«Балдәурен» жазғы алаңының
ашылу салтанаты
Күні:01.06.2018ж
I
жүргізуші: Қайырлы
күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата-
аналар «Балдәурен» сауықтыру легерінің ашылу салтанатына қош
келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан берекеміз
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз
I жүргізуші:
Біз бақытты баламыз
Оттай лаулап жанамыз
Балдәуреннің төрінде
Шырқап әнге саламыз
Ән:
«Балдәурен» сауықтандыру
лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Баймаганбетова Р.К-ға сөз
беріледі.
1 жүргізуші. «Күн сөнбесін»
әні шырқалады,балалардың алдына Күн шуақтарымен
шығады.
1 шуақ: Келді міне тағы
жаз,
Күн шуағымен
жылытады
Жылуын төгіп
бізге,
Бәрімізді қуантады (қыздар
лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады:
«Қуаныш»)
2 шуақ: Жазғы лагерді
ашамын
Бәрлерінді
шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ән
шырқаймыз
Спортпенен шұғылданамыз
(эмблемалық екінші дөңгелегі
«Спорт»)
3 шуақ: Бақыт үшін не
керек?
Әрине,достық қажет!
(эмблеманың үшінші дөңгелегі
«Достық»)
4 шуақ: Мәселеде
қиналма
Досына тез көмек
бер
Енді міне бері
қара
Өзара көмекті ұмытпа!
(эмблеманың 4-дөңгелегі «Өзара
көмек»)
5 шуақ: Лагерден шығып қалмау
үшін Тәртіпті сақта! (эмблеманың
5-дөңгелегі «Тәртіп»).
Күн:
Шаттан,күн,балақай!
Қуанатын күн
бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн
бүгін.
Күн: -Құрметті балалар,сендерді шын жүректен
қуанып қарсы аламын!Сендерге жазғы лагеріміздің эмблемасын
салтанатты түрде таныстыруға қуаныштымын! Біздің
ұран:-«Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді
естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді
сұраймын.
1 жүргізуші:- Тілі балдай
бүлдіршіндер!
2 жүргізуші:-Жігерлі
ұлдар!
1 жүргізуші:-Әсем жанды,айдай
қыздар!
Бірге:-Сендерді «Балдәурен»лагерінің
ашылуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
I жүргізуші:
Қымбатты «Балдәурен» лагерінде демалушы бүлдіршіндер! Сендерді
лагердің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат
етіндер!
II
жүргізуші:
Өзі әсем,
көркті.
Қаталдықты, аямай-ақ
беріпті
Кенжеболатқызы Римма деген
басшы апай
Балдырғанның ашылуына
келіпті.
І-жүргізуші:
«Балдәуренге» асығындар, келіңдер.
Тәлімгер апайларды көріңдер
Балдәуренде әр түрлі қызықтар бар
Жазира мен Анар апайлар келіңдер.
Сендердің ағылшын тілі
ұстаздарың:
Гүлназ апай
II
жүргізуші:
Іш ауырса, тіс ауырса
Емдеп дәрі беретін
Ақ халатты Меруерт апай
Медбике ол біздің.
I
жүргізуші:
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт- досың серігің
Жаттықсаң шымыр боласың
Шынығып өсіп толарсың
Үнемі бізге айтатын
Манат ағай ол біздің .
Жүргізуші:
Мереке бүгін, береке
бүгін
Қуанып, шалқып
тасыған
От боп жүр
жастар,
Шоқ боп жүр
жастар
Көңіл жоқ шешек
атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып
күндей.
Би:
«Гүлдер»
1. «Танысайық»
ойыны. Мен белгілі бір аттарды
атаймын, сол балалар тапсырмасын
орындайды.
Альбина,Әмірхан,Айлана,Аяжан,Райгүл,Ерсұлтан, -алға
шығыңдар.
Мадина,Алтынай,Алихан,Муслим,Мадияр,
Ержан,Аина -күлімдеңдер.
Әбілмансұр,Олжас,Даниал,Аружан,Шыңғыс,Айдана-
еңкейіңдер.
Ерасыл,Нұрай,Махаббат,Ислам,Алинар,Томирис,-шапалақтаңдар.
Нұртуған,Темирлан,Ақжарқын,Адия,Ақниет,Мансүр,Аңсарым,-қол бұлғаймыз.
І-жүргізуші:Енді Балдәурен
лагеріне қабылдау рәсімін бастайық.Сахнаға аталған оқушылар
шығып,ұнаған бояу түсін таңдап,лагерь туына таңбасын
қояды.
Альбина,Әмірхан,Айлана,Аяжан,Райгүл,Ерсұлтан
Мадина,Алтынай,Алихан,Муслим,Мадияр,
Ержан,Аина
Әбілмансұр,Олжас,Даниал,Аружан,Шыңғыс,Айдана
Ерасыл,Нұрай,Махаббат,Ислам,Алинар,Томирис
I
жүргізуші: «Балдәурен» лагерінің ашылу
салтанатына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз
желбіреп, амандықта кездескенше сау
болыңыздар!
Тәрбиеші:Жазитова
Г.Т
Көкшетау қаласы №22 ЖББНМ
КММ