Материалдар / «Баланың тұлғасын қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі». Ата –аналармен тренинг жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Баланың тұлғасын қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі». Ата –аналармен тренинг жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1604
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ата –аналармен тренинг жиналысы


Тақырыбы: «Баланың тұлғасын қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі».
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. 
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам,гулдер т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.


Тренинг бағдарламасы:
1.Топқа бөлу (3түрлі- түсті гулдер)

2.Ой қозғау Мектеп .Отбасы.Тәрбиеленуші ( міндеті, мақсаты)
3.Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік дәрісі
4.Тренинг «Өрмекші торы» Мектеп .Отбасы. Жалпы тәрбие туралы мақал-мәтелдер айту.
5. «Жүрек жылуы» Баланызды еркелете білесіз бе? Қалай қай кезде?
6. Қызықты сұрақтар сергіту жаттығуы

7.Психологиялық жағдай.

Жұмыс күнінен кейінгі күйзелісті болдырмау.10 мин
8.Қорытынды.Кері байланыс «КЕМЕ»


Тренинг барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Баланың тұлғасын қалыптастыруда отбасы мен

мектептің өзара әрекеттестігі».
атты тренинг жиналысына хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

1. Тренингімізді бастамас бұрын ата – аналардан 3 түрлі- түсті гулдерді бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті гүл алған ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.


2.Ой қозғау Мектеп .Отбасы.Тәрбиеленуші ( міндеті,мақсаты)


3.Дәріс оқу тақырыбы: «Баланың тұлғасын қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі».

Білім беру проблемаларына байланысты мектептердің оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп – әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ерекше мән беретін білім ордалары. “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Мектеп оқушыларының осы тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының ролі үлкен, сондықтан, ата-ана – мектеп – оқушы ынтымағын арттыру. Біз оқыту үрдісін мектеп оқушысын бейімдеп оқыту жүйесі деп қараймыз, ол оқушының жеке тәжірибе мен танымдық күшін қамтамасыз етуге арналған. Осыған байланысты орта мектеп мұғалімінің негізгі мақсаты – өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араласып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, болашақта үлкен ортаға бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда мектеп оқушысы ол ертеңгі еліміздің болашағы, сондықтан оқушы тұлғалық қасиеттерін дамытуда отбасы тәрбиесінің мәні өте күрделі екендігін байқатады. Осыған орай оқушыларының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастығының болуы қажетті шарт екендігін аңғартады. Орта мектеп өзінің типтік ерекшелігіне байланысты отбасымен ынтымақтаста болуды қажет етеді.Оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін орта мектептің отбасымен бірлескен жұмысы жағдайында ғана жемісті нәтижеге жетері анық. Бүгінгі күнгі отбасы тәрбиесінің ролін арттырудың негізгі көзі – мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болуға тиіс

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі отбасы тәрбиесі мәселелері саласынан жан -жақты білімді болуы тиіс. Отбасындағы тәрбие ата – ананың жеке басының ықпалымен жүзеге асады.Тіпті, баланың мінез – құлқы да отбасында ата–ана ықпалымен, отбасындағы психологиялық ахуал жағдайында байланысты қалыптасады. Мектеп оқушыларын ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. жағымды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде.


4.Тренинг «Өрмекші торы» Мектеп .Отбасы.Бала жалпы тәрбие туралы мақал-мәтелдер айту.

5. «Жүрек жылуы» Баланызды еркелете білесіз бе? Қалай қай кезде?
6. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы. « Қар атысу»
1.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
2. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
3. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?

4.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

5.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұыс па?

6.Бала тілді бір айтқаннан алмаған жағдайда не істеу керек,қалай?

7.Баланыз барып жүрген тобына қанағатттанасыз ба?

8.Сіздің ойыңызша жанұядағы бала тәрбиесінде кімнің орны бөлек?

9.Сіздің балаңыз үйде тәрбиеші,мұғалімдер жайлы жиі айта ма?

10. “Мектеп пен ата – ана байланысы неге аз?”

11.


7.Психологиялық жағдай.

Жұмыс күнінен кейінгі күйзелісті болдырмау.10 мин


8.Қорытынды. Кері байланыс «Кеме»
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.

Қай дәуірде болмасын, адамзаттың алдында тұрған басты міндет- мүдделердің бірі – есті де, еңбексүйгіш, Отансүйгіш, қайырымды да, қайратты ұрпақ тәрбиелеу.

Н.Ә.Назарбаев жолдауынан

Қай дәуірде болмасын, адамзаттың алдында тұрған басты міндет- мүдделердің бірі – есті де, еңбексүйгіш, Отансүйгіш, қайырымды да, қайратты ұрпақ тәрбиелеу.

Н.Ә.Назарбаев жолдауынан








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!