балықтар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

балықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
балықтар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Аквариумдегі балықтар».

Мақсаты: Балаларды аквариумдағы тіршілік ететін балық түрлерімен таныстыру.

Балаларды дәстүрден тыс бастырма сурет әдісі арқылы балықтардың бейнесін салуды үйрету.

Жаңа сөздер арқылы тілдерін дамыту.

Табиғатты қорғауға,балықтарға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

-Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу –қызметіміз ерекше болғалы тұр. Бізге қонаққа көптеген апайлар келіп отыр. Орнымыздан тұрып, қонақтармен амандасайық.

-Сәламатсыздар ма?

- Балалар, бәріміз шеңберге келейік.

Достар,бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз.

Міне,біздер қандаймыз!

Орман,көлге,шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз!


Балалар, өткен ұйымдастырылған оқу –қызметінде ненің суретін салдық?

-Гүлдеген алма ағашының суретін салдық.

-Алма ағашы қай мезгілде гүлдейді?

-Көктем мезгілінде

Біз алма ағашын ненің көмегімен салдық?

-Акварельмен, қылқаламмен салдық.

Алма ағашы қайда өседі?

-Бақта өседі.

Өсімдіктер тағы қайда өседі?

-Суда өседі.

-Суда нелер жүреді?

-Балықтар.

Дұрыс айтасыздар. Мен сіздерге жұмбақ жасырамын.

Жүріп кетсе соңында,

Қалып жатқан ізі жоқ.

-Ол не екен,балалар? (Балық)

-Жарайсыңдар, жұмбақты дұрыс шештіңдер.


Балалар, мен сіздерге балық алып келдім. Балық құйрығы, қанаты арқылы жүзеді. Ол өкпемен емес, желбезек арқылы демалады.(көрсету)

-Балалар , балық теңізде, өзен-көлдерде мекендейді.

-Балықтарды тағы қайдан кездестіруге болады? (Балалардың жауаптары)

Ғажайып сәт.

-Балалар, бәріміз көзімізді жұмайық.

1,2,3. Көзімізді ашамыз.

-Балалар, бұл не екен?

-Аквариум

-Балалар, мына шыны ыдыс аквариум деп аталады. Мұнда балықтың түрі көп. Олар үнемі адамның қамқорлығында болады. Аквариум техникалық құралдармен жабдықталған. Онда арнайы жылытып, жарық түсіретін құрал болады. Балықтарға адамдар жем береді. Оны арнайы дүкендерден сатып аламыз. Аквариумдағы балықтардың дене бітімі кіші болады. Оны адамдар тағам ретінде қолданбайды . Аквариумдағы балықтардың түсі әртүрлі болады.

(Балықтар туралы видео көрсету)

-Балалар, мен сендерді аквариумда тіршілік ететін балықтармен таныстырайын.

Балалар, бұл балықтар тек қана аквариумда тіршілік етеді.

Мына балықтың аты-неон.

Неонның түсі қандай?

-Ал мына балық-еллоу.

-Еллоудың түсі қандай?

-Ал мына балық-арован.

-Арованның түсі қандай?

- Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Тастар, шөптер, бақалшақтар, балдырлар.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
- Әдемілікке және балықтардың өз ортасын сезінуі үшін.

-Балалар,енді балықтарға жем шашайық.

- Жарайсыңдар! Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды


-Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып,бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті:

-Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз күндегіден ерекше болмақ. Себебі, біз тұрмыста қолданылатын паролон губка, мақта таяқшасы және көкөністің бір түрі- картоппен бастырма әдісі арқылы жұмыс жасайтын боламыз. Жұмыс барысы: (Үлгіден балаларға көрсету)

Балалар, ең алдымен паролон губканы көк түске батырып, ауа көпіршіктерін жасап, аквариумді суға толтырамыз.

Картоптан ойылған балықтың бейнесін қызыл, көк, жасыл түстермен бастырма әдісі арқылы аквариумның ішіне бейнелейміз. Мақта таяқшасымен балықтың көзін саламыз.Сұқ саусақты қоңыр түсті майлы бояуға малып нүктелеу әдісімен тастардың бейнесін саламыз. Қылқаламды пайдаланып жасыл түсті бояумен балдырларды бейнелейміз.

-Осы баспа әдісі арқылы қазғаз бетіне де, матаға да түсіруге болады. /жұмыс жасау техникасын үйрету, жеке жұмыс жасау/

-Балалар, жұмысты таза, ұқыпты, тиянақты жасау керек. Жұмысымызды аяқтағасын ,қолымызды сулықпен сүртеміз.

(Аралап жүріп балалар жұмысын бақылау)

-Балалар, сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойын « Балықтарды топтастыр» -деп аталады.

Ойынның шарты: Аквариум балықтарын мына аквариумге, теңіз балықтарын теңізге жібереміз.

-Жарайсыңдар. Ойынды жақсы ойнадыңдар.

-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде аквариумда тіршілік ететін қандай балықтармен таныстық?

Неон, еллоу, арован

-Балықтар қайда өмір сүреді?

-Балықтар теңізде, өзен-көлде, аквариумда тіршілік етеді.

-Сурет салу барысында қандай құралдарды пайдаландық?

-Паролон губка, мақта таяқшасы, картопты пайдаландық.

-Картоппен нені бейнеледік?

-Картоппен балықтың суретін салдық.

-Саусақпен ненің суретін салдық?

-Саусақпен тастардың суретін салдық.



-Жарайсыңдар. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу-қызметіне жақсы қатыстыңдар.

Сіздерге сыйлығым бар,

-Қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.03.2024
271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі