400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«БАЛҚАШ –БАҒЫМ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балқаш кентінің тарихы, құрылысы, оның бас өндіріс орны тау-кен іргетасының қалануы үрдісі жайлы, сондай-ақ табиғи ерекшеліктері, байлығы жөнінде және 75 жыл көлемінде қаланың өсіп даму барысы жайлы оқушыларға жалпы түсінік беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «БАЛҚАШ –БАҒЫМ»


Тақырыбы: «БАЛҚАШ –БАҒЫМ»


Тәрбиелік мақсаты:

Білімділігі:

Балқаш кентінің тарихы, құрылысы, оның бас өндіріс орны тау-кен іргетасының қалануы үрдісі жайлы, сондай-ақ табиғи ерекшеліктері, байлығы жөнінде және 75 жыл көлемінде қаланың өсіп даму барысы жайлы оқушыларға жалпы түсінік беру;

Дамытушылығы:

аумақтық тұтастығын сақтай білгендігін нақтылай отырып, оқушылардың тіл байлығын, тарихи танымын, ізденімпаздық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелілігі:

Оқушылардың еліне, Отанына деген суйіспеншілік сезімін арттыру, ұлттар арасындағы достық сезімдердің қалыптасуына,

елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу.


Тәрбие сағат барысы


Қайырлы күн құрметті оқушылар! Баршаңызды Қаламыздың 80 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мерей той балқаштықтар мен қонақтар үшін ортақ қуаныш болып отыр. Сондықтан да, біз суйікті қаламызбен бірге келбеттіеніп, өсіп-өркендеп келеміз. Талай мыңдаған тұрғындардың тағдырына шағын шаһарымыз балалық шақтың, жастық,пен махаббаттың күәсі болған.


Тарих беттеріне үңілсек 1917 жылы қазан төңкерісіне дейін ешбір географиялық карталарда Балқаш не қала ретінде, не тұрғылықты жер ретінде белгіленбеген, жай ғана Балқаш көлі деп аталады. Ал Балқаш өңірін игеру былай басталған еді.... 1928 жылы осы маңайға Ленинградтан инженер – геолог М.П. Русаков басқарған экспедиция келді. 1929 жылы маусымда Балқаш аймағында бірінші бұрғылау жұмысы басталды. Нәтиже үміттенерліктей болып шықты. Кен іздеу жұмыстары жалғаса берді. Экспедиция бұл жерде аса бай кен қоры бар, сондықтан оның негізінде мыс қорыту заводын салуға болады деген тұжырымға келді.

Атың да асқақ бүгінде,

Мыс ордасы-Балқашым.

Еңбекпенен жетілген,

Еңбекші елім – Балқашым.

Елдің бірлік, мекені,

Жер жанаты – Балқашым.

Татулық пен ынтымақ,

Арылмаған Балқашым.


Өткенің мен бүгінің,

Үлгі болар Балқашым.

Беделің биік елімде,

Тұғырың берік - Балқашым.


Ерлігі мен өр тұлғаң,

Даңты қалам – Балқашым.

Алтының мен мырышың,

Елге тараған – Балқашым


Тәрбие мен білімнің,

Мектебі бұл – Балқашым.

Ел ертеңі жастардың,

Өлкесі бұл – Балқашым.


Болашаққа ұмтылған,

Ұл-қызың бар – Балқашым.

Өмірі толған өнеге,

Қарияң бар – Балқашым.


Бақ –берекең келіскен,

Өркендеген игі істеген.

Ер бірлігі тұнған ел,

Баянды өлке – Балқашым.

Балқаш қаласына 80 жыл яғни бір кісінің ғұмыры десекте болады. Балқаш табиғаттың аса күрделі жағдайында іргесі қаланған қала. Балқаш, мыңдаған адамдардың ерен еңбегінің арқасында бой көтерді:

Ең алғашқы ғимарат Максим Горький атындағы №1 мектеп, халықтар үшін мектеп пен тұрғын үй бірінші қажеттілік болатын

Балқаш тұрғындарының көпшілігінің тағдыры мыс комбинатымен тығыз байланысты, біреулер осыныда жұмыс істесе, біреулердің туысы осында. Қала мен завод егіз ұғым, көл жағасындағы мыс отаны бірнеше ұрпақтардың жемісі , оны қалалықтар мақтан тұтады.

Сәулетшілер мен қүрылысшылар бар өнерін сала отырып, шаһардың көрікті келбетін жасады, енді, Балхашты өзге қалалармен шатастыра алмайсың.

Балқаш мыс алыбының даңқы жер жүзіне тарады, 1967 жылы Лондондағы түсті металл биржасында Балқаш мыс эталонына ие болды.

90-жылдарлағы дағдарысқа байланысты алып комбинат тығырыққа тірелген еді, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айырықша көңіл аударып араласуы нәтижесінде завод аман қалды.

Көкше көлджің теріскейінде тербелген Балқаш қай уақытты болмасын еңбек бақытына бөленген жандар мен мыс бұлағын ағызған металлургтерге куш-қуатын беріп келеді. Қазіргі күнде біз сол еңбек майталмандарымен мақтанамыз. Олар көкше көлдің толқынымен кең тыныстап, өндіріспен өңірімізді өрге сүйреуде. Солардың арқасында қаламыз күн санап көз алдымызда көркейе түскенін байқаймыз.


Бүгінде комбинат заманауи жаңа технология, автогенді мыс балқыту игерілді . Мұндай завод дүние жүзінде бес мемлекетте ғана бар.

Қалалықтар болашақ үміттерін ірі монополистік өндірісті дамытумен ғана байланыстырмай кәсіпкерлікті білімді, мәдениетті өркендетуге де ат салысуда. (Слайдтар көрсетіледі)

Сән беретін, нәр беретін өмірде,

Балқаш бағым,

Тіршіліктің толқыны ескен көлінде

Балқашымның базарлығы бағы ортаймас елінде,

Жақсылықтың шырағын тұтатайық көңілде.

Көктеңізбен талай – ақ таң атқанын.

Тынысың да тарылып, мүшкіл халің.

Орын ойып адамзат толтыра алмас,

Табиғаттың ерекше жаратқанын.

Арқадаға арқар тұтар мекенім,

Сені жырғып, сені әнғып өтемін.

Ескерейік, адамдар, ескерейік.

Судың да сұрауы бар екенін.


Балқашым бағым,

Табиғаттың сыйы бұл,

Адамзаттың үнімен күйі бұл.

Аялайық, адамдар аялайық...

Балқаш көлім,

Табиғаттың сыйы бұл!




Осыменен Балқаш қаласының 75 жылдық мерей тойына арналған мерекелік ашық сабағымыз өз мәресіне келіа жетті. Көңіл қойып тыңдғандарыңызға көптен көп рахмет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.11.2019
928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі