жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балауса балғын шақ
Сабақтың тақырыбы: «Балауса балғын шақ !»
Сабақтың мақсаты:
-
Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерін,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
-
Оқушылардың сөздік қорын,тілін,ойын дамыту,ой-өрісін кеңейту,өнерді сүйюге тәрбиелеу.
-
Оқушыларды бауырмалдыққа,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:шармен безендіру,қанатты сөздер,сурет салынған плакаттар,гүлдер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Зал дайындау,безендіру.
ә) Оқушыларды даярлау.
ІІ.Кіріспе бөлімі:
Құрметті әріптестер,аяулыда,ардақты ата-аналар және бүлдіршіндер.Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының “ Балауса балғын шақ!” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер,бүгін саналы оқушы болып,1-сыныпқа қадам басқалы тұр.Білім кемесіне мініп,ілім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы.Қазір бір жыл бойы алған білімдерін көрсетіп,өнерлерімізді ортаға саламыз.
Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.
Сіздер үшін бүгін үлкен мереке,мерекелеріңіз құтты болсын!Отбастарыңызға береке-бірлік,жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Жүргізуші:
Ұстаздар шығарады кеменгерді,
Бүгінгі ертеңгіліктің куәгері.
Ду қол шапалақпен қарсы алайық,
Бүгінгі салтанат иелерін.
Балалар әуенмен залға кіреді
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Коштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің,әр айын!
Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Әнұран
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Хормен:
Біздің әсем күлкіміз
Көркі,сәні әлемнің.
Жүргізуші:
Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақта даярлығым сенімен
Санамызда өзің берген өнегең
( Бес оқушыны ортаға шақыру)
-
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біз, мектепке барамыз.( Алина )
-
Үлкендердей тап- таза,
Жазамыз борман тақтаға.
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.(Омар )
-
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Даярлықпен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.(Жаннұр )
-
Мектеп- қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін,
Біз, мектепке барамыз.(Дина)
-
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып, даярлықпенен
Біріншіге барамыз.(Арухан )
Ән: « Бала тілегі »
Біз білімді баламыз.
-
Құрметті балалар, сендер жыл бойы алған білімдеріңді көрсету үшін бірге «ойын-саяхатымызды » бастаймыз.
-
Ән «Достық»
Залға әдемі әуенмен суретші келеді:
Түрлі –түсті қарындаш . тату-тәтті қарындас
Ақ қағаздың бетіне, түрлі өрнек салыпты.
Көбелекті, гүлдерді, әсем қала ,үйлерді
Түрлі түске бояпты.
Суретші: Сәлематсыздар ма , балалар! Тойларын тойға ұлассын!
Балалар : Сәлематсызба!
Суретші: Балалар, түрлі түсті карындашты, акварель бояуларды қай сабақта пайдаланасындар?
Ендеше, мен сендерді түсті қалай айыра алады екенсіндер тексеріп жіберейін.
Ойын : « Өз түсінді тап»
(Ойын шарты : Еденге төрт түрлі гүл қойылады. Балалар қолдарына түрлі түсті көбелек ұстап залда еркін қозғалады. Әуен тоқтаған кезде балалар түстері сәйкес гүлдің қасына келіп тұрады )
Суретші: Балалар, сендер түстерді жақсы айыра алады екенсіндер. Мен сендерге ризамын. Мен енді кетемін. Сендерге сәт-сапар! Сау болыңыздар, балалар!
( Бес оқушыны ортаға шақыру)
6.Мен мектепке барамын,
Кілең бестік аламын.
Жақсы баға алғанда
Бір қуанып, қаламын. (Дениз )
7.Әріптерді үйреткен,
Жамандықтан жиреткен.
Ұстаз-біздің анамыз
Жарқыраймыз, жанамыз. (Сұлу)
8.Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын күн бүгін.
Даярлықпен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.( Шапағат)
9.Кенелеміз, қызыққа,
Күлімдейді күніміз.
Біз бірінші сыныпқа
Талапкердің біріміз.(Наргиз)
10.Жүрегімде қуаныш
Мен бүлдіршін баламын.
Енді жайнап нұр жүзім,
Мен оқушы боламын.(Ілес )
Тәрбиеші: кәзір « Әліппе» деп аталатын көріністі тамашалайық.
Орман көрініс бейнеленген . Залға аңдар мұғалімі аю, түлкі, қоян келеді.
Балалармен амандасады:
-
Сәлематсыздар ма, балалар!
-
Сәлематсыздар ма, аңдар!
Мұғалім: Ал аңдар, сендер мектепте оқығыларын келе ме?
Аңдар : Келеді, келеді.
Мұғалім: Ал сендер мектепке дайынсыңдарма?
Аңдар : Дайынбыз,дайынбыз.
Мұғалім: Ендеше, сендердің білімдерінді тексеріп көрейік. Мына тақтада не жазылған?
Аю қорбандап орнынан тұрып, тақта алдына барады: Білем, білем. Бұл жазылған ең тәтті сөз –«бал»
Түлкі қуланып шығады.Білем. білем.Бұл жазылған сөз «балық».
Қоян шығады : Білмейсіндер сендер. Бұл жазылған сөз «сәбіз»
(Аңдар айтысады)
Мұғалім : Сәл сабырлық сақтаңдар.
Кәзір бұл сөзді меңін балаларым оқып береді .. Жарайсыңдар балалар, 1- сыныпта оқуға дайын екенсіндер.
Тіл дамыту,Көркем әдебиеттен қандай ертегі екенін суреттерге қарап тауып айту.
( Бес оқушыны ортаға шақыру)
11.Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны мектепте.(Бейбарыс А )
12.Біз балауса баламыз,
Жетілді ой- санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Мектепке енді барамыз.(Әлібек)
13.Сен үйреттің сөйлеуді.
Сенде ойым есейді.
Мен мектепке барамын
Даярлығым, қош енді.(Айсымбат )
14.Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды. ( Артур)
15.Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сандар алтыннан,
Даярлық білім бесігі.(Бибарыс)
Жүргізуші : Балалар, ойын саяхатымызды жалғастырайық .Математика бекетіне келдік. Сенде математика пәнінде нелерді оқып үйрендіңдер?
Балалар:0-ден 20 ға санап, жазып үйрендік, есептер шығарып үйрендік -+ таңбалар үйрендік. Геометриалық пішіндерді білеміз. Санамақтар жаттап үйрендік .
Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар, ендеше мына тапсырмаларға жауап бере қойыңдар.
Санамақтарды кім айтады;
-
ББір дегенім - белін,
Екі дегенім- егін,
Үш дегенім - үкі,
Төрт дегенім - төл,
Бес дегенім - бекіре,
Алты дегенім - адам,
Жеті дегенім - жеміс,
Сегіз дегенім - сең,
Тоғыз дегенім - тоң,
Он дегенім - оң,
Он бір болады одан соң. (Арыс) -
ББір үйде он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Бір жастағы - Біржан
Екідегіміз - Елжан
Үштегіміз — Үсен
Төрттегіміз - Төкен
Бестегіміз - Бекен
Алтыдағымыз - Арқан
Жетідегіміз - Жетен
Сегіздегіміз - Сөкен
Тоғыздағымыз - Тойтан
Ондағымыз- Ойқан
Жастарымызды қосыңыз,
Қосындысы қанша осының? (Бейбарыс)
-
5Тоғыз - торғын тоғайың,
Бауыр, туыс, ағайын.
Ұстаздарың, достарың,
Шаттық толы маңайың.(Нұртас)
толығырақ.
-
4 баланың неше құлағы бар?
-
5 әтеште неше құйрық бар?
-
Көгалда 7 қоян отыр. Аңшы атқанда олар қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды?
-
Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр. Неше мысық тығылған?
-
Балалар орман ішінде 2 саңырауқұлақ тауып алды
Жүріп бара жатырып тағы үшеуін көріп қалды
Неше саңырауқұлақ тауып алды балалар ?
6.Көжекке қонаққа көршісі секіріп келіпті
Көжектер 2 сәбізден жеп алыпты
Неше сәбіз желінді?
Жұмбақ есептер:
Он алманың бесеуін.
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолында қалады? (Бес)
Шығармақ боп кеше есеп
Жиналғанда бес есек.
Үшеуі ұйықтап қалды,
Ынталысы неше есек (Екі)
Көлден ұшты алты қаз
Қайтып келді екі қаз
Қонбай кетті қанша қаз,
Шешуін кім табады тез?(Төрт)
Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті екеуі.
Ізнше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп Жапырақтың нешеуі? (Үш)
Жол ережесі: «Бағдаршам» әні
Би: «Джентлменный»
16.Адам етіп баптаған
Ардақтап бізді мақтаған
Даярлыққа мың алғыс!
Бабын тауып сәбидің
Еркетайы әр үйдің
Өсірген ұл-қыздарын,
Ұстазыма мың алғыс.(Эмирхан)
17. Әріптерді тіземін,
Өзім жаза білемін.
Айтуымен ұстаздың
Жазуымды түзедім.(Анвар)
18.Есепке де, ертекке де,
Уақытымды бөлемін.
Өзім барып мектепке,
Өзім үйге келемін.(Ерлан)
19. Биыл алты жастамын
Қолға кітап жаңа алдым.
Әріп тани бастадым.
Мен жаза да аламын.
20.Өзім ұстап кітапты
Жалынбадым ағама.
.Қуанды анам оқудан,
Алған бестік бағама.(Бейбарыс Қ)
21.Біз бүлдіршін баламыз
Өсіп ой мен санамыз.
Өмірге жол саламыз.
Біріншіге барамыз.(Нұртас)
Би:«Қыздар тобы»
«Қоштасу» вальсі
Жүргізуші:Қадірменді қонақтар,ата-аналар,ұстаздар!
Бүгін міне МАД топ түлектерін ұшырғалы отырмыз. Мектепке бүлдіршін болып келіп,шәкірт болып атанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің даярлық топ қабырғасында жүріп «Қатынас»,»Таным» «Шығармашылық», «Денсаулық», «Әлеуметтік орта» салаларында өздерін дамытып,білімдерін шыңдап мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді.Биылғы түлектер өнерлі де,алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болады деген сенімдемін.Осыған орай МАД топ түлектеріме мектеп атынан марапаттарын табыстағым келіп тұр..(«Алғыс хаттармен» марапаттау)
Міне құрметті Ата-аналар,ұстаздар,қонақтар!Біздің бүлдіршіндеріміздің білімдерімен,өнерлерімен таныстыныздар,сіздерге рахмет айта отырып,біздің бүлдіршіндерімізге өз тілектеріңіз болса білдіріңіздер демекпін .
Ата-аналар арасынан тілек айтушыларға сөз беру,бата тілеу.
(«Қазақстан бақыты» әнімен тілек шар ұшыру көрінісімен ертеңгілікті аяқтау)
Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі
«Балауса , балғын шақ!»
(МАД тобымен қоштасу ертеңгілігі)
Өткізген: Шегетова А.Қ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген