400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Балықтар «Акваримудағы балықтар »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Балықтар «Акваримудағы балықтар » Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету.Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы















Ақтөбе қаласы Қарғалы ауданы № 51 «Жарқын » бөбек –жайы балабақшасы Тобы: «Тұлпар » СТЖД ересек тобы.

Тәрбиеші :Смағұл Ф.Т.

Білім беру саласы: «Шығармашылық »

Бөлім саласы: Сурет салу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Балықтар «Акваримудағы балықтар »

Мақсаты: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету.Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сабақтын барысы:

1. Ұйымдастыру кезені.

- Балалар, бүгінгі күніміз ерекше болады. Біздің топқа көп қонақтар келіп отыр. Қонақтарға бұрылып күлімдеп амандасайық.Өзімізді таныстырайық.

Біз «Тұлпар»тобының балаларымыз
Дос болып бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз!

2. Балалар мен бүгін сендерге сурет оқу іс - әрекетінде ненің суретін салатынымыз туралы жұмбақтап жасырамын.
Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді.

Бұл не екен? ( балық) -Балаларға су асты патшалығына саяхатқа баратындығын хабарлау.
Балалар бір сәт көзімізді жұмып, су астына түсе бастайық. Су салқын. Мен түрлі - түсті балықтарды көрдім.( сегізаяқ, ұлу, тасбақа, су жыланы) Теңіз түбінде өсімдіктер де өседі екен, сумен шайқалып, қозғалып, билеп тұрған тәрізді. Қайтадан судың бетіне қарай жүземіз. Су түбінен не көргендері жайлы сұрап, әр баланың ойын тыңдау. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме? -ия
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар? - Бұл - қармақ. - Қармақпен не істеуге болады? - Балық аулауға. - Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
- Балалар, қараңдаршы қармаққа бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен?
Балалар, бұл- алтын балық.
Ол сендермен көмек сұрағысы келеді екен, теңіздегі балықтар азайып кетіпті ,сонымен бірге аквариумдағы балықтардың суретін салып беруді сұрайды. - Олай болса алтын балықтын өтінішін орындайық па? (ия) Алдымен балалар, балықтын құрылысын еске түсірейік. -Балықтың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен? (сопақшаға) - Мынау балықтың несі?(басы) -Ал денесіне жалғасқан мынау не екен? (құйрығы) -Денесінің арқасындағы, бауырындағы нелер? (жүзбе қанатары). -Ал денесінде нелері бар екен? (қабыршықтар -Балық қалай жылжиды? (жүзіп) Сондай балықтарды көргілерің келе ме?
- Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші. -(балар көздерін жұмады,сол кезде жасырылған аквариумды ашу)
Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
(балықтарды )
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
(шыны ыдысты). - Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
(әртүрлі). - Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз? (Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар).
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?Әдемілікке
- Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын,ауа жіберетін,жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. -Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек?
(тамақ керек ) - Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар? - Құрттар, жасыл шөптер. - Жарайсыңдар! Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды.
- Олай болса балалар, өз орындарыңа отырыңдар . (Балалар өз жұмыс орындарына келіп отырады.) -Балалар, жұмыс орындарына қарандаршы, сурет салу кезінді бізге қандай құралдар көмектеседі екен. Атап берейікші. 3. Үлгіні қарастыру. -Енді, тақтаға үлгіге қараймыз. - Аквариумның ішінде нелер бар? (су, балықтар, шөптер және тастар) - Сендер қалай ойлайсындар, балықтын суретің салған кезде мен нені қолдандым? (картопты) -Ал, тасты, шөпті қандай құралдармен салуға болады деп ойлайсындар? (жұмарланған қағаз, мақтасы бар таяқшамен) -Енді балалар, мұқият тыңдаймыз да, қараймыз тақтаға, мен сендерге сурет салу ретін түсіндіремін. 4.Сурет салу әдісі : 1. Балалар, үстел үстіңде сурет салу үшін құралдар жатыр бұл: аквариумнің трафареті, әзірше аквариумның тұрғындары жоқ. Аквариумды алдын –ала дайындағамыз. Аквариумдағы суды қандай әдісімен салдық? (түтікше арқылы сабын көпіршігімен) 2. Ал,бүгін, алғашқы рет картоп бастырмасы әдісімен танысамыз.Балықтын суретін салу үшін осы әдісті қолданамыз. Ол үшін алдарындағы қызыл, немесе сары бояуға картопты малып, қағаз бетіне бастырамыз. Жұмысты орындаған кезде таза және ұқыпты жұмыс жасаймыз. 3. Балалар, қалай ойлайсындар, мына жұмарланған қағазбен нені салуға болады? (тасты) Бұл әдіс сендерге таныс, солай ма? Мүмкін біреу маған көмектесіп көрсеткісі келеді, жұмарланған қағазбен қалай сурет салуды? Жұмарланған қағазды қоңыр немесе қара түсті бояуға маламыз, нұқу әдісімен тастын суретің саламыз. Ал, тастын суретін қай жерге саламыз? (аквариумның түбіне саламыз). 4. Ал, мақтасы бар таяқша бізге не үшін қажет? (шөптерді саламыз). Шөп қандай түсті болады?(Жасыл) Жоғарыдан төмен қалай түзу, ирек, ұзын немесе қысқа шөптерді саламыз. Таяқшамен балықтың көзін, аузын саламыз - Дымкыл сүлгі қолды сүрту үшін. 5. Балалардың өзіндік жұмыстары. Балалар, сурет салмастан бұрын саусақтарымызға жаттығу жасап алайық. Саусақ жаттығуы: «Балық» Біз жүземіз оң жаққа Біз жүземіз сол жаққа Шоршимыз көл астында Ыршимыз көл үстінде Тұңғиыққа батамыз Тәтті ұйқыға жатамыз. Балалар жұмыстарын орындайды, жеке балаларға көмек көрсету. -Жақсы балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар. - Ғажайып аквариум болып шықты!-Балалар, біз алтын балықтын өтінішін орындадық, енді осы суреттерімізді жіберейік. 6.Ойын : «Балықтар » 7. Қорытынды. Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, салған суреттерін әңгімелету. Әр баладан көрмедегі суреттердің қайсысы ұнайтынын сұрау. - Сурет салу үшін біз не қолдандық? (картоп, қағаз, таяқша) - Кімнін суреті ең көңілді болып шықты? -Кімдікі ашық бояуді аквариум болды? - Ал, кімдікі қызықты, әдемі аквариум болды? -Кім өз аквариум туралы әңгімелеп береді? (өз жұмыстары туралы әңгімелейді, тақпақ айтады) -Суреттеріне қарандаршы, біздің балықтарға жайлы болды ма ?(ия) - Бүгін барлықтарын жақсы жұмыс жасадыңдар. Сабағымыз осымен аяқталды. Қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!





Ақтөбе қаласы Қарғалы ауданы №51 «Жарқын бала » бөбек –жайы балабақшасы Тобы: «Тұлпар » СТЖД ересек тобы Тәрбиеші : Смағұл Ф.Т.

Білім беру саласы: «Шығармашылық »

Бөлім саласы: Сурет салу .

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Үй құстары , балапан суретін салу »

Сабақтың мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерің бекіту, оларға деген қамқорлық сезімдерің тәрбиелеу, үй құстарының тіршілігі туралы түсініктерің кеңейту ,жұмбақ шешіп ,сурет салуға үйрету. Сөздік қорын молайту, үй құстарына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрнекілігі:Үй құстарының ,балапан суреті. Тәрбиеші : Сәлеметсіздер ме, балалар ?Бізге келген қонақтармен амандасайықшы! Балалар : Сәлеметсіздер ме ? Тәрбиеші : Бүгің ауа-райы қандай тамаша! Келген қонақтарымызға біздер қандай ақылды, тәртіпті бала екендігімізді көрсетейікші Сұрақ –жауап : Қазір далада қандай мезгіл ?(қыс ) Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай ? ( қар жауады , боран , аяз ) Қыс мезгілінің неше айы бар ?( желтоқсан,қаңтар, ақпан ) Жарайсындар балалар ! Міне , біздің балалар қандай ақылды , барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бүгіңгі сабағымызды бастамас бұрын, үй құстарына қысқаша шолу жасайық,. Үй құстарына қаз, тауық, үйрек, тоты жатады .Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы ,адам ағзасына өте пайдалы. Ғажайып сәт ! (киндер сюрприз ) Сіздерге сиқырлы жұмыртқа алып келдім , ішін ашып жұмбақтар шешіп көрейік ? Бұрап қойған сағаттай , айқайлайды таң атпай ?(әтеш ) Бас киімі қызыл шашақтай, құйрығы кемпір қосақтай . Айғайлайды таңертен, бір күнді босатпай. ?(қораз ) Жарайсындар ,балалар ! Барлық жұмбақтар жауабын шеше білдіңдер. Д.ойын «Үй құстары қалай дыбыстайды » Қаз – Үйрек – Әтеш - Тауық - Бүгіңгі сабағымыздың тақырыбын жұмбақтап көрейің , кім тез шешеді екен ? Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талтандап ?(балапан ) Не деген, біздің балалар ақылды, тапқыр, жарайсындар ! Сонымен біздің сабағымыздың аты «Балапан» тақырыбында сурет салу. Сендерге сурет салу ұнай ма? Балалар :ия . Тәрбиеші : Онда сурет салуға кіріспес үшін Балапан туралы қысқаша мәлімет бере кетейің. Балапан деп –құстардың балаларың айтамыз, тақтадағы балапан суреттеріне зер салып қараңдаршы ! Көбінесе балапандар түсі сары , аузы, аяғы, айдары қызыл түсті болады. Енді сурет салуға дайындық жүргізу. Сурет салу мазмұнын түсіндіріп , қалай салу жолдарын көрсету Ендеше мен бірінші салып көрсетейің, сендер мұқият қарап отырыңдар, жарайма? Бірінші балапаннын үстіңгі бөлігің бас жағын бояймыз. Екінші балапанның астыңғы бөлігі аяқ жағын бояймыз. Суретті дұрыс бояуды қадағалау , көмектесу. Саусақ жаттығуы Тәрбиеші : Қандай жақсы салған ! Енді осы салған суреттерің туралы қысқаша баяндап бере қойыңдаршы. – Балапанның түсі қандай ? -Басының пішіні қандай ? -Денесінің пішіні қандай ? -Тұмсығының пішіні , түсі қандай ? Тәрбиеші : Жаксы салған суреттерді мадақтау , балалар өз суретін қарап көрмеге қояды .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі