15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балдың пайдасы
Секция: Жаратылыстану
Жоба тақырыбы: Балдың пайдасы
Орындаған : Нұржанов Алихан 2 сынып оқушысы
Жетекшісі: Кусаинова Гаухар Алибековна
« Балдың пайдасы » атты
ғылыми жобасына пікір
Тақырып ара балының адам денсаулығына пайдасы жайында. Оқушы өзі зерттеген деректер негізінде Шығыс өңірінде аралардың пайда болу тарихы, ара шаруашылығының даму кезеңдері жан-жақты қамтылып, ара балының адам ағзасына тигізетін пайдасы жайлы, ара балының құрамындағы дәрумендермен, белоктармен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттар адамға қуат беретіні жайлы толық зерттеу жүргізген. Ара балының өлкеміздің қазіргі экологиялық жағдайында ас мәзіріне күнделікті пайдаланудың тигізетін пайдасын ашып көрсетуге тырысқан. Оқушылардан сауалнама алып, балды жемейтін оқушыларды анықтады. Ауырып сабақ босатқан оқушылардың да балды ас мәзіріне пайдаланбайтыны белгілі болғанын анықтады. Алихан тақырыптың өзектілігін аша білген. Бал баланың ойлау қабілетін жақсартатынын да дәлелді түрде зерттеді. Алихан әлі де бұл тақырыпты толықтыра түседі. Балдың адам денсаулығына тағы қандай әсері барын зерттей түседі.
Жалпы жоба талапқа сай орындалған.
Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Гаухар Алибековна
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.
Негізгі бөлім:
2.1. Балдың шығу тарихы
жайында.
2.2. Балдың түрлері.
2.3.
Балдың құрамы.
2.4. Балдың жасалу
жолдары.
2.5. Дәрігерлер кеңесі.
2.6.
Балдың қолданылуы
3. Біздің зерттеу
жұмысымыз
3.1.Биология
кабинетінде
3.2.Химия
кабинетінде
3.3.Дәрігермен
кездесу
3.4.Балдың қолданылуын
зерттеу
3.5.Ауылдағы омарташымен
кездесу
3.6.Сауалнама нәтижесі
4.
Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер
1.
Кіріспе
Мен табиғатымнан жиі ауыратын
баламын.Ауырған кезде анамның емдік
шараларының бірі-балды қолданады.Анам
балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай
кезде маған мынадай ой келді: «Бал
деп нені айтады? Оның тарихы қайдан
бастау алады? Аралар оны қалай
жасайды?»
Менің ойымша бал-бұл тәтті
тағам деп есептеймін.Бірақ менің сыныптас
досым Айнұр,бұл әрі тағам,әрі дәрі деп
есептеймін деді.
Осы сұрақтарға жауап
іздеп ең алдымен энциклопедияны
ақтарып,мынадай анықтама таптым:
«Бал-
жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің
шырынынан өңдеп шығаратын өнімі –
қоймалжың, тәтті сұйық зат.»
Осы
анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа
нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта
ғылыми жоба жазуға бекіндік.
Біздің
жобамыздың басты мақсаты- балдың пайдасын
зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда
пайдаланытынымен кеңірек танысу.
Міндеттері:
Балдың пайда болу тарихымен танысу;
Балдың жасалу технологиясымен танысу;
Балдың құрамын оқып-білу;
Балдың түрлерін анықтап білу;
Балдың қалай және қай жерде
қолданылатынын оқып-білу.
Зерттеу
нысаны- адам
Зерттеу заты-
бал
Зерттеудің өзектілігі-
біз балды күнделікті өмірде жиі
қолданылғанымен,оның көптеген
пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле
бермейміз.
Зерттеудің
болжамы-егер
біз бал жайлы көбірек оқып білсек,
онда балдың көптеген сырларын ашар
едік.
Зерттеу
әдістері
-
ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен
танысу;
- бақылау;
-зерттелген
нәтижеге талдау жүргізу.
2.Негізгі
бөлім:
2.1.Балдың шығу
тарихы
Археологтардың
зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы
адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион
жыл бұрын пайда болған дейді.
Ежелгі
мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде
алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім
ретінде қолданған екен.Испания
мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған
ежелгі ескерткіште адамның балды алып
жатқаны бейнеленген.Адамның балды
аралар арасынан алып жатқан таңбасы
тастарда бейнеленіп,сақталған
екен.
Балдың ғажайып қасиетін
алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық
уақытта әр халық оны емдік мақсатпен
қолданған.Египет папирустарында 3000 жыл
бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу
мақсатымен қолданылған деген жазбалар
сақталған.
Ежелгі қытай және үнді
жазбаларында да балдың ғажайып,ең
керемет қасиеттерге ие екендігін
көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос
гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде
бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал
адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын
нығайтып,жастықты сақтайды деп
санаған.
Ежелгі Грецияда бал «жастықтың
сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы
деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа
бал жағылған жемістерді қойған,бұл
құдайға мәңгілік өмір береді деп
сенген.
Ұлы грек математигі
Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі
осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол
сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит
те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының
мықтылығы балды пайдаланудан деп
айтқан.
Ресейде бал жайлы 945 жылдың
Лаврентьев жазбаларында айтылған
екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын
ретінде көрсетілген.
Осыдан бір жарым
ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы
араларды әкеліп,
қолға ұстай
бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан
облысы Орталық Азия аймағында омарта
шаруашылығының отаны саналады.Елімізде
өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы
Шығыс Қазақстанның үлесінде.
2.2.Балдың
түрлері
Өсімдіктің
бір түрінен жиналған бал «бір шырынды»,
ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған
бал «көп шырынды» деп аталады. Оны
өсімдіктің түріне қарай атайды.
Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына
15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал
ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды
екен.
Ара
балының бөлінуі
Негізінен,
ара балы бір шырынды және көп шырынды
болып бөлінеді.
Бір шырынды бал –
тек өсімдіктердің бір түрінен ғана
жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне
қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының
балы деп, неше түрлі атайды.
Көп
шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше
түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал
беретін өңірлерге байланысты дала балы,
тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи
балдың түрлері
Өмірде
табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты
бал араны қант шырынымен қоректендіру
арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи
балға араластырып сатады. Бұл орайда
табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай
анализ көмектеспейді. Жасанды балдың
құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім,
гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында
анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір
стақан қайнаған су аласыз да оған балды
араластырасыз (Бір стақан суға жарты
стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі
жағында немесе бетінде механикалық
қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың
құрамында крахмалдың бар екендігінің
айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер
бар болса, сонша ма балдың түрлері
бар.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер
бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.
Біз енді солардың бастыларын атап
айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы
бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе
ашық – янтарь түсті болып келетін хош
иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай.
Түйебұршақ балы ішек ауруларына
пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір
жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл
түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға
пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы
сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың
бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке
балының тамақ ауруларына пайдасы мол.
Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны
жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық
(луговой) балы бірінші сортты балға
жатады. Сары
қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы
түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы
тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту
жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай
(малина) балы ақ түсті болады. Жоғары
сортқа жататын балдың бұл түрі суық
тигенде тұмаудың алдын алу үшін
пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный)
балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады.
Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше
иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний,
мысқа бай болғандықтан, түрлі қан
ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке
жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір
ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың
осы түрімен емдеуге болады.
2.3.
Балдың құрамы
Балдың
құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық
құрамы шырын жинаған өсімдіктердің
түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің
ауа-райының жағдайына және балдың
түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл
балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз
белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза,
жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б.
бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері,
минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ,
химиялық элементтер (калий, кальций,
фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір,
марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан
басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді
қышқылдар да болады Ара балының сапасын,
негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы,
ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық
қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының
қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат
береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен,
белокпен, ферменттермен тағы да басқа
тіршілікке қажетті заттармен байытып,
қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы
желдетілген бөлмеде 5 градустан 10
градусқа дейінгі температурада
сақтайды.
2.4.Балды
жинау
Бал
аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда
жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі,
өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы,
шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл
атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл
шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан
гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі
«жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар
жайылған кездері ондаған шақырымға
дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және
адаспай өз ұяларын тауып қайтады.
Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды
гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан
кезде өздеріне тән белгілермен
кейінгілерге хабар береді.
Әр ара
өзінің «қоржынына» өз салмағының
жартысына жететіндей шірне жинай алады.
Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға
жеткізеді. Жас аралар шірнені тор
көзшелерге салады. Іле қанаттарымен
желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның
сілекей безі шірнедегі қант құрамын
өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер
балға толғаннан кейін ара оны балауыз
қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ
сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің
жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан
әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы
өте жоғары бағаланады.
Ара
ұяшықтары
Олар
ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде
жасайды. Математиктердің есептеуінше,
бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда
үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты
ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың
сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді.
Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.
Бал
ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын
тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске
бірден екі-үш жерден бастап кіріседі.
Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап,
бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп
әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда
барлығы бір жерден шығады екен. Алты
бұрыштардың бір-бірімен шебер
жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның
бөлек тоқылғандығын байқау өте
қиын.
Ұяларындағы тазалық, бұзылған
жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру
жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші
қапырық тартса, қанаттарын қағып
жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық
болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп
жылытады.
Жұмысшы ара небәрі 30 – 35
күн ғана өмір сүреді екен.Алайда, бал
арасының еңбекқорлығы бекерден – бекер
мақалға айналмаған: өйткені, бір бал
арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып,
бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7000
гүлге қонады екен. Оның барлық органдары
гүлдеген өсімдіктерден шырын жинауға
бейімделген: артқы аяқтарындағы арнайы
щеткалары мен себетшелері арқылы тозаң
жинайды әрі оны тасымалдайды. Ұзын
тұмсығымен гүл шырынын сорады, жемсауында
гүл шырыны балға айналады, тіпті тапқан
шырынды өсімдіктерін біріне – бірі
хабарлайтын күрделі хабарлауыш жүйесі
де бар.
Жұмысшы аралардың қызметтері
қатаң ажыратылған: біреулері тамақ
тауып ұяға алып келеді, екіншілері оны
алып балауызға құяды, үшіншілері
балауызды тазартады, төртіншілері
қанаттарымен ұяны желдетеді. Бесіншілері
«күзетшілік» қызметін атқарып, ұяның
есігін бағады және жауларын ішке
кіргізбейді. Ал алтыншылары лечинкаларды
тамақтандырады.
Аналық аралар ешқандай
жұмыс жасамайды екен, олар тек өздерінің
күтімімен ғана болады және соны басқа
аралардан да талап етеді екен.
Міне,
қызық! Ара бір ғана рет шағады екен.
Өйткені оның құйрығындағы шаншары
адамның денесінде қалып қояды да,
шаншарынан айырылған ара көп кешікпей
өледі екен.
2.5.Дәрігерлердің
пайдалы кеңестері
Балдың
пайдасы
Мамандардың
айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін
пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан
құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың
қызметін жандандырады, иммунитетті
арттырады, дененің физиологиялық
қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді.
Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу
жолдарын артық өңезденуден сақтайды.
Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына,
бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына,
суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды
құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына,
қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті
күйікке де ем ретінде пайдалануға
болады. Балдың сондай-ақ аллергияға,
бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері
анықталған.
Балдың химиялық құрамы
шырын жинаған өсімдіктердің түріне,
топырағына, ауа райының жағдайына және
балдың түрлеріне байланысты өзгереді.
Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі,
түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік
және жабысқақ қасиеттері арқылы
ажыратылады.
Өте құнарлы, тойымды
болғанына қарамастан құрамында ауыр
қорытылатын элементтер кездеспейді.
Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен
тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар,
белоктар, протеиндер (аминқышқылдары
мен органикалық қышқылдар), минералды
тұздар (калий, кальций, натрий, темір,
хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы
микроэлементтер мен ферменттерге
(каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы
фруктоза, глюкоза және құрақ қант
бұлардың барлығы да адам ағзасына аса
қажетті.
Арамен
емдеу
Арамен
емдеу медицина ғылымында «Апитерапия»
деп аталады. Отандық дәрігер, апитерапия
маманы А. Құрманбаевтың берген
мәліметтеріне сүйенсек, арамен емдеуге
араның балы, прополис (ара желімі), ара
уы, гүл тозаңы және емдік әсері өте күшті
сүт жатады. Ал ара уының құрамында адам
ағзасы үшін пайдалы түрлі ферменттер
мен аминқышқылдары және милитин бар.
Апитерапия арқылы көптеген ауруларды,
соның ішінде ревматикалық полиартрит,
артрит, ревматизм, жүйке аурулары,
остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкі
құрылыс, буын аурулары, колит, асқазан
жарасы, холецистит секілді ауруларды
емдеуге болады. Негізінен емге жұмысшы
аралар пайдаланылады. Ара уының шипасы
бүгінгі күні толық дәлелденген.
Білікті
дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен
ретінде еңбектеген баладан еңкейген
қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі,
бал — шипалы тағам. Құрамында адам
ағзасына өте қажетті жетпістен астам
зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін
арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын
түсіреді, күш- қуатты толықтырады,
әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына
пайдалы. Балдан жасалған сусынның
асқазан ауруын емдеуде әсері зор.
Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді
бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс
көреді.
2.6.Балдың
қолданылуы
Медициналық
жағдайда Тағам түрлерін жасауда
Косметологиялық
жағдайд
Бал-керемет,бірегей қасиеттерге
ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен
қолданады.
Мысалы,кулинарияда,косметологиялық
жағдайда және медицинада.
Кулинарияда
қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті
тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі
бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу
барысында,балдың тағам түрінде кеңінен
қолданылатыны анықталған.Ол адамның
тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал
әсіресе балаларға және қарт адамдарға
өте пайдалы.
Медицина саласында да
балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін
инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде
тыныс алу жолдарын емдеуде жиі
қолданылады.Қазіргі таңда балдың
қолданылуы ғылыми медицинада да өз
жолын табуда.
Косметолиялық жағдайда
да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында
балдан түрлі маскалар жасалып,кейде
массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында
балы бар сусабындар,шаш бояғыш
бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа
ие.
3.Біздің
зерттеу жұмысымыз
3.1.Биолгия
кабинетінде
Біз
өз зерттеу жұмысымызды биология
кабинетінен бастадық.Бұл жерде біз
араның дене құрылысымен,оның жалпы
түр-сипатымен таныстық.Бізге биология
пәнінің мұғалімі Перизат Сериковна
әңгімелеп түсіндіріп берді.
3.2.
Химия кабинетінде
Содан
кейінгі зерттеу жұмысымызды химия
кабинетінде жалғастырдық.
Өйткені
деректерді оқи отыра оның құрамында
көптеген микроэлементтер бар екенін
білдік.
Олар-марганец,кремний,аллюминий,бор,хром
т.б.
Ал негізгі бөлігі глюкоза мен
фруктозадан тұрады екен.Біз соны анықтау
үшін химия пәнінің мұғалімі Әлия
Сапарбековның көмегіне жүгіндік.
Әлия
Сапарбековна бізге балдың құрамында
глюкоза бар екенін көрсету мақсатында
тәжірбие жасап көрсетіп,түсіндіріп
берді.
Тәжірбие өте сәтті шықты.Шынында
да балдың құрамында микроэлементтер
бар екен,яғни ол өте пайдалы екеніне
көзімізді жеткіздік.
3.3.Дәрігермен
кездесу
Балдың
денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін
білу үшін,мектебіміздің дәрігері Алма
Қаиркенқызымен әңгімелесіп,кеңес
сұрадық.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра,тағы
да көп нәрсені біліп,таныстық.
Біздің
болжауымыз бойынша балдың кері әсері
де болуы керек қой.Сондықтан нақтырақ
түсіндіруін сұрадық.Дәрігер бізге оны
да түсіндіріп берді. «Әрине,ол адамда
аллергиялық реакция туғызуы мүмкін,оның
өзінде тек кішкентай балаларда.Өйткені
олардың ағзалары әлі түгелдей
қалыптаспағандықтан.Сондықтан 1 жасқа
дейінгі балаларға балды қолданғанда
өте сақ болған жөн.» -деді.
3.4.Балдың
қолданылуын зерттеу
Косметологиялық
жағдайда зерттеу үшін ірімшік пен бал
қосылған масканың рецептін тауып
алдық.Ол үшін-1 шай қасық ірімшік,1 ас
қасық сүт,1/2 қасық бал қажет.
Бұл кезде
бізге менің тәтем көмек көрсетті.Ол осы
қоспаны 3 апта қолданып көріп,нәтижесінде
бет терісінің ылғалданғанын,өңінде
өзгеріс пайда болғанын айтты
Кулинариялық
жағдайда зерттеу үшін бізге анамыз
көмектесті.Анам алма мен бал қосылған
бәліш пісірді.Ол үшін-2 алма, 4 ас қасық
бал,1 стақан қант,1,5 стақан ұн,100 гр
маргарин,2 жұмыртқа қажет.Бізде оған
көмектестік.Бұл жұмыс өте қызықты
болды.
3.5.
Ауылдағы омарташымен кездесу
Біз
зерттеу жұмысымызды аяқтаған соң
өзіміздің ауылымызда осы бал арасымен
айналысатын адам бар ма екен деп
ойландық.Ауылымызда осы іспен айналысатын
бірнеше адам бар екен.Солардың бірі
Кондратьев Виктор Василиевичпен
кездесіп,ол кісіге де өзімізді қызықтыратын
сұрақтарды қойып,нақты жауап алдық.Ол
кісі бізге осы іспен 1982 жылдан бастап
айналысатындығын және бұл іс ол кісіге
қатты ұнайтынын айтты.Балдың өте пайдалы
екендігін,емдік қасиеттері туралы
баяндап берді.Бұл іспен айналысу үшін
көп еңбек пен шыдамдылық керек деп
түсіндірді.Біз Виктор Василиевичке осы
жылда мол өнім алыңыз деп сәттілік
тіледік.
3.6.
Сауалнама нәтижесі
Осы
тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра
біз өте көп маңызды мағлұматтармен
таныстық.
Бал-бұл бірегей өнім.Ол
бізге зиянынан пайдасы көп екенін
аңғардық.Өзімізге қажетті көптеген
қызықты деректер аштық.
Біздің осы
тақырыпқа деген қызығушылығымыз арта
түсті.Сондықтан біз 2-4 сынып оқушылары
арасында сауалнама жүргіздік.
Балдың
қай түрі аса пайдалы? Cауалға жауап:
Өз
басым балды өте жиі пайдаланамын. Бірақ
көбінесе таңдай алмаймын, реті келгенін
сатып ала беремін. Өзінің түрі де көп
қой. Сұрайын дегенім, балдың қай түрі
ең пайдалы болып есептеледі?
Табиғи
балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан
өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана
беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз
мықты болуы үшін күніне тым болмағанда
бір қасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың
ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы
болып есептеледі. Әдетте, ол мөп-мөлдір,
сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақ
ұзаққа дейін кристалданбайды және
қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді.
Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі
қараған (ака¬ция), долана (боярышник),
талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл
(черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай
(жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы
көктем гүлдерінен жиналады.
Ағзаны
нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан
тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге
пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі
бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр
түсті болып келеді және құрамында темір
көп болады. Қараған балы – асқазан
жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін
арттыруға және дене қызуын түсіруге
таптырмайтын ем.
4.
Қорытынды
Балды
пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне
байланысты кеңінен қолдануға болады
және қолдану керектігін түсіндік.
Балдың
құрамында адам ағзасына пайдалы барлық
химиялық қоспалар бар екенін
аңғардық.
Балдың өте ертеде алғашқы
адамдарға дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз
оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де
пайдаланғанын оқып білдік.
Біз
алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп
ойлаймыз.
Осы тақырып төңірегінде
көптеген мағлұматтар ала отыра,өз
зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен
көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс
бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды
келешекте ары қарай жалғастыру
жоспарымызда бар.
1.
«Ақ дастарқан» кітабы 1985 ж.
2. Интернет
жүйесін пайдалану
3. «Қазақстан»
ұлттық энциклопедиясы (2-том,1-том)
4.
«Балдырған» балалар журналы 2009 ж. 9
нөмірі
5. «Егемен Қазақстан» газеті
2011 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 ЛИЦЕЙІ»КММ
Секция: Жаратылыстану
Жоба тақырыбы: Ара балының емдік қасиеті
Орындаған :Даулетов Асанали 3 «Б» сынып оқушысы
Жетекшісі:Рахимжанова Данара Мусратовна
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................5
Негізгі бөлім ................................7
Ара балының бөлінуі ................................7
Табиғи балдың түрлері .................................8
Балдың құрамы мен қуаты .................................8
Балдың емдік қасиеті .................................9
Бал арасының семьясы .................................14
Араның сыртқы құрылысы ................................15
бал араларды қорғау .................................17
Қорытынды ................................20
Қолданылған әдебиеттер..............................................................21
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ «ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КАММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ 3-«Б» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ Даулетов Асаналидің
«АРА БАЛЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ» АТТЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫНА ПІКІР
Тақырып ара балының адам денсаулығына пайдасы жайында. Оқушы өзі зерттеген деректер негізінде Шығыс өңірінде аралардың пайда болу тарихы, ара шаруашылығының даму кезеңдері жан-жақты қамтылып, ара балының адам ағзасына тигізетін пайдасы жайлы, ара балының құрамындағы дәрумендермен, белоктармен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттар адамға қуат беретіні жайлы толық зерттеу жүргізген. Ара балының өлкеміздің қазіргі экологиялық жағдайында ас мәзіріне күнделікті пайдаланудың тигізетін пайдасын ашып көрсетуге тырысқан. Оқушылардан сауалнама алып, балды жемейтін оқушыларды анықтады. Ауырып сабақ босатқан оқушылардың да балды ас мәзіріне пайдаланбайтыны белгілі болғанын анықтады. Айзере тақырыптың өзектілігін аша білген. Бал баланың ойлау қабілетін жақсартатынын да дәлелді түрде зерттеді. Айзере әлі де бұл тақырыпты толықтыра түседі. Балдың адам денсаулығына тағы қандай әсері барын зерттей түседі. Жалпы жоба талапқа сай орындалған.
Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі: Рахимжанова Данара Мусратовна
АННОТАЦИЯ
"Балдың пайдасы " тақырыбы мазмұны мен мағынасы жағынан өте қызықты.
Тақырыптың мақсаты: Ара балының адам денсаулығы үшін маңызын көрсету. Осы тақырыпты ашу үшін бал арасының Шығыс өңірінде пайда болу тарихы, ара шаруашылығының даму кезеңдері жан-жақта қамтылып, балдың адам ағзасына тигізетін пайдасы жайлы, ара балының құрамындағы дарумендер, белоктар, ферменттер тағы да басқа тіршілікке қажетті заттар адамға қуат беретіні жайлы толық зерттеу жүргізу.
Зерттеу өзектілігі: Ара балының өлкеміздің қазіргі экологиялық жағдайында ас мәзіріне күнделікті пайдаланудың адам ағзасына тигізетін пайдасын көрсету.
Зерттеу кезеңдері:
"Араның Алтай өңірінде пайда болуы";
"Ара балының түрлері";
"Балдың емдік қасиеттері";
"Бал араларын қорғау" атты тақырыптармен баяндалып, құнды деректер берілді.
Зерттеу, іздену, тәжірибе жасау арқылы бал арасының пайда болу кезеңдерін зерттеу, бал өндіретін шаруашылықтарға барып, бақылау жүргізу, тәжірибе, сауалнама арқылы балдың қаншалықты құнды екені дәлелденді.
Зерттеу жаңалығы: Ара балының адамның ойлау қабілетінің жақсаруына тигізетін пайдасы.
Жұмыстың зерттеу қорытындысы мен нәтижесі: Оқушылардан алынған сауалнама қорытындысында бал жеп жүрген балалардың тұмаумен көп ауырмайтынын, көңіл күйлерінің көтерінкі болатыны белгілі болды.
1. Кіріспе.
Биылғы жылы мектеп асханаларында оқушыларға бал беріле бастады.
Әр жолы балдың түрі әр түрлі болады. Мен ол неге олай деп таң қалдым. Содан кейін араның балын зерттеп көрейін деп ойладым. Жыл көлемінде зерттеп, ізденіп қызықты мәліметтер жинақтадым. Бір кездері біздің аймақта бал арасы мүлде жоқ болыпты, археологтар тастар суреттерден, бұрын ара болғанын білген, зерттеу барысында жабайы адамдар балды алу жолдарын білмей, мыңдаған араларды өлтіріп, балы мен балауызын пайдаланған.
Біздің Алтай өлкесіне басқа мемлекеттерден аралар әкелінген, бірақ та олар қырылып қалып отырған. Ең соңғы рет араларды Киевтен 1786 жылы әкелді; сол кезден бастап біздің ауа райға қалыптасып, ара өз тіршілігін бастады.
Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық- янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бүл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Тайқурай (кигірей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың . бактерияға қары қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқұрай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе коңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мыска бай болғандықтан, түрлі кан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай- ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
Негізгі бөлім.
Біздің қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз, солай екендігіне көзіңіз опоңай жетеді.
Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз шықса, ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге қоңып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара. Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы. Солардың кейбірі жайлы жеке сөз қозғап көрсек.
Ара - ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді.
Еркек араның у безі және шанышқы инесі болмайды. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай - ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады. Зерттеу барысында білдім.
Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады.
Сіз өміріңізде тым болмаса бір рет араның ұясын қолыңызға ұстап көрдіңіз бе? Көрмесеңіз солай етуге кеңес береміз. Аралар тобы бал жинау үшін әуелі ұясын сайлайды. Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екендігін көресіз.
Ара өз ұясын таза балауыздан тоқитын көрінеді. Ол үяның мығым болуын қамтамасыз етеді.
2.1 Ара балының бөлінуі.
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қарақұмық балы, жөке ағашының балы деп,- неше түрлі атайды. Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
2.2 Табиғи балдың түрлері.
Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық - янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бүл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Тайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луғовой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас корыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқұрай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишиый) балы қою кызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай- ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
2.3 Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысгы. Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахароза, мальтоза, т.б. бар. Және де ВЗ, В5, А,С, Н, Е, К дәрумендері, минералды
тұздар, ферменттер, сондай-ақ, химиялық элементтер (калий, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
2.4 Балдың емдік қасиеті
Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:
Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.
Тері қышымасына:. ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.
Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатьп, самасын тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.
ЬІстық, суықтан тіс қақсағанда: өңделген ара ұясын, суға бықтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.
Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.
Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.
Дизентерияға: ара ұясыы кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.
Үйреншікгі іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.
Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр. мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.
Улы жәндіктер шақканда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотырға жағады.
Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.
Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.
Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, кұлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатьш, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.
Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды. шайқау да пайдалы. Сондай - ақ, шәйнекте қайнан тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.
Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым,
екі сағат бұрын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал
қанның кұрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.
Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құйып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен күніне бес - алты рет ішуі керек.
Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып койып, үш - төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 - 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе кұм, тас жиналудан сақтайды.
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосьш, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады.
Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
Балды үккіштен өткізілген сәбізден косып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қойдың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықгпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.
Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.
Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.
Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.
Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса,
бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.
2.5 Бал арасының семьясы.
Бал аралары барлық қоғамдық насекомдар сияқты үлкен қауымдастық - семья құрып тіршілік етеді. Жеке ара өздігінен тіршілік ете алмайды. Ара ұясы - биологиялық және шаруашылық бірлік болып табылады. Онда көптеген жұмысшы аралар, аталықтыр және аналық болады. Жеке ұяшықтарда әртүрлі даму кезеңіндегі дернәсілдер болады. Ара ұясында жыл бойына әртүрлі өзгерістер де болып тұрады. Ол өзгерістер араның нәсіліне, жыл маусымына, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты. Бал аралары ертеректе топтасып тіршілік етпегендігін ғалымдар дәлелдеп берген. Бал арасының арғы тегі жеке-дара тіршілік еткен. Жердің жарықшақтарына ін орнатып, жекелей тіршілік ететін аралардың түрлері әлі де бар. Эволюңиялық даму кезеңдерінде, тіршілік құру жағдайларының өзгеруіне байланысты, аралар сапалық өзгерістерге ұшырап, қоғам болып тіршілік етуге бейімделді. Осылай коғамдасудың сапалық өзгерістерге ұшырап, қоғам болып тіршілік етуге бейімделді. Осылай коғамдасудың тіршілік үшін күресте көп артықшылығы бар еді. Мұндай тіршілік түрі біртіндеп бекіп, болашақ ұрпақтарда дами түсті. Алғашқы пайда болған семьяларда ара саны аз болған. Қазірғі кезде жекелей тіршілік ететін аралардың аналықтары 10-12 ғана жұмыртқа салады. Біртіндеп семьядағы ара саны көбейе түсті, себебі семьядағы ара саны неғұрлым көп болса, жазда азық қорын молырақ жинауға, қыста денелерінен шыққан жылу әсерінен температураны бірқалыпты ұстауға суыққа төзімдірек етеді.
Ғалымдардың топшылауынша алғашында барлық семья аналықтарының құрылысы мен атқаратын жұмысы бірдей болған. Топтасып тіршілік ету барысында; аналықтардың арасында мамандану басталды. Жазда, Қолайлы жағдайларда шыққан аналықтар жақсы дамып, жұмыртқаны көбірек салатын болады. Ал қолайсыз жағдайларда аналықтардың жыныс мүшелері нашар дамып, бұл аралар қоректік заттар жинауға, болашақ ұрпақтарды қоректендіріп, тәрбиелеуге бейімделді. Сонымен аналық аралар екі топқа
бөліне бастады. Бірнешелері көбеюге, яғни жұмыртқа салуға, екіншілері азық қорын жинап, өскіндерді қоректендіруге мамандады. Осымен қатар олардың жеке органдарының кұрылысы мен атқаратын кызметы де өзгерді. Аналықтарының аналық бездері жақсы дамып өмірлерінде ондаған, жүздеген мың жұмыртқа салатын қабылетке ие болды, ал жұмысшы аралардың азық қорын жинайтын, оның ұрпақтарды қоректендіру үшін дайындайтын органдары жақсы жетілді.
Алғашқы ара семьялары коп аналықты болады. Бір семьяда ондаған, жүздеген аналықтар жұмыртқа салды. Біртіндеп аналықтардың жұмыртқалағыш қабілетгері артқан сайын, ұядағы аналық саны азая берді. Қазіргі кезде бір семьяда бір аналық қана бар. Рас, кейбір оңтүстік ара семьяларында екі аналық болуы мүмкін, бірақ бұл уақытша кұбылыс. Аналық ауысқан кезде семьяда біреуі ғана қалады.
Жаздың ортасында семьядағы жұмысшы аралардың саны 60-80 мың шамасында. Семьядағы араның көп болуы шірне жинау кезінде көп артықшылықтар береді. Азғантай уақыттың ішінде күзге, қысқа, көктемге жететіндей азық корың жинауға жақсы әсер етеді. Ұядағы жылуды сақтау үшін және азық қорын үнемдеп жұмсауларына да көмектеседі. Құрылысына және дене бітіміне зейін қоя қарағанда, жұмысын жаңа бастаған тәжірибесіз арашы да ұядағы аналықты аталықтан және жұмысшы аралардан ажырата алады.
2.6 Араның сыртқы құрылысы.
Бал арасы жататын насекомдар класы денесінің үш бөлімге: бас, кеуде және кұрсаққа бөлінуімен сипатталады. Араның бас бөлімінде көздері, мұртшалары және ауыз аппараты орналасқан. Араның басы - дененің келесі бөлімі - кеудеге жіңішке икімді мойынмен бекінген. Кеуде және дененің үшінші бөлімі - құрсақ, сегменттер деп аталатын бірақтар сақиналардан түзілген. Көптеген насекомдарда кеуде тек қана үш сегментген тұрады, дегенмен арада және оған туыстас насекомдарда кеуде төрт сегменітерден: алдынғы кеуде, немесе проторакс; орта кеуде, немесе мезоторакс; артқы кеуде, немесе метаторакс және аралық сегмент - проподеумнан түзілген. Араның проподеумы көптеген насекомдардың бірінші құрсақ сегменті болып келеді. Алдыңғы кеудеде аяқтардың бірінші жұбы; ортаңғы және артқы кеуделерде бір-бір жұп аяқтар болады, сондай-ақ екі жұп қанаттары орналасады. Кеуде - насекомның таза локомоторлық орталығы. Құрсақтың қысқа бұтақшасы кеудені құрсаққа бекітеді. Құрсақта барлық негізгі ішкі мүшелер мен бізгегі орналасады.
Араның ауыз аппараты, көк қасқа шегірткелер немесе қара шегірткелердің ауыз аппараты секілді бірнеше бөлімнен тұрады, бірақ олардан пішінімен ерекшеленеді; араның ауыз аппараты гүл күлтесінің жиынтығынан сұйық қоректі алумен қатар, тозаңды жеу мен жинауға жақсы бейімделген; ал көк қасқа шегірткелер мен қара шегірткелер қатты қоректің кесектерін кеміріп, шайнап, жұтады.
Араның қанаттары тез ұшу мен жүкпен ұшуға бейімделген. Аяқтары жүру әрекетінен басқа да әрекеттерге бейімделген.
Араның денесі қатты жабын - кутикуламен қапталған. Ол дене мен ішкі мүшелерге қанқа, сондай - ақ сыртқы ортаның кері әсерлерінен қорғау қызметін атқарады. Сыртқы қабаттан немесе кутикуладан баска, араның тері қабаты, тірек пластинкасынан және ішкі қабат немесе гиподермадан тұрады. Тірек плас гинкасы жұка қабыршақ тәрізде болып келеді де, бір қатар тірі жасушалардан тұратын, екінші гиподермальді қабатқа негіз болады. Бұл жасушалар тері жабынына мықтылық пен тұрақтылық беретін кутикуланың қуатты қабатын түзейді.
Насекомдардың кутикуласы күрделі құрылысты. Ол сырт жағынан насекомның денесіне тұрақтылық беретін жұқа эпикутикуламен жабылған.
Эпикутикула кышқылдарда ерімейді және ара жабыны суланбайды. Екінші қабат - экзокутикула - неғұрлым қатты. Мұнда насекомның денесіне түс
беретін бояғыш заттар - пигменттер болады. Ең соңғысы, ішкі, колсмі
жағынан ең үлкен қабат - эндокутикула өзінің мөлдірлігімен және күрделі
құрылысымен сипатталады. Ол кутикуланың тұрақтылығы мен икемділігі қамтамасыз ететін бірнеше параллель пластинкалардан тұрады.
2.7 Бал араларды қорғау.
бап. Бал араларды қорғау және молықтыру.
Бал араларын қорғауды және молықтыруды меншік иесі:
бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындары мен орын ауыстыру жолдарын қорғау;
омарталарға ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету;
бал аралар орналасқан ареалдарда бал ара ұяларының оңтайлы санын қамтамасыз ету;
бал араларын ғылыми негізделген түрде және ұтымды пайдалану;
бал ара ұяларын бұзып қирату мен қасақана жоюдың алдын алу жөнінде шаралар қолдану;
өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдык тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде бал араларын қорғау;
бал араларын сақтауға бағытталған қызметке жәрдемдесу арқылы жүзеге асырады.
бап, Бал аралардың мекендеу ортасын, олардыц көбею жағдайларын, көшу орындарын және орынауыстыру жолдарын қорғау.
Бал аралар санының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау, олардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шараларды, бал араларын сақтау және олардың тіршілігі үшін ерекше құнды саналатын учаскелер мен өсімдіктерге қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге міндетті.
бап. Бал араларын өсімдіктерді қоргау құралдары, минералдық тыңайтқыштар және баска да препараттар қолданылган кезде қорғау.
1. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолданатын жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуынан бес күн бұрын осы жайында өңделетін учаскелерден жеті километрге дейінгі радиуста омарталары бар омарташылары бар омарташыларга жазбаша ескертуге, қолданылатын препарат, оның уыттылығы және оқшаулау мерзімдері туралы хабарлауға міндетті.
бап. Орман шаруашылыгы жұмыстарын жүргізу кезінде бал араларын қорғау.
Тұрақты омарталар орналасқан жерден үш километрге дейінгі радиуста, ормандардың санитариялық жай-күйін және оларды молықтыру жағдайларын жаксартатын реттерді қоспағанда, бал жинау көздері - ағаштар мен бұталарды кесуге, сондай-ақ сәмбі тал кабығын дайындауға тыйым салынады.
бап. Бал араларын мекендеу ортасы жағдайында қоргау.
Бал араларының пайдалы қасиеттерін пайдалану, сондай-ақ олар мекендейтін орта жағдайында бал ара шаруашылығы өнімдерін алу жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бал аралар мекендеген орта жағдайларында ұяларды және бал ара ұялары орналасқан басқа да жерлерді бұзып қиратуға, сондай-ақ бал ара ұяларынан бал алуға жол берілмейді.
Егер бал ара ұясы өзі мекендейтін орта жағдайында адамның тіршілігін қиындатса, мұндай бал ара ұясын көшіру мүмкін болмаған кезде, көшіру немесе жою бал ара шаруашылығы саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіледі.
13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру).
Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру) ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс. Тасымалдауды (көшіруді) жүзеге асыратын көлік құралдарын кідірту бал ара ұяларына құрып кету қауіптерін төндірмей жүргізілуге тиіс.
Қорытынды.
2002 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев « Бал ара шаруашылық » туралы заң қабылдады.
Осы заң ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауыл шаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатнастарды реттейді.
Біздің қаламыз Өскеменде шығыстың балды өңір екенін сипаттайтын, бүкіл республикаға танымал шығыс балын ерекше мақтан ете отырып, еңбекқор араларға мүсін қойылды. Мүсіншілер күн-түн демей, салмағы 260 келілік үлкен араны, оның қасындағы салмағы 30 келі кішкенгай үш еңбекқор жәндікті санаулы күнде жасап шықты. Ескерткіштің биіктігі - 14 метр. Бал арасының қаңқасы темірден, қанаты полимерден жасалған.
Осы мүсін араның адам өміріндегі алатын орнын әйгілеп тұрғандай. Ғалымдардың айтуынша, озон қабатының тесілуі мен ғаламдық жылынуға қоса, адамзатқа тағы бір үлкен қауіп төніп түр. Бұл - кәдімгі бал арасының жойылып бара жатқандығы.
Ендеше , қоршаған ортаны сақтауға барлығымыз күш салайық!
Қолданылған әдебиеттер
Р.Д. Риб – Ара шаруашылығы;
В.В. Максимов, И.И. Рукавицын – Ара балы;
А. Әлімжанов - Ара балының құндылығы.
Дитрих А., Юрмин Г., Кошурников Р. - "Негеш" балалар энциклопедиясы
"Сұрақтар мен жауаптар" / Е. Куликова, Д. Беленькая, О. Корчагина
"Қазақстандағы жануарлар әлемі" / А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь
"Тірі табиғат" / Д.В. Вознякевич, Е.И. угарова, В.Т. Чутнова
"Қызықты география" / А. Әлімжанов
згі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихы жайында.
2.2.Балдың түрлері.
2.3.Балдың құрамы.
2.4.Балдың жасалу жолдары.
2.5.Дәрігерлер кеңесі.
2.6.Балдың қолданылуы.
Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1.Биология кабинетінде
3.2.Химия кабинетінде
3.3.Дәрігермен кездесу
3.4.Балдың қолданылуын зерттеу
3.5.Ауылдағы омарташымен кездесу
3.6.Сауалнама нәтижесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын.Ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі-балды қолданады.Анам балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Бал деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?Аралар оны қалай жасайды?»
Менің ойымша бал-бұл тәтті тағам деп есептеймін.Бірақ менің сыныптас досым Айнұр,бұл әрі тағам,әрі дәрі деп есептеймін деді.
Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:
«Бал-жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықзат.»
Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндік.
Біздің жобамыздың басты мақсаты— балдың пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу.
Міндеттері:
Балдыңпайда болу тарихыментанысу;
Балдыңжасалутехнологиясыментанысу;
Балдыңқұрамыноқып-білу;
Балдыңтүрлерінанықтапбілу;
Балдыңқалайжәнеқайжердеқолданылатыныноқып-білу.
Зерттеу нысаны— адам
Зерттеу заты- бал
Зерттеудің өзектілігі-біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Зерттеудің болжамы-егер біз бал жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
— ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
— бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
2.Негізгі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихы
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.
Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп,сақталған екен.
Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.
Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.
Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.
Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.
Ресейде бал жайлы 945 жылдың Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,
қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.
2.2.Балдың түрлері
Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.
Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
2.3. Балдың құрамы
Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
2.4.Балды жинау
Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді.
Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады.
Ара ұяшықтары
Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.
Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.
Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.
Жұмысшы ара небәрі 30 – 35 күн ғана өмір сүреді екен.Алайда, бал арасының еңбекқорлығы бекерден – бекер мақалға айналмаған: өйткені, бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7000 гүлге қонады екен. Оның барлық органдары гүлдеген өсімдіктерден шырын жинауға бейімделген: артқы аяқтарындағы арнайы щеткалары мен себетшелері арқылы тозаң жинайды әрі оны тасымалдайды. Ұзын тұмсығымен гүл шырынын сорады, жемсауында гүл шырыны балға айналады, тіпті тапқан шырынды өсімдіктерін біріне – бірі хабарлайтын күрделі хабарлауыш жүйесі де бар.
Жұмысшы аралардың қызметтері қатаң ажыратылған: біреулері тамақ тауып ұяға алып келеді, екіншілері оны алып балауызға құяды, үшіншілері балауызды тазартады, төртіншілері қанаттарымен ұяны желдетеді. Бесіншілері «күзетшілік» қызметін атқарып, ұяның есігін бағады және жауларын ішке кіргізбейді. Ал алтыншылары лечинкаларды тамақтандырады.
Аналық аралар ешқандай жұмыс жасамайды екен, олар тек өздерінің күтімімен ғана болады және соны басқа аралардан да талап етеді екен.
Міне, қызық! Ара бір ғана рет шағады екен. Өйткені оның құйрығындағы шаншары адамның денесінде қалып қояды да, шаншарынан айырылған ара көп кешікпей өледі екен.
2.5.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері
Балдың пайдасы
Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.
Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.
Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.
Араменемдеу
Араменемдеу медицина ғылымында «Апитерапия» депаталады. Отандықдәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтыңбергенмәліметтерінесүйенсек, араменемдеугеараның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүлтозаңыжәнеемдікәсеріөтекүштісүтжатады. Ал ара уыныңқұрамындаадамағзасыүшінпайдалытүрліферменттер мен аминқышқылдарыжәнемилитин бар. Апитерапия арқылыкөптегенауруларды, соныңішіндеревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйкеаурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкіқұрылыс, буынаурулары, колит, асқазанжарасы, холецистит секілдіаурулардыемдеугеболады. Негізіненемгежұмысшыараларпайдаланылады. Ара уыныңшипасыбүгінгікүнітолықдәлелденген.
Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынныңасқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.
2.6.Балдың қолданылуы
Медициналық жағдайдаТағам түрлерін жасауда
Косметологиялық жағдайда
Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады.
Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада.
Кулинарияда қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу барысында,балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған.Ол адамның тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал әсіресе балаларға және қарт адамдарға өте пайдалы.
Медицина саласында да балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады.Қазіргі таңда балдың қолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда.
Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып,кейде массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында балы бар сусабындар,шаш бояғыш бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие.
3.Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1.Биолгия кабинетінде
Біз өз зерттеу жұмысымызды биология кабинетінен бастадық.Бұл жерде біз араның дене құрылысымен,оның жалпы түр-сипатымен таныстық.Бізге биология пәнінің мұғалімі Гаухар Есмағзамовна әңгімелеп түсіндіріп берді.
3.2. Химия кабинетінде
Содан кейінгі зерттеу жұмысымызды химия кабинетінде жалғастырдық.
Өйткені деректерді оқи отыра оның құрамында көптеген микроэлементтер бар екенін білдік.Олар-марганец,кремний,аллюминий,бор,хром т.б.
Ал негізгі бөлігі глюкоза мен фруктозадан тұрады екен.Біз соны анықтау үшін химия пәнінің мұғалімі Әлия Сапарбековның көмегіне жүгіндік.
Әлия Сапарбековна бізге балдың құрамында глюкоза бар екенін көрсету мақсатында тәжірбие жасап көрсетіп,түсіндіріп берді.
Тәжірбие өте сәтті шықты.Шынында да балдың құрамында микроэлементтер бар екен,яғни ол өте пайдалы екеніне көзімізді жеткіздік.
3.3.Дәрігермен кездесу
Балдың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін,мектебіміздің дәрігері Алма Қаиркенқызымен әңгімелесіп,кеңес сұрадық.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра,тағы да көп нәрсені біліп,таныстық.
Біздің болжауымыз бойынша балдың кері әсері де болуы керек қой.Сондықтан нақтырақ түсіндіруін сұрадық.Дәрігер бізге оны да түсіндіріп берді. «Әрине,ол адамда аллергиялық реакция туғызуы мүмкін,оның өзінде тек кішкентай балаларда.Өйткені олардың ағзалары әлі түгелдей қалыптаспағандықтан.Сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларға балды қолданғанда өте сақ болған жөн.» -деді.
3.4.Балдың қолданылуын зерттеу
Косметологиялық жағдайда зерттеу үшін ірімшік пен бал қосылған масканың рецептін тауып алдық.Ол үшін-1 шай қасық ірімшік,1 ас қасық сүт,1/2 қасық бал қажет.
Бұл кезде бізге менің тәтем көмек көрсетті.Ол осы қоспаны 3 апта қолданып көріп,нәтижесінде бет терісінің ылғалданғанын,өңінде өзгеріс пайда болғанын айтты.
Кулинариялық жағдайда зерттеу үшін бізге анамыз көмектесті.Анам алма мен бал қосылған бәліш пісірді.Ол үшін-2 алма, 4 ас қасық бал,1 стақан қант,1,5 стақан ұн,100 гр маргарин,2 жұмыртқа қажет.Бізде оған көмектестік.Бұл жұмыс өте қызықты болды.
3.5. Ауылдағы омарташымен кездесу
Біз зерттеу жұмысымызды аяқтаған соң өзіміздің ауылымызда осы бал арасымен айналысатын адам бар ма екен деп ойландық.Ауылымызда осы іспен айналысатын бірнеше адам бар екен.Солардың бірі Кондратьев Виктор Василиевичпен кездесіп,ол кісіге де өзімізді қызықтыратын сұрақтарды қойып,нақты жауап алдық.Ол кісі бізге осы іспен 1982 жылдан бастап айналысатындығын және бұл іс ол кісіге қатты ұнайтынын айтты.Балдың өте пайдалы екендігін,емдік қасиеттері туралы баяндап берді.Бұл іспен айналысу үшін көп еңбек пен шыдамдылық керек деп түсіндірді.Біз Виктор Василиевичке осы жылда мол өнім алыңыз деп сәттілік тіледік.
3.6. Сауалнама нәтижесі
Осы тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра біз өте көп маңызды мағлұматтармен таныстық.
Бал-бұл бірегей өнім.Ол бізге зиянынан пайдасы көп екенін аңғардық.Өзімізге қажетті көптеген қызықты деректер аштық.
Біздің осы тақырыпқа деген қызығушылығымыз арта түсті.Сондықтан біз 2-4 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.
Балдың қай түрі аса пайдалы? Cауалға жауап:
Өз басым балды өте жиі пайдаланамын. Бірақ көбінесе таңдай алмаймын, реті келгенін сатып ала беремін. Өзінің түрі де көп қой. Сұрайын дегенім, балдың қай түрі ең пайдалы болып есептеледі?
Табиғи балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бір қасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы болып есептеледі. Әдетте, ол мөп-мөлдір, сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақ ұзаққа дейін кристалданбайды және қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді. Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі қараған (акация), долана (боярышник), талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл (черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай (жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы көктем гүлдерінен жиналады.
Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр түсті болып келеді және құрамында темір көп болады. Қараған балы – асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.
Қорытынды
Балды пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндік.
Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық.
Балдың өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік.
Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз.
Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген