15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баланың тамаққа тәбеті болмағанда
Баланың тамаққа тәбеті болмағанда
Көптеген балалар бірнеше қасық тамақ ішкеннен кейін тамаққа тойып алғанын айтады, ал басқа балалар тамақпен ойнап немесе үстелден тезірек тұруды ойлап, тәрелкедегі қасықпен ойнап, шұқылап отырады. Ата-аналар реакциясы әдетте бірдей болады: «Тамақты көп ішсең, күшің де көп болады!» Бірақ бала өзін жақсы сезінсе, қуана ойнайтын болса және тынымсыз асыра салып жүрсе, онда алаңдайтын ештеңе жоқ.
![]()
Баланың сезімдеріне сенім артып, төмендегілерді есте ұстауымыз керек:
-
Кейбір жағдайда баланың физиологиялық өсуі баяулайды.
-
Жасы өсе келе тәбеті өзгеруі мүмкін. Әдетте 18 айға келгенде азаяды да, бала өте көп күш жұмсағанда мектеп жасында жаңартылады.
-
Тәбеттің жоқтығы науқастану белгісі болуы мүмкін.
-
Бала тәбеті тікелей оның көңіл-күйіне байланысты.
-
Бала тамаққа тойып алғанын айтқанда, бұл олай емес деп, күштеп оған тамақ жегізудің қажеті жоқ.
Тәбеттің кенет жоғалуы жаңа әсер алудан да болуы мүмкін.
-
Балабақшадағы немесе мектептегі алғашқы күні.
-
Жыл мезгілі өзгергенде.
-
Күн кенет жылып кеткенде.
Егер баланың таңғы асқа деген тәбеті болмаса,
саспаңыз, келесі тамақ ішкенде орнын толтырады. Бірақ оны одан
бетер әсерлі, әрі көңілді ете аласыз. Әдемі ашық түстегі тәрелкеге
әр түрлі азықтардан ассорти жасап беріңіз. Мысалы, бірнеше
фрикаделька, черри қызанағы, бір тілім ірімшік, сәбіз және т.б.
Шынымен алаңдайтын кез болғанда Егер қанша тырыссаңыз да, баланың
тәбеті ұзақ уақыт бойы нашар болса, онда оның себебін білуіңіз
керек. Таңғы ас, түскі ас пен кешкі ас арасында бала қаншалықты жиі
және не жейтінін қадағалаңыз. Бір қарағанда шағын жеңіл тамақта
және жеміс шырынында өте көп калория болуы мүмкін, сол себепті
баланың қарны ашып үлгермейді. Бұл тамақ ішетін уақыт арасында
мүлдем ештеңе жеуге болмайды деген емес, тәтті кәмпит орнына сәбіз
немесе алма беріңіз. Тамақ ішуден бас тарту себебі баланың әдеттегі
еркелігі де, өзіне көңіл аударту да бола алады. Тек кейбір жағдайда
тәбеттің болмауы алаңдайтын себепке айналуы мүмкін, бірақ
ол туралы сізге тек дәрігер айта алады.Тамақтану әдеті бала кезден
қалыптасқандықтан қисынсыз дағдылар өмір бойы сақталып, баланың
ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан бір жарым
жастағы баланың 5 уақыт тамақтануын 4-ке азайтып үйрету қажет. Сүт,
жарма, ұн өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектермен қоса ет және
балықтан жасалған тағамдар баланың күнделікті ас үлесінде болуы
шарт. Ал ет өнімдерінен сиыр, тауық, үй қоянының еті және майы жоқ
қой етін берген жақсы. Ірімшік пен қаймақты бір жарым жастан
беру керек. Қақталған, сүрленген шұжық өнімдерін 2 жасқа дейін
жегізбеген жөн. Сонымен қатар қаз бен үйрек етін 3 жасқа дейін
балаңыздың ас мәзіріне қоспаңыз. Аздап қуырылған тағамды 1 жасқа
толған балаға беруге болады. Ал 3 жастан кейін толық қызартып
қуырған тағамды берсеңіз болады. 1 жастан кейін езілген тамақтың
орнына ұсақтап туралған тағамға көшкен абзал. Бала 3 жасқа толғанда
жанұясымен бірге дастархан басында тамақтануы тиіс.
Естеріңізде болсын: баланы ешқашан тойдырып тамақтандырмау
керек. Балаңыздың дене дамуына басты назар аударыңыз және оның бойы
мен салмағына қалыпты жағдайдан ауытқымауын бақылаңыз. Қыз
балалардың рационында эритроциттерді қалыптастыруға көмек беретін,
құрамында темірі бар тағамдар болуы тиіс. Ал ұл балаларға цинк және
Е витаминіне бай тағамдар көбірек қажет. Тәтті тағамдар –
балалардың артық салмақ қосуына бірден бір себеп. Сонымен қатар
тәтті тіс шірігіне әкеп соқтыратынын естен шығармағаныңыз жөн.
Қантты артық тұтыну баланың тәбетін жойып, қоректік заттарды бойға
сіңіруге қолайсыз жағдай тудырады. Негізінде тамақтану әдеті
ата-анаға тікелей байланысты.
азіргі заманда денсаулықты
сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ
ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет.
Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта
денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты
шарты.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың
денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік
биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне
байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану
ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау
және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір
салтын өалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін
қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту,
кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай
денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді.
Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны
қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар,
үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау
күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден –
сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің
денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды
ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын
үйрену әрбір адамның басты міндеті.
Салауаттану дегеніміз не?
«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық
ғылымы деген мағынаны білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың,
денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды
әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Денсаулықты
сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді бол.
Денсаулық - біздің басты байлығымыз. Өз денсаулығын сақтау — әр
адамның парызы.
Дұрыс тамақтану
Ағзаны шынықтыру
Гигиенаны сақтау
Денсаулыққа зиянды заттар
Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі
1) Суды аш қарынға ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық
даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6) Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7) Барлық аурулар тістерден
8) Тамақты жақсылап шайнаңыз
9) Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10) Салауатты өмір сүру салты - ұзақ өмір сүрудің жолы!
Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:
1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ әзірлеу және сақтау кезінде шикі, пісірілген
және пайдалануға дайын тағамдарды бір - бірінен бөлек
ұстаңыздар.
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды
қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар.
5) Мыналарды пайдаланудан алшақ болыңыздар:
• шикі (пастерленбеген) сүттен және құрамына пастерленбеген сүт
кіретін тағамдардан;
• шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа
кіретін тағамдардан
• шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
• пастерленбеген шырыннан.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген