Материалдар / баланың ойын дамыту. мектеп алды даярлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баланың ойын дамыту. мектеп алды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық, баланың ойын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2024
203
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

мад

Сабақ: логикалық ойын дамыту

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Тақырыбы: Неше доп?

Сынып: 0 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын

оқу мақсаттары:

Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

Неше? сұрағын түсінеді, сұраққа дұрыс жауап береді, 1-ден 10-ға дейін санай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сабақта үйренген цифрларды таниды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сабақта үйренген цифрларды таниды, заттардың санын айта алады (үш доп т.с.с.) .

Жоспар:

Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар

Басы (2 минут) (МК)Шеңберге тұру. Сергіту сәті.

Ортасы(3-21 минут) (МК, Ұ) Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару. Машиналарды санату. (Т) Оқушыларға цифрлар жазылған карточкалар тарату. Цифрларды өсу ретімен айтып беру. ( (МК)"Есте сақта!" айдарында цифрларды санату. Оқулық Цифрлар жазылған карточкалар.

Соңы( 4 минут) (Қ) Кері байланыс

Әр баланың сүйікті ертегілері мен сүйікті ертегі кейіпкерлері болады. Балалар ертегілер туралы жұмбақтарды табуды, оларды бірге есте сақтауды және сүйікті кейіпкерлерін болжауды жақсы көреді. Сонымен қатар, бұл жұмбақтардың көпшілігі өлең түрінде жазылғандықтан, балалар ұйқастарды жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін шыңдап, ұшқыр ойларын дамытады.Ал егер нәресте жауап беруге қиналса, онда сіз оған сурет немесе иллюстрация көрсетіп, оның қай ертегіден екенін сұрауға болады. Осылайша, бала ақпаратты есте сақтауды оңай үйреніп, мектепке дайындала алады.

Бір үзім нан

Бұл бөлімде сіз ертегілер туралы жұмбақтарды ғана емес, сонымен қатар балалардың сүйікті кейіпкерлері туралы жұмбақтарды оқисыз. Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.

Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.

- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.

Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.

- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.

Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.



Әр түрлі жастағы баланы күту

Баланың дені сау болып өсуі үшін ең бастысы таза ауа мен тазалық керек. Пәтердегі ең таңдаулы бөлмені, ал бөлмедегі орынды балаға арнау қажет. Бөлмедегі ауа мен жарық жеткілікті болуы тиіс, мебельдің тек қажеттерін ғана қояды. Бөлмені құрғақ щеткамен немесе құрғақ сыпырғышпен сыпыруға болмайды, өйткені мұндайда шаң көтеріледі. Еденді, мебельді, терезе жақтауларын күн сайын дымқыл шүберекпен сүртіп, аптасына бір рет қабырға мен төбені шаңнан тазалайды. Бөлмені жиыстырып, тазалаған кезде баланы сыртта серуендету керек. Қыста бөлмені 2—3 сағат сайын 10—15 минут желдетеді. Ал жазда терезе ашық тұрады, терезеге тор немесе дәке ұстайды. Мүмкіндігіне қарай баланың терезесі ашық бөлмеле ұйықтағаны жөн. Бөлмеге күн сәулесі молынан түсуі үшін күндіз терезелерге перде ұстамау керек. Өте жылы бөлмедегі балаға суық тигіш, тоңғақ келеді, бөлмедегі температура 18С-ден 20С аралығында болуы тиіс (бір айлық бала үшін 21С—22С). Бала жатқан бөлмеле темекі тартуға болмайды. Сәбиге қажетті барлық заттарды столдың үстіне бетін дәкемен жауып қою керек. Оған қажетті заттар:

  • стерильденген вазелин мен мақта,

  • емізік,

  • судың, баланың температурасын өлшейтін термометр,

  • клизма жасайтын баллон,

  • грелка, көзге дәрі тамызғыш,

  • жаңадан дайындалған 2 проценттік бор қышқылының ерітіндісі,

  • қызғылт етіп жасалған марганцовка калийі мен йод ерітіндісі.

Төсек-орын[

Баланың өз төсегі болуы тиіс, сәбимен бірге ешкімнің ұйықтауына болмайды. Баланың төсегі бұрышта тұрса (онда ауа аз болады), немесе перде қалқалан күн сәулесін түсірмесе, ол өте зиянды; сондай-ақ баланың төсегін жылыту жабдықтарына жақын жерге және есік жаққа қоюға болмайды. Баланың матрацын мұқият жуып, желдету керек. Теңіз шөбі мен жылқының қылынан, ағаттық жұмсақ үгіндісінен жасалған матрац жақсы болады. Матрацты клеенкамен қаптал, бетіне ақ жайма жаяды. Матрацтың немесе жастықтың тысын жақсы жуылатын матадан жасайды және матрацтың артық тысы болуға тиіс. Бала төсегіне құстың мамығынан, сондай-ақ мақтадан жасалған матрацты пайдалануға болмайды. Қыста жүн көрпе немесе түкті көрпе, ал жазда — астарлаған көрпе пайдаланған жөн; сондай-ақ қыста серуенге шығу үшін мақталы, жылы көрпе пайдаланады. Көрпеге тыс кигізеді. Емшектегі балаға жастық қажет емес, тіпті үлкен жастық оған зиянды. Баланың төсегіне көрпе немесе ақжайма жабуға болмайды, өйткені ол ауа өткізбейді. Әдетте емшектегі бала көн ұйықтайды, сондықтан ол тыныш ұйықтауы үшін барлық жағдайлы жасау, баланың төсек-орнын таза ұстау керек. Баланың төсек-орнын күн сайын ауада немесе терезесі ашық бөлмеле желдетіп алған жөн. Баланы қолда шайқауға немесе төсегінде қатты тербетуге болмайды, ондайда сәбидің ұйқысы бұзылады. Дені сау бала тербетпей-ақ өзі ұйықтайды. Тербетуге үйреніп кеткен баланы 5—6 күн ішінде өз бетімен ұйықтауға дағдыландыруға болады.

Баланың бесік арбасы

Бесік-арба[

Жер бетіне шаң өте төмен шөгін тұратындықтан, биік бесік-арба пайдаланған дұрыс. Ең қолайлысы — су өткізбейтін, жақсы жуыл атын матери алдан жасалған, үстіңгі жағы шалқасынан ашылатын бесік-арба. Бесік-арба қант алған және үстіне пленка жапқан матрац төсеп, басына шағын жастықша жастау керек. Матрац тегіс, бірақ онша жұмсақ болмауы тиіс. Матрац жасау үшін поролон пайдалануға болады, өйткені ол оңай жуылады. Матрац пен жастықты жиі-жиі жуып, күн сайын желдетіп отыру керек. Қыста матрацтың үстіне жылы төсеніш салған жөн. Кейбір коляскаларда баланың артық заттарын салатын клеенка қапшықтары бар. Коляскада артық зат болмауға тиіс. Оған шаруашылық сумкаларын, сатып алған заттарды салуға болмайды. Коляска балаға төсек бола алмайды, өйткені оның жан-жағы биік, ауа өткізбейді. Серуендеп келгеннен кейін колясканы дымқыл шүберекпен мұқият сүртіл, тот баспау үшін металл жерлерін майлап қойған жөн.

Киім[

Баланы ауа райына қарай киіндіру керек, оны тұмшалан, қалың киіндіруге болмайды. Сәбидің киімі жылы, әрі жеңіл, жүріс-тұрысына икемді болуға тиіс. Баланы, әсіресе, жазда тұмшалан киіндіру өте зиянды: ол ыстықтай қалжырайды. Баланы кепеш киюге немесе басына орамал тартуға үйретудің қажеті жоқ. Ол жалаңбас ұйықтаса, тіпті жақсы. Нәрестенің іш киімдеріне: жаялықтар, көйлекше-распашонка, фланельден тігілген көкірекшелер (олардың ішінде ұзын жеңділері де бар) жатады.

  • Бала дүниеге келген соң 2 айдан кейін жаялықтың орнына ползункалар пайдаланылады;

  • Жаздық ыстық күндерінде балаға жаялық-іш киім кигізеді.

  • 3 айға дейін балаларға киім ретінде шағын жайлықтар мен көрпелерді,

  • ал 3 айдан бастап — кішкене шалбарлар, тоқыма башмақтар, ползункалар пайдаланылады.

Күн сайын жуып отырған жағдайда бір балаға 8—12 көйлек пен ползункалар, 4—6 жылы кеудешелер қажет болады. Подгузниктер (20—24 дана) размері 60X65 ем етіп екі қабат дәкеден немесе ескі киім-кешектен, салфеткалық материалдан, шыттай дайындайды. Жаялықтардың размері 100Х 100 ем болуы тиіс; мақта матадан 24 дана жеңіл жөргек және бумазейден немесе фланельден, бәйкеден жасалған 12 дана жылы жөргек дайындаған жөн. Бұдан басқа 2 бас киім-кепеш немесе 2 жеңіл бас орамал, сондай-ақ 2 жұқа, 1 жылы көрпе болуға тиіс. 3 айлығынан бастап 1 жасқа толғанға дейін нәрестенің киімі көбейе береді: 5 жұқа көйлек, түймелі 5—6 бәйке кеудеше 5—6 жаздық шыт кеудеше, 10—15 дана жылы ползунки, 10—15 жаздық ползунки, жылы костюм, жүннен тоқылған жылы қалпақ; 2 жеңіл қалпақ, қыстық және жаздық пальто, 1 пар биялай. Бала 8—9 айлығында жүре бастайды, сондықтан оның киімі жүріс-тұрысына кедергі келтірмейтін ыңғайлы болуға тиіс. Осы кезде көйлектің орнына тілігі алдынан шығарылған жейдешелер пайдаланылады. 11 —12 айлық балаға ботинка, қыс айларына — пима немесе киіз ботинка керек. Ал қыс кезінде баланы таза ауада ұйықтату үшін ұйықтайтын арнайы жылы қапшық болғаны жөн.

Баланы жөргектеу[

Сәбиді жөргектер алдында столдың үстіне бәйке одеял жанды да, оның бетіне клеенка, фланельден, мақта-матадан жасалған жаялық, ең соңында үшбұрыштан подгузник салады. Сәбиге ең алдымен арқасы тілік көйлек, одан кейін бумазейден немесе трикотаждан тігілген кофта-кеудеше кигізеді. Кеудешеге түйменің орнына бау қалайды. Жеңін ұзын етіп тігеді. Одан кейін подгузникті бекітіп, сәбиді фланель жаялыққа орайлы, жаялықтың жоғарғы шеті бал аның қолтығынан келуі тиіс. Бөбектің қолын қыспай, бос орау керек. Басына чепчик кигізеді немесе бас орамал тартады. Нәрестені үнемі осылай орап, киіндіру керек. Егер бөлмедегі температура 19—20оС болса, онда оған киім кигізудің қажеті жоқ. Тұмшалан, қалың киіндірген баланың денесінде тер бөртпе пайда болады. Балалық жаялықтары мен көйлек-көншектерін таза ұстау керек, былғанған жаялықтарды жумай екінші рет пайдалануға болмайды, өйткені нәрестенің денесінде тітіркенушілік пайда болады. Кірлеген жаялықты сабындан жуып, екі жағын бірдей ыстық үтікпен бастыру керек. Баланың киім-кешектерін жуғанда синтетикалық жуғыш заттарды пайдаланбаған жөн. Нөрестені құндақтамау керек, өйткені құндақ сәбидің кеудесін қысады, қол-аяғын қозғалтуға кедергі жасайды. Халық арасында құндақтал бөлемеген баланың аяғы қисық болады, тынышсыз ұйықтайды деген ұғымның ешқандай негізі жоқ. Жаңа туған нәрестенің аяғы аздап қисық болады (табиғи нәрсе), бірақ ол өсе келе, яғни емін-еркін қозғалғанда өзінен-өзі түзелт кетеді.
Баланы күнделікті күтіп-багітауды таңертең емізер алдында жасаған жөн. Ол үшін нәрестені шешіндіреді, денесін, қолтығының астын, шабын мұқият қарайды. Мойын қатпарлары мен қолтық астының және шабының қызарған жерлерін күн сайын қайнатылған өсімдік майымен майлап отырады. Баланың беті мен қолдарын жылы сумен (25—280С) жу ады, ал көзін қайнатылған суға немесе бор қышқылының ерітіндісіне (бір стакан суға бір ас қасық) шыланған мақтамен сүртеді. Көзді шекесінен бастап, мұрнына қарай сүртеді. Нәрестенің көзін фурацилин ерітіндісіне (1:5000) немесе марганец калийінің ерітіндісіне (1:10000) шыланған стерильденген мақтамен сүрткен жақсы.
Бөбектің қолының тазалығына баса көңіл бөлу керек, оның қолдарын жиі-жиі жуып, тыри ағын өсірмей алып отыру қажет. Ол үшін баланың өзіне арналған ұшы доғал жеке қайшысы болуға тиіс. Құлағын ширатылған мақтаны қайнаған суға шылап алып тазалады, құлақты тазалау үшін сіріңкенің талын, шаш қыстырғышты пайдалануға болмайды. Нәрестенің құлағында бұлақ пайда болса, дереу дәрігерге көрсету керек.
Баланың аузын сүртуге болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Егер анасы сәбидің ернінде, бетінде ақ дақ (ауыздық уылуы) пайда болғанын байқаса, дереу дәрігерге көрсету қажет. Бала дәретке отырған сайын құйрығын 1081 1078 жылы сумен шайып, құрғақтай сүртеді, содан кейін құйрығы мен шабына вазелинөсімдік майын немесе балалар кремін жарады. Нәрестенің мұрнын қадағалан күтудің маңызы зор. Оның танауы бітіп қалса, аузынан тыныс алады және еме алмайды. Мұрнынан дұрыстан тыныс алған баланың кеуде — төс клеткалары мен өкпесі жақсы жетіл еді, нәрестенің тамаққа тәбеті дұрыс болады, тыныш ұйықтайды, сырқатқа аз шалдығады. Баланың танауын таңертең міндетті түрде ширатылған мақтамен тазалайды, ол үшін мақтаға стерильденген вазелин жарады немесе мақтаны қайнатылған өсімдік майына батырып шылан алады.

Баланы шомылдыру[

Нәрестені алғашқы 5—7 күн ішінде ваннаға отырғызып шомылдырмай (кіндігі түскенше), тек күн сайын сабындан, жылы сумен жуындырады. Егер баланың кіндігі 7 күң ішінде түспесе, онда оны шомылдыру — шомылдырмау жөнінде дәрігерден кеңес алған жөн. Кіндігінің жарасы толық жазылғанға дейін баланы тек қайнатылған суға шомылдырады. Ал содан кейінгі уақытта нәрестені шомылдыру үшін бұлақтың немесе өзен суын пайдаланғанда ғана суды қайнатыg пайдалану керек. Бөбекті 6 ай толғанша күн сайын шомылдырады да, 6 айдан асқан соң күнара шомылдырады. Сәбиді кешке жатар алдында, тамақтандырғаннан кейін шомылдырған жақсы. Шомылдырарда және одан кейін ваннаны щеткамен сабындан жуып, содан кейін ыстық сумен шаю керек; ваннаны жуу үшін синтетикалық жуғыш заттарды пайдаланбаған жөн. Нәрестені шомылдыратын судың температурасы 35С—36С болуы тиіс; ал алғашқы үш аптаның ішінде судың температурасын бұданда жылы жасайды (36C—37C). Ваннаға дезинфекциялайтын заттар салған жөн, әсіресе жаз айларында нәрестенің денесінде бөрткен пайда болатын кезде: қызғылтым ғана етіп марганец калийінің ерітіндісін (сәбидің денесін күйдіріл кетпеуі үшін ваннаға марганец калийінің кристалын салмайды) және итошаған (үш қабат дәкеге орап, 2 ас қасық мөлшерінде қызарып шыққанша ұстап тұрады) пайдаланылады. Ваннадағы судың температурасын қолмен емес, термометрмен өлшейді. Баланы шомылдырғай кезде бөлменің температура 20C—22С болуы тиіс (жаңа туған нәрестені шомылдырғанда 22C—24С). Бөлме немесе ас үй тым ыстық болмағаны жөн. Бөбекті шомылдыратын бөлменің температурасы 20С-дан төмен болған жағдайда оның көйлек-көншектерін ыстық су құйылған грелка-жылытқышпен жылытады. Сәбиді аптасына 2—3 рет сабынды сумен жуындыру керек, ол үшін баланың денесін тітіркендірмейтін жұмсақ, майлы сабын пайдаланады (мүмкін болса балаларға арналған сабын). Оны шомылдырғанда түкті орамалдан тігілген қолғапты немесе гигроскопиялық мақтаны пайдаланған жөн; губканың пайдасы шамалы, өйткені ол тез кірлейді, жуғанда дұрыс тазармайды. Сәбидің бетін ваннадағы сумен жууға болмайды, ол үшін жеке ыдысқа құйылған суды пайдалану керек. Баланы жуындырғанда басын көтеріңкіреп ұстау қажет. Сонымен бірге шомылдырғанда құлағына су кіріп кетпеуін қадағалаған жөн. Нәрестенің басын шашының қайызғағын кетіріл мұқият жуады. Қайызғақ оңай кетуі үшін баланы жуындырудан бірнеше сағат бұрын басына қайнатылған өсімдік майын жарады; егер қайызғақ кетпесе, онда оны қалай кетіру жөнінде дәрігерден кеңес алған жөн. Шомылдыру баланы жалықтырып қажытпауға тиіс. 6 айға толмаған баланы ваннада 5 минуттай артық ұстауға болмайды, ал 6 айдан асқан соң 10 минут шомылдырады. Нәрестені шомылдырып болғаннан кейін денесін құмырадағы таза сумен (сол температурада немесе 10С төмен) шайып, оны таза ақ жаймаға орайды; артынан денесін сүртіл құрғатыл одан кейін терісінің қатпарларына балалар кремін немесе қайнатылған өсімдік майын жарады (мойнына, қолтығының астына, шабына). Егер 2—3 айдан асқан баланың денесі қызарып бөртпесе, онда май жағудың қажеті жоқ. Қыс айларында баланы кешке жатар алдында шомылдырған жақсы; ал жазда кез келген уақытта шомылдырады, шомылған баланы жарты сағаттан соң далаға шығаруға болады. Нәрестені тамақтандырғаннан кейін 1 сағаттап соң, шомылдыру керек. Күніне 1 реттен артық шомылдыру ға болмайды.

Серуендету[

Баланы жылдың кез келген уақытында серуеңдету керек (желді, жаңбырлы күндерден басқа). Таза ауада көп болған бала жақсы өседі, ауруға аз шалдығады, таза ауа сәбидің тәбетін ашады, тағамның жақсы қорытылуына ықпал жасайды, қан айналымын жақсартады. Жаз айларында туған балаларды әйелдер босанатын үйдек шығысымен-ақ далаға шығаруға болады, ал қыста туған баланы ауаның температурасы 10оС-ден төмен болмаса, 2—3 аптадан кейін шығарады. Алғашқыда 10 минуттай артық серуендетуге болмайды; ал бір айлық бала таза ауада 40 минут болғаны жөн. Кейін бірте-бірте 5—10 минуттай қосып отырады да, сәби 3 айға толғанда серуенге шығару уақытын күніне 4 сағатқа дейін (қыста) жеткізеді. Суық уақытта 2,5—3 айлық баланы күніне 2—3 рет далаға шығарып тұру керек, бірақ барлығы 2 сағаттан аспауы тиіс. Бүлдіршінді далаға шығарарда ауа райына қарай киіндіреді. Қыста жұқа киімінің сыртынан жылы кофта кигізіп, алдымен бәйке одеялға, одан кейін мақта немесе жүн көрпеге орайды; бетін тұмшалан бүркемей, желсіз жерде серуендету керек. Баланың қол - аяғының мұздан қалмауын қадағалау қажет. Тұмауратқан баланы далаға сирек шығаруға болады. Балаға күн өтпеуге тиіс. Жазда серуендеткенде әлсін-әлсін су беріп отыру керек. Ойыншықтарды баланың қасына қарай алу керек, ойыншықты бірден көп алуға болмайды, бала бір ойыншыққа көңіл аударуына, оған жақсылап көңіл бөліп, жан-жақты зер салып қарауына мүмкіндік жасау керек. Ойыншықтар барынша жеңіл болуы тиіс, сонда ғана бала онымен еркін ойнайды. Баланың ойнауына ұсақ затты беруге болмайды, өйткені, ол тамағына кетіп қалуы мүмкін. Бала бір жерін кесіп алмауы үшін ойыншықтардың ұшы өткір емес, бұрыштары доғал болуы керек. 3 айлық балаға ойыншық тек көңіл аударып қарау үшін ғана қажет (шар, балық, үйрек т. б. Ойыншықтар); 3 айдан 6 айға дейінгі балаға қолына ұстауға ыңғайлы (әр түрлі ойыншықтар, сапты сылдырм ақтар, резеңкеден жасалған дыбыс шығаратын қуыршақтар, жануарлар, құстар т. б.); 6 айдан бастап балаға әр түрлі формалы резеңкеден, ағаштан т. б. жасалған ойыншықтар сатып алу керек. Дыбыс шығаратын ойыншықтар бала тілінің жетілуіне және сөзді түсінуіне ықпал жасайды; мұндай о

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!