынықтырумен айналасу керектігін Меңгеруі: кезектестіріп жүру мен жүгіру дағдыларын Жасай алуы: аяқтарын сәл бүгіп, құрсаудан құрсауға секіру

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Сүйікті цирк Мақсаты: шағын алаңда жүру кезінде тепе-теңдікті сақтауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, сылдырмақтар, тақия.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Балалар, сендер циркті ұнатасыңдар ма?

Циркте болдыңдар ма? Бүгін біз өзімізді цирктеміз деп есептейік.

-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Цирк жылқыларына айналамыз. «Жылқылар» цирк аренасына барады.

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады


Ұйымдастыру-іздестіру

Бір қатармен жүру мен жүгіруді ұйымдастырады.

Сылдырмақпен жасалатын жалпы дамытатын жаттығуларын жасау үшін шеңберге тұруды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрлеріне өтеді.

Мұғалімнің лақтырған добын тосып алып, қайтадан лақтыру.

«Бәйге» қимылды ойынын ойнаймыз

Аз уақытқа маймылдарға айналуды ұсынады. «Маймылдар» қимылды ойыны.

Ұқсап маймыл балаға,Жаттығып жүр далада.

Оң аяқпен-топ,топ,топ, Сол аяқпен-топ,топ,

Тым жоғары,жоғары,Созылады қолдары,

Қол тигізіп еденге, Еңкейеді төменге.

Талай жерді шарлайды,Кешке қарай шаршай

Орнына кеп жатады,Тәтті ұйқыға батады.

Мұғалімнің белгісі бойынша тапсырмаларды орындап, бір қатармен жүруге және жүгіруге көшеді.

Музыка әуенімен өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Біз қайда болдық?

-Біз қандай жануарларға айнала аламыз?

-Сендерге не ерекше ұнады?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: денешынықтырумен айналасу керектігін Меңгеруі: кезектестіріп жүру мен жүгіру дағдыларын Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Балақайлардың үйшігі Мақсаты: шағын алаңда жүру кезінде тепе-теңдікті сақтауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Бүгін біз күзгі орманға саяхат жасаймыз.

Мынау жақсы күнде біз, Жұбымызбен біргеміз. Әскер аға сияқты, Түзу қойып аяқты. Жүгіріпте аламыз,Сосын тоқиһтай қаламыз. Тосынсый сәті

Мынау келген балалар, Алаңқаы аралар.

Бірге ойнап алайын,Ұйқыға сосын жатайын.

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады


Ұйымдастыру-іздестіру

Бір қатармен жүру мен жүгіруді ұйымдастырады. «Көбелектер мен бақалар» жаттығуының дұрыс орындалуын-қанаттарын қағады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді бастайды.

Екі сызықтың арасымен жүру.

Мұғалім балалардың қолдарын белдеріне қойып,денелерін түзу ұстауларын қадағалау.

Аю балалармен ойын-жаттығуларын орындау

Бізге қарап көріңіз,Сымбаттымыз өзіміз.

Түзу ұстап денені,Сұлу болып өсеміз.

Байқап, кейде аяқтың,Ұшыменен жүреміз.

Енді бірде табанның,Тұсыменен жүреміз.

Жалыққанда аю бол, Маймаңдауды білеміз.

Сосын қайта бала боп, Жайраңдауды білеміз.


Мұғалімнің белгісімен шашырай жүгіруге кіріседі. «Көбелектер» деген белгімен тоқтап, қолдарын-қанаттарын қағады, «Көжектер» деген белгімен бір орында тұрып, екі аяқап секіреді.


Рефлексивті-

түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Аю бізге не әкелді?

-Аюдың апанына бара жатқанда біз қандай кедіргелерден өттік?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: денешынықтырумен айналасу керектігін Меңгеруі: аюлардың өмір сүру ерекшелігін, жүріп-тұруын. Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Құс ауласы Мақсаты: шашыраңқы жүру мен жүгіруді, мұғалімнің нұсқауымен тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

-Балалар, қараңдаршы, бізге тауық қонаққа келді. Ол анау жерде отыр.

Орындықта отырдым, Дәндерімді шоқыдым.

Қандай жақсы жүрдіңдер, Құламауды білдіңдер. Жаттығудың түрлерін, Үйретейін жүріңдер.

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады


Ұйымдастыру-іздестіру

Бір қатармен жүру мен жүгіруді ұйымдастырады. Құстардың жүрісін салуды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді бастайды.

Тақтай үстімен жүру

Жаттығуға арналған құрал-жабдықты дайындайды. «Құс ауласы» жаттығуын жасау

Бұл көктің дауысы, Төзімімді тауысты.

«кө-кек, кө-кек,кө-»Қорқып жаман баладан,

Шиқылдайды балапан, «шиқ,шиқ, шиқ, шиқ»

Тоғайдағы тоқылдақ,Мазаны алды тоқылдап.

«тоқ,тоқ,тоқ,» Тауық дәнді шоқып ап,

Аулада жүр қоқылдап. «қоқ,қоқ,қоқ,қоқ»

Жер таяу жақындап,Қаздар ұшты қаңқылдап. «қаңқ,қаңқ,қаңқ,қаңқ»



Бір-бірінің артынан жүреді.

Тақтай-көпір үстімен тепе-теңдік сақтап,бір-бірінің артынан жүреді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Қолдары қанат сияқты етіп қағады.


Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Тауық балаларды мадақтап, олармен қоштасады. «Құстар ауласына» тағы келуді ұсынады.

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: үй құстарының атын, қандай дыбыс шығаратынын біліп,жүрісін Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Алдаркөсе циркте Мақсаты: бүкіл залды айналып жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация -лық

қозғаушылық

Өлең оқиды:

Жылдам аяқ басайық, Жүр циркке барайық.

Соғылды әне қоңырау, Кешігіп біз қалмайық

Арыстандар, дәу пілдер, Ойнап, бізді күлдірер

Көңілденіп қайтайық,Бәрің бірге жүріңдер.

-Бүгін біз сендермен циркке барамыз.

Жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін табады


Ұйымдастыру-іздестіру

Қолына дөңгелектер ұстаған Алдаркөсе кіреді. Мұғалім Алдаркөсе туралы қысқаша айтып өтеді, оның да циркті ұнататынын, жаттығулар жасау үшін дөңгелектердің керектігін ескертеді. Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін қолдарына дөңгелектері алуды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді. Орындыұтан секіру

Мұғалім жаттығуды жасап көрсетіп, орындықтан көжектерге ұқсап, тізелерін сәл бүгіп, аяқтарының ұшымен секіру керектігін түсіндіреді. 3-4 рет қайталайды.

«Әткеншек» қимылды ойынын ойнату.

Алдаркөсе балаларға ауа көпіршіктерін үрлеуді ұсынады. «Ауа көпіршіктері» тыныс алу жаттығуын ұсынады.

Бір-бірінің артынан жүреді.

Қолдарына дөңгелектерді алып,шеңберге тұрады.

орындықтан көжектерге ұқсап, тізелерін сәл бүгіп, аяқтарының ұшымен секіреді.

Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Біз бүгін қайда болдық?

-Бүгін кіммен ойнадық?

-Қандай жаттығулар жасадық?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: Алдаркөсенің кім екенін? Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Бауырсақтың бастан кешкендері Мақсаты: бүкіл залды айналып жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғашылық

-Біз бүгін «Бауырсақ» ертегісіне қонаққа барамыз.

-Бұл ертегіні бәрің білесіңдер ме?...Ертегі қалай басталушы еді?...Дұрыс айтасыңдар, атайдың өтініші бойынша әжей Бпуырсақ пісіретін. Ал бауырсақ бір орнында отыра алмай, орман жолымен домалай жөнелетін. Міне,Бауырсақ жолмен домалап келе жатыр. Біз оныі артынан жүріп,өзіміздің не жасай алатынамызды көрсетеміз.

Залға кіріп, мұғаліммен сәлемдесіп, шеңбер құрып тұрады.

Сұрақтарға жауап береді.


Ұйымдастыру- іздестіру

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін шеңберге тұрғызады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді. Допты бі-біріне домалату.

Мұғалім доғаларды қояды, балалар бір-біріне жұп болып, қарама-қарсы тұрады. Мұғалім допты қалай домалату керектігін түсіндіреді.

Доғамен арадағы арақашықтық жіппен немесе басқа заттармен өлшенеді. Түрлі бағытта жүгіру дағдыларын пысықтау үшін «Аяқтар» қимылды ойынын ұйымдастырады.

«Самал жел» тыныс алу жаттығуын өткізеді.

Екі қатарға, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

«Домалат» деген белгі бойынша допты бір-біріне домалатады.

Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Біз бүгін қайда болдық?

-Бүгін кіммен ойнадық?

-Қандай жаттығулар жасадық?

Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Тәні саудың-жаны сау Мақсаты: бүкіл залды айналып жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғашылық

Өлең оқиды.

Ауыруды білмейік,Ылғи күліп жүрейік.

Ол үшін, сен келісші, Көп жеу керек жемісті

Болу үшін жайдарлы, Ағзамызға пайдалы.

Жиі жейміз теріп ап, Өрік, алмұрт, алманы.

-Сендер қандай көкөністерді білесіңдер?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

Тосынсый сәті

Ботақан сәбіздер салынған себет алып келеді

Мұғалімді қызыға тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Ұйымдастыру- іздестіру

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін шеңберге тұрғызады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді. Қолды еденге тигізбей, арқан астынан өту. Мұғалім екі тіреуді қойып, 50см биіктікке арқан тартады. Бір баламен бірігіп жаттығуды көрсетеді және түсіндіреді

«Қиярлар» ойынын ойнайды.

Ұнатамын қиярды, Олар бала сияқты.

Су да бердік оған біз, Аяғынан тұрғыздық.

Басын оңға бұрғыздық, Бір баланы таңда да,

Енді биле тоқтама.

Жаттығудың жасалу ретіне қарайды. Арқанға жақындап, отырады, бүктетіліп, денелерін тигізбей, арқанның астынан өтеді.

Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

«Біз санаймыз» тыныс алу жаттығуы.

-Дені сау болу үшін не істеу керек?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: көкөністер мен жемістердің аттарын, олардың пайдалы қасиеттерін. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Көңілді көжектер Мақсаты: жұппен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғашылық

Жұмбақ

Қып-қызыл, Жұп-жұмсақ өзі.

Сүйкімді, қорқақ, Не екен, бол тап. (Көжек)

-Бүгін біз сендермен көжектерге ұқсап жүгіреміз, секіреміз.

Мұғалімді қызыға тыңдайды.

Жауабын шешеді.


Ұйымдастыру- іздестіру

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін шеңберге тұрғызады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетуді.

Денелерін түзу ұстап жүру керектігін ескертеді.

Алға жылжи отырып, екі аяқтап секіру.

Мұғалім тақтайды залға ұзыннан қояды, оған қатарластырып секірудің бастапқы сызығын белгілейді. Және оған дейін секіріп жетулері үшін жалаушаны қояды. Жаттығу екі рет қайталанады.

«Көжектер» қимылды ойыны.

«Үрлегіш» тыныс алу жаттығуы.


Қолдарын белге қойып, мұғалімнің қолындағы жолаушаға қарап, тақтай үстіиен жүру.

Сызыққа жақындап, аяқтарының ұшымен жалаушаға дейін секіреді.

Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Бүгін біз немен айналастық?

-Қандай жаттығулар жасап үйрендік?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: шынығу жаттығуларын үнемі жасаудың маңызын. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді





«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Епті бақалар Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғашылық

Өлең оқып береді

Батпақтан табылар, Жап-жасыл жануар.

Шыбын мен жануар, Азық деп асады.

Өзі бір бақылдақ, Қоймады бақылдап.

-Бақалардың аяқтары өте күшті. Олар күні бойы секіріп жүреді. Бүгін біз де жүгіреміз, секіреміз.

Мұғалімді қызыға тыңдайды.



Ұйымдастыру- іздестіру

Жалаушамен жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін жалаушаларды таратады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Биіктен 15см тақтайдан секіру

Мұғалім жаттығуды жасау ретін көрсетіп, түсіндіреді. «Ұзын орындыққа тұрып, аяқты дүрыстап қойып, тізені сәл бүгіп, жайлап аяқтың ұшымен секіру керек»

«Батпақтағы бақалар» қимылды ойынын ұйымдастырады.

«Қайда жасырылғанын тап» аз қимылды ойынын ойнату.


Жалаушалармен жалпы дамту жаттығуларын жасайды.

Бірінші шағын топ алдымен бір жаққа, сосын қайтадан ұзын орындыққы шығып, екінші жаққа секіреді.

Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Бақалар қалай секіреді? Қандай дыбыс шығарады?

-Қандай ойын сендерге ерекше ұнады?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: шынығу жаттығуларын үнемі жасаудың маңызын. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: алға жылжи отырып, екі аяқтап секіруді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Бағдаршам Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Моивациялы

қозашылық

Жұмбақ

Жол бойында, қиылыста тұрамын,

Көздерімді кезегімен жұмамын.

Үнсіз берген бұйрығымды орында

Аман болып жүру үшін, шырағым.

-Бағдаршам жол қозғалысын реттейді. Айтыңдаршы, ол қандай түстердің көмегіне сүйенеді?

Мұғалімді қызыға тыңдайды.

-Бағдаршам.



Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды бір қатарға тұрғызады. Мұғалім балаларға бағдаршамның жасыл көзі жанғанда көшеден өтіп бара жатқандай жүру керектігін түсіндіреді.

-Енді белгі бойынша қаншалықты жылдам қимылдай алатыңдарыңды тексеріп көрейік.

«Көжектер», «Бақалар» деп белгі береді.

Заттарсыз жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Қақпа арқылы допты бір-біріне домалату.

«Түрлі түсті көліктер» қимылды ойынын ойнату. «Шар үрлейміз» тыныс алу ойыны.


«Көжектер» деген белгіге секіреді, «бақалар» деген белгіге отырады.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Доптарды себетке жинайды.

Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Жол жүру ережесін неліктен сақтауымыз керек? Бағдаршам қандай түсі жанғанда көшеден өту керек?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: бағдаршам белгілерін. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: жұптасып жұмыс істеуді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Көңілді сайқымазақ Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Моивациялы

қозашылық

Жұмбақ

Мен оның өнерін, Цирктен көремін.

Жүрісін, тұрысын, Қызықтап күлемін.

Ойланшы, ақылдым, Айтшы, оның аты кім?

Балаларға қуыршақ сайқымазақты көрсетеді.

-Ол біз сияқты күшті, епті болғысы келеді.

Мұғалімді қызыға тыңдайды.

-сайқымазақ.



Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды бір қатарға тұрғызып, денелерін түзу ұстауларын тексеріп, тапсырманы түсіндіреді.

Доптармен жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Қолды белге қойып, тақтай үстімен жүру.

Сұп-суық жел қоймай бәрін ұшырды,

Еменнің бар жапырағын түсірді.

Жапырақтар желмен ойнап, дөңгелеп,

Әуеде жүр көбелектей көлбеңдеп.

Жаңбыр оны жұлмалауды бастады,

Бұршақ оны тесіп, тесіп тастады.


Қатарға тұрып, қолдарын белдерін қойып,тақтай үстімен мұғалімнің артынан бір-бірден жүріп өтеді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-

Түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

Сайқымазақ балалардан қандай ойынның ерекше ұнағанын сұрайды.

Шарларды сыйға тартып, олардың қандай түсті екенін сұрайды?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: түстерді дұрыс атауды Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: жұптасып жұмыс істеуді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Батырлар Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

-Бүгін бізге қонаққа Батыр келді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің ағам бар.

Ол әскерде қызмет етіп. Отан алдындағы борышын өтеуде.

Мен ағамдай боламын, Жылдам өсіп,толамы

Жерімді мен қорғаймын,Батырларды қолдаймын.

-Ал сендер менімен бірге жаттығасыңдар ма

Мұғалімді қызыға тыңдайды.

-сайқымазақ.



Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды бір қатарға тұрғызып, денелерін түзу ұстауларын тексеріп, тапсырманы түсіндіреді.Жалаушамен жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Арқаннан аттап жүру

Мұғалім бір-бірінен арақашықтығы 30см жерге 4-5 арқан мен 2-3 құрсауды қояды, жаттығуды орындау ретін көрсетіп, түсіндіреді: «Арқаннан алдымен оң аяқпен, сосын сол аяқпен, сосын сол аяқпен аттап, құрсаулардан секіріп өту керек». «Батырлар» қимылды ойынын ойнайды.


Қатарға тұрып, қолдарын белдерін қойып,тақтай үстімен мұғалімнің артынан бір-бірден жүріп өтеді.


Рефлексивті Түзетуш

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Бүгін біз қандай ойындар ойнадық?

-«Батырлар» деген кімдер?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: Батырлардың Отанды қорғайтынын Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: жұптасып жұмыс істеуді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Ұядағы құстар Мақсаты: бір қатармен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

Өлең оқиды:

Аяп кеттім торғайды, Суықта ол жаурайды.

Күн, шығуға тырысшы, Торғайымды жылытш

-Қазір қыс мезгілі, даладағы құстар суықтан қатты жаурайды. Олар жылыну үшін, көп қозғаулары керек. Келіңдер, торғайларға айналайық.

Өлеңді мұқият тыңдайды.




Ұйымдастыру- іздестіру

Жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады. Кішкентай құрсауларды алуға тапсырма береді.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді. Доптарды түзу бағытта домалату.

Мұғалім балаларды қабырға бойына бір қатарға тұрғызады. Алдын ала қойылған доптарды алғызады. Жаттығуды қалай жасау керектігін көрсетеді. Қайталатып жасатады.

Доптарды жинап, қимылды ойынға арналған құралдарды дайындауды ұсынады.

«Ұядағы құстар» қимылды ойынын ұйымдастырады. «Кімнің дауысы екенін тап» ойынын ұйымдастырады.

Қатарға тұрып, қолдарын белдерін қойып,тақтай үстімен мұғалімнің артынан бір-бірден жүріп өтеді.

Доптарды себетке жинауға, құрсауларды қоюға көрсетеді.

Рефлексивті Түзетуш

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Қыста құстардың жағдайы қандай болады?

-Оларға қалай көмектесуге болады?

-Бүгін қандай жаттығуларды орындадық?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: құстарға қыста азықтың тапшы болатынын. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: жұптасып жұмыс істеуді

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Марғаулар Мақсаты: бір қатармен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

Жұмбақ

Үйден алыс шықпайды, Жолбарысқа ұқсайды

Бойы кіші болған соң, Тышқан ғана ұстайды

-Марғаулар бір-бірімен және доппен ойнағанды жақсы көреді, олар көп жүгіреді, секіреді. Біз бүгін марғаулар сияқты ойнайтын боламыз.

Жұмбақты тыңдайды, шешуінің мысық екенін айтады.




Ұйымдастыру- іздестіру

Жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады. Кішкентай құрсауларды алуға тапсырма береді.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді. Допты арқаннан асырып, екі қолмен лақтыру. Мұғалім жаттығуды барлық бала бір мезгілде орындаулары үшін екі тіреу қойып, екі арқанды кереді: біреуінен допты асырып лақтырады, биіктігі 50см болатынын екіншісінің астынан өтеді.

Еденге қолды тигізбей, арқан астынан өту. Зейіндерін тексеру үшін «Мысық пен торғайлар» қимылды ойынын ойнайды.

«Әуе шары» тыныс алу жаттығуы арқылы тыныс алуларын қалыпқа келтіруін ұсынады.

Бір қатарға тұрады. Арқаннан аттап, бір қатармен жүреді.

Доптарды себетке жинауға, құрсауларды қоюға көрсетеді.

Ойындар ойнайды.

Рефлексивті түзетуші

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Марғаулар немен айналысқанды ұнатады?

-Олар доппен қалай ойнайды?


Мұғалыімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: денешынықтыру жаттығуларын ептілікке, күштілікке үйретеді. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: бір қатармен жүруді.



«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Кемпірқосақ Мақсаты: бір қатармен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

Жұмбақ

Пайда болған аспанда, Қара ғажап қақпаға.

Кіре алмайсың жақындап, Қақпа ашық жатса да (Кемпірқосақ)

-Аспанда кемпірқосақ көрінген сәтте бәрінің ойнағысы келіп, қатты қуанады. Келіңдер, біз де бірге қуанайық.

Жұмбақты тыңдайды, шешуінің Кемпірқосақ екенін айтады.




Ұйымдастыру- іздестіру

Жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады. Кішкентай құрсауларды алуға тапсырма береді.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді. Тақтай үстімен жүру, қүрсаудан өту. Мұғалім жаттығуды орындау үшін құрал-жабдықтарды дайындайды. Екі қатарға екі құрсаудан қойып шығады және олардан 2м қашықтықта екі тақтайды қояды. Жаттығуды екі бала орындап көрсетеді, мұғалім түсіндіреді. «Бір құрсауға жақындап, отырып, бүктеліп, қолды еденге тигізбей, құрсау астынан өтіп, әр қарай тепе-теңдікті сақтап, тақтай үстімен жүріп өту керек»

«Өз түсіңді тап » ойынын ойнайды.

Бір қатарға тұрады.

Доптарды себетке жинауға, құрсауларды қоюға көрсетеді.Еденге қойылған тақтай үстімен, жүріп өтеді.

Ойындар ойнайды.

Рефлексивті түзетуші

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Қолдарыңа қандай түстегі жалаушаны ұстап тұрсыңдар? Кемпірқосақта қандай түстер болады?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: Кемпірқосақтың түстерін дұрыс атауды Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: тақтай үстімен жүргенде тепе-теңдікті сақтауды.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Спортшылар Мақсаты: шеңбер бойымен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

Жұмбақ

Секіреді, жүгіріп, Отырады бүгіліп.

Жан-жағына қарайды, Жаттығуды жасайды.

Білсең айтшы, бір сөзбен, Қалай оны атайды.

-Спортшы болу үшін не істеу керек?

Балаларды қатарға тұрғызып, денелерін түзу ұстауларын тексереді.

Жұмбақты тыңдайды, шешуінің спортшы екенін айтады.




Ұйымдастыру- іздестіру

Жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады. Мұғалім бүкіл залға текшелерді қойып шығады және балаларға текшенің жанына шахмат тәртібімен тұруға көмектеседі.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Ұзындығы 3м арқан бойымен жүру. Түзу төселген арқан бойымен бір аяқтың ұшына тигізіп жүру керектігін түсіндіреді.

Екі аяқпен алға жылжи секіру(арақашықтығы 3м) Екі аяқпен секірудің дұрыс орындалуын қадағалайды.

«Нысанаға тигіз» ойынын ойнату.

Бір қатарға тұрады.

Текшелердің жанына шахмат тәртібімен тұрады. Текшелермен жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Ойындар ойнайды.

Рефлексивті түзетуші

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Қалай спортшы болуға болады?

-Қандай спорт түрлерін білесіңдер?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: спортшы болу үшін дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысу к.к Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: тақтай үстімен жүргенде тепе-теңдікті сақтауды.



«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Отшашу Мақсаты: шеңбер бойымен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

-Сендер мерекелерді ұнатасыңдар ма? Мереке күндері әдемі отшашулар атылады.

Түн түнегі ашылды, Шашырап от атылды.

Мың сан жұлдыз аспанға, Шашу болып шашылды. (Отшашу)

-Бұл не?

-Біз бүгін мерекеге барып, ойнап, көңіл көтереміз.

Жұмбақты тыңдайды, шешуін табады.




Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды қатарға тұрғызады.Жүруге, сосын шашырай жүгіруге белгі береді.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады. Мұғалім бүкіл залға текшелерді қойып шығады және балаларға текшенің жанына шахмат тәртібімен тұруға көмектеседі.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді. Бір орыннан ұзындыққа секіру (арқандардың арақашықтығы 10см)

Мұғалім арқандардан (немесе жіңішке таяқтардан) бұлақ жасайды, жаттығуды орындау ретін көрсетеді және түсіндіреді: «Бұлақтың жанына барып, тізені сәл бүгіп, секіреміз, жерге екі аяқпен түсеміз».

Бір қатарға тұрады.

Текшелердің жанына шахмат тәртібімен тұрады.

Бұлақтың жанына барып, тізені сәл бүгіп, секіреміз, жерге екі аяқпен түседі.

Рефлексивті түзетуші

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Мерекелерді қандай заттармен безендіреді?

-Отшашу дегеніміз не?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: мерекелерде отшашулардың болатынын. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: бір орыннан ұзындыққа секіруді, екі аяқпен түсуді.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Құтқарушылар Мақсаты: шеңбер бойымен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

-Балалар, егер сендердің достарың қиын жағдайға тап болса, сендер не істейсіңдер? Қалай көмектесесіңдер?

Қиындықта қарайлар, Құтқарушы ағай бар.

Хабарлассаң оған сен, Көмектесер саған тез.

-Құтқарушылар-күшті, батыл епті адамдар. Олар қиын жағдайға тап болған адамдардың барлығына көмекке келеді.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.




Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды қатарға тұрғызады.Доптарды қояды. Мұғалім доптардың айналасында жүру мен жүгіруге белгі береді.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін доптарды алуға тапсырма береді.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді. Допты жерге ұрып, екі қолмен тосып алу. Допты еденге ұрамыз да екі қолмен тосып аламыз. Тақтай үстімен еңбектеу. «Арқан тартыс» қимылды ойынын ойнап күш сынасамыз. «Көпіршік» аз қимылды ойынын ойнаймыз.

Бекерге біз жүрмейміз, Көпіршікті үрлейміз.

Мөлдір, нәзік көбіктер, Жарыла ма, білмейміз.

Шеңбер бойына қойылған доптардың арасымен жүреді. Допты жерге ұрады, екі қолымен тосып алады.

Ойындар ойнайды.

Рефлексивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Құтқарушылар деген кімдер?

-Олар немен айналысады?

-Құтқарушылар сияқты епті және күшті болу үшін не істеу керек?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: құтқарушы болу үшін, спортпен айналасуды. Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: допты жерге ұрып, екі қолмен тосып алуды.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Теңізшілер Мақсаты: шеңбер бойымен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

-Балаларға теңізшілер бейнеленген суретті көрсетеді.

Шекараны қорғайтын,

Әлсіз, қорқақ болмайтын.

Шарлайтын көк теңізді,

Боласың ба теңізші?

-Болашақ теңізшілер көп уақыт жаттығады және оқиды. Олар көп нәрселерді жасай алады.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.




Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды қатарға тұрғызады, денелерін түзу ұстауларын тексереді.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін құрсауларды алуды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Бір орыннан ұзындыққа секіру(арқандардың арақашықтығы 15см)

«Түзу жол бойымен» қимылды ойынын ойнайды.

Теңізшілер кемеде,

Құрғақ жерде көре ме?

Жағалауға жақындап,

Жүзіп бері келе ме?

Бір орыннан ұзындыққа 4-5 рет секіреді. Допты жерге ұрады, екі қолымен тосып алады.

Ойындар ойнайды.Жел мен толқынның қозғалысын келтіреді.

Рефлексивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Әр теңізші не істей білу керек?

-Теңізшілер қайда қызмет етеді?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: теңізшілердің кемелерде қызмет етіп, шекараны қорғайтынын: Меңгеруі: бір қатармен, шашырай жүру мен жүгіруді. Жасай алуы: тізені жоғары көтеріп жүру барысында тепе-теңдікті сақт.ы.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Тауық пен балапандар Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

-Мен бүгін тауық, ал сендер балапандар боласыңдар.

Шөжелерім, шеп,шеп,шеп,

Тары шоқы, теріп жеп.

-Балапандар әркез өздерінің аналарын тыңдайды. Сендер де мені тыңдап, барлық жаттығуларды орындаңдар.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.




Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды қатарға тұрғызып, шашырай жүру мен жүгіруге бұйрық береді.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін доптарды алуды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Тақтай үстімен еңбектеу

Еңбектеу дағдыларын пысықтау үшін «Тауық пен балапандар» ойынын ойнайды.

«Құс ауласы» жаттығуы

Ауламызға әр беріп, Әтеш келді сәнденіп.

Биік жерге шықты да, Алды біраз әндетіп.


Қаз қанатын жазады, Мойынын алға созады.

Жақын келген баланы, Шоқып тістеп алады.

Допты жерге ұрады, екі қолымен тосып алады. Бірінің артынан бірі тақтай бойымен еңбектейді.

Ойындар ойнайды. Қолдарын қанаттарға ұқсатып қағады.

Рефлекси-вті түзетуші-

лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Тауықтар мен балапандар қайда тіршілік етеді?

-Олар үй құсы ма, әлде дала құсы ма?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: тауықтар мен үйректердің үй құсы екенін. Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: тізені жоғары көтеріп жүру барысында тепе-теңдікті сақт.ы.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Олимпиада Мақсаты: бір қатармен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялы

қозғаушылық

Жұмбақ өлең оқиды:

Спортшысы әр елдің,

Елшілері әлемнің.

Алмақ болып жеңісті,

Жарыспақ болып келісті.

-Бүгін біз кішігірім олимпиада өткіземіз.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.




Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды қатарға тұрғызып, бір қатармен жүру мен жүгіруге жаттығуларын жүргізеді.

Заттарсыз жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындауға көшуді ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Баспалдақтан өту

Баспалдақ таяқтарынан (бас бармағымен астынан, қалған саусақтарымен үстінен) ұстап, бір де бір таяқшаны қалдырмай өту.

Қолды белге қойып, тақтай үстімен жүру

Денелерін түзу ұстау керектігін түсіндіреді.

«Батырлар» қимылды ойынын ойнату.

Жаттығуды екі бала бір мезгілде орындайды.

Тақтайға жақын келіп, қолдарын белге қойып, денесін түзу ұстап, тепе-теңдікті сақтап, жүріп өтеді.


Рефлекси-вті түзетуші-лік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

Көңілді музыка ойнатып, «Олимпиаданың» жабылғанын хабарлайды.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: олимпиаданың спорттық жарыс екенін Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: тақтай үстімен жүруді, денелерін түзу ұстауды.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Хайуанаттар бағы Мақсаты: шеңбер бойымен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

-Балалар, қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

-Қалада біз бұл жануарларды қайдан көре аламыз?

Қалада бар үлкен үй,

Қасқыр, түлкі кірген үй.

Салпиып дәу құлағы,

Онда піл де тұрады.



Хайуанаттар бағынан көргендерін айтады.

Өлеңді мұқият тыңдайды.





Ұйымдастыру- іздестіру

Бар ол үйде керік те,

Арқар, қоян, елік те.

Азық беріп асырап,

Бақылаймыз таңырқап.

Олар болса тар үйде,

Жүр-ау деймін жабырқап.

Балаларды қатарға тұрғызып, бір қатармен жүру мен жүгіруге жаттығуларын жүргізеді.

Сақиналармен жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындауға көшуді ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

«Құс ауласындағы түлкі» қимылды ойынын ойнату. «Қай жануардың дыбысы» ойнау.

Сақиналармен жасалатын жалпы жаттығуларды жасайды.

Арқаннан екі аяқтап аттайды.

Түрлі бағытта жүгіруге жаттығады.

Ойындар ойнайды.


Рефлек-сивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

-Қалада біз қай жерден көреміз?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: жабайы жануарларды дұрыс атауды Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: тақтай үстімен жүруді, денелерін түзу ұстауды.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Спорт мектебі Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

-Сендер спортпен айналысқанды ұнатасыңдар ма?

«Бір, екі» деп санайды,

Шынығуды бастайды.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығуды жасайды.

-Спорт мектебі-балалардың әртүрлі спорт түрімен айналысуына болатын мектеп.


Сұраққа жауап береді. Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.





Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды қатарға тұрғызып, шашырай жүру мен жүгіруге жаттығуларын жүргізеді.

Қолдарына сылдырмақтарды алып, жалпы дамыту жаттығуларын орындауға көшуді ұсынады.

Қозғалыстың негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Арқандардан бұлақ жасайды, одан 2-3м қашықтыққа құрсауларды, оның ішіе доптарды қояды. Балаларды екі топқа бөледі.

«Арқан тартыс» қимылды ойыны арқылы күш сынасады.

Тышқан,сенің тықырың, Естілмесін, ақырын!

Мысық кетіп қалғанша, Мұнда келіп жасыры

«Тыныштық» ойынын ойнайды.

Арқаннан дұрыс ұстауды үйреніп, қимылдарын бақылап, ойынға белсене қатысады.

Арқаннан екі аяқтап аттайды.

Түрлі бағытта жүгіруге жаттығады.

Ойындар ойнайды.


Рефлек-сивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

Белсенді балаларды мадақтап, белсенділігі төмен балаларды ынталандырады.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: спортпен айналысқанда денсаулықтың мықты болатынын. Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: екі аяқпен секіруді, денелерін түзу ұстауды.

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Мысық пен тышқандар Мақсаты: бір қатармен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жұмбақ

Кішкентай, сұр жыбырлақ,

Іннен шықты жыбырлап.

Бізден қорқып кетпесін,

Сөйлесейікші сыбырлап.

-Тышқандар індерінен шығудан, мысықтарға ұсталып, тышқан аулағышқа түсіп қалудан қатты қорқады. Сондықтан олар өте жылдам және епті.


Сұраққа жауап береді. Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.





Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды қатарға тұрғызып, жүру мен жүгіру жаттығуларын жүргізеді.

Қолдарына доптарды алып, жалпы дамыту жаттығуларын орындауға көшуді ұсынады.

Қозғалыстың негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді.

Допты екі қолмен жоғары лақтыру

«Мысық пен тышқандар» қимылды ойынын ойнату.

Бір орында тұрайық, Көзімізді жұмайық.

Ертегіде жүрміз деп, Өзімізді ойлайық.

Алаңдағы гүлдерге, Айналайық бір сәтке.

Бізді үйіріп, тербеткен,Жылы еді жел неткен.

Естіліп тұр, тыңдашы, Құстар әні әндеткен.

Допты екі қолмен жоғары лақтырады. Доптарды себетке салады.

Арқаннан екі аяқтап аттайды.

Түрлі бағытта жүгіруге жаттығады.

Ойындар ойнайды.


Рефлек-сивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Бүгін қандай жаттығулар жасадық?

-Сендерге қай жаттығу ерекше ұнады?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: күшті және епті болу үшін көп жаттығу жасау қажеттігін. Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: екі аяқпен секіруді, денелерін түзу ұстауды

«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Балаларға сұрақтар қояды:

-Сендер өз балабақшаларыңды ұнатасыңдар ма?

-Ал сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

-Біз бүгін «Мысық пен тышқандар» ойынын ойнаймыз.

Сұраққа жауап береді. Өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын атайды.

Ұйымдастыру- іздестіру

Арқанға аяғын тигізбей аттауды түсіндіреді және көрсетеді.

Сылдырмақтармен жасалатын, жалпы дамыту жаттығуларын орындауға көшуді ұсынады.

Қозғалыстың негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді. Баспалдақпен жүру. Жаттығу жасау барысында мұғалім қозғалыстың екі түріне-баспалдақ таяқшаларын дұрыс ұстауға және бір де біреуін қалдырып кетпеулеріне көңіл бөледі.

«Мысық пен тышқандар» ойынын ойнату.

-Ал енді демалайық, таспалармен жаттығулар жасап, қалыпты тыныс алуға көшеміз.


Баспалдаққа шығады, жаттығуды дұрыс жасауға және таяқшаларды жібермеуге тырысады.

Түрлі бағытта жүгіруге жаттығады.

Ойындар ойнайды.


Рефлек-сивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Бүгін қандай жаттығулар жасадық?

-Сендерге қай жаттығу көбіріек ұнады?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: дене тәрбиесі жаттығуларының денсаулықты нығайтатынын. Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: ауыстыра адымдауды, баспалдақпен жүруді.



«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Мысық пен торғайлар Мақсаты: жұппен жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жұмбақ

Мияулап, ол жортады,

Тышқан одан қорқады. (Мысық)

-Одан торғайлар да қорқады, бірақ олар дер кезінде ұшып кете алады.

Үстелдің астынан мысықтың дауысы естіледі.

Жұмбақ шешеді. Ойыншық мысықты тауып алады.

Ұйымдастыру- іздестіру

Қатарға тұрғызады, тапсырманы түсіндіреді, Жұппен тұруға көмектеседі.

Шашырай жүру мен жүгіруге белгі береді.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін қолдарына жалаушалар алуды ұсынады.

Негізгі қозғалыс түрін түсіндіруді және көрсетеді. Баспалдақпен жүру.

Бөренелерді аттап жүру.

Бөренелерді екі қатарға (арақашықтықтарды 20-25см) қояды.

«Мысық пен торғайлар» қимылды ойынын ойнату. «Торғайлар» тыныс алу жаттығуын жасауды және демалуды ұсынады.

Қатарға тұрады. Мұғалімнің белгісімен шашырай жүруден жүгіруге ауысады. Жалаушалармен жалпы дамыту жаттығуларын жасайды. Бөренелерді аттап жүреді.

Ойындар ойнайды.


Рефлек-сивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Бүгін қандай жаттығулар жасадық?

-Торғайлар неден қорқады екен?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: дене тәрбиесі жаттығуларының денсаулықты нығайтатынын. Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: бөренеден ауыспалы қадаммен аттап жүруді.



«Қарлығаш» тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Денешынықтыру» Тақырыбы: Серуен Мақсаты: шашырай жүру мен жүгіруді үйрету.тапсырмаларды орындауды үйрету; жаттығулар жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бала санына сәйкес доптар, екі жіп. Екі тіреу, ойыншық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы-

лық

-Бүгін біз орманға серуенге барамыз. Ол жақта доппен ойнаймыз, алаңқайда жүгіреміз, бұлақтан секіреміз. Түрлі ойындар ойнаймыз

Серуендеуге қуана келіседі.

Ұйымдастыру- іздестіру

Қатарға тұрғызады, тапсырманы түсіндіреді, Жұппен тұруға көмектеседі.

Шашырай жүру мен жүгіруге белгі береді.

Жалпы дамыту жаттығуларын жасау үшін қолдарына сылдырмақтарды алып, шеңберге тұрғызады.

Негізгі қозғалыс түрлерін түсіндіреді және көрсетеді.

Бір орыннан ұзындыққа секіру.

Допты екі қолмен жоғары лақтыру.

«Аюдың апанында» қимылды ойынын ойнату.

«Тыныштық» аз қимыл ойынын ойнатады.

Тышқан сенің тықырың,

Естілмесін ақырын.

Мысық кетіп қалғанша,

Мұнда келіп жасырын!

Қатарға тұрады.

Мұғалімнің белгісімен шашырай жүруден жүгіруге ауысады.Тізе бүгіп отырады.


Ойындар ойнайды.


Рефлек-сивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытады.

-Бүгін қандай жаттығулар жасадық?

-Біз бүгін қыдыруға қайда бардық?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Білуі: таза ауада, табиғат аясында серуендеу денсаулыққа өте пайдалы. Меңгеруі: шашырай жүру мен жүгіру дағдыларын. Жасай алуы: бір орыннан ұзындыққа секіруде жерге аяқтың ұшымен түсуді.

« » тобының технологиялық картасы Білім беру саласы: Бөлімі: Тақырыбы: Мақсаты: Көрнекіліктер:

Іс-әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы-

лық



Ұйымдастыру- іздестіру




Рефлексивті түзетушілік






Білуі: Меңгеруі: Жасай алуы:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі