Тақырыбы: «Балдаурен -
2017»
Мақсаты: а)Талантты оқушыларды
таңдау;
ә) Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау;
б) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
Байқаудың
барысы:
- Армысың мектебімнің
қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады.
Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар! Жаңалық
пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша
көрермендерге жалынды сәлем!!!
Бұл әні мен сәні, күйі мен биі үйлескен
«Балдәурен-2015»
байқауы!
Ендеше біз бастаймыз !
Ал, халайық ықыласпен
демейік,
Жұлдыздардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
«Балдәурен-2015» байқауының
әділқазыларын ортаға
шақырамыз.
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Жаманкулова Ардақ Садуақасқызы.
2.Ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі Мухамбеткалиева Назерке
Ерболатқызы
3. Физика пәнінің мұғалімі
Сабырова Эльвира Құрманғазықызы.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр
отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би
билеп, ән шырқап өнерлерін
көрсетеді.
Біздің халық өнерге мол, бай
тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді – деп алғашқы ән кезегіне жол
берейік.
1-сынып оқушысы Тілекқабыл Элиана «Әкешім» әнін шырқап береді.
Біз де биші боламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Деп жүр біздің Аружан мен Динара,
Шұғыладай боламыз,- деп 4-сынып қыздарын Өзбек халық биімен қарсы
аламыз.
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса биік гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Ән: «Домбырасыз ән қайда»
Орындайтын: 2- сынып оқушылары Аманғали мен
Дильназ
Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,
Әншіміз Данагүлді қарсы алайық.
Ән: «Көктем келді»
Орындайтын: 3- сыныптың оқушысы Қанатова
Данагүл
Жез таңдай, күміс көмей, дана
уыз,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың бал дәуренін өткізіп,
Бақыт, шаттық, қуаныш тілейміз біз.
Ән: «Қошақаным »
Орындайтын 3- сынып оқушылары Айсана мен
Бекзада
Ал құрметті қонақтар,
Ортаға назар салыңдар.
Бишілер шығып келеді,
Қол соғып қарсы алыңдар.
Ортаға 1-сынып оқушыларын әсем ән мен биімен ортаға шақырамыз.
Ән: « Ана туралы жыр»
Орындайтын 3- сынып оқушылары Гүлфарида мен
Ләззат
Мектебіміздің жұлдыздары өнері
асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз балаларымыз
Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.
Би: «Жастық шақ»
2- сыныбының оқушысы
Өнермен терең жүзіп
шарықтадың,
Мақсатыңды талап пен анықтадың .
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаным.
Ән: « Қазақстан»
Орындайтын 4- сынып ұлдары
Ал, қонақтар, ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Ақерке мен Сымбатты
Қол соғып қарсы алыңдар
Ән: «Бала тілегі»
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса биік гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт,- деп 5-сыныптың би тобын ортаға
шақырамыз.
Би:
Вальс
Ой арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Бүгінгі ән сайыста,
Өнер сырын шешеміз,- деп келген ұлдарыңыз Маулетті қарсы
алайық.
Ай секілді өздері,
Сыңғыр - сыңғыр билері.
Адам көркі шүберек,
Келді міне үлбіреп,- деп ортаға Әлия мен Раушандай мың бұралған
биші қызарыңызды қарсы
аламыз.
Ал құрметті қонақтар,
Ортаға назар салыңдар.
Әншілер шығып келеді,
Қол соғып қарсы алыңдар.
Ортаға Ердәулет пен Қуатты «Ұландар» әнімен шақырамыз.
Би:Қазіргі заманғы жастар биімен ортаға 6-сынып бишілерін
шақырамыз
Ән салса әншілерім таң
қаларсың,
Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Осындай ән туғызған қазағымды,
Жалындатып шарықтағын әр
дайым.
Ән: «Сапқа тұр»
Орындайтын: 6- сынып
оқушылары
Ән айтып, би билейміз біздер
әлі,
Өнер деген қазағымның тамашасы.
Көрермен қол соғыңыз қошеметтеп,
Аңсар да әнді айтса
жарасады.
Би: Татар биі 7-сынып
бишілері
Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,
Әншіміз Мейірболатты қарсы
алайық.
Кім өнерлі, бұл кеште үміт
алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ қазы алқасы атыңды ақта
Жұлдыздарға арман мен бақыт жолда.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай
Күн сайын өркендейміз өзгереміз
Ұл-қызың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділ-қазы қонаққа сөз береміз.
Айсананың орындауында «Ұстазым» әнін
тыңдаңыздар.
Марапаттау
Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектер мен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осы мен аяқталды байқауымыз.
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет.
Жолыққанша күн жақсы, ел аман
болсын!