жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға
Соңғы қоңырау салтанатты жиыны
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Тақырыбы: Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға .
Ән. «Көңілді күн»
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
2-жүргізуші
Сен деп соққан мектебім жүрегіміз,
Өзіңнен бастау алар
тілегіміз.
Әркез бізді,
колдаған білім берген,
Ұстазбенен
мектебім -ұғым егіз!
1-жүргізуші Құрметті қонақтар,аяулы ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі күн жас жеткіншек ұрпақтар үшін ұмытылмас сәт. Бүгінгі таңдаорта мектебіміздің оқушыларының білім көкжиегінде көрсеткен жетістіктері көңілге сенім ұялатады.. Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ............ түлектердің......... түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, кешегі жас бүлдіршін, бүгін өз алтын ұя мектебінен қанат қаққалы тұр.
2-жүргізуші Олай болса,2013-2014 оқу жылының аяқталуымен және «Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға»атты соңғы қоңырау салтанатты жиынын ашық деп жарияланады.
(Нұрғазы Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін! Ән ұран
(Ән ұран орындалады.)
1-жүргізуші Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
2- жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
1 - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
2 - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
1 – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
2 - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
1 – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
2 - жүргізуші:Бұл күн -мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
1-жүргізуші
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп
Түлектерді шақырайық ортаға....
2 - жүргізуші : Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Молдабаева Бақытгүл және Асаубай Ақгүл жетекшілік ететін 23 оқушы бітіргелі отыр. Олар:11 «а» сыныбы, Сынып көшбасшысы - Молдабекова Динара ,Спортқа жаны құмар-Байділдаев Әсет, жарқын жүзді- Жайылханова Жұлдызай, Болашақ дәрігер- Балмаханов Ғабиден, Өнерлі қыз-Жетесова Аягөз, Ізденімпаз жігіт- Зайлашов Қанат, Білімді жігіт- Мұқашев Дәулет, Ибалы қыз -Каналбек Айзат, Суретші-Қындыбай Айнұр, инабатты-Сахи Дина
2 – жүргізуші: Байсалды жігіт-Ерсайымов Жандос,Сүйкімді қыз-Жайшылықова Гүлзат, Болашақ журналист-Жақсылықова Назерке,Жігерлі жігіт –Жеткербаев Әлішер,Ақын жанды –Мұсабек Жаннұр, Болашақ тілмаш-Мұқашева Айым, Жылы жүзді – Насырбаева Құралай,тиянақты қыз-Шұнықова Ақбота, Жайдары -Талғат Ақмарал , Салмақты жігіт-Шынасылов Данияр, шыншыл –Рахмет Назерке сынды оқушыларымыз елінің үміті мен сенімін ақтар, жаңа заман түлектері, ертеңгі күннің көшбасшысы болады деген сенімдеміз. Бұлардың қатарында біз...Ерке назды- Нұрылла Ғайникамал, сынып үздігі- Нұржанов Айбек
1 - жүргізуші :Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
2 - жүргізуші :
Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:
1.---------------------------------------------------------------------------------------------------
2.---------------------------------------------------------------------------------------------------
3---------------------------------------------------------------------------------------------------
4.---------------------------------------------------------------------------------------------------
5--------------------------------------------------------------------------------------------------------
6--------------------------------------------------------------------------------------------------------
7..........................................................................................................................................
1 – жүргізуші: Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.
. ........түлектер қанат қомдап,
Қанаттарын қияға қағып жатыр,
2 - жүргізуші :Ажырамай ұжымнан бір елісіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз!
Сөз берелік мектептің басшысына
Салтанатты жиынға арналсын тілегіңіз!
Оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиынының алғашқы беташар сөзін мектеп басшысы Пазыл Тулемисов Наурызбайұлына беріледі. Ән «Ұстазым» Жетесова Аягөз
1 - жүргізуші :Тәуелсіздік-қыранысың қалықтаған,
Алты алаштың көгінде шарықтаған.
Тұғырыңды шыңдағы танып маған
Көк байрағым,желбіре шабыттанам.
2 – жүргізуші:Мемлекеттік туды мектептің салтанатты шараларында нық ұстап,туды көтерудің жауапкершілігін сезіне білген,оқу-тәрбие жұмыстарындағы жетістіктерімен көріне білген Мұқашев Дәулетке мектеп туын аманаттап тапсыру үшін сөз кезегі беріледі. (Ту тапсырылады.)
2 – жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсыс сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
Құрметті қонақтарымызда....................................................................................................................
........................................................................................................... Ән « Мектебім» Жұлдызай Айзат
2 – жүргізуші:Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашан да суынып.
1 – жүргізуші:Кеш бүгінгі жүректерді тербейді,
Балалығым қайта айналып келмейді.
Алғашқы ұстаз әліппені ұстатқан ,
Жүректерден есімдерің сөнбейді.Біздің бастауыш бал күндеріміздің бапкерлері бола білген Роза,Зухра,Жанар,Эльзира атты ұстаздарымыға шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, Зухра апайдға сөз кезегін береміз шақырамыз.
1-жүргізуші :
Шәкірттеріңіз атынан әдемі ән сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар. (Ән «Ұстазым» Назерке Ж)
2 – жүргізуші:Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
(1-класс оқушылары шығады,тақпақтарын айтады.)
1-жүргізуші: Кейінгі толқын1-сынып ізбасарларымызға оқуда озат болыңдар деген тілекпен ризашылығымызды білдіреміз.
2 – жүргізуші:
Аяулы да ардақты ұстаздар! Сіздерге тең келер кім бар еді. Көмірдей қара шаштарыңыздың ағаруына, үлбіреген жүздеріңізге әжім түсуіне себепші болған, мына біздер болашақ өмірге жолдама алмақпыз.
Әрқайсымыз өз ойымызбен алысып, сүйікті мектебімізге қайта - қайта қарап, ержеткенімізді сезгендейміз. Енді өз шәкірттеріңіздің жүрек түкпірінен шыққан жыр жолдарын қабыл алыңыздар /Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқиды/.
Түлектер тілегі
Мектебімнің басшысы да тірегі,
Барлығы оны мейірбан деп біледі.
Әрқашанда басшы демей ол өзін,
Ортамызда күліп ойнап жүреді.
1-жүргізуші «Ең ақылшы директор» номинациясымен Тулемисов Пазыл ағай марапатталады.
Ұстаз деген аты бар жүрегі кең,
Оқу,ғылым,тәрбие ісін игерген
Бақыт апай,Гүлмира,Майра апайға
Шәкірттік адал ниет көңілмен
Алғысымыз көп қой сізге біздерден!
2-жүргізуші «Ең үздік көшбасшы»номинациясымен Қожабаева Гүлмира апай марапатталады
1-жүргізуші «Ең мейірімді жан» номинациясымен Махамбетова Бақытгүл апай марапатталады
2-жүргізуші «Ең ізденімпаз мұғалім» номинациясымен Сүгірбаева Майра апай марапатталады
«Ана тілің-арың» деп үйретуден талмаған,
Мың оқытып Абайды, ережені талдаған.
Ұлтжандылық сезімді санамызға дарытқан
Дәріғұл ағай мен Лаура апай мен Гүлмира
Рахмет сізге жақұттан!-демекші
1-жүргізуші «Ең әділетті мұғалім» номинациясымен Садықова Лаура апайды
2-жүргізуші «Ең сыпайы мұғалім» номинациясымен Аяғанова Гүлмира апайды марапаттауға рұқсат етіңіздер.
Тауысушы ек барлық борды, сан өшіріп тақтаны.
Шығарғанда қиын есеп, қалушы едік мақтанып.
Пифагор мен Ньютонды үйретем деп ізденген,
Гүлзия мен Айгүлге
Ақгүл менен Ақбаяндай ұстазға алғыс біздерден! –деп
1-жүргізуші «Ең байсалды мұғалім»номинациясымен Бердібаева Гүлзия апайды,
2-жүргізуші «Ең сымбатты мұғалім» номинациясымен Ұлымбаева Айгүл апайды
1-жүргізуші «Ең тиянақты мұғалім» номинациясымен Шадаева Ақбаян апайды марапаттауға рұқсат етіңіздер.
Үлкен өнер меңгеру шет тілдерін,
Сол үшін талай рет төкті терін.
Орыс тілін сайратып Алтынай апай
Нұргүл апай «Good morning!» деп үйреткен.
Алғысымыз шексіз ғой сізге бізден!-деп
2-жүргізуші «Ең жан-жақты мұғалім»номинациясымен Жубаева Алтынай апай ,Шандықбаева Маргарита,Үркімбаева Нұргүл апайлар марапатталады.
Тарихтың шатқалы көп түбі терең,
Географияны картасы көп сыры терең.
Сол қатпар, шатқалдарға үңілдік біз,
Жанат ,Перуза,Бақытгүл апай сіздерменен!-деп
1-жүргізуші «Ең парасатты мұғалім»номинациясымен Жүгінісова Перуза апай,
2-жүргізуші «Ең жақын, сырлас дос» номинациясымен Сүлейменова Ақгүл апай марапатталады.
Жер бетінің гүлденгенін қалаған,
Биологтар көп қой бізде сан алуан,
Биологияның сырын бізге ұқтырған
Толқын апай жылы жүзді жақсы адам!-деп
1-жүргізуші : «Ең көңілді мұғалім» номинациясымен Тәжібаева Толқын апай марапатталады.
Менделеев кестесін жайып салып,
Бір затқа бірін құйып, бірін алып,
Химияның қыр-сырын ашқан бізге,
Сапура апай айтамыз алғыз сізге!-деп
2-жүргізуші «Ең ізденімпаз мұғалім» номинациясымен Нұржанова Сапура марапатталады.
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы
Өмір дегенің қас-қағым.
11-жыл бірге сізбенен,
Өткізген күнді қимаймыз-деп 11 жыл бойы сынып жетекшілік еткен сырлас дос бола білген,білім нәрімен сусындатқан Гүлжайна,Фатима,Гүлзат,Жазира апайларымызға алғыс айта отырып,
1 – жүргізуші:Өз анамыздай,сырлас дос,с үйікті де сүйкімді Бақытгүл , Ақгүл апайларымызға сыныптың шешімімен «Ең үздік сынып жетекші» номинациясын тапсыруға рұқсат етіңіздер.
2 – жүргізуші:Мектеп бітіруші түлектер атынан сынып үздігі Каналбек Айзатқа беріледі.
1 – жүргізуші: ..........................................................................................................................................
................................................................................................................................................................... ........................................................................................................(1 минут үнсіздік.....Мақсатты еске алу)
Хор: Ән.......Ұстазым түлектер орындайды.
2 – жүргізуші:
Балбөбекке өмір нұрын сыйлаған,
Әлдиімен бар ғұмырын арнаған.
Баласының болашағын ойлайтын,
Ол ата ана әлемдегі сыйлы адам.
1 – жүргізуші:
Енді бәрі ҰБТ-ны уайым ғып,
Жүріп жатыр оған қызу дайындық.
Ата-аналар таңдап оқу, мамандық
Келер күннің ойлап жатыр
-деп ата-аналар атынан бүгінгі кешке жүрек жарды тілегін Сахи Динаның анасы(әкесі)------------------------------------ беріледі. Ән «Ана туралы ән» 9-сыныптар
2 – жүргізуші:
Білімді ұрпақ-еліміздің тірегі
Жеткіншектің лүпілдейді жүрегі.
Шәкірттері оза шауып бәйге алған
Жақсыларға жақсы тілек ереді.
1 – жүргізуші:Құрметті қонақтар,ұстаздар.ата-аналар!
Білімімен оза шапқан,дарынымен дараланған оқу озаттарын марапаттау үшін 2013-2014 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру үшін сөз мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Қожабаева Гүлмира апайға беріледі.
2 – жүргізуші: Дарындылар елдігімнің айғағы
Дарындылар ауылымыздың айбары
Дарындының намысы бар қазақта
Дарындының қанатын кең жайғаны.
Алдарыңызда 2013-2014 оқу жылында үздік оқыған оқушыларымыз. Жарайсыңдар!
Мектебіміздің мәртебесін әрқашан биікке көтеріп жүріңдер демекпіз!
1 – жүргізуші:Алдарыңда арман жолы ашылады
Түлектерге бақыт гүлі ашылады.
Қимастықпен осы жылдың алтын кілтін
Ізін басар 10-сыныпқа тапсырады.
2 – жүргізуші:-Бүгін біздер үлкен өмір жолына қадам басқалы тұрмыз. Сыныбымызда небір талантты, дарындылар оқыды. Біздің жолымызды сіздерге тілей отырып, «Мектебіміздің білім кілтін» өздеріңе аманатпен табыстаймыз. Мектеп намысын әрқашан биік ұстаңдар дей отырып, ендігі сөз кезегін 11 - сынып түлегі, аудандық ------------------пәнінің олимпиада жүлдегері, облыстық ----------------------------------------------------------------------------------, мектебіміздің, мақтанышы Жетесова Аягөзге сөз береміз.
1 – жүргізуші:Мектеп кілтін қабылдап алу үшін,10-сыныптың үздік оқушысы,аудандық--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------иегері -----------------------------------------------------------------тапсырылады.
2 – жүргізуші:
Ашылып,өмір бағы алдан
Қиялдың,құсын ерттеп-ап
Бұл күнге арман саналған
Жетерміз бізде ертең-ақ. «Биыл күзде мектепке 1-шіге барамын....» әні қойылады.
Көрініс: 1)1-сынып шығады сөз,алғашқы ұстазына гүл береді.Эльзира сөз
2)11-сынып шығады, сөз гүл шоқтарын апайына береді.
Сынып жетекшісі сөйлейді.
1 – жүргізуші:
Қиындықты нық көтеріп иықпен.
Сан асудан асып өтіп сүрінбей,
Барлық бала Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
2 – жүргізуші: Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы...сендер де сондай тәтті едіңдер, бір сәт балалықпен қауышыңдар...Әне , олар сендерді үлкен өмірге аттандыруға бара жатыр ... Жүректерің не дейді?
1 – жүргізуші: 2 – жүргізуші:
Сыңғырла,соңғы қоңырау
Маңайды үнің кернесін.
Сыңғырлап,соңғы қоңырау
Салтанатты кешке дем бергін.
Сыңғырла,сұлу үніңмен,
Кеудеге үміт шамын жақ.
Өзіңе ғана жүгінген
Мектепті жазғы дамылдат.
«Ең соңғы қоңырау» «әні Ж.Назерке Вальс «бақытты балалық шақ»әнінің әуені (кептер, шарлар ұшырылады.) Нұрғазы - (Ту әкетіледі.)
1 – жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар»демекші, Ауыл ақсақалдарынан берілген бата-біздің ақ жолымыздың бастауы. Бата беру құрметі ауыл ақсақалы.......................................................беріледі.
2 – жүргізуші:
Оқу бітіп көңілдер де жайлансын,
Барлық шәкірт сынақтарға сайлансын,
Ата-ананың ұл-қызына ғана емес,
Бүкіл елдің жұлдызына айналсын!-деп
Бүгінгі соңғы қоңырау салтанатты жиынын аяқтаймыз
Соңы
Аманат ту қабылдаушының сөзі: Біз 10 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебесін көтеруге, өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз!
Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Түлектер
кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi
кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi
ауен).
Жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош
бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты
жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір
оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің
20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында
балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
-
Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп
бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін
күн.
-Жас жүректің өмірлік құштары
–гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары
бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол
құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
-
Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан
ұшар түлектердiң қоштасу кешiн
бастайық!!!
(Музыка
вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi
деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай
көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен
альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн
оңаша еске алатын - деп ортаға сынып
жетекшiлерiн шақырамыз 11 "А"
-
сынып жетекшісі Донгелекова Балайша
Ануарбекқызы және 11 «б» сынып жетекшісі
Омарова Аманкүл Байтұрсынқызы
Жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан
сәулесін тарататын баршаға.
Шын
пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді
шақырайық ортаға.
Музыка әуенiмен
барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп
тұрады.
Ойы ұшқыр Айдана
Математиканы
сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде
шешіп береді.
Ер жүректі Асан
бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің
тілін біліп,
Бар жағынан танылған
Спортты
жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар
қоғамдық жұмыстың
Ортасында
жүреді
Самат сыныптың жүрегі.
Шежірелі
тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды
мүлде бас алмай
Ақылды қыз
Толғанай.
Бойында үлкен намыс
бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз
қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт
Нұрсұлтан.
Біздің сынып басшысы
Алуа
болар қараңыз
Өткір де ер
мінезіне
Бағынамыз бәріміз.
Кез-келген
жерді картадан
Мүдірмей тауып
береді
Өлкенің жер-су аттарын
Ерлан
жақсы біледі.
Мәнерлеп оқу
шебері
Ақылына көркі сай
Төрт
қыздың бастығы
Ол,әрине,Толғанай.
Өзі
сондай ұқыпты
Сыныпта ең
көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Қобыландыдай
жігітті.
Қандай да болсын игі
іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған
Гүлнұрды
Жауқазын гүлге теңейміз.
2
қатардың баллары
Биология
пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің
парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік
жан ғой бұл Маржан
Биікке самғау
мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем
шығарма оқудан
Алдына жан
салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы
алайық Ұлпанды.
Тіл табысқан
бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың
жаршысы
Ақкөңіл ғой Ақсәуле.
Айдай
сұлу Назирамыз,
Ардақты біздің
қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі
бар,
Күлімдеген даусы бар .
Шахматтың
шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін
жалықпай
Ол Айдана дер
едім.
Көпшіл,алғыр,әдепті
Ағылшынша
еркін меңгерді
Қошемет көрсет
халайық
Аэлита келеді.
Биязы
мінезіменен
Түрлі рөлді
сомдайды
Күлімдеген Гүлімді
Барлық
досы қолдайды.
Сабырлы,жайсаң
мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де
бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы
Әсемді.
Күллі жұртты тамсантқан
Мың
бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің
Әсем өнерлі.
Жібектейін
мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Меңдеш
сондай дарынды
Көркем сөз оқу
шебері.
Заңгер болу арманы
Өзі
сондай салмақты
Нұрландырған
ортаны
Біздің Жұлдыз жан-жақты.
Ортамыздың
ажары
Перизаттай ерке қыз
Әр
қылығын көтеріп
Еркелете
береміз.
Жүргізуші:
Бүгін
қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл
шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі
жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті
бантикті қыз кешегі.
Музыка
әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға
тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
-
Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын
тарыдай ғана боп аттаған кiшкене
бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ
жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап
тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ - жарық
жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл
кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та
жарқын жұлдыздарына арнап "Жұлдызды
кеш" деп атайық.
Жүргізуші:
Бүгiнгi
кеш- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi
айтылар тiлек , орындалар ән мен күй ,
ыстық құрмет , дуылдата соғылған
шапалақтар Сiздерге арналады.
Жүргізуші:
2011 жыл Қазақстан Республикасының
20-жылдық мерейтойымен қатар келген
қоштасу кеші биылғы түлектердің
жүректерінде терең ұялары айдай
анық.
Жаста болса әлемге танылып
күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан
еліміз сияқты сендер де кең байтақ
Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана
емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің
атын тек қана жақсы баянды істеріңмен,
терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
-
Түлектерімізді орындарына қошеметтеп
шығарып салайық.
МУЗЫКА ОЙНАП
ТҰРАДЫ
(түлектер белгіленген
орындықтарына орналасады)
Жүргізуші:
-
Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi
салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз!
(Қазақстан
Республикасының
әнұраны
орындалады)
Жүргізуші:
- Кештiң
ашылу салтанатын мектебіміздің директоры
Жолдыбаева Күляш
Рахымқызына
беріледі.
ФОН
Жүргізуші:
-
Жұлдыздарымызға ақ жол тiлеп , құттықтау
кезегiн Жезқазған қалалық әкiмшiлiгiнен
келген қонақ
-------------------------------------------------------------------
берiледi.
ФОН
Жүргізуші:
-Түлектердiң
шын жұлдыз боп биiктен көрiнуiне өз
қуанышын бiлдiрушi Жезқазған қалалық
білім, денешынықтыру және спорт бөлiмiнен
келген қонағымыз
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
берiледi.
ФОН
Жүргізуші: Толқимыз,
толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй
болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып
қошаметпен шақырайын , "Жұлдыздар"
келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық
қабілеттері бар адамдар, сіздерге
салтанатты сәт келіп тұр – аттестат
берілу кезеңі.
Жүргізуші: Ал ендi,
көптен күткен салтанатты мерзiм де
келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы,
бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне
сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты
аттестат» тапсыру салтанаты.
-
Мектеп түлектерінің аттестатын және
Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын
тапсыруға мектеп директора Жолдыбаева
Күляш Рахымқызын және директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары Смайлова
Сауле Тұрсынқызын ортаға шақырамыз.
-Жарқын
болашаққа жолдама – жарқыраған
аттестаттарыңызды алуға рұқсат, мектеп
бітіруші түлектеріміз!
Куляш Рахимовна
Жанабай Айдананың аттестатыныңмәтінін
өзі оқиды қолға аттестатын тапсырады
Қосымша
винеткалары грамоталары беріледі
"Жұлдызды
кештiң" аталу себебiн ендi әр түлектiң
жұлдызын танумен таныссақ .
Оқу
білімнiң бұлағы» деймiз, немесе «бұлақ
көрсең көзiн аш» дейдi қазақ..
Бұлақ
- бұл су, яғни Суды қорған етер топтың
жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.
Алдарыңызда
тұрған Су атасының балалары:
Айдана
Ж , Перизат
(түлектер аттестатын алып
сахнада қалады .)
Жүргізуші Қорғаны
су жұлдыздар өмiрде өте нәзiк, сезiмтал
болып келедi.
Шаяндар: өздерiн
әлеуметтiк жұмыста, ұстаздық салада
көрсетедi.
Сарышаяндар: тез және
шапшаң шешiм қабылдауға бейiм, адамдар
арасында кез келген уақытта тамаша ой
бередi.
Балықтар: ең тамаша, таңданарлық
талапты да талантты жандар
болады.
Олар әр мамандықты қалауынша жандандыра
алады.
Жүргізуші: Бұл өмірде
өздерінді суда жүрген балықтай сезіңдер.
Қиналмандар, сүрінбендер, көңілді күйде
жүріп, алда болыңдар.
-Олай болса,
Су атаның балалары да тегiн болмады.
Ал, бұл жұлдыздардың ұстаздарына арнаған
тілегін тыңдайық.
Тілек айтады Айдана
Ж , Перизат
Жүргізуші: Аттестат
беру кезеңі – жер балаларына келді.
Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана
балаларының да үлкен өмірге аттар
қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын
табыс етейік!
Мендеш ,Айдана Ә, Гүлім,
Маржан, Ұлпан, Толғанай .
(түлектер
аттестатын алып сахнада қалады
.)
Жүргізуші: Жер –Ананы қорған
қылар топтың азаматтары өмірге өте
бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр
ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін
азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр
өнері мен оны қою барысында өздерін
басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр
ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау
ешкілер өздерінің бір беткейлігімен
қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
-Жер
Ананы қорған қылар топ өз тілектерін
жеткізбек
(топтан сойлейтін АЙДАНА
Ә. )
Топ түлектері өздерінің тілектерін
айтады
Жүргізуші: Өмірге ғашық болып
жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар.
Биіктен көрініп бақытты болыңдар.
Жүргізуші
: Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс
алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу,
таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы.
Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға
алғандар, ұмтылып алға жүргендер,
әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат
беру кезеңі сіздерге келді – Таразы,
Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.
Ауа
қорғауындағы жұлдыздар: Егіздер, таразы,
суқұйғыштар. Қарсы алайық:
Алуа,
Толғанай Ж., Ақсауле , Самат, Қобланды,
Нұрсұлтан, Жұлдыз, Назира
-Жарқын
болашаққа жолдама – жарқыраған
аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер
аттестатын алып сахнада қалады
.)
Жүргізуші: Қоршаған ортаның
тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар
айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас
ойларымен таң қалдырады.
Егіздер
әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар
әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы
жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып
немесе тың жобалар табуға,
жаңа
идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай
болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің
болашағын дамытуға талмай үлес қосады
деп сенеміз
-Ал жұлдыздар тың жобамен
талғамдарыңызды ортаға салыңыздар!
Бұл топ жұлдыздар өздерінің дайындаған
тілектерін жіткаізбек
(топтан
сойлейтін САМАТ )
Топ түлектері
өздерінің тілектерін айтады
- Рахмет
сіздерге. Биіктен көрініп бақытты
болыңдар. Жарқын болашақ тобын орындарына
қошеметпен шығарып салайық.
Жүргізуші:
Мiне, ең соңғы "жұлдыздар" тобын
да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр.
Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ
жолдамаларын!
АсемӘ, Асем Т, Ерлан,
Аэлита , Гүлнұр, Асан
(түлектер
аттестатын алып сахнада қалады .)
От
-адамзат баласының ғасырлардан келе
жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл
жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi ,
творчестовалық танымы мол болып
келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар
Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында
музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар
арасында әртiстер , режисерлар мен
продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер
болса , өнерге бейiм болғанымен, көп
елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан
кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз
"эстрада жұлдыздары бола алады "
деп тұжырым айтуға әбден болады .
-Ендігі
сөз түлектер өздеріңізде.
(топтан
сойлейтін ЕРЛАН )
Топ түлектері
өздерінің тілектерін айтады
-
Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап
берген лаулаған отын өмірдің жақсы
сәттерінде қолдана біліңдер. Топ
жұлдыздарын орындарына қошеметпен
шығарып салайық.
- Ендiгi сөз
өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң
нағыз "жұлдызды шақтарың" туды.
Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған
сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi
болса, барлығын дәл қазiр қысылмай
ақтаруға болады .
Бұл бақытқа жеткендер
бар , жетпей кеткен талайлар ,
Отыр,
бәлкiм, арасында расында Абайлар.
Жарқ-жұрқ
етiп өте шыққан жасындар,
Бейiмбеттер
, Iлиястар, Сәкен , Мұхтар, Қасым бар!
Отыр
, бәлкiм, сөз зергерi Ғабеңдер де ,
Отыр,
бәлкiм , кең жүректi Сәбендер де .
Ана
тiлiн сүйiп өскен ұрпақтың,
Хақысы
жоқ ешқашан томендеуге
- Жүрегiнде
iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi
түлектер атынан құттықтау соңгы сөз
кезегi 11а сынып түлегі Сарбаева Гүлнұрға
берiледi
(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай
- талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан
жас түлектер бүгін ұшты.
10-ші мектептің
қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,-
дей отырып сахна төріндегі бүгінгі
«Жұлдызды кешіміздің» түлектерінің
музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!
(Музыкалық
сәлем, түлектер сахнада тұрыды )
ӘН
«ҰСТАЗЫМ»
Гүлдер тапсырылады
.
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен
болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке
жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын
мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа
шақырады екен! Бiзде тiлектеспiз!
Жолдарыңыз болсын!!!
Жүргізуші:
Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға
береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа
,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма
?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен
сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып,
Барша
ата – аналар қауымы атынан құттықтау
сөз кезегi
11 "А" сыныбын бiтiрушi
түлегі Құлманова Гүлімнің ата-анасы
Несібелді Ибатаевнаға беріледі
11
«б» сыныбының бітіруші түлегі Аппазова
Аэлитаның ата-анасы Қамбар Тасқымбаевичті
ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Мойытпасын
қиындықтар сендерді,
Батылдықпен
асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен
қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен
қуантыңдар елді енді.
ФОН
Жүргізуші:
–Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты
жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз
де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң
саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер
жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы
жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып,
алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей
самғаңдар түлектерім,
Орындалсын
өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы
естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау
ерекше жүректерің.
Соңғы қоңырау
үнін шығару
Екі жақтан екі оқушы ҰЛ
бала ҚЫЗ бала
-Сіздердің өмір
жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға
ақ жол тілейміз.
Жүргізуші: Сонымен
қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен
бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық
Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен
тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге
ақ жол тілеп , түлектерге арналған
мерекелік от-шашуына мектеп ауласына
шақырамыз. Мектеп ауласында от-феерверг
шашылады
Ілмек сөздер: тәрбие, мерекелік кеш, мектеп, бітіруші, түлектер
Балаларға ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектесу қажет
• Балалардың ҰБТ-дан алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
• Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін аттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорықа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.
• Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.
Баланың қатты шаршап, қажуына жол бермеңіз.
• Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
• Үйден баланың дайындалуына қолайлы жер беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз.
• Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі витаминді тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.
• Балаларыңызға дайындық тақырыптарын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.
• Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық қажетсіз ақпараттарды жаттатқызудың қажеті жоқ, дәрістің негізгі керектілерін және логикасы мен мағынасын түсініп алу жеткілікті. Оқылған материалды қорыту үшін қысқаша схематикалық сызбалар мен таблицалар жасау өте пайдалы. Егер бала оларды жасауды білмесе, практикада жасап көрсетіңіз. Негізгі формула немесе анықтамаларды кереует қасына, үстел қасына, немесе асханаға т.б. іліп қоюға болады.
• Пән бойынша әр түрлі тестілер нұсқасын дайындаңыз (қазіргі уақытта тест тапсырмаларының неше түрлі жинақтары бар). Тесттермен жұмыс істеу маңызды болып табылады, себебі оқудың бұл түрі балаға үйреншікті болып табылатын ауызша және жазбаша емтихан түрлерінен өзгеше.
• Тестімен жұмыс істеу кезінде баланы алдын-ала уақытты бағдарлау мен оны үнемдей білуге үйретіңіз. Сонда ғана бала қобалжымай, тестіге толық көңіл бөлуде тәжіриесі мол болады. Егер ол бұрын қолына сағат тақпайтын болса, оған тестілеу кезінде міндетті түрде сағат беріңіз.
• ҰБТ тура қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
• Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:
- Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;
- Сұрақты соңына шейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына шейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);
- Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе сенімді болмасаң, тастап кет, кейін оған қайтып оралатыныңды белгілеп кет;
- Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмасаң, өз интуицияң бойынша дұрысына жақын деп тапқан жауабыңды белгіле;
Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.
Ата-аналарға кеңес
11-сыныпқа арналған нұсқау
-
жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!
2-жүргізуші
:
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 жылда оң солын таныған жас
1-жүргізуші:
Бастайтын жолға сан тарап
Басталсын көне всалтанат
Дәл осы сәтті біздермен
Тойлайды бар ел шартарап
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен “Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық
1.
2.
....
2-жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ,міне
Келген қауым, қол соғып,қолда бүкіл
1-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 11-ші жыл түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық
(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)
2-жүргізуші: 11 сынып жетекшісі ...............
2- жүргізуші:2007-2008 оқу жылының “Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ)
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!
(әнұран орындалады, оқушылар қосылады)
2-жүргізуші:
Жолдайды мектеп мүдірі
Түлектерге ақ тілек
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры ...................... беріледі.
( құттықтау , жетістіктер, ҰБТ–тілек, 1 сынып)
(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек)
1-жүргізуші:
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
1-жүргізуші: Тілек сөз ...................... беріледі.
2-жүргізуші:
Ата-ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата-аналар атынан тілек сөз ................... ағайға беріледі.
1-жүргізуші.
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы ................... сөз беріледі
2-жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі ...................... беріледі
1-жүргізуші: Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.
(1 сынып сөз сөйлейді)
1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
11 жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Ағалар мен апалар,
Орындалды ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз.
............ аға, мен сіздей, (Әсет)
Спортшы боламын.
Барлық сайысқа қатысып,
Облыстан орын аламын.
Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,
Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.
Білемін мен, ................ аға өмірде,
Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.
............. аға , мен сізді сыйлаймын,
Өзіңізді қоштасуға қимаймын.
Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,
Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.
............. аға, өзі қандай сымбатты,
Ұлы ғой анасының қымбатты.
Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,
Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.
.............. аға,
Қаржыгер болуды армандайсыз,
Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.
Мектеп берген білімнің арқасында,
Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.
Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,
Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.
Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,
Тек биіктен ................. аға көрініңіз.
Тәртіпті де, тіл алғыш,
............ ападай боламын.
Сабақтан себепсіз қалмаймын,
Салт – дәстүрлі сақтаймын.
Өзімнен кішкентайларға,
Мейіріммен қараймын.
................ апа мен сіздей,
Әдепті қыз боламын.
Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,
Орыс мектебінің қыздарына жарқылдаған.
Қанат қағып барасыз .................. аға,
Мақсатыңа жете біл армандаған.
Өзі қандай ұқыпты қарашы,
Ақтөбенің ол сүйкімді баласы.
Барлық іске тиянақты қарайды,
Мақтан етем мен ................. ағайды.
1 бала – Сіздерге жалын жүректен,
Айталық достық тілекпен.
Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын !
(Балауса әнін орындайды ......................... )
(1 –ші сынып оқушылары сыйлық береді)
1-жүргізуші:
Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
(11 сынып орындарынан бастайды )
(Айнала - әуені 1-3 секунд ойнау)
Түлектер: Енді сіздердің назарлаңызға «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.
*********
Алда қиын жол әлі
Алда мақсат,тілектер
Әр кеудеде соғады
Қоңырау үні сыңғырлап
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сыңғырлап
Бөбекті жиды маңына.
********
Әр жыл сайын қарулантын біліммен
Алға дәйім мені бастап өсірдің
Нәр аламын,аяулы ұстаз, үніңнен
Ардақтысың мектеп-алтын бесігім
********
Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің.
********
Балапандай бауыр басқан ұяда,
Бірге өскен мектебіе жан қия ма?
Жолдама алып, болашаққа өзіңнен
********
Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,
Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық
Келді бүгін қоштасатын кезіміз,
Ақтық рет мектеп тойын тойладық.
************
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің
********
Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ мәңгі сан түлек
Айтылып жатыр сан тілек
Егіле-берді сан жүрек
Барлығы отыр есіне а,н
Мектепте өткен жылдарды
Мініп алып бір-бірден
Білім деген тұлпарды
*******
Өтті бізден бабалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез-даналық
Ұсынғалы адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс,амандық.
**********
Мейірге толы мектебі
Майқара ашқан құшағын
Балапаның боп мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын
*******
Сенен ыстық алтын ұя таппадым
Зінде өтті балғын бала шақтарым
Қоштасамын қимастықпен мен енді
Бетке алған соң балалақтың бақтарын
*******
Мектебімнің басшысы да тірегі
Барлығы оны мейірбан деп біледі
Әрқашан да басшы демей ол өзін
Ортамызда күліп, ойнап жүреді
Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды
Өзінізге бақыт тілеп өмірде
Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.
............. “Ен ақылшы директор” номинациясымен марапатталды.
(фанфары ойнайды)
********
Орыс тілі, ағалшын тілі ортақ тіл деп білеміз
Бар ұстазға арналатын жыр егіз
Шәкірттердің сүйіктісі болсын деп
Ұстаздарым, сізге , айтамыз біз лебіз.
.................... “Ең қамқоршы оқу меңгерушісі” номинациясымен марапатталады.
.......... “Ең парасатты мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнайды)
Түлектер:
Үйретесіз қартадан
Дала,қала жер шарынбарлық бала білсін деп
Бізде қанша ел барын
Еңбегіңіз еленіп
Жүрсін аға,апалар
Қуанышқа кенелтіп
Жүрсін сізді балалар.
......................... “Ең білімді сынып жетекшісі” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
************
Селт етпейтін нық тұлғаң
Шындық мәнін ұқтырған
Түйілгенде қос қабақ
Кімді болсын ықтырған
Түлектерге біздердей
Жол сілтеңіз қашан да
Қалпыңызда тік тұрған.
...................... “Ең байсалды мұғалім” номинациясымен марапатталады
........................ “Ең инабатты мұғалім” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)
**********
Сырттан құр не десек те
Төселдірген есепке
Мына ән-сыйды түлектің
Алғысы деп есепте.
.............. “Ең жан-жақты мұғалім” номинациясымен марапатталады
.................... “Ең сымбатты мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
*********
Білсін деп ана тілінде
Құштар боп өссін білімге
Деп әркез бірге жүресіз
Шәкіртпен бірге күлесіз
Еңбегің жансын әрқашан
Білсінші сізді жер үсті.
................... “Ең әділетті мұғалім” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)
**********
Бізге сіздей ұстаз беріп
Сізге біздей шәкірт берген
Еңбегіңіз біздер үшін
Көрінеді биіктен
Тілейміз ашық аспан, жарық ай
Ұстазым менің ............ ағай
...................... “Ең көңілді мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
Ән “Достарым” орындайтын ............................
(Мектеп аманатын тапсыру рәсімі оқиды)
Түлектер: Мектеп аманатын тапсыру рәсімі .............. пен аманат қабылдап алу құрметі 10-сыныптың оқушысы ............... беріледі
Түлектер:
Сіздерге бірінші аманат
Жан азығы адамның –ана тілі,
Тек сонымен ашылған дала гүлі.
Өнер алды –қызыл тіл дейді қазақ,
Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.
Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Абай, Пушкин жырымен,
Тіл арқылы табысқан.
Тілдің сырын меңгерген,
Тіл білуді жөн көрген.
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып бір өң берген
Ел азаматы болыңдар.
10-сынып оқушысы:
Оқуды терең меңгеріп
Аманатты ақтаймыз
Мектепті үздік бітіріп
әдеп –салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.
(фанфары )
Білім кілтін тапсыру салтанаты ............. мен білім кілтін қабылдап алу құрметі 1 сыныптың оқышысына беріледі:
Түлектер:
Білімнің мына өмірде жеңгені көп
Білім қалар халқымның сенгені боп
Сондықтанда білім кілтін сендерге
Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп
(........... кілтті .............. береді) фанфары 1-2 секунд
1-сынып оқушысы:
Ұрпаққа кезенімен білім берген,
Алтын ұя мектеп қой елім сенген.
10 жыл бойы білімменен қанаттанып,
Аттанамыз бізде білім керуенімен
Түлектер:
Мерекеде басты қостық бәріміз
Жарасады әнімізбен сәніміз
Әуенімен тербелейік вальспен
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.
(Қоштасу әнін қосу,.............. орындайды)
(Түлектер мектеп вальсіне шақырады)
(вальстен кейін, 11 сынып оқушылары шар, жазу парағын, көгершін ұшыру)
2-жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!
2-жүргізуші:
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
1-жүргізуші:
Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............
мен 1 сыныптың оқушысы .............. беріледі
2-жүргізуші:
Күмбірле, қоңырау күмбірле
Аттансын түлектер жаңа өмірге.
1-жүргізуші:
Ұшырады мектебің өз қолыңнан
Көріне біл ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
2-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық
(қол шапалақ, фон “Той” әні)
1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!
2-жүргізуші:
Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!
2-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз
1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.
( Қазақстан әнін қосу)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген