400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балапанға базарлық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер туралы түсініктерін пысықтау,байланыстырып сөйлеу қабілеттерін тілін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық.

Ү.о.і.ә: Тіл дамыту, мүсіндеу.

Тақырыбы: Балапанға базарлық

Мақсаты: Ертегілер туралы түсініктерін пысықтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, тілін дамыту, тақпақтарды мәнерлеп айтуын қадағалау, сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге жаттықтыру. Ермек сазбен жұмыс жасай отырып саусақ бұлшық еттерін дамыту, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Әтеш, Айдар.

Билингвальді компонент: күн-солнце, тауық-курица, әтеш-петух.

Көрнекіліктер: Ермексаз, қол сүрткіш, балапандар мен тауықтар, үй құстары.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.












Ұйымдасты-рушылық-ізденушілік.





Рефлексивтік түзетушілік.

Қонақтармен амандасу.

Шаттық шеңбері.

Сәлем бердік, алтын күн!

Сәлем бердік, көк аспан!

Сәлем бердік, жер-ана!

Сәлем бердік баршаңа!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қане аттарын атап беріңіздерші?

-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Көктемде не жауады(қол қимылмен көрсетеді.)

Тосын сәт: Тауықтың жылаған дауысы шығады.

Балалар біреудің жылаған дыбысын естідім, не болды екен? Есікті ашып қарайды.

Топқа тауық келеді.

Тауық-тауық неге жылап тұрсың?(тауықты құлағының тұсына апарады)

Балалар көшедегі ойнап жүрген тауықтың жұмыртқасын жарып тастапты.

Балалар тауықтың жұмыртқасын жаруға бола ма?

Тыйым сөздер:

*Құстың ұясын бұзба.

*Құсқа тас атпа.

*Құстың балапанына тиіспе.

*Құстың жұмыртқасын жарма.

-Тауық бізге не береді?

Әңгімелеп беру.

-Қанекей балалар тауықтың көңіл-күйін көтеру үшін біз оған тауық туралы білетін ертегімізді айтып берейікші.

-Қандай ертегіні білесіңдер?

Ертегіні тәрбиеші басын бастап береді, бір бала айтып береді.

Сергіту сәті:

-Балалар тауық қай құстар тобына жататын еді, үй құсына ма жоқ әлде дала құсына жатады ма?

Үй құстарын есімізге түсірейікші, қандай үй құстары бар еді?

Дидактикалық ойын:(дауысын сал) мақсаты: балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойынның шарты:

Үй құстарының дауысын саламыз.

Әтеш қандай дыбыс шығарады?

Тауық қандай дыбыс шығарады?

Қаз қандай дыбыс шығарады?

Олай болса біз бүгін тауыққы жұмыртқа жасап берейік.

Балалар жұмыртқаның түсі қандай?

Пішіні қандай, домалақ па жоқ әлде сопақша ма?

Барельеф тәсілімен жұмыртқаны мүсіндеу. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Ермек сазды ауызға салмаймыз.

Жұмыс барысында қолымызбен көзімізді ұстамаймыз.

Жұмыстың орындалу ретін айта кету.

Ермек сазды алақанымызға салып жылытып аламыз.

Илеуге дайын болған ермек сазды домалақтаймыз.

Жұмыртқаның пішінін шығарып аламыз да, оны жұлмалау тәсілі бойынша мүсіндейміз.

Балалар жұмыс жасап болған соң қолдарымызды дымқыл қол сүрткішпен сүртеміз.

Жасаған жұмыстарын талдау, кімнің жұмысы әдемі болғанын айту, жұмыртқаны тауыққа сыйлау.

Қорытындылау.

Балалар бізден бүгін көмек сұрап келген қандай құс?

Тауық бізден не жасап беруін сұрады?

Жұмыртқаның түсі қандай?

Тауық бізге тағы не береді?

Тауықтың жүнінен не жасаймыз?

Тауық балаларға көп-көп рахмет айтып, қоштасып шығып кетеді.

Балалардың бүгінгі іс-әрекеттерін айта отырып, мадақтау, мақтау.

Қонақтармен қоштасу.

Барлығы қонақтармен амандасады.

Шеңберге тұрып барлығы бірге айтады.










Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді.




Тауыққа жандары ашып қарайды, тауықпен амандасады.







Тыйым сөздерді тәрбиешімен бірге қайталап айтады.




Тәрбиеші бастап берген ертегіні аяқтайды.








Өлеңнің мазмұны бойынша қимыл-қозғалыс жасайды.





Суреттерге қарап құстардың дауысын салады.

Құқ-құқ.Құт-құт.Қақ-қақ.

Сұрақтарға жауап береді.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.








Тәрбиешінің түсіндіруімен жұмысты орындайды.
















Достарының жасаған жұмыстарына қарайды.


Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: түстерді, пішіндерді ажыратуды.

Нені игереді: үй құстарының дауысын сала алуды.

Нееі біледі: үлкендердің көмегімен жұмыс жасауды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі