400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балықтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: биология

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні: 16.02.2017ж

Сынып: 7 «А»

Мектеп: «Н. Т№121 ЖОМ»

Мұғалімнің аты-жөні: Г. Мырзалиева

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуі, кәсіптік мәні, тоған балық шаруашылығы. Балықтарды қорғау және жерсіндіру шаралары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуі, кәсіптік мәні, тоған балық шаруашылығы. Балықтарды қорғау және жерсіндіру шаралары туралы түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуін, кәсіптік мәнін, балықтарды қорғау шараларын біледі.

Көптеген оқушылар:

Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуін, кәсіптік мәнін, балықтарды қорғау және жерсіндіру шараларын талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады. Басқа оқушыларға үйретіп қолдау жасайды

Жетістік критерийлері

Балықтардың адам өміріндегі маңызын біледі, күнделікті өмірмен ұштастырады.

Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуін, кәсіптік мәнін, жайлы мәлімет алады, сүйекті балық пен шеміршекті балықтың ерекшелігін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: торсылдақ, шоғал, тоған, уылдырық, ихтиология …..

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Балықтар – сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар екенін,кәсіптік мәнін, биологиялық маңызын талқылау

Құндылықтарды дарыту




«Мәңгілік ел» Оқушылар еліміздің басты байлығының бірі – балықты зерттеп, адам өміріндегі маңызын біледі

Пәнаралық байланыстар

География, математика

АКТ қолдану дағдылары

Балықтардың құрылыс ерекшеліктері, жеке жүзбеқанаттарының атқаратын қызметі, кәсіптік мәні туралы бейне ролик көрсету, интернеттен мәлімет алу.

Бастапқы білім


Сүйекті балықтардың жеке отрядтары: бекіретектестер, қостынысты балықтар, саусаққанатты балықтар жайлы түсінігі қалыптасқан, мәліметтер айта алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді «Акула», «Сазан», «Бекіре» (2 мин)

1 тапсырма: Үй тапсырмасын пысықтау. Сызықты диктант «иә», «жоқ»

1.Бекіретәрізділер еті дәмді, уылдырықтары құнды болғандықтан көп ауланады «иә»

2.Қостынысты балықтардың жұп жүзбеқанаттары күшті дамыған «жоқ»

3.Қортпа – ірі балық «иә»

4. «Балық патшасы» атағын алған балық – латимерия «жоқ»

5.Көк акула адамға шабуыл жасайды «иә»

6.Шортан мен табан шеміршекті балық «жоқ»

7.Бекіре – саусаққанатты балықтар класына жатады «жоқ»

8.Акуланың салмағы 14 тонна «иә»

9.Қостынысты балықтар желбезегімен де, өкпемен де тыныс алады «иә»

10.Шортан – қорек таңдамайтын жыртқыш балық «иә»

(8 мин)

Әрбір дұрыс сұраққа 1 ұпай

Үй тапсырмасы бойынша өздерін тексеріп шығады

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ (10 мин)

Жаңа тақырып «Миға шабуыл» Балалар балықтар туралы не айтуға болады? Сипаттама беріп көрейік!

Балықтардың тіршілік ортасы туралы не айтуға болады?

Кәсіптік мәні дегенді қалай түсінеміз?

Балықтың қандай пайдасы бар?

Балықтарды қорғау не үшін қажет?

Балықтар туралы электронды оқулық арқылы мағлұмат алады.

Сабақ мақсатын тұжырымдау үшін сұрақтар қойылады. «Бүгінгі сабақта қандай мақсатпен жұмыс жасайсыңдар?», «Бүгін біз не үйренуіміз керек?», «Нені орындай алуымыз керек?» мұғаліммен бірлесіп сабақ мақсатын тұжырымдау.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуі, кәсіптік мәні, тоған балық шаруашылығы. Балықтарды қорғау және жерсіндіру шаралары.

Олай болса, балықтар желілілер типіне жататын омыртқалы жануарлар. Осы омыртқалы жануарлардың негізгі ерекшеліктерін еске түсірейік.

2-тапсырма: Топпен жұмыс жасаймыз (10 минут)


1-топ: Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуі мен кәсіптік мәні


2-топ: Балықтардың халық шаруашылығындағы маңызы мен пайдасы


3-топ: Балық байлығын молайту және қорғау


1.Түйінді идея – 5 ұпай

2.Тақырыптың ашылуы – 5 ұпай

3. Тақырыпқа мысал келтіру - 5 ұпай

12-13 ұпайдан жоғары «5» баға

8-11 ұпай «4» баға

4-7 ұпай «3» баға

3- тен кіші ұпай «2» баға



3 – тапсырма: Биологиялық жұмбақтар шешу ( 5 минут)

«Акула» тобы

Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,

Сусыз оның күні жоқ.

Жүріп кетсе соңында,

Қалып жатқан ізі жоқ /балық/



Көздері бар, қабағы жоқ,

Әсте кірпік қақпайды

Ол қай жәндік суға салсақ

Тұншықпайды, батпайды

/балық/

Пайдаланып тұрғанда

Тастайсың суға лақтырып

Пайдаланып болған соң,

Арқалайсың сорғытып /ау/



Желілер ішінде,

Балықтан ғана болатын

Қандай сезім мүшесі,

Көзбен шолып табатын

/бүйір сызығы/

Қай мүшесі балықтың,

Су түбіне батырар

Қанат болса егерде,

Су бетіне шығарар

/торсылдақ/

Венн диаграммасын пайдалану «Сазан» тобы,

Шеміршекті балық: денесі плакоитпен қапталған, торсылдағы болмайды, іштей ұрықтанады.

Балықтардың ортақ белгілері: суда тіршілік етеді, желбезекпен тыныс алады, жүзбеқанаттары болады.

Сүйекті балық: денесі қабыршақпен қапталған, торсылдағы бар, сырттай ұрықтанады.

Кім жылдам? «Бекіре» тобы

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құрау

Хабхат............

Батан................

Азанас...............

Іебрек...............

Нартош.................

Абалғұа..................

4-тапсырма: Бекіту сұрағы. Балықтар жинау (5 минут)

1.Балықтарды зерттейтін ғылым саласы /ихтиология/

2.Аталық безден бөлінетін сұйықтық /шоғал/

3.Шеміршекті балықтардың миы қанша бөліктен тұрады? /бес бөлік/

4.Аналық жұмыртқа жасуша не деп аталады? /уылдырық/

5.Құйрық жүзбеқанаттардың үстіңгі қалағы астыңғысынан да үлкен қай балық? /шеміршекті/

6.Балықтардың дене бөлігін ата /бас, тұлға, құйрық/

7.Денесін қалыпты ұстауға көмектесетін жүзбеқанаттар /арқа, аналь/

8.Балықтар бір-бірімен не арқылы байланысады ? /дыбыс шығару/

9.Балықтардың тыныс алу мүшесі /желбезек/

10.Барлық балықтарға тән ерекше мүше /бүйір сызығы/



Оқушылар балықтар туралы өз ойларын айтады









Электронды оқулық,





Тақта, бор









Оқулық,плакат



Кластың негізгі ерекшеліктерін кластер арқылы түсіндіреді

Тапсырмаларды орындайды


















Биологиялық жұмбақтар шешеді























































Венн диаграммасын толтырады

























Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құрайды

































Тапсырмаларды орындау нәтижесінде балықтарды торға жинайды




























Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: Балықтардың тіршілік ортасына бейімделуі, кәсіптік мәні, тоған балық шаруашылығы. Балықтарды қорғау және жерсіндіру шаралары

«Балық жеген, ет сұрамайды» тақырыбында қысқаша эссе жазу

(2 мин)

Кері байланыс (2 мин)

1) Мен мынаны білдім..........................

2) Маған қызық болғаны......................

3 ) Мен мына нәрсені білгім келеді ....................

Балықтар туралы мәліметтер жинақтау

Оқушы бағасын күнделіктеріне түсіру

Бағалау: Жоғарыда көрсетілген критерийлер арқылы бағалау (5 мин)

Бағаларын күнделіктеріне қойғызып, үй тапсырмасын алады

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • А.Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады.

  • В. Шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарды ажырата, талдай алады.

  • С. Балықтардың кәсіптік және биологиялық маңызын біледі.

Тапсырмаларға критерий

1.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай

2.Мағынасын толық түсіндіргенге 2 ұпай


Денсаулықты сақтау мақсатында балықтан дайындаған тағамдарды кем дегенде аптасына бір күн пайлалануға кеңес беру

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардың барлығыОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдерісақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
















Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Тексерілді:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1301
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі