Материалдар / Балық сүйегінен панно жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балық сүйегінен панно жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындауға дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ЫРҒЫЗ АУДАНЫ, АҚШИ АУЫЛЫ

М.ТӨЛЕГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН

ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ








ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

БАЛЫҚ СҮЙЕГІНЕН ИНТЕРЬЕРЛІК БҰЙЫМ ЖАСАУ

Бағыты: дизайн және қолөнер











Жұмыстың авторы:

Қайыржан Алтыннұр Қайыржанқызы

7 сынып оқушысы

Жетекшісі: Төребекова Римма Көпбергенқызы

Көркем еңбек пәні мұғалімі.







2021 –жыл.



М.Төлегенов атындағы жалпы білім беретін

орта мектебінің 7 сынып оқушысы

Қайыржан Алтыннұрдың ғылыми жобасына



Пікір


Тақырыбы: Балық сүйегінен интерьерлік бұйым жасау.

Ғылыми жобада жаңа технологияларды қолданудың әдіс –тәсілдері мен оқытуды құзіреттендіру мен ақпараттандырудың негізі қарастырылған. Табиғат пен айналадағы қоршаған орта сұлулығы мен ондағы эстетикалық мағынаны тану , пішін мен түстер құпиясын ашу, сәндік қолданбалы өнері жанрлары арқылы оқушының эстетикалық тәрбиесін дамытудың әдіс –тәсілдері мен оқытуды құзіреттендіру мен ақпараттандырудың негізі қарастырылған.

Біріншіден бүгінгі заман ағымына сай өнер түрлерін үйрете отырып, панноны сәнді бұйым ретінде бағалы өнер туындысы деп қарауды ұсынамын. Және интерьерлік бұйым жасай отырып, оқушынын пәнге қызығушылығын арттыру , кәсіпке баулу, кәсіптік бағыт беру тұрғысынан қарастырылған.

Екіншіден, зерттеу жұмыстары кезінде Қазақстандағы сүйек өңдеуші шеберлер туралы мәліметтер мен сүйек өңдеу тарихын кеңінен зерттеп көптеген мәліметтер жинақталған.

Үшіншіден, нәтижеде оқушы сәндік қолданбалы өнердің бір түрі балық сүйегінен бұйым жасай отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қызығушылық қабілетін арттыруға, қиял, ой-өрісін қамти отырып, өнерге деген құрмет сезімдерін оятады. Практикалық іс-әрекет барысында қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, оларды бояуды, материалды үнемді, дұрыс пайдалануды, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс жасауды және қауіпсіздік ережесін сақтауды , өзінің жұмысына талдау жасауды, жұмысты ұқыпты жасау ескерілген.Ғылыми жобада қосымша бөлімінде сүйектен жасалған бұйым түрлерінің , оның түрі нобайлар, жұмыстың жасалу барысындағы суреттері көрсетілген. Бұл жұмыс сәндік өнер түрлерінің барлығын жасап үйренуді қамтымаса да оқушыға құнды білім берері анық. Осындай жұмыстарды атқара отырып, оқушы бойына патриоттық сезім қалыптастырып және кәсіпке баулуға болады.


Пікірді жазған Ырғыз аудандық Көркемсурет мектебінің директоры: Б.Б.Бұхарбаев




М.Төлегенов атындағы жалпы білім беретін

орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қайыржан

Алтыннұрдың «Балық сүйегінен интерьерлік

бұйым жасау» тақырыбындағы жұмысына




Пікір


Қайыржанқызы Алтыннұр 7 сыныбының озат оқушысы,барлық пәндерден үлгірімі жақсы. Білімге деген ынтасы жоғары, қазақтың ұлттық өнеріне деген қызығушылығы басым. Осы қасиетімен оқушылар арасында көзге көрініп,ғылыми жұмыспен айналысады. ғылыми-әдебиеттерге шолу жасап, балық сүйегін өңдеу тәжірибелер жасау арқылы халқымыздың қол өнерінің технологиясын үйрене отырып, шығармашылық жұмыстар жасады.

Зерттеу жұмыстары кезінде Қазақстандағы сүйек өңдеуші шеберлер туралы мәліметтер мен сүйек өңдеу тарихын кеңінен зерттеп көптеген мәліметтер жинақталған.

Бұл жұмыстың нәтижесінде сүйек өңдеу өнерін жаңашаүлгіде ұсыну, қалдықтарды өңдеудің маңызды екеніне көз жеткізді. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатыносы өнер түрін заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білді.

Нәтижесінде оқушы сәндік қолданбалы өнердің бір түрі балық сүйегінен бұйым жасай отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қызығушылық қабілетін арттыруға, қиял, ой-өрісін қамти отырып, өнерге деген құрмет сезімдерін оятады. Практикалық іс-әрекет барысында қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, оларды бояуды, материалды үнемді, дұрыс пайдалануды, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс жасауды және қауіпсіздік ережесін сақтауды , өзінің жұмысына талдау жасауды, жұмысты ұқыпты жасау ескерілген.Ғылыми жобада қосымша бөлімінде сүйектен жасалған бұйым түрлерінің , оның түрі нобайлар, жұмыстың жасалу барысындағы суреттері көрсетілген. Бұл жұмыс сәндік өнер түрлерінің барлығын жасап үйренуді қамтымаса да оқушыға құнды білім берері анық. Осындай жұмыстарды атқара отырып, оқушы бойына патриоттық сезім қалыптастырып және кәсіпке баулуға болады.

Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері-біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жаңашылдыққа ұмтылу әлем халықтары шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және иглікті іс болмақ.


Пікірді жазған ғылыми жоба жетекшісі: ....................Төребекова Р.К




Мазмұны



Кіріспе........................................................................................3

І-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Сүйек өңдеу өнері туралы.....................................................5

1.2 Сүйекті қолдану тәсілі..........................................................7

1.3 Балық және балық сүйегі туралы мәлімет......................11

1.4 Интерьер туралы түсінік және интерьерлік бұйымдар... 15



І-САРАМАНДЫҚ БӨЛІМ

Балық сүйегінен панно жасау технологиясы................................18

Пайдаланған әдебиеттер..........................................................20






















Аннотация


Бұл жұмыстың нәтижесінде сүйек өңдеу өнерін жаңаша үлгіде ұсынуды қалдықтарды өңдеудің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер түрін заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдім.

Бірінші теориялық бөлімде сүйек өңдеу өнері , сүйекті қолдану тәсілдері туралы мәліметтер жазылды. Сондай-ақ, интерьер туралы, инетрьерлік бұйымдар туралы және балық туралы мәліметтер жазылды.

Екінші сарамандық бөлімінде балық сүйегін өңдеу және қолдану тәсілдері көрсетілген зерттеу жұмыстары қамтылған . Балық сүйегін өңдеу кезеңдері дәлелді фотоларымен берілген. Қажетті құрал-жабдықтар және оларды қолдану тәсілдері, қауіпсіздік ережелері жазылды.

Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңартуға байланысты ,сондай-ақ заманауи ағымнан қалыс қалмай ерекше бұйым жасап шығару және қалдық заттарды өңдеу.

Осы ерекше жұмыс арқылы интерьерлік бұйым жасап шығару және қазіргі заманға лайық дизайнмен үйді безендіріп, тапсырыстар қабылдаукәсіпкерлікке бағыт берері сөзсіз.



Искусством обработки кости в результате работы я убедилась в том, что это важно по-новому переработки отходов по форме представления. Совершенствовать духовно-художественной специфики этого вида искусства, которые, как сокровища национального мировоззрения с использованием современных узнал.

В теоретической части первой искусство обработки кости , кости, способы применения, сведения о редакции. А также, интерьер, изделия из рыбы и инетрьерных сведения о редакции.

Практическая обработка рыбы, способы применения и исследовательских работ, указанных в части второй косточки . Этапы обработки рыбы косточки либо делится в своем блоге эмми. Необходимые инструменты и приемы их применения, правила безопасности написаны.

Научная новизна проекта: Национальные традиции в связи с обновлением а также современные обработки остаточных веществ, не оставаться в стороне и особое производство изделий мышеловке.

Через эти работы украсили дома и интерьерного дизайна современных изделий особое производство, заказы , безусловно даст направление.



The art of processing of bones in the result of work, I realized that it is important to draw the waste processing form submission. To improve spiritual and artistic specificity of this art form, which, as the treasures of the national ideology with the use of modern learned.

In the theoretical part the first art of treatment of bone , bones, methods of application, information about the edition. And also the interior, fish products and energeric information about version.

Practical processing of fish, methods of application and research, mentioned in the second part of the bone . Processing steps fish bone or sharing on your blog Amy. The tools and techniques of their use, safety rules written.

The scientific novelty of the project: National traditions in connection with the renewal ,and a modern treatment of the residual substances do not stay aside and special manufacture of a mousetrap.

Through these works decorated house and interior design modern product special production, orders Aberdeenshire will certainly give direction


 «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктеріне өзара байланыстырылуы керек».
Н.Ә. Назарбаевтың  Халыққа Жолдауынан.



Кіріспе


Ғылыми жобаның мақсаты: Ұлттық қолөнердің бірегейі сүйек өңдеу өнерін жалғастыру , тарихын зерттеу. Балық сүйегін өңдеу әдістерін үйрене отырып , үйді безендіруге арналған паннолар жасап шығару.

Ғылыми жобаның өзектілігі: Қазіргі заман талабына сай интерерьлік бұйым жасауда ерекше заттарды пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту.

Ғылыми жобаның жаңашылдығы:

Ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге, жаңартуға байланысты ,сондай-ақ заманауи ағымнан қалыс қалмай ерекше бұйым жасап шығару және қалдық заттарды өңдеу.

Зерттеу міндеттері: Еліміздегі жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың технология сабағындағы еңбекке дайындық жағдайымен танысып, жетілдіру жолдарын анықтау;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;

  • Мектептегі технология пәнін оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру жолдарын көрсету;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұсынылған жүйенің тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: табиғат пен ғылымның, адамның ойлауының өндірістің, қоғамның дамуымен байланыстылығы негізінде білім беру жүйесін мемлекеттік тапсырысқа сәйкестікте жүйелілік тұғыр тұрғысынан зерттеу және жетілдіру іс-әрекеттері, технология пәнін оқыту үдерісінде мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық технология толық мәнді мүмкіндік береді.

Ұсынысым: Әрбір адам өз үйін өз ойымен безендіре білсе,өз үйі жұмақ болар. Сондықтан экологиялық таза бұйым, өз қолымызбен бұйым жасап үйренейік.

Қорытынды: Дамыған елдердің қатарына ену үшін ерінбей еңбек етуіміз керек, дараланып ерекше бұйым жасай білуіміз керек деп ойлаймын және сол үшін осы өнерімді дамыта бермекпін.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:

Тақырып негізінде жинақталған материалдар келешек күнделікті өмірімізде пайдалануға болады. Осы жұмыс негізінде кәсіпкерлік бағытта жұмыс жасауға болады. Алдағы уақытта өз кәсібімізді дамытып, интерьерлік бұйымдарға тапсырыс қабылдау ойым бар. Осы орайда Көркемсурет мектебінің оқушыларымен шебер класс ұйымдастырдым.



























1.1 Сүйек өңдеу өнері туралы

Сүйек өңдеу тарихы анық зерттелмеген. ХХ ғасырда сүйек өңдеу Ресей Федерациясында Хотьково сүйек өңдеу фабрикасында жасалынған. Негізінде орыс шеберлері сүйек ою өнерін орыс және сібір халықтарының өнері деп атайды. Айтулары бойынша , Чукоткада морждың тісіне және кит балығының мұртына салынған сурет өнеріне 2 мың жыл болды дейді. Ал малдың сүйектерін өңдеу ХІ-ХІІІ ғасырда Новгород қаласында дамыған.Олардан Холмогор шеберлері үйреніп мамонт сүйегінен оюлар жасаған. ХVІІІ ғасырда Холмогор өнерпаздары бұл өнерді Якутияға шығарған екен. Якуттар малдың мүйізін ғана емес, еліктің мүйіздерін де өңдей бастады. Жалпы адамдар палеолит кезінде қару –жарақ , құралдар жасауға пайдалана бастады. Оларды қызықтырғаны сүйектің қаттылығы мен төзімділігі. Сүйектен алдымен қарулар жасай бастаған, жіліктен шоқпар , кәрі жіліктің шабағынан тескіш біз , сондай-ақ , найза жебенің ұшына да сүйекті қолданған.

Кейін хайуандардың тырнақтары мен тістерінен ,сүйектерінен әшекей бұйымдар жасалынды. Бірақ бұл істер бір-біріне ұйқастырылып жасалынған заттар.

Сүйекті арнаулы өңдеу мал шаруашылығы даму кезінде басталды деп айтуға болады. Атақты сақтар әлемге өздерінің істерімен ғана емес , өнерімен да танымал болған, айтеп кетсек, «аңдық стиль». «Аңдық стильді» біз алтыннан жасаған әшекейлерден білеміз. Ал сақтарда өте шебер сүйек өңдеушілер болған. Қазба жұмысында табылған заттардың бірі сүйектің «аңдық стилімен» ойып жасалған әшекейлер. Ғалымдардың қорытындысы бойынша , бұл құндылықтар б.з.б.VІІ-VІІІ ғасырларда жасалынған.Өкінішке орай, тарихи қақтығыстар себебінен біздің жерде ұмытылып кеткен. Бірақ толық жойылған жоқ. ХХ ғасырға дейін қазақ шеберлері сүйектерді біраз бұйымдарында пайдаланған болатын. Мысалға , жиһаздарды сүйекпен өрнектеп әшекейлеу, қарулардың саптарын жасауда , бесік шүмегін, біз, қармақ, ине және басқа шаруашылық бұйымдарын жасаған. Ал ХХғасыр саясаты нәтижесінде бұл өнеріміз ұмытыла бастады. Қазіргі күнде Қазақстанда сүйекпен шұғылданатын 5-6 қазақ шеберлері бар.

Ежелгі халықтардың қай-қайсысы болса да негізгі күн көрісі кәсібін аңшылық пен мал өсіруден бастаған. Сондықтан хайуанаттың етін, майын, ішек-қарнын, терісін, жүнін, тарамысын пайдаға асыра білумен қатар олардың сүйегінен, мүйізінен көптеген мүліктер мен қару-жабдықтар жасайтын. Алғашқыда сойылған малдың қабырғаларын пышақ орнына, жіліктерін шоқпар орнына, бас сүйектің ми қаптарын ыдыс орнына, жауырындарды қалақ орнына пайдаланған. Келе-келе адам баласы сүйекті сүйекпен жону, таспен егеу, отқа күйдіру сияқты әдістерді тапты. Ақырында сүйектен, мүйізден түрлі қолөнер туындылары жасалды.Тағы да көп жылдар өткен соң адамзат нәсілдері қоланымыстытемірді тапты. Бұл адамзат қауымының еңбегіне көп жаңалықтар ашып, жеңілдіктер берді. Осыған байланысты өте жабайы кездердегі сүйекті пайдалану әдісіне де көп жаңалықтар енгізілді. Сүйекті кесіп, тесіп, жонып өңдеу мүмкіндігі туды. Сүйек пен мүйіз енді өз алдына құрал жабдық болумен қатар, басқа құрал жабдықтарды да өңдейтін ою-өрнек, әшекей мүліктеріне айналды. Сүйекті жону, өрнектеу, шегелеу, сүйекке күміс қақтау сияқты жұмыстар өте нәзік болуымен қатар аса шеберлікті талап етеді. Көшпелі қазақ аулының шеберлері ағаштан көшіп-қонуға ыңғайлы кебеже, жүк аяқ, кереует, асадал, адал бақан, аяқ-табақ, шөміш, шомбал сияқты заттар жасаумен қатар, малдың бүкіл сүмесін де (тұлабойы және одан шығатын өнімдері) қажетке жаратып келді.

Малдың етін, сүтін, майын тамаққа, терісі мен жүнін киім-кешек, киіз-сырмаққа жаратса, тезегін отынға, сүйегі мен мүйізін зергерлік өнеріне негізгі материал ретінде пайдаланды. Сүйекті ағашқа ырып қақтау және оның бетіне күміс жапсыру әдісімен ұқсатты. Ысқыш, тобыршық, шөміш сап, ұршық бас, шүмек, қағаз кескіш, қармақты біз сияқты заттар сүйектен жасалады. Әсіресе семіз, жас малдың қайнатылмаған сүйегі оюға, өрнектеуге өте қолайлы. Семіз малдың сүйегі май сіңген сарғыштау, шытынамайтын майысқақ келеді. Мұндай сүйектер тесуге де, кесуге де, ақсары түсті әдемі өң беруге де қолайлы. Семіз, жас малдың сүйегі кеуіп шатынаймайды, өңі де бұзылмай, ұзақ сақталады. Сүйек ұқсатушы зергерлер, әсіресе түйе мен жылқы сүйегін қадірлейді. Оның себебі бұлардың сүйегінде қара кемік болмайды және олар ұзақ сақталған сайын сарғыштартып, ажарлана түседі. Ал ожаудың сабы, тегене, табақ, піспек сияқты заттарға сиыр сүйегі де жарайды.

1.2 Сүйекті қолдану тәсілі

Сүйекті ағартып немесе сарғылт мөлдір түсті етіп өңдеуге болады. Сүйекті аппақ қардай ету үшін оны қайнатып, ыстық қоламтаға көміп кептіреді, ал сарғылт түске келтіру үшін май жағып, шөптің түтініне ыстайды. Сүйек ұқсатушы шеберлер жылан тіл пышқы, әр түрлі түрпілі егеулер, шапашот, асыл ыңғыру, қайқы пышақ, үскі, майда шарық, түрглі қағаз сияқтыларды қолданады. Бұлармен іс істеу үстінде ең бір шартты талап — асықпау, әрқашан бір қалыпты салмақпен жеңіл ұрғылау және сүйектің бетін үнемі тазартып алып, мұқият қарап отыру. Сүйек ісіне арналған аспаптар әрқашан өткір және асыл металдардан істеледі. Сүйекті шауып өңдеген кезде аздап ыстық су құйып отырса сүйек шытынамайды. Сүйекті түзетіп, тегістейтін құралды «бастырық» немесе «қысқы» деп атайды.

Бұйымды өрнектеп жасау үшін екі беті бірдей егеліп өңделген сүйекті алады да, оның бетіне арналған ою-өрнегін сызады. Бұдан кейін сол сызықтың үстімен арнаулы «безеубас» шапқы, біз, сүргі сияқты аспаптармен ыра жонып оюлайды. Сүйектегі ою-өрнекті кернекті ету үшін ырылған оюларды сіңімді бояумен бояйды. Бояуға мұсатыр, скипидар сияқты сіңімді сұйық заттар қосылады. Өрнектер көлемді заттарға жасалғанда, олар бөлек-бөлек кішкене сүйектерден құрастырылып, жалғастырылып отырады. Сондықтан оны өрнектеуден бұрын құрақтарын қиюластырып, өрнек өрісін сиғызып, мөлшерлеп алады. Өрнектелген сүйекке күміс жапсырып, сәнді тастар орнатып, оларды мың шегелермен ұстатқанда, осы жапсырылып істелген өрнектер сүйек бетіне ырып отырғызылады да, оның үстіңгі беті сүйек бетіне дәл келтіріледі. Шегенің орнын сүйектің шетінен 5—10 миллиметрдей кейінірек тескен жөн. Әйтпесе сүйектің шытынап, сынып кетуі ықтимал. Сүйек тесетін бәрбінің бұрандасы өткір, ұсақ, әрі таяз келеді. Үскілеп отырған жерге әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Бәрбіні қатты баспай, тек өз салмағымен немесе алақанмен ғана демейді. Тесіп отырғанда шытынап кеткен ұсақ сынықтарды қара күшала мен иісті жуа араласқан қоспаны езіп, сонымен желімдейді.

Жіліншіктің қыр сүйектерінен әр түрлі өрнектегі қырлы, жұмыр, түзу немесе тармақты заттар, сүмбе, ілуір (киім ілгіш), тұтқа әр түрлі қораптар жасалады. Мәселен, кебеже беттеріндегі сүйек өрнектері қалың тақтайдың бетіне ырып отырып орнатылып, нәзік мықтармен шегелеу арқылы құрастырылады. Мұндай ырулар сүғынды ыру деп аталады. Ондай ырулардың түп жағы кең, беті тарыла келіп, орнатылатын заттар бір шетінен сүғылып қиюласады. Ал әр жерінен беріктік үшін қағылған мық шегелер сүйек бетіндегі өрнектермен үйлесіп жалпы өрнектердің бір элементі сияқтанып тұрады. Түйенің немесе жылқының қалың сүйектерін егеп, бейнелі өрнектер жасауға болады.

Еліміздің кейбір шеберлері мал мен аңның сүйегін әдемілеп өңдеумен қатар құс пен балықтың да сүйегін өңдеп, одан неше түрлі гүл, түйреуіш, шыбын, жарқырауық қоңыз бейнесін жасап, өте үсақ әдемі өрнекті суреттер салып жүр. Сондайақ малдың, аңның ірі сүйектерін бұрандалап, топсалап құрастыру әдісімен өте үлкен көлемді мүліктер де жасалады. Ал сүйектен жасалған қобдишалар сәнді таяқ, қамшының сабы, айна қойғыш пен тоғыз құмалақ тақталары т. б. заттарды өте жиі кездестіруге болады.

Сүйектен жасалатын және сүйекпен әшекейленетін заттар: алқа, астау, бәкі сап, белдік, бесік, білезік, домбыра, ер, есік, ине, кесте сап, кереге, қасық, қылыш сап, май салғыш, ожау, ойыншықтар, таяныш, табақ, тегене, шам қойғыш, түрлі ыдыстар т.б.
Қазақ қолөнерінде сүйек пен мүйіз өндеу ісі өз алдына жеке кәсіп ретінде бөлінбеген. Ертеректе сүйектен кейбір еңбек құралдары мен қару-жарақ бөлшектерін жасаған. Ағаштан жасалатын үй жиһаздары мен ыдыс-аяқтарды көркемдеу үшін мал сүйегін кеңінен пайдаланған.
Үй бұйымдарын әсемдеуге жылқы мен түйе сүйектері ғана жараған. Оның өзінде, ең алдымен, олардың жауырын сүйектері мен қабырғалары қолданылса, кейде әсемдеу үшін жіліктің қақ сүйегі іске асқан. Әдетте, қыстыгүні соғымға сойылатын ірі жылқы мен түйе сүйектерінің жарамдыларын тастамай, жинай беретін. Шеберлердің айтуынша, шикі сүйектерден гөрі асылған еттің сүйегі өндеуге қолайлы болады. С

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!