400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балақай, туған күніңмен!

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшада туған күн туралы түсініктерді қалыптастыру үшін. Ойын - сауық ұйымдастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Туылған күнің құтты болсын!»

Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге уйрету,жақсы тілек айту дағдысын дамыту. Балаларды адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Әдіс-тәсілдер : түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын ойнату, тақпақтар, өлеңдер айтқызу.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар ?Амандасады.

Шаттық шеңбері :

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң достарым ,

Қайырлы таң апайлар !

Тәрбиеші : Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Көктемдегі айларды атап өтейікші. Балалар есімізге түсірейші көктем мезгілінде қандай мейрамдар бар? Қандай мейрамдарды атап өттік? 8-наурыз аналарымыздың мейрамы, алғыс айту күні, 22-наурыз жаңа жыл мерекесін атап өттік. 12-сәуір ғарышкерлер күні болды. Алда бірлік күні мейрамы бар, Жеңіс күні бар. Балалар, бізде бұл мейрамдардан басқа әр адамның жеке мейрамы бар екенін естеріңе сала кеткім келіп отыр. Ол-туылған күн, ол әрбір жанның жеке меншік төл мерекесі.

Билингвальды компонент: Бәріміз қайталаймыз - Туылған күн, день рождение, Hbday.

Тәрбиеші:

  • Қане, мен қарап жіберейінші көктем мезгілінде кімнің туылған куні жақында болатынын: Мария, Максим, Алихандыкы екен. Ендеше балалар, туылған күнге келгенде тәтті тағам жейміз. Ән айтамыз,би билейміз,тақпақтар айтамыз ,солайма балалар ?

Жүргізуші : Балалар, туылған күн деген не? Жалпы туылған күн туралы не білесіңдер?

Жүргізуші: Келесі өлең жолдары осы туылған күн иелеріне арналады .

Алихан:

Я на день рожденья

Раньше всех пришел.

Мне друзья сказали:

Будет сладкий стол.

Я им не поверил

И лизнул украдкой –

Стол был деревянный

И совсем не сладкий.

Поглядев получше ,

Просиял от радости-

На столе стояло

Много всякой сладости:

Торт,пирог,варенье

Вот теперь я понял ,

Почему он сладкий!

Шахзода:

Туған күнім бола берсе,

Қуанамын күнде мен.

Үйге қонақ тола берсе,

Шай жасауға үлгерем.

Альбина:

Бүгін –туған күніміз,

Қолда шоқ-шоқ гүліміз.

Ойын ойнап ,би билеп,

Таусылар емес әніміз.

Костя :

День рождения встречай!

Веселись и удивляйся,

Ни минутки не скучай :

Смейся ,пой и развлекайся!

Сегодня лучший день в году,

И в этом нет сомненья!

Пусть чудеса ,как в сказке,ждут

Тебяв твой день рождения!

Жантөре:

Нұр ойнаған көзіңнен

Құшақ толы гүлімен,

Құттықтаймыз сіздерді

Қуанышты күндермен.

Досым :

Құтты болсын туған күнің

Думан тойың жанжан досым !

Қол бұлғайды қырдан бугін

Қызықтырған арманың

Есік қағылады, Сайқымазақ кіріп келеді.

Сайқымазақ : Сәлеметсіңдер ме балалар, мен осында туылған күн болып жатыр деп естіп құттықтауға арнайы келдім.

Жүргізуші : Балалар, амандасамыз! Балалар аздап шаршаған сияқты сенімен жаттығу жасасақ дейміз ?!

Сергіту сәті : музыка ырғағымен қимылдар орындату.

Әуен: «Фиксики-Помогатор»

Жүргізуші: Келесі сөз құттықтаушыларда . Балалар жылы сөздер, тілек айтады.

Жүргізуші : Балалар, Сайқымазақпен бірге туған күн иелеріне ән айтып берейікші.

Ән:«С днем рождения» (Каримжанов А.К.)

Ойын : «Туған күнге торт»

Ойын шарты: сурет қиындыларын жинақтау.

Жүргізуші: ендеше шын тортты қалай дайындайды көрелік. Осы туған күн иелеріне арнап Айзере қызымыз бейнеролик дайындады. Экранға назар аударайық!

Айзере : «Мен сіздерге дәмді торт дайындап жатырмын.Туған күндерің құтты болсын, балалар!»

Жүргізуші : Келесі кезекті қыздарымызға береміз.

Би: «Кап-Кап»

Сайқымазақ:

-Ал, балалар, менің де кететін уақытым болды. Сендермен уақытты жақсы өткіздім. Рахмет сендерге. Сендерді тағы туған күндеріңмен құттықтаймын. Сау болыңдар!

Қорытынды : Бүлдіршіндеріміздің туған күндері құтты болсын! Жастарына жас қосылсын! Үйімізден осындай балалардың былдыры кетпесін !



Тәрбиеші: Бастаубаева Аида

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі