“Баланың оқуға қабілеттілігі”.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Баланың оқуға қабілеттілігі”.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысын қызықты етіп, жаңа форматта қалай өткізуге болатыны туралы ақпарат ала аласыздар. Бұл жиналыста ата аналар мен оқушылар бірігіп өткен дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Тақырып: “Баланың оқуға қабілеттілігі”.



Ұйымдастыру формасы: Дөңгелек үстел









Орындаған: Дуйсенбаева А Т









Тақырып: “Баланың оқуға қабілеттілігі”.

Мақсаты: Әр баланың танымдығын, тапқырлығын анықтау.


Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.

Жетінші сөз . Абай

Өткізілу формасы: Интербелсенді әдістер

Дөңгелек үстелге қатысушылар : сынып оқушылары, ата- аналар, пән мұғалімдері

Қаралатын сұрақтар.
1.
Қабілеттілік, адам өміріндегі мәні.
2.Сыныпты
ң қабілетті оқушылары.
Жиналысты ұйымдастыру жоспарлары:
Бала
қабілеттілігі жайлы ой қозғай келе педагог, бала қабілеттілігін анықтауға арналған кішігірім тренинг өткізу. Саралайтын ата-аналар, соңында жеңімпазды марапаттау

Жиналыс басталғанша сынып өмірінен слайд көрсетіледі.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөлу.

І топ: Фазлдар құрастыру арқылы Жұмыс тобыОқушылар

ІІ топ: Ою оюластыру арқылы Оқушылар жұмыс тобы

ІІІ топ: Сурет құрастыру Жұмыс тобы ата - аналар

ІҮ топ: Цифрлар таңдау Бағалаушы топ.

Компьютер Қызмет көрсету тобы: Екі адам.

Сарапшылар: Ата -аналар Топ мүшелеріне ақыл қанатын беріп отырады.

І Бөлім: «Ой қозғау»

Қабілетті оқушы деген кім? тақырыбында оқушылар ой қозғайды. Постер жасайды.

Әр топтан бір адам шығып, байланысу формасын жіппен көрсету. Ортақ қасиетін скотч арқылы топтастыру Осы қасиеттер бала бойында болса қабілетті оқушы екен.

Ата - аналар әр топтың құнды пікірін сараптай келе баға береді.

ІІ топ: «Мағынаны тану»

1.Қабілеттілік, адам өміріндегі мәні. Осы сұрақ төңірегінде ой қозғайды.

«Болашақ» бағдарламасы туралы не білесіңдер? Мектеп тәлімгері Құрманғожинның сөзі.

Тренинг. Пән мұғалімдері

Бастауыш сынып мұғалімі: А.Дүйсенбаева « Баклашканың қандай қызметі бар?» Бағалау критериі: Ең көп түсінік берген оқушы 3 болл алады. Одан бір екі ерекшелігі болса 2 балл

5 қолдану үлгісін ұсынса 1 ұпай алады. Жылдам ойлауы, дұрыс түсінік бере алуы ескеріледі.

Балдарын ата- аналар ақыл қанатымен алмастыра алады.

Орыс тілі мұғалімі: А.Ахметкалиева «Имя числитильное» тақырыбын өтіп жатқандықтан сағат арқылы уақыт мерзімін орыс тілінде кім табады? Әр дұрыс жауапқа бір балл

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қадырбаев Серікбол. Жылдам қайталанатын жаттығу жасату

Музыка пәні мұғалімі: Слямов Серікқали «Әуенді тап» ойынын ойнатады.

Бейнелеу өнері мұғалімі : «Алтын күз » өлеңіне сурет салғызады.

Ата аналар «Менен асқан суретші .......» Төбелеріне бет қойып соған өз көршісінің суретін салады. Көршісіне жақсы тілек жазып ұсынады.

Оқушылар сурет салып жатқан кезде ата - аналармен мұғалімдерден сауалнама алынады.

Дарындылықты анықтайтын бақылау сұрақтары( Торренс тесті) Мұғалімі___________________________Оқушының аты-жөні_

Инициативасы

Міндеттерін, берілген тапсырманы жақсы орындайды, оптимист, өзіне және өз ісіне сын көзбен қарай алады, іс-әрекет нәтижесін жақсартуға тырысады.

1 2 3 4 5

Тәуекелділігі

Тәуекелге жиі барады, өте батыл.

1 2 3 4 5

Қиялының ұшқыр

лығы

Болған оқиғаның мағынасын, болмысын, қағидаларын білуге ұмтылады, көп сұрақтар қояды. Көп армандайды.

1 2 3 4 5

Креативтілілігі

Ойлау қабілеті өте жоғары, жан-жақты, өз пікірін білдірген кезде алғырлығын танытады.

1 2 3 4 5

Тәуелсізділігі

Өз бетімен жұмыс жасауды ұнатады, ешкімге тәуелді емес.

1 2 3 4 5

Жауапкершілігі

Ауызша және жазбаша берген нұсқауларға үлкен зейінмен қарайды, бастаған ісін аяғына дейін орындайды.

1 2 3 4 5

Жалпы қабілеттілігі

Есте сақтау қабілеті жақсы, зейіні тұрақты, терең түсінуге және қорытынды жасауға қабілетті.Әзілқой, ашуланшақ.

1 2 3 4 5

Өз ойын жеткізе білуі

Қоғамда өзін-өзі көрсете алады, өз ойын жеңіл жеткізе алады, қарым-қатынасқа ашық, айналадағы адамдар оны әр түрлі қабылдайды

1 2 3 4 5

Құрметті әріптестер!

Сіздерге оқушыларыңыздың бойында кездесетін дарындылықты анықтау сауалнамасы ұсынылады. Сауалнама ережесі бойынша сұрақты мұқият оқып, оқушыңыздың бойындағы өзіңізге ұнайтын қабілетін «+» белгісімен,

ұнамайтын қасиеттерін «-» белгісімен белгілеңіз.

Сауалнама сұрақтары

1. Тәртіпті.

2. Үлгерімі әртүрлі.

3. Жинақы.

4. Тәртібі “түсініксіз”.

5. Ұқыпты.

6. Ситуацияға байланысты көпшілікпен немесе басшымен келіспей қалады.

7. Үнемі жақсы оқиды.

8. Сабақ үстінде қолайсыз сұрақтар қояды.

9. Сабақтан себепсіз қалмайды.

10. Жаңа бастаманы қолдайды.

11. Ортамен тез тіл табысады.

12. Өзіне ұнайтын істі құлшына орындайды.

13. Қабылдауы өте тез.

14. Әзілқой, ашуланшақ.

15. Өз ойын анық жеткізе алады.

16. Өте әділетті.

Егер сауалнаманың жұп сандары, яғни «+» көп болса, онда сіз дарыны жасырын түрде кездесетін баланың бір қырын аша алдыңыз.



Оқушылар салған суреттерінен көрме ұйымдастырғанша ата - аналар өз баласының PIRLS

Қорытындысымен танысады.Тоқсандық қорытындысымен танысып,табелге қол қояды.

Сыныптың қабілетті оқушыларының слайд көрсету

«Ой толғаныс» Қабілеттілік адам бойына туа біте ме әлде жүре қалыптаса ма?

Рефлексия Пікір ағашындағы өз орны жиналыс туралы ойын жазады, ағаштан өз орнын табады.


Сіздер көтергіш крансыздар:

Шығарасыздар да , көтересіздер де.

Заманның жүгі алақандарыңызда,

Алақандырыңызда, жоталарыңызда.

Айтсаңыздар болды балапандарыңызға,

Лаулаймыз өрттей от аламыз да.

Дәуірге –оттық, шырпы да –Сіздер,

Тұтанасыздар да , сілкінесіздер.

Құпия сандық құлпы да –Сіздер,

Құлпының ашар кілті де- Сіздер. М.Мақатаев.




























Көп білем десең, аздан бастап үйренДжон Локк

Бақыт жолы біліммен табылады Ахмед Югнаки

Топқа бөліну кезеңінен.........

Қызығушылықты ояту кезеңі







Мағынаны тану кезеңі







Сергіту сәті

Ой толғаныс -Бағалау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2018
750
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі