15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балықтар əлемі
Күні: 16.02.16 жыл
Сыныбы: 7 «А» 7 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Балықтар әлемі
Сабақтың мақсаты:1 Оқушылар балық түрлері, кәсіптік маңызы туралы топпен
тапсырма орындау арқылы ойларын жетілдіру, өз бетімен
жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын дамыту
2. Оқышыларды шығармашылық жұмысқа баулу
3. Ұқыптылыққа, шыншылдыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже : Тақырыптың мағанасын түсінеді, шығармашылық
тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап,ойын түрлері
Көрнекіліктер: суреттер, стикер,
Сабақ міндеті:
-
оқушылар күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету
-
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
-
топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,
-
алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету
Сайыс сабақ ұраны:
Сайыстың жоспары
1 Таныстыру.
2. «Балық ауы»
3. Зерделі бала бәрін біледі.
4. Сандар сыры неде?
5. Әзіл әлемі.
6. Су түбіне саяхат
7. «Шығамын білім шыңына»
Тапқыр , білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Биология пәнін сүйген сен
Ортаға сал барыңды.
Қайсы топ бірінші бастауын анықтау үшін сұрақ қойылады.
Сұрақ: жақсүйексіздер класы, теңіздер мен өзендерде тіршілік етеді, балық денесіне дөңгелек аузымен жабысып, қанын сұрады, бұлшықеттерін,ішкі мүшелерін жейді .Ол не? ( каспий миногасы)
Шын жүйрік сыналатын кезің келді,
Көрейік тамашалап бәйгені енді.
Болса егер ойың терең, ақылы кең,
Саралап ой-өрісін ел көреді -деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
I кезең . Таныстыру. 2 минут (әрбір топ өз топ атауларын, төсбелгілерін, ұранын айтып қорғайды. 5 ұпай ) 7 «А» 7 «Ә»
I топ: Шортан I I топ: Табиғат
II кезең . «Балық ауы». 1минут аралығында оқушылар қармақпен балық аулайды және ауланған балқтарға сипаттама береді. ( 1 ұпай ).
Алақай - 1ұпай +2 -2ұпай Х- 0ұпай
1.Көк акула –шеміршекті балық, басы алға қарай созылыңқы, жұтқыншағының екі бүйірінде 5-7 жұп желбезек саңылаулары бар.
2. Балғабас акула – шеміршекті, су түбінде мекендейды, суда белсенді жүзеді, терісі екі қабаттан тұрады.
3. Аратұмсық акула – шеміршекті балық, дара жынысты, басының алдыңғы бөлігінде ұзынша әрі жалпақ өскіні бар, шетінде ұсақ тісшелері бар.
4.Сазан- сары алтындай жалтыраған ,азықтық қасиеті бар еті дәмді, уылдырық саны 600 мыңнан 1,5 млн-ға дейін ,салмағы 20кг-45 кг дейін
5. Қылқа – топтанып тіршілік етеді, Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған
6. Латимерия – бұл балықтар кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен, аузында өткір тістері бар жыртқыш , денесінде желі өмір бойы сақталады.
7. Бекіре – еті дәмді, қара уылдырық алынады, «балық патшасы», 50жыл шамасында өмір сүреді, салмағы 12-24 кг ,ұзындығы 2 метр
8. Теңіз атбас балығы -шеміршекті балық, кәсіптік мәні жоқ
9. Аққайран – тұқытәріздестер отряды, Қазақстанның су айдындарында бар, су өсімдіктерімен қоректенеді.
10. Жеңістік албыт – құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанатты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратылады, өрістегіш балық, бір рет уылдырық шашып, соң өледі.
11.Қортпа – тұщы суда кездеседі, әлемдегі ең ірі балық, 65-70 жыл өмір сұреді ұсақ балықтармен қоректенеді,
12. Мөңке – жылы , тұнық суларда мекен етеді, жыныстық жағынан 3-4 жаста жетіледі.
III кезең. . «Зерделі бала бәрін біледі» (шар жару, жұмбақ, мақал-мәтел шешу, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай )
. Оқушылар жасырынған сөзді тауып, сол сөзді қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде айту керек.
1. Қорада малың болсын, көшеде ...(тал, дерево, tree)
2. Адам көркі шұберек, ағаш көркі ... (жапырақ, лист, foliade)
3. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш... (орман, лес, forest )
4. Бабалар еккен шынарды, .... саялар ( балалар, дети, chilolren )
5. Қыз өссе елдің көркі, ..... өссе жердің көркі. (гүл, цветок6 fiower )
6. Біреуге мал қайғы, біреуге ... (жан, душа, soul )
7. Мақтаның анасы жер, атасы -.... (су, вода, water )
8. Тарпаң, тарпаң тарбиған, түрі жаман жарбиған. (құрбақа, лягушка, frog )
9. Кішкене ғана түйме тас, аттан түйе тарта алмас (кене, клещ, mite
10. Екі басы жұдырықтай, ортасы қылдырықтай (құмырсқа, муравей, ant ) 11.Ағаштан тамақ жейді , жұтпай шайнап тастайды. (ара, пчела, bee honey)
12. Топырақпен көң астын қопарыпем, жыбырлаған кен аштым (шұбалшаң, червь, earhworm)
IV кезең . Сандар сыры неде? (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай
|
750 Шеміршекті балық |
Балықтың ішкі құрылысы |
1996ж Қызыл кітап |
|
30 қандауырша |
|
1991ж Қызыл кітап |
|
350 акула |
20000 Сүйекті балықтар |
1978 ж Қызыл кітап |
V кезең «Әзіл әлемі»
Ойын шарты: берілген сөздерге әзіл аралас, сөздерді байланыстырып әңгіме құру.
1 топ: ауа, мектеп , жіп, су, балық, сазан, биология, апта, қала, сынып журналы, көбелек, аспан, экология , шығарма.
2 топ: кампьютер, сабақ, жануарлар, бақа, қармақ, су, гул , экология, мектеп, мұғалім, қаламсап, акула, журнал, биолгия, сынып.
VI кезең Су түбіне саяхат
Оқушылар үйге берген тапсырма «Су түбіне саяхат» бейнеленген сурет. Суда тіршілік ететін жануарлар туралы, олардың қоректенуі, көбеюі жөнінде және екі топ өздерінің қолөнерімен , табиғаттың берген сиын пайдалана отырып туынды жасап, оны қорғай білу қажет. (10 ұпай )
VII кезең «Шығамын білім шыңына» топбасшылар сайысы
1 топ
1. «Ихтис » сөзінің мағынасы не? ( балық)
2. Балықтың тыныс алу мүшесі (желбезек) 3. Балықтарда алғаш рет қандай мүше пайда болды? (қуық)
4. Өрістегіш балықтар (қортпа, пілмай, бекіре)
5. Қызыл уылдырық алынады? (албыт балықтардан)
6.Қазақстанның су айдындарында қанша балық бар? (180 түрі )
7.Акуланың миынан неше жұп жүйкелер таралады. (10 жұп )
8. Әлемдегі ең сұлу балық «қызылқанат)
9. «Батаға» сөзінің мағынасы не? (қамыстан салынған
балықшылар үйі)
10. «Айнакөз» балығы орыс тілінде қалай айтылады? (белоглазка)
2топ
1. «Плакс» сөзінің мағынасы не? (тақташа )
2. Балық торсылдағының қызметі не? (дыбыс шығару, судың
түрлі қабаттарына өту)
3. Балықтардың терісінде болатын ерекше сезім мүшесі (бүйір сызығы)
4.Балықтардың жүрегі неше қуысты? (2 қуысты)
5.Акулалардың ішінде адамға қауіптісі (сұр акула)
6.Қара уылдырық алынады (бекіре)
7. Шеміршекті балықтардың желбезек доғаларының саны ( 5 жұп )
8. Тұщы сулардағы ең жыртқыш балық? (шортан)
9. «Қабадан» сөзінің мағынасы не? (тор немесе қоғадан
жасалған балық аулау құралы.
10. «Ақбалық» балығы орыс тілінде қалай айтылады? (белорыбица)
Қорытындылау
1. Жинаған ұпайларын айтып, жеңімпаз топты анықтау
2.Оқушыларға стикерлерді толтыруды ұсыну
|
Балықтың ішкі құрылысы |
|
|
2 11 14 13 12 10 9 8 7 6 5 4 3 1 |
1._______________ 2._______________ 3._______________ 4._______________ 5._______________ 6._______________ 7._______________ 8._______________ 9._______________ 10.______________ 11. ______________ 12.______________ 13.______________ 14.______________ |
Сайыстың
жоспары
1. Таныстыру.
2. «Балық ауы»
3. Зерделі бала бәрін
біледі.
4. Сандар сыры неде?
5. Әзіл әлемі.
6. «Су түбіне саяхат»
7. «Шығамын білім
шыңына»


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген