Білім
беру саласы:
Шығармашылық. Таным
Бөлімі:
Сурет салу. Сенсорика
Тақырыбы:
Балықтар
жүзеді
Мақсаты:
Балықтар туралы түсінік беру.
Заттарды
түсіне, көлеміне, пішіне қарай сипаттап
айтуға үйрету.
Балалардың бояумен жұмыс істеуге
деген қызығушылықтарын
және
өз жұмысына деген қуаныш сезімдерін
ояту, қылқаламмен
жұмыс
істеу дағдыларын дамыту.
Балаларға
ойын шартын түсіндіп,бір-бірімен тату
ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс-
тәсіл:
көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап,
әңгімелеу, көркем сөз,
Көрнекіліктер:
үлестірмелі материалдар, мазмұнды
суреттер.
Қажетті
құрал- жабдықтар:
қызыл, көк, сары бояулар, балақтың
бейнесі
салынған
балықтар, су, дымқыл қол сүрткіш.
Белингвалдық
компонент:
аквариум- тоған, балық -рыба, қармақ-
удочка
Іс-
әрекет қызметі
|
Бейін
оқытушысының іс- әрекеті
|
Балалардың
іс- әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Психо
жаттығу.
Армысың
ба, Алтын күн!
Армысың
ба, Жер ана!
Армысың
ба, достарым!
Сендерді
көріп қуандым!
|
-жақсы
көңіл күймен жаттығуға
сай
қимыл іс- әрекет жасай алды
|
Ұйымдастыру
ізденістік
Белингвалдық
компонент
Рефлексив
түзетушілік:
Сергіту
сәті:
|
Оқытушы:
Балаларға қағаз бетіне салынған
балықтың суретін көрсетеді.
-
Мынау – аквариум, мұнда балықтар өмір
сүреді.
Балаларға
келесі жұмбақтың шешуін табуды ұсынады:
Қызыл
түсті,
Мөлдір
сулы.
Сары
түсті,
Тасты,
құмды.
Жасыл
түсті балықтар,
Әйнек
үйде қалықтар.
Ол
не, балалар?.
-
Сендер балықты қайдан көрдіңдер?
-
Балалар балықтар қалай жүзеді
көрсетіңдерші?
-Балалар,
аквариумда көптеген балықтар тіршілік
етеді, бүгін біз сендермен сурет салу
оқу іс – әрекетінде балықтың суретін
саусақтың ұшымен түгелдей бояп шығамыз.
Оқытушы:
балықты
бояудың жолдарын көрсетеді.
Балалар
алдымен өздеріңе ұнаған түсті таңдап
аласыңдар.
Сосын
сұқ саусақтың көмегімен балықты бояп
шығамыз.
Бояғанда
сызықтың сыртынан шығармай ұқыпты,
таза бояймыз.
Оқытушы
қиналған балалардың қолдарынан ұстап
бояуға көмектеседі.
Біз
жүземіз оң жаққа,
Біз
жүземіз сол жаққа.
Шоршимыз
көл астында,
Ыршимыз
көл үстінде.
Тұңғиыққа
батамыз,
Тәтті
ұйқыға жатамыз.
Сенсорика
Балаларға
әртүрлі заттарды көрсетіп түсін,
пішінін сұрайды.
|
Балалардың
назары суретке ауады.
-мұқият
тыңдап, ойланады
-
Ол аквариум.
Балалар
қолдарын ашып, жауып көрсетеді.
Көрген
балықтары жайлы әңгімелейді.
-Балалар
оқытушының көрсетуі бойынша сұқ
саусақпен суреттерін бояуға кіріседі.
-Балалар
бірге
мәтінге сай іс – қимылдар жасайды.
Балалар
жауап береді.
|
|
«Кішкентай
балықшы»
демонстрациялық
ойыны.
Ұсақ
заттар тегешке тасталады. Бұлар
«балықтар» болады. Балықты аулау үшін
сабы ұзын қармақ беріледі. Балықты
қасықпен де ұстауға болады. Балалар
ұстаған балықтарын шелекке салады.
1-тапсырма.
Тәрелкеде
тұрған балықтарды түстеріне қарай
ажыратып, қайтадан тәрелкеге салу.
Сергіту
сәті:
Саусақтарға
арналған жаттығу.
Балықтар
таза жылы суда көңілді болып билейді,
ары жылжып, бері жылжып су түбіндегі
құмға да кіреді.
Жұмысты
аяқтаған соң оқытушы балалардың бояған
суреттеріне талдау жасап, бағалап,
суретті жақсы бояған балаларды
мақтап
-мадақтайды.
|
Балалар
балықтарды ұстап шелекке салады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар
ыдыста тұрған қызыл, көк және сары
түстегі балықтарды алып, түстеріне
қарай ажыратады.
Балалар
балықты бейнелеп, саусақтарын біресе
жұмып, біресе ашып жаттығулар жасайды.
-өз
жұмыстарын әңгімелеп береді
-қуанады
|
Күтілетін
нәтиже:
Білді:
Балықтар үй жағдайында аквариумда өмір
сүретінін.
Меңгерді:
Балалардың оқу іс – әрекетіне деген
қызығушылықтары.
Игерді:
Сұқ саусақтың көмегімен суретті бояуды.
Балықтарды
көлемі, түсі, пішіні бойынша атауды.