400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балтаны саптау және сына қағу әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға еңбек пәнінен балту туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:08.10.2016ж

Кабинет: №101

Сынып: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Балтаны саптау және сына қағу әдісі.

Сабақтың мақсаты:

1.Ағаш өңдеуге арналған құрал саймандар жұмысқа дайындау.

2.Жұмыс барысында құралдарды дұрыс пайдалана білуге баулу.

3.Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

4.Геометриялық терминдерді, жаңа сөздерді дұрыс айтуын қадағалау.

Сабақтың көрнекілігі:

Балта үлгісі туралы плакат. Балтаны жұмысқа дайындауға арналған құрал-саймандар балға, сына, рашпиль, ара, қалам, сызғыш.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, сарамндық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сөздік жаттығу: Балта, балға, қағу, шабу, ара, аралау.

Диалог (сұрақ – жауап түрінде...)

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

М:Өткен сабақта не өттік?

О:Ағашты өңдеуге арналған құрал саймандармен таныстық.

М:Қандай құралдармен таныстыңдар.

О:Балта, балға,ара, рашпиль,лобзик, қашау,сүргі, электр бұрғы, бұрғы.

М:Балта не үшін қажет?

О:Балта ағаш шабу үшін қажет.

М:Ара не үшін қажет?

О:Ағашты аралау үшін қажет.

М:Балғамен не істейміз?

О:Балғамен зат қағамыз,

Меңгерілетін сөздер: Балта,сына, сап, шабу, шығу, шақпақ, жону.

ІІІ.Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Балтыны саптау және сына қағу әдісі.

Біз бүгін көшірме жасау барысында жаңа геометриялық терминдермен танысып, оларды жұмыс барысында дұрыс қолдануды үйренеміз. Көрімені бөлшекке дұрыс түсіру әдісін меңгереміз.

Дәптермен жұмыс: Плакаттағы көрсетілген белгілер мен ережелерді дәптерге көшіреміз.

IV.Диалог құрастыру.

М:Сызғыш не үшін қажет?

О:Өлшем түсіру үшін қажет.

М:Сызғышта қандай өлшем бірліктері көрсетілген?

О:Сантиметр және милиметр.

V.Практикалық жұмыс.

М:Балтаның сабын алып, балтаның басы киілетін жеріне қаламмен белгі түсіреміз.

-Балтының басының сап киілетін ішкі қуысытың өлшемін аламыз.

-Өлшем бойынша сапқа сызғышпен өлшеп, қаламмен белгі сызымыз.

-Сапты қысқышқы бекітіп аламыз.

-Сызық белгі түскен жерді рашпильмен жоңамыз.

-Балтаның сабын сына қағылатын жерді қалам мен сызғыш арқылы белгі сызамыз.

-Сызылған сызық бойымен арамен аралаймыз.

-Балтаның басын сапқа кигіземіз.

-Балта сабына сына қағамыз.

VI. Тақырыпты пысықтау:

Жасалған жұмысқа қарап оқушылардан жұмыс барысын сұрау.

М:Біз бүгін не үйрендік?

О:Балтаны саптауды үйрендік.

М:Балта басына не қағылады?

О:Сына қағылады.

М:Сына не үшін қажет?

О:Балта саптан шығып кетпеу үшін қажет.

О:Балтамен ағаш шабамыз.

VII.Қорытынды.

Сабақты қорытындылау, оқушы жұмыстарын бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

Дәптерге жазылған терминдер мен сызбаларды қайталау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі