жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балық өсіру
Сынып: 7 Күні: 15.02.2017жыл
Сабақтың тақырыбы: Балық өсіру зауыттары, олардың маңызы. Тоған шаруашылығы. Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп) және басқа түрлері. Балықтарды жерсіндіру, оның биологиялық және шаруашылықтық негіздемесі. Аквариумдық балық шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты: балықтарды өсіру зауыттары, олардың маңызы, тоған шаруашылығы туралы танып білу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, балықтар.
Сабақтың әдісі- тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, "аквариумдағы балықтар», «криптограмма »,«Фишбоун»,«Диалог», тест
Пәнаралық байланыс: География, ағылшын тілі
Қолданылған модульдер: « Сыни тұрғыдан ойлау» , «ОүБ және ОБ» , «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «АКТ», «Оқушылардын жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу»
Болжамданған нәтижесі: Оқушылар балықтарды не үшін қорғау және
көбейту керектігін біледі, балық өсіру зауыттары- ның маңызы туралы мәліметтерді меңгереді.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Оқушыларды балықтың отрядтары арқылы 2 топқа бөлу: шеміршекті, сүйекті балықтар
ІІ. Білу кезеңі:
-
Аталық мысық акуланың ішкі құрылысының суреті слайдта берілген. Сол сандарға құрылысын жазу керек. Слайдтан жауаптарын тексереді.
1.Ауыз
2.Танау тесігі
3.Көз
4.Желбезек және желбезек саңылауы
5.Көкбауыр
6.Несепағар
7.Тұқым көпіршігі
8.Құрсақ жүзбе қанаттары
9.Жүрек
10.Көкірек жүзбе қанаттары
11.Үш қалақты бауыр
12.Аталық безі
13.Қарын
14.Тоқішек
15.Клоака тесігі
16.Аналь жүзбе қанаты
17. Құйрық жүзбеқанаты
2." Балық аулайық" ойыны :
1.Бұл балықтың еті өте дәмді болғандықтан «Патша балығы» деп аталады . Бахтах
2. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі.желбезек
3. Балықтың ас қорыту жүйесінің өскіні. торсылдақ
4. Тұқытектестер отрядына жататын сүйекті балық. Ақмарқа
5. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы. Ихтиология
6. Балық аталық безінен бөлетін сұйықтық. Шоғал
7. « Балық патшасы». Бекіре
Ой қозғау: Көздері бар, қабағы жоқ,
Әсте кірпік қақпайды.
Ол қай жануар, суға салсақ,
Тұншықпайды, батпайды. Балық
ІІІ. Түсіну кезеңі:2 топқа жоба қорғауға тапсырма беріледі:
1 топ- Сүйекті балықтар тобына : Балық өсіру зауыттары, олардың маңызы
2 топ- Шеміршекті балықтар тобына: Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп) және басқа түрлері
Топтар "мадақтау сэндвичі" арқылы бағалайды.
2. Балықтардың көбеюі,қорғау-бейне таспа.
ІV.Қолдану кезеңі: Әр топқа 6 тест сұрақтары беріледі .
Шеміршекті балықтар тобы:
1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.
а)маммология ә)герпетология б)ихтиология в)гельминтология
2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар.
а)сүйекті балық ә)шеміршекті балық б)шортан в) сазан
3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.
а)акула ә) скат б)аратұмсық в)аққайран
4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.
а) тұқы ә) табан б) қаяз в) Еділ майшабағы
5.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.
а) судың жылылығын анықтайды
ә) судың тұздылығынанықтайды
б) су ағысының күшін, бағытын, тербелісін анықтайды
в) судың қышқылдылығынанықтайды
6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.
а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту
б) жауынан жасырыну в) қоректену
Сүйекті балықтар тобы:
1.Балық қайда көбейеді.
а)құрлықта ә)суда, құрлықта б)тек сулы ортада в)екеуі де емес
2.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.
а) 20 мыңнан астам ә)10 мыңнан астам
б) 30 мыңнан астам в) 40 мыңнан астам
3.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.
а) бүйрек ә)несепағар б)қуық в)клоака
4. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.
а) уылдырық-балық ә) уылдырық-дернәсіл
б) дернәсіл-балық в)уылдырық-дернәсіл шабақ-балық
5.Тұқы тәріздестер отрядының өкілі
а)акула,сауытбалық ә)қаракөз, табан, ақмарқа
б) бекіре, албырт, қортпа в)құнысбалық, майшабақ,қылқа
6.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.
А)жүрегі, қантамырлары ә)торсылдақ
б) өкпе,желбезек в) жұтқыншақ, өңеш
Жауаптары:
Шеміршекті Сүйекті
балық балық
1.Б 1. Б
2.Ә 2. Ә
3.А 3. Б
4.В 4.В
5.Б 5.Ә
6.Ә 6.Ә
Сергіту сәті: Ұлытау- Жұмыр қылыш
V. Талдау кезеңі: «Үштілділік-өмір талабы»
Бұл бөлімде берілген сөзді орыс және ағылшын тіліне аудару
керек
1 топқа берілген
сөздер:
акула, балық,
көз
2топқа берілген
сөздер:
жүрек, жүзу,
кит
1 топтың жауаптары
Акула – акула – shark
Балық – рыба – Fish
Көз – глаз - eye
2 топтың жауаптары:
Жүрек – сердце – а heart
Жүзу- плавать – to swim
Кит- кит- whale
VІ .Жинақтау. Крестиктер мен нөлдіктер ойыны: Ереже: 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа нөлдік қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
1.Шеміршекті балықтарда болмайтын жүзу мүшесі? (торсылдақ).
2. Әсіресе Жайында жақсы жетілген сезім мүшесі? (мұрт)
3. Шеміршекті балықтың бірі? (Скат)
4. Балықтар не арқылы көбейеді? (уылдырық).
5. Қазақстандағы бағалы балық? (Бекіре).
6. Балық денесін қаптайды? (қабыршақ)
7. Тірі қазынды? (Латимерия)
8. Балық қан айналымы неше шеңберлі? (1)
9.Балықтың тыныс алу мүшесі? (желбезек)
2. Криптограмма беріледі. Одан балықтардың түрлерін анықтайды.
Рефлексия: Анкета әдісі арқылы.
|
1. Мен сабақта жұмыс… жасадым 2.Менің сабақта жасаған жұмысыма 3. Сабақ маған 4. Мен сабақта 5. Менің көңіл-күйім 6. Сабақтың материалы маған 7. Үй жұмысы маған |
белсенді / неғұрайлы Көңілім толды / толмады ұзақ / қысқа немесе тез шаршамадым / шаршадым жақсарды / төмендеді түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасыз Қызықты / қызықсыз жеңіл / күрделі қызықты / қызықсыз |
Бағалау. Топ басшылары бағалау парағына баға қойып , талдайды.
Үй тапсырмасы: Қазақстанның теңіз-көлдерінде тіршілік ететін
балық түрлерін анықтап, зерттеп келу.
Шеміршекті балықтар тобы:
1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.
а)маммология ә)герпетология б)ихтиология в)гельминтология
2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар.
а)сүйекті балық ә)шеміршекті балық б)шортан в) сазан
3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.
а)акула ә) скат б)аратұмсық в)аққайран
4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.
а) тұқы ә) табан б) қаяз в) Еділ майшабағы
5.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.
а) судың жылылығын анықтайды
ә) судың тұздылығынанықтайды
б) су ағысының күшін, бағытын, тербелісін анықтайды
в) судың қышқылдылығынанықтайды
6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.
а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту
б) жауынан жасырыну в) қоректену

Сүйекті балықтар тобы:
1.Балық қайда көбейеді.
а)құрлықта ә)суда, құрлықта б)тек сулы ортада в)екеуі де емес
2.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.
а) 20 мыңнан астам ә)10 мыңнан астам
б) 30 мыңнан астам в) 40 мыңнан астам
3.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.
а) бүйрек ә)несепағар б)қуық в)клоака
4. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.
а) уылдырық-балық ә) уылдырық-дернәсіл
б) дернәсіл-балық в)уылдырық-дернәсіл шабақ-балық
5.Тұқы тәріздестер отрядының өкілі
а)акула,сауытбалық ә)қаракөз, табан, ақмарқа
б) бекіре, албырт, қортпа в)құнысбалық, майшабақ,қылқа
6.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.
А)жүрегі, қантамырлары ә)торсылдақ
б) өкпе,желбезек в) жұтқыншақ, өңеш

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
2.1. Сұрақ-жауап әдісі.
1. Сүйекті балықтар класы деген атау неліктен берілген?
2.Сүйекті балықтардың желбезектерінің қандай ерекшеліктері бар?
3. Сүйекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді?
4.Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
5.Шеміршекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді?
6. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән белгілерді атаңдар?
7.Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
8. Қостынысты балықтардың торсылдағы неге айналған?
9. Қостынысты балықтардың дене пішіні және тұрқы қандай?
10. Қостынысты балықтардың қандай мүшесі нашар дамыған?
2.2. «Ұқсастық пен даралық» стр.
|
Ұқсастығы |
Даралығы |
||
|
Суда тірішілік етуі. |
Сүйекті |
| |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген