400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Балдәурен" хор бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінің мұғалімдеріне музыка сабағында, хор үйірмесінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1



«Балдәурен»»







Shape2





хор үйірме

бағдарламасы


1-4 сыныпқа арналған

Сағат саны - 34 сағ












Жетекші: Кумарова А.О





2018-2019 оқу жылы



Түсінік хат

Хормен ән айту – оқушыларға музыкалық білім және тәрбие берудің ең басты бөлімдерінің бірі. Әрбір денсаулығы жақсы баланың ән айтуға құштарлығын, сезімін, көңіл-күйін, ынтасын, эстетикалың талғамын қалыптастыруда ән айтудың рөлі зор. Сондықтан іскер музыка маманының ұйымдастыруымен хормен ән айту эстетикалың тәрбие берудің нақты ортасы болып табылады. Ән айту адамға жан-жақты тұрғыдан әсер етуі арқылы балалардың өмірдегі қуаныш пен әсемдік сезім- дерін, эстетикалың талғамын байытады, қалыптастырады. Ән үйрету кезеңі (процесі) әуенді тыңдай білу, таза орындай білу және есте сақтауға үнемі жаттығуды талап етеді. Хормен ән айту оқушыларды музыкаға баулып, жан-жақты дамытудың жалпы құралы. Сонымен бірге оқушылардың зейінін, тәртібін, аңғарымдылығын тәрбиелейді. Бірігіп ән айту әннің мазмұнының таза орындалуына тырысуға, көркемдік бейнені бірдей ашуға ынталандыруға, бір ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелейді, бірлікке жұмылдырады.

Хормен ән айту кезеңі музыкалық тәрбиенің ортасы ретінде қолданыла отырып, мұғалімге: балалардың хормен ән айтуға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттырады; Музыкаға деген эмоциялық сезімдерін дамытып, көркемдік-эстетикалық талғамын дамытады; Балалардың әншілік дауыстарын: әдемі табиғи дыбыс шығаруға, диапозондарын дамытады; Вокалдық хор дағдыларын, мәнерлі, сауатты және көркем орындай біледі; Музыкалық есту қабілетін жан-жақты - әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамытуға тәрбиелеуді міндеттейді.

Мұғалім оқушыларға ән үйрету кезінде әдіс-тәсілдерді дұрыс жүргізе отырып, балалар ағзасының біртіндеп өсіп дамуы барысындағы ән айту аппаратының өзгерісіне байланысты заңдылықтарды қатаң білуі керек. Мектепке келген 6-7 жастағы баланың музыкалық кейбір түсініктері қалыптасқан болады: бала-бақшада, радио-теледидар арқылы, музыкалық аспаптарда ойнап үйренуі, әр түрлі конкурстарға қатысуы, т.б. Мүғалім осы білімдерін одан әрі толықтырып жаңа музыкалық түсініктер беру арқылы есту қабілеттерін дамытуы тиіс. Мектепке келген әр баланың дыбыс шығару аппаратын тексеріп, денсаулықтарының дұрыстығына үлкен көңіл аудару керек.

Кейбір балалардың есту қабілеттері нашар, сөйлеу кезіндегі тіл мүмкіндігі болуы мүмкін немесе тамақтарының аурулығы, дыбыстарының таза еместігі (қырылдау) болуы мүмкін. Ал, керісінше кейбір балалардың есту қабілеттері өте жақсы дамыған, зерек есте сақтау мүмкіндігі де ерекше болады. Мұғалімнің ән айтуды дұрыс ұйымдастыруы, үнемі әуендік естуді дамытатын жаттығулар жүргізу, дауыстарына күш түсірмейтін жеңіл әуенді әндерді айтқызу арқылы балалардың бірте-бірте есту қабілеттері тиянақтанады, әнді таза айтуға, ырғақты сезінуге мәнерлеп орындауға қалыптасады.















Shape3



Shape4







Үйірме жұмысына қоятын негізгі талаптар:

  • Үйірме жұмыстарына қатысатын оқушының қабілетін ескеру;

  • Хор шығармасын орындау, айту кезінде ән айту дағдыларына қалыптастыру.

  • Шығарманы ансамбльдік құрылымда дыбысты таза айтуды, ритмикалық нюансты құбылыстарды сауатты орындауды меңгерту.

  • Оқушылардың еркіндігі;

  • Хор мүшелерінің белсенділігін, ынтасын арттыру, мектеп өміріндегі хор ұжымының рөлін айқындау.

  • Пәнаралық кіріктіру.

  • Тарих, әдебиет, өнер пәндерімен байланыстыру



  • Уақыт көлемі:
    34 сағат, аптасына 1 рет



Хор үйірмесі-балаларды жасына қарап біріктіреді. Бастауыш (1, 2, 3, 4) Орта буын (5, 8), жоғарғы сыныптар (9, 11) оқушыларының біріккен хоры, сондай-ақ біріккен ұлдар хоры.



Хор жетекшісі:

  • Бала даусының жеке музыкалық қабілетінің деңгейін анықтайды.

  • Музыкалық ырғақтарды қайталау, көрсеткен әуенің бірден қайталап беру-баланың музыкалық есту деңгейін тексереді.

  • Төмеңгі сынып оқушылары ұялшақ, сондықтан тексеру топпен немесе жеке-жеке өткізіледі.

  • Бала даусының дұрыс қалыптасуына хор жаттығуларының жүйелі қолданылады.

  • Қызықты өткізуге мұғалім ерекше назар аударуы тиіс.





Үйірмені ұйымдастыру формасы:
- лекция
- ұжымдық орындау
- концерт – сабақ


Үйірмені аяқтау формасы
- концерт беру


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
-Тесттік тапсырма
-Шығарма орындау




Мектептегі хор ұйымдастыру жолдары

Ұстаздың әр сыныптағы оқушылардың бастарын қосып, хор ұйымдастыру жүмысы да музыкалық тәрбиенің басты салаларының бірі. Адам жеке басының жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлыктың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді. Бұл өнер баланың есте сақтау, тыңдау қабілеттерін арттырып, өзін-өзі ұстай білуге, жеке бастың мүддесін ұжымға бағындыруға, қиялы мен еркін бақылау жасауға үйретіп, баулиды.

Хор ұжымын ұйымдастыру жұмысы оған оқушыларды қабылдауға арналған талаптардан басталады. Бұл талап та, ең алдымен, оқушылардың музыкалық ән айту қабілеттерін таңдап, байқау жұмысы тұрады. Балалардың дауыс мөлшерін анықтауға барынша көңіл бөлінгені дұрыс. Осы жұмыстарды нақтылы жүргізу үшін хор жетекшісінің бақылау күнделігі болу керек. Онда әр окушының жағдайы, дауыс, есте сақтау, есту, ырғақ соғу сияқты қабілеттері көрсетілуі керек.

Хормен дайындық жұмысы кезең-кезеңмен жүргізіліл, ол әрбір жаңа әнді жан-жақты таныстырумен басталғаны орынды.Хорға шығарманы үйрету жұмыстары әннің сөздерін жаттатудан басталады.

Мектептегі балалар хорымен жұмыс істеудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1)Хордың түрі жеке оның мақсатына байланысты репетиция өткізу.

2)Сөзбен түсінік беріп, жекелеген түстарды көрсетіп отыру (мүндағы түсініктер әрі қысқа, өрі нүска болғаны жөн).

3)Қателіктерді нақтылы көрсетіп, талдау.

4)Оқушылардың түрлі мінез-құлықтарын есепке алып,
жұмыс жасау.

5)Ұстаздың оқушыларға талап қоя білуі мен сезімталдығы.

Хор ұжымымен жұмыс жасау оқу-тәрбиелік, мәдени-қоғамдық жоспарлармен ұштасып жатқаны жөн.







Хор үйірменің бағдарламасы


Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат. Бағдарламаның басты темірқазығы балаларға ән үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру.


Ән айту ережелері

  1. Әнді дұрыс орындау ережесін есіңде сақта.

  2. Ән айтқанда түзу тұр.

  3. Әнді мұғалімнің қол қимылына қарап орында.

  4. Дауысты дыбысты ерніңді дөңгелеңдіріп, шашыратпай орында.

  5. Ән айтар алдында кеудеңмен терең тыныс ал.

Хормен ән айту дағдыларын қалыптастыру алдымен демді бірқалыпты күш түсірмей бірқалыпты алу - ән айту ережелерін дұрыс сақтауға тікелей байланысты жүргізіледі. Хорда ән айту ережесі — жай ән айтудағыдай адамның денені тік ұстап, қолды дененің екі жағына жіберіп (тұрғанда), немесе тізенің үстіне қойып (отырғанда) еркін тұруы немесе отыруы. Демді ішке мұрын мен ауыз арқылы бірдей жаймен алу. Хор әншісі жинақы, біркелкі тыныстануы қажет. Алынған тыныс белгілі музыкалық фразаға шақталып, сол музыкалық фраза орын- далып біткенше үнемдеп жұмсалуы қажет.



Хор жүргізу негіздері

Хормен ән айту курсы ән айту тәжірибесі жоқ, бұрын музыкалық білім алмаған оқушыларға арналған. Хормен жұмыс жүргізу барысында оқушылар әнді хормен айту дағдысының теориялық-практикалық білімдерін меңгереді. Музыка сауаттылығын меңгеру ән айту барысында да жүзеге асып отыруы керек. Оқушылардың дирижерлік тәсілдерді меңгеру кезінде хор айту репертуарының мазмұнына мектеп әндері кіреді. Ансамбль сапасына кері әсерін тигізетін қателіктер — дұрыс жетілмеген, музыкалық есгу қабілеті нашар, дауыс қабілеті мен музыкалық есту қабілетінің сәйкес жетілмегендігі — әнді айқайлап айту болып табылады. Алғашқы жұмыс кезінде көру арқылы кабылданатын қол қимылдары жұмыстары, дыбыс баспалдақтарыньң графикалық сызбалары (болгар бағанасы) бес саусақ арқылы айтқызу әдістері жақсы нәтиже береді. Мұндай әдістерді мұғалім мектеп әндері арқылы қолданса, оқушылар оларды кейін педагогикалык машық кезінде пайдалана алатын болады. Вокальдық хор дағдыларын қалыптастыру мақсатында істелетін барлық жұмыстар хор шығармасында біртұтас ансамбльде айтуға көмектесуі тиіс.



Хор партиялары

Хор калыптастыру жұмыстары унисондық түрде, дауыс мүмкіншілігінің (диапозон) ортаңғы бөлігінде жүргізіледі Екі дауыста ән айтуға көшкен кезде де унисонмен айту дағдысы жалғастырылып отырады. Екі дауыста ән айту дағдысъгн қалыптастыру жұмыстары ең, аддымен канонмен ән айтудан басталып, екі дауысқа көшу біртіндеп іске асырыла бастайды. Алғашқы сабақтардан бастап ырғақтык, динамикалық және жылдамдык ансамблъге көңіл бөлу қажет.


Вокалды хор дикциясы

Бастауыш сынып оқушыларының дауыс шығару аппараттары нәзік болып келетіндіктен үйретілетін әндерді, жаттығуларды таңдап алу негізінде олардың жас ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қатаң сақталуы керек. Оқушылардың дыбыс шығару аппараттарын бірте-бірте шынықтыру, дамыту, әуенді таза меңгере алмайтын, есту қабілеті нашар балаларды мүғалімге жақын алдыңғы қатарда отырғызу, дауысқа күш түсірмейтін жеңіл жаттығулар, әндер үйрету, т.б. арқылы балалардың әншілік дауыстарын кездейсоқ қиындықтардан, дауыстарының бүзылуынан сақтаймыз. Ән сабағы өткізілетін бөлме жарық, ауасы таза, жылы болуы керек. Ән айтқан кездегі отыру ережесі де оқушылардың дауыстарының дүрыс қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Оқыс айқай-шудан сақтандыру керек, ән айту ұзақтығы 10-15 минуттан аспау керектігін мұғалім қадағалауы керек. Үйлесіммен, сөздерін анық татүсінікті, мазмұнды да мәнерлі орындауға қалыптастыру үшін мынадай вокалдық ережелердің орындалуын үнемі қадағалау керек.

Әндету жаттығулар

Хормен ән айту және жалпы ән айтуға үйрету негізінде вокалдық жаттығулардың алатын орны ерекше. Оны жүргізудің мақсаты: әншілік дауыстың негізгі дағдыларын қалыптастыру. Вокалдық жаттығулар дыбыс шығару аппараттарын шынықтырып, төзімділігін арттырады, әншілік дағдыны меңгеруге тәрбиелейді. Ең бастысы оны құра білу. Әрине ең бастысы негізгі қарапайым дем алу, артикуляция, дикция, т.б дағдыларды меңгерту. Одан әрі бірте-бірте өте нәзік бағытта өзгерте отырып дағдыландыру керек. Жаттығуларды ән айтудың алдында жүргізу дауысты ән айтуға дайындап шыңдау болып табылады. Бірінішісі тиянақты бір муз. Шығармаға байланыстырып қолдану. Мұнда вокалдық дағдының меңгерілген қорына байланысты жүргізілсе, екінші түрі үйретілетін шығарма (ән репертуарына байланысты белгілі бір қиындықтарды меңгеру бағытында жүргізіледі.осы екі түрлі жаттығулардың қайсысы болмасын оқушылардың саналы түрде орындалуына көңіл аударылуы керек. Вокалдық жаттығуларды мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлендіріп, таңдап алуларына болады. Мысалы: 1)-ма-ма-а-а-а бір дыбыста айтылады. 2) М-е-н ә-н ай-та-мын, жақ-сы ай-та-мы-ы-ы-ы-н.

Тыныс алу жаттығулар

Хор әншісі жинақы, біркелкі тыныстануы қажет. Алынған тыныс белгілі музыкалық фразаға шақталып, сол музыкалық фраза орын- далып біткенше үнемдеп жүмсалуы қажет. Сондайак хордағы орындаушылардың дыбыс алуы, жеке дыбыс пен сөздердің анық естілуі (дикция), жалпы топтың дауыстың бірлігін білдіретін біркелкі үндестік, ансамбльдік құрылым дирижер қолының әрбір иірімдік қозғалыстарын қалт жібермей қадағалай білу — міндетті шарттылықтар. Дұрыс тыныс алуды қалыптастыру үшін қысқа фра- заларды бір тыныста айтып жаттықтырудан — "легатодан" бастау керек, содан кейін қысқа, үзіп айту "нон легато" жаттығуларын жүргізуге дағдылануға болады. Бірте-бірте тыныс алуды дұрыс жолға қою арқылы үзіліссіз жалғастырып дем алу тәсіліне дағдыландыруға болады.






1-2 тоқсан тақырыптары

  1. Ән айту ережелері

  2. Хор жүргізу негіздері

  3. Хор партиялары

  4. Дауысқа бөлу

  5. Дауыстың ептілігін дайындау

  6. Дауыс қою

  7. Ән «Ұстазым»

  8. Тыныс алу жаттығулар

  9. Ән «Елім-ай»

  10. Үн тазалығымен жұмыс

  11. Ән «Жаңа жыл»

  12. Вокалды хор дикциясы

  13. Әндету жаттығулар

  14. Ашық және жабық дыбыстар

  15. Диапазонды кеңейту жаттығулар

  16. Әуен мен сөздің дамуы



3-4 тоқсан тақырыптары



  1. Ән «Ертеңіме сенемін»

  2. Әндету жаттығулар

  3. Ән «Менің әжем»

  4. Жоғарғы дыбыстар

  5. Төменгі дыбыстар

  6. Үн тазалығы

  7. Ән «Анашым»

  8. Вокалды хор дикциясы

  9. І партия жұмыс

  10. ІІ партия жұмыс

  11. Әндету жаттығулар

  12. Ән «Дос болайық бәріміз»

  13. І партия жұмыс

  14. ІІ партия жұмыс

  15. Ән «Мектеп вальсі»

  16. Жеке әншімен және хормен жұмыс

  17. Әндерді қайталау

  18. Қорытынды сабақ қайталау











«Балдәурен» үйірмесінің жоспары

Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат

№

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Ән айту ережелері

1


2

Хор жүргізу негіздері

1


3

Хор партиялары

1


4

Дауысқа бөлу

1


5

Дауыстың ептілігін дайындау

1


6

Дауыс қою

1


7

Ән «Ұстазым»

1


8

Тыныс алу жаттығулар

1


9

Ән «Елім-ай»

1


10

Үн тазалығымен жұмыс

1


11

Ән «Жаңа жыл»

1


12

Вокалды хор дикциясы

1


13

Әндету жаттығулар

1


14

Ашық және жабық дыбыстар

1


15

Диапазонды кеңейту жаттығулар

1


16

Әуен мен сөздің дамуы

1


17

Ән «Ертеңіме сенемін»

1


18

Әндету жаттығулар

1


19

Ән «Менің әжем»

1


20

Жоғарғы дыбыстар

1


21

Төменгі дыбыстар

1


22

Үн тазалығы

1


23

Ән «Анашым»

1


24

Вокалды хор дикциясы

1


25

І партия жұмыс

1


26

ІІ партия жұмыс

1


27

Әндету жаттығулар

1


28

Ән «Дос болайық бәріміз»

1


29

І партия жұмыс

1


30

ІІ партия жұмыс

1


31

Ән «Мектеп вальсі»

1


32

Жеке әншімен және хормен жұмыс

1


33

Әндерді қайталау

1


34

Қорытынды сабақ қайталау

1






















































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Музыка оқулығы, әдістемесі

  2. «Хор шығармасын қабылдауды қалыптастыру»

  3. К.Қыдырбаева, А.Қарақаева «Орындаушылық топпен жұмыс»

  4. «Хоровой коллектив» Л.Шамина





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
2545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі