400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

БАЛАНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:баланың көрнекі бейнелі ойлауын дамыту. Өмір жайлы түсінігімен оны ұғына білуге үйрету. Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен көңілді сәлемдесу, сұрақ қою арқылы әңгімеге тарту. Біз бүгін логикалық тапсырмалар орындаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЛАНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР


Мақсаты:баланың көрнекі бейнелі ойлауын дамыту. Өмір жайлы түсінігімен оны ұғына білуге үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен көңілді сәлемдесу, сұрақ қою арқылы әңгімеге тарту. Біз бүгін логикалық тапсырмалар орындаймыз.

****************************************************************************

«Түлкі мен қасқыр» ертегісі есеп.

Баяғыда қасқыр мен түлкі дос болыпты. Бір күні екеуі өзеннен балық ұстапты. Енді оны қақ ортасынан теңдей етіп бөлу қажет болады. Сонда ойланып отырып қасқыр:«Түлкі, сенің математикадан хабарың бар ғой, мына балықтарды теңдей етіп санап, бөл»-дейді. Түлкі қулығын асырып былай бөледі.

Біреу саған, (1)

екеу маған, (2)

үшеу саған, (3)

төртеу маған.(4)

Сонда түлкіде, қасқырда нешеден балық бар? Есептеп көріңдер (10 балық).



«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

Балаға қарама-қарсы отырмын, балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған қарай кері лақтыру қажет. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтамаса, ойыннан шығады. Жылдам орындалуы қажет.

Сөздердің нұсқауы:

Лимон ащы, ал қант.....

Шөп жасыл, ал аспан.....

Ағашты аралайды, ал шегені....

Құстар ұяда тұрады, ал адамдар...

Құс ұшады, ал жылан...

Кеме жүзеді, ал машина....

Шиені жейді, ал шайді....

Әнші өлең айтады, ал құрылысшы....

Түнде қараңғы, ал күндіз....


«Логикалық ойын»

Екі сиырдың мүйізі қанша?

Бір мысықтың аяғы қанша?

Бес қойдың басы нешеу?

Үш адамның қолы нешеу?

Үш қоянның құйрығы қанша?

Екі жолбарыстың ауызы қанша?

Үш тышқанның басы нешеу?

Бір бұғының мүйізі қанша?


«Үй салыңыз» тест

Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.

Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.

Қалалық үй.

Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.

Кішкентай аласа үй.

Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.

Сарай (замок).

Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.

Кең ауылдық үй.

Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда ол тұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.

Терезелер.

Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.

Есіктер.

Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.

Мұржалар.

Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа – кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік оптимизмді білдіреді.

Қорытындылау. Баланың бүгінгі ойындардан алған әсері мен не үйренгендігі жөнінде айтуға мүмкіндік беру. Баланың пікірін тындау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
1108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі