400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балық өсіру

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып балық өсіру зауыттары жайында және балықтардың түрлері жайында көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 7 Күні: 15.02.2017жыл

Сабақтың тақырыбы: Балық өсіру зауыттары, олардың маңызы. Тоған шаруашылығы. Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп) және басқа түрлері. Балықтарды жерсіндіру, оның биологиялық және шаруашылықтық негіздемесі. Аквариумдық балық шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: балықтарды өсіру зауыттары, олардың маңызы, тоған шаруашылығы туралы танып білу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, балықтар.

Сабақтың әдісі- тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, "аквариумдағы балықтар», «криптограмма »,«Фишбоун»,«Диалог», тест

Пәнаралық байланыс: География, ағылшын тілі

Қолданылған модульдер: « Сыни тұрғыдан ойлау» , «ОүБ және ОБ» , «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «АКТ», «Оқушылардын жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу»


Болжамданған нәтижесі: Оқушылар балықтарды не үшін қорғау және

көбейту керектігін біледі, балық өсіру зауыттары- ның маңызы туралы мәліметтерді меңгереді.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушыларды балықтың отрядтары арқылы 2 топқа бөлу: шеміршекті, сүйекті балықтар


ІІ. Білу кезеңі:

  1. Аталық мысық акуланың ішкі құрылысының суреті слайдта берілген. Сол сандарға құрылысын жазу керек. Слайдтан жауаптарын тексереді.

1.Ауыз
2.Танау тесігі
3.Көз
4.Желбезек және желбезек саңылауы
5.Көкбауыр
6.Несепағар
7.Тұқым көпіршігі
8.Құрсақ жүзбе қанаттары
9.Жүрек
10.Көкірек жүзбе қанаттары
11.Үш қалақты бауыр
12.Аталық безі
13.Қарын
14.Тоқішек
15.Клоака тесігі
16.Аналь жүзбе қанаты
17. Құйрық жүзбеқанаты


2." Балық аулайық" ойыны :

1.Бұл балықтың еті өте дәмді болғандықтан «Патша балығы» деп аталады . Бахтах

2. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі.желбезек

3. Балықтың ас қорыту жүйесінің өскіні. торсылдақ

4. Тұқытектестер отрядына жататын сүйекті балық. Ақмарқа

5. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы. Ихтиология

6. Балық аталық безінен бөлетін сұйықтық. Шоғал

7. « Балық патшасы». Бекіре


Ой қозғау: Көздері бар, қабағы жоқ,                            

  Әсте кірпік қақпайды.                                      

Ол қай жануар, суға салсақ,                                

  Тұншықпайды, батпайды. Балық


ІІІ. Түсіну кезеңі:2 топқа жоба қорғауға тапсырма беріледі:

1 топ- Сүйекті балықтар тобына : Балық өсіру зауыттары, олардың маңызы

2 топ- Шеміршекті балықтар тобына: Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп) және басқа түрлері

Топтар "мадақтау сэндвичі" арқылы бағалайды.

2. Балықтардың көбеюі,қорғау-бейне таспа.

ІV.Қолдану кезеңі: Әр топқа 6 тест сұрақтары беріледі .

Шеміршекті балықтар тобы:

1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.

а)маммология ә)герпетология б)ихтиология в)гельминтология

2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар.

а)сүйекті балық ә)шеміршекті балық б)шортан в) сазан

3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.

а)акула ә) скат б)аратұмсық в)аққайран

4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.

а) тұқы ә) табан б) қаяз в) Еділ майшабағы

5.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.

а) судың жылылығын анықтайды

ә) судың тұздылығынанықтайды

б) су ағысының күшін, бағытын, тербелісін анықтайды

в) судың қышқылдылығынанықтайды

6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.

а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту

б) жауынан жасырыну в) қоректену


Сүйекті балықтар тобы:

1.Балық қайда көбейеді.

а)құрлықта ә)суда, құрлықта б)тек сулы ортада в)екеуі де емес

2.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.

а) 20 мыңнан астам ә)10 мыңнан астам

б) 30 мыңнан астам в) 40 мыңнан астам

3.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.

а) бүйрек ә)несепағар б)қуық в)клоака

4. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.

а) уылдырық-балық ә) уылдырық-дернәсіл

б) дернәсіл-балық в)уылдырық-дернәсіл шабақ-балық

5.Тұқы тәріздестер отрядының өкілі

а)акула,сауытбалық ә)қаракөз, табан, ақмарқа

б) бекіре, албырт, қортпа в)құнысбалық, майшабақ,қылқа

6.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.

А)жүрегі, қантамырлары ә)торсылдақ

б) өкпе,желбезек в) жұтқыншақ, өңеш

Жауаптары:

Шеміршекті Сүйекті

балық балық

1.Б 1. Б

2.Ә 2. Ә

3.А 3. Б

4.В 4.В

5.Б 5.Ә

6.Ә 6.Ә

Сергіту сәті: Ұлытау- Жұмыр қылыш


V. Талдау кезеңі: «Үштілділік-өмір талабы» 


Бұл бөлімде берілген сөзді орыс және ағылшын тіліне аудару керек

 
1 топқа берілген сөздер: 
акула, балық, көз

2топқа берілген сөздер: 
жүрек, жүзу, кит

1 топтың жауаптары

Акула – акула – shark

Балық – рыба – Fish

Көз – глаз - eye

2 топтың жауаптары:

Жүрек – сердце – а  heart

Жүзу- плавать – to swim

Кит- кит- whale

VІ .Жинақтау. Крестиктер мен нөлдіктер ойыны: Ереже: 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа нөлдік қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

1.Шеміршекті балықтарда болмайтын жүзу мүшесі? (торсылдақ).

2. Әсіресе Жайында жақсы жетілген сезім мүшесі? (мұрт)

3. Шеміршекті балықтың бірі? (Скат)

4. Балықтар не арқылы көбейеді? (уылдырық).

5. Қазақстандағы бағалы балық? (Бекіре).

6. Балық денесін қаптайды? (қабыршақ)

7. Тірі қазынды? (Латимерия)

8. Балық қан айналымы неше шеңберлі? (1)

9.Балықтың тыныс алу мүшесі? (желбезек)


2. Криптограмма беріледі. Одан балықтардың түрлерін анықтайды.

Рефлексия: Анкета әдісі арқылы.

1. Мен сабақта жұмыс… жасадым

2.Менің сабақта жасаған жұмысыма

3. Сабақ маған

4. Мен сабақта

5. Менің көңіл-күйім

6. Сабақтың материалы маған

7. Үй жұмысы маған

белсенді / неғұрайлы

Көңілім толды / толмады

ұзақ / қысқа немесе тез

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / төмендеді

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз

жеңіл / күрделі қызықты / қызықсыз


Бағалау. Топ басшылары бағалау парағына баға қойып , талдайды.

Үй тапсырмасы: Қазақстанның теңіз-көлдерінде тіршілік ететін

балық түрлерін анықтап, зерттеп келу.









































Шеміршекті балықтар тобы:

1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.

а)маммология ә)герпетология б)ихтиология в)гельминтология

2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар.

а)сүйекті балық ә)шеміршекті балық б)шортан в) сазан

3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.

а)акула ә) скат б)аратұмсық в)аққайран

4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.

а) тұқы ә) табан б) қаяз в) Еділ майшабағы

5.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.

а) судың жылылығын анықтайды

ә) судың тұздылығынанықтайды

б) су ағысының күшін, бағытын, тербелісін анықтайды

в) судың қышқылдылығынанықтайды

6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.

а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту

б) жауынан жасырыну в) қоректену























Сүйекті балықтар тобы:

1.Балық қайда көбейеді.

а)құрлықта ә)суда, құрлықта б)тек сулы ортада в)екеуі де емес

2.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.

а) 20 мыңнан астам ә)10 мыңнан астам

б) 30 мыңнан астам в) 40 мыңнан астам

3.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.

а) бүйрек ә)несепағар б)қуық в)клоака

4. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.

а) уылдырық-балық ә) уылдырық-дернәсіл

б) дернәсіл-балық в)уылдырық-дернәсіл шабақ-балық

5.Тұқы тәріздестер отрядының өкілі

а)акула,сауытбалық ә)қаракөз, табан, ақмарқа

б) бекіре, албырт, қортпа в)құнысбалық, майшабақ,қылқа

6.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.

А)жүрегі, қантамырлары ә)торсылдақ

б) өкпе,желбезек в) жұтқыншақ, өңеш


































Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.


2.1. Сұрақ-жауап әдісі.

1. Сүйекті балықтар класы деген атау неліктен берілген?

2.Сүйекті балықтардың желбезектерінің қандай ерекшеліктері бар?

3. Сүйекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді?

4.Торсылдақ қандай қызмет атқарады?

5.Шеміршекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді?

6. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән белгілерді атаңдар?

7.Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

8. Қостынысты балықтардың торсылдағы неге айналған?

9. Қостынысты балықтардың дене пішіні және тұрқы қандай?

10. Қостынысты балықтардың қандай мүшесі нашар дамыған?

2.2. «Ұқсастық пен даралық» стр.

Ұқсастығы

Даралығы

Суда тірішілік етуі.

Сүйекті

Шеміршекті

Қостынысты

Денесі бас, тұлға,құйрық бөлімінен тұрады.

Қаңқасы сүйектен түзілген.

Қаңқасы тек шеміршектен түзілген.

Денесінде желі сақталған.

Желбезек арқылы тыныс алады.

Торсылдағы болады.

Плакоидты қабыршақпен қапталған.

Өкпемен тыныс алады.

Сезім мүшелері бар.

Алғаш рет қуық пайда болған.

Бүйір сызық мүшесі бар.

Дене пішіні ұршық тәрізді.

Қанайналым жүйесі бар.

Ми құрылысы қарапайым.

Ми сауыты,

жақ,тіласты,

желбезек доғалары бар

Жүзбе қанаттары

ның қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсаған


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

3.1. Атаулардың көмегімен болжау- бейне суреттер.

3.2. Мұғалім сөзі.

Теңіз, өзен, көлдерде балық қорғау жұмыстары жүргізіле тұрса да, жіберіліп отырған кемшіліктер де кездеседі. Осы теңіз,көл, өзен жағалауында жақын орналасқан тұрғындар әлі де болса заңсыз балық аулаумен шұғылданады.

Мұндай адамдарды браконерлер деп атаймыз, олардың біреулері балықтарды электр тогымен өлтірген болса, кейбіреулері аумен аулайды.

Қазіргі уақытта балық шаруашылығы комитетінің қолдауымен Қазақстанның көптеген облыстарында жабық тоғандарда жасанды түрде бағалы балықтар түрі, яғни бекіре, көксерке балықтарын өсіру, көбейту жұмыстары жолға қойылған. Осы бекіре,көксерке балықтары табиғи ортаға қарағанда жабық кешендерде екі есе жылдам өседі екен. Мысалы: Атырау, Орал, Шығыс Қазақстан облыстарында осы әдіспен көбейтуде. Бекіре, көксерке балықтарын құтқарудың жолы, ол қолдан ұдай өсіре отырып көбейту. Бұл шара да алдағы уақытта еліміздің балық қорын толықтырып, тұрғындардың балықты тұтыну көлемін арттырады деген үміт бар.

3.2. Балықтардың қорғау және көбейту – бейне таспа.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

4.1. Тірек – сызба.

Балықтарды қорғау Балықтарды көбейту

Shape3 Shape2 Shape4 Shape6 Shape5 Shape1



Балық өнімінің пайдасы

Shape11 Shape10 Shape7 Shape9 Shape8






4.2. РАФТ стр.

Рөлім

Аудитория

Формасы

Тақырып




Хат түрінде

Балықтың пайдасы.




Ұсыныс

Балықтың көбеюі.




Мақала

Балықтың маңыздылығы.




Балық өнімдері.


V.Жаңа сабақты қорытындылау.

5.1. «Бес жолды өлең» стр.

5.2. Оқушыларды бағалау.

VІ.Үйге тапсырма.

Қазақстанның теңіз-көлдерінде тіршілік ететін

балық түрлерін анықтап, зерттеп келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі