Баланың сөйлеу тілің дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланың сөйлеу тілің дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы түзетім балабақшасына арналған ұйымдастырылған іс әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психикалық дамуында тежелісі бар «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобына ұйымдастырылған іс- әрекеті


Дефектолог: Жалгасбаева А.Б
Өткізілетін уақыты: 26.03.2024
Ұйымдастырылған іс - әрекет қызметі: Сенсорика
Білім беру аймағы: Таным, шығармашылық
Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»
Мақсаты:
Білімділік: заттарды салыстыру, геомертриялық пішіндер, түстер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын есте сақтап түсіну. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Театр туралы білімдерің кеңейту . Балалардың білім деңгейін қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін және тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Бірлікке, татулыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: 1-10 сандар суреті, геометриялық пішіндер, театр, шарик, мата, көйлеңке театры, қуыршақ театры.
Сөздікпен жұмыс: қызыл, үшбұрыш, сандар,кейіпкерлер
Мотивациялық қозғаушылық: Әуен қосылады балалар педагогпен бірге сайқымазақ кейпінде топқа кіреді. Ортада тұрған сиқырлы сандықты көреді.

Балалар қарандаршы бұл не?

Балалар сандықты ашып көрейікші?

Сандық ашылмаса тартып көрейік?

(Әуенмен тартады) Балалар бірінін артына тұрып сандықты тартады(сандық ашылмайды)

Педагог: Балалар сандық ашылған жоқ, оны ашу үшін біз театр әлемінің тапсырмаларын орындау керекпіз. Балалар қарандаршы мына жерде театр үйі тұр, қане ішіне кіріп тапсырмаларды орындайық .
Үйдің ішінде түлкі қарсы алады. (Бір бала қолына түлкі кипіндегі саусақ театрды киеді)

Түлкі:Балалар менің тапсырмам бар сіздерге, орындайсыздарма?

Балалардың іс-әрекеті: Иә орындаймыз

Түлкі: Ендеше тіл жаттығуын жасайық

Артикуляциялық жаттығу

«Тәтті тосап»
«балмұздақ»

Балалардың іс-әрекеті: Балалар айнаға қарап орындайды

Тыныс жаттығуы

«Жапырақ»

Балалардың іс-әрекеті: Балалар сандықтың үстіндегі жапырақтарды үреді

Түлкі:Жарайсыңдар балалар, тапсырмаларды жақсы орындайды екенсіздер. Ал менің 1-тапсырма сіздерге 1-10 дейін санау. Санау білесіздерме?

Балалардың іс-әрекеті: Иә біз санай аламыз
Түлкі: Балалар сіздер түрлі таяқшалармен 1-10 дейін тура және кері санаңыздар. Кім тез санайды екен.
Балалар таяқшалармен санай бастайды.

Балалар үйден шығып келесі тапсырманы орындауға келеді. Жерде түрлі сайқымазақ бейнеленген суреттер жатады . Балалар өздеріне берілген карточкаға байланысты әр түрлі бейнелерді басып өтеді.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар кезекпен сайқымазақ кедергілерін басып өтеді.

Балалар көйлеңке театрына келеді. Көйлеңке театрдың артында пішіндер көрсетіледі. Балалар пішіндерді атайды.

Балалардың іс-әрекеті: Дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы, сопақша

Сергіту сәті: «Балақай» әуенмен қимылды қозғалыстар жасайды

Балалар жолда қуыршақ театрына жолығады. Қуыршақ театры балаларға тапсырма дайындаған.(Бір балал қолына қуыршақ театрды алады)

Қуыршақ: Балалар түстерді тиісті қоржынға салу керек, сіздер түстерді білесіздерме?
Балалар арнайы дайындалған түрлі түсті шариктерді алып қоржынға салады.

Рефлексивтік түзету: Балалар жарайсыңдар , барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңыздар. Ендеше сиқырлы сандықты ашып көрейік . Балалар сиқырлы сандыққа жақындап, оны ашады. Ішінен балаларға арналған сыйлықтар болады.

Көңілді әуенмен қоштасып кетеді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сандар құрамын, тура және кері санауды біледі. Пішіндердің атауын, олардың түстері қандай екенің біледі. Ұстап сезу дағдыларын артады

Игереді: Театр әлемі туралы білімдері кеңейді.

Меңгереді:Әдепті , ұқыпты болуды меңгерді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі