Материалдар / Балға сабын жасау

Балға сабын жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
еңбек пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
324
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік тірегім – Ата заң Отан..., Атамекен..., Атажұрт..., Тарих... . Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы ауыл-үйдің әңгімесі емес, бүкіл ғаламды аралап кеткен тарихи оқиғалардың бірі.Осы күнге жету үшін ата-бабаларымыз қаншама қиын бұрмалаулардан өтті десеңші.Тарихты оқып отырып ата-бабаларымыздың қайсарлығына, батылдығына сүйсінемін! Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезім кернейді. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтуы тиіс. Өз елінде бақытты өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын жерлерде соғыс болып жатқанда, біздің өміріміз тыныш, аспанымыз ашық, күніміз бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында өз Отанымда еркін білім алып жүрген ерке қыздардың бірімін. Бұл Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры – Ата Заңымыздың жемісі. Ата Заңымыз мемлекетіміздің құрылымында, өсіп-өркендеуінде, халықтың әл-ауқатының артуында ерекше рөл атқарды. «Ата Заңым – әділ заңым» демекші - біздің Ата Заңымызда Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген қоғам деп отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз деп жазған.Ата заңымызға байланысты Ұлылардан қалған асыл сөздерге тоқталып өтейін.Жер бетінде адамдар арасында тәртіпті орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды. 385 хадис (Мұхаммед Пайғамбар)Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев) Заң – мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты. (Шерхан Мұртаза) Біздің ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік. Тәуелсіз елдің болашағын мен биіктігі көк тіреген ғимаратттарды, күн шуағына бөленген бақытты балаларды, олардың қуанышына мәз болған аналарды, шәкірттердің білімін мақтан тұтатын ұстаздарды, ғарышпен тілдесіп тұрған дана ағаларды, немересінің тәтті қылығына тоймай жүрген ата-әжелерді, қазақ тілінде тілдесіп жүрген барша халықты елестетемін. Тәуелсіздіктің басты жемісі – еркіндік. Қазақ елі 1991 жылы 16-желтоқсанда өз Тәуелсіздігін жариялады.Еліміздің егеменді жолында аянбай еңбек еткен халқымыздың біртуар азаматы Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды.Тәуелсіздік - ел үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың арқасында келді. Тәуелсіздігіміздің басты құндылық белгілері еліміздің рәміздері.Гимн – біздің Отанымыздың салтанатты үні.Өр үні. Оның қалықтай көтерілген әуенінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі, мақтаныш сезім бөлейді. Елтаңбама қарасам, аспан әлемімен байланысқан. Көңіліңе шаттық ұялайды. Елімнің елтаңбасы әйбат, әдемі көрінеді. Туыма қарасам, көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, төбемізде желбірейді. Мақтан тұтам Тәуелсіздік туын мен, Сүйемін де аялаймын түнін мен. Биіктерден көрінерміз әрқашан, Гимнінен, Елтаңбамен, Туымен! Бір ұлт екінші бір ұлттан дербес тілі, сал-дәстүрімізге қарап танитыны ақиқат. Сондықтан да өз ұлтымызды басқа ұлттарға жақсы атпен таныту үшін өзіміздің мәдениетімізді, дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуіміз керек, жоғары дәрежеде бағалауымыз керек. Біздің салт – дәстүріміз бен әртүрлі қолөнер бұйымдарының әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззәт әкелген. Қазақтың дәстүрі мен еліміздің құндылықтарын қоғамда ортада ғана емес, әрбір отбасында айтылуы тиіс. «Ұяда не көрсең –ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Қазақтың әрбір ұлы мен қызы отбасымызда тілімізді, дініміз бен дәстүрімізді, құндылықтарымызды санасына құйып өссе, ең үлкен жетістіктерміздің бірі болмақ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ