400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балықтардың көбеюі және дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қосымша материял ретінде күнделікті сабаққа қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

40 -сабақ


Пәні: Биология

Сыныбы : 7 Күні:

Сабақтың мақсаты: Балықтардың көбеюі және дамуы. Мінез-құлығының ерекшеліктері. Балықтардың өрістеуі(миграция). Өсімталдығы және ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Түйсік және оның балықтарда байқалуы, популяция туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға балықтардың көбеюі мен дамуы туралы білім беру 
2. Балықтардың көбеюінің қзіне тән ерекшеліктері, көбею кезіндегі мінез құлығы, ұрпағына қаиқорлық жасауы жайлы ұғым қалыптастыру, тану біліктілігін дамыту 
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, табиғатты сүюге баулу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б

Көрнекілігі: Слайд, балық қаңқасы, ылғалды препарат.

Сабақтың брысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі . 
2. Үй тапсырмасын сұрау. 
3. Жаңа сабақ 
4. Сабақты қорытындылау.

5.Бағалау

5.Тест сұрақтарын беру. 
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгелдеу. 
1. Желілілер типінің омыртқалылар тип тармағына жататын жануарларды ата

2. Жақ сүйектерінің сипатына қарай бассүйектілер нешеге бөлінеді?

3. Ұрығының даму ерекшеліктеріне байланысты нешеге бөлінеді?

4. Дене температурасына байланысты нешеге бөлінеді?

5. Балықтарды неше класқа бөлеміз?

6. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

7. Балықтардың дене бөлімдерін ата


Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі.

Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.

  Балық  уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық  тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады. 

Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.

Ұрпағына қамқорлық жасау.Уылдырығы көп сутіл (2-2,5 млн), треска (2,5-10млн), шортан (100 мың 1млн), көксерке(200мың-1 млн) және сазан сияқты балықтар ұрпағына қамқорлық жасамайды,уылдырықтарының көптігі арқылы ұрпақ жалғастырады. Албырт тұқымдас құнысбалық (1-2 мың), кета(2-4 мың) сияқты балықтар саны аз болғандықтан, қорғап қалу үшін уылдырығын малтатасты топыраққа көміп,бірнеше күн қорғаумен болады. Тікенді кекіренің уылдырығы 600-ге жуық, ал кәдімгі кекіренің уылдырықтары 100 болады. Бұл балықтар уылдырығын былқылдақденелілердің шапанша қуысына салады. Уылдырық жарған кекіренің дернәсілдері бақалшақтағы сарыуызды қорек етеді. Ал аналығы 60-400-ге дейін уылдырық салатын үштікенді шаншарбалықтың аталығы ұя жасап, шабақтарын жауынан қорғайды, тропиктік суларда тіршілік ететін кішкене жайынша- бәсірлердің аталығы, тиляпия балығының аналы,ы уылдырығын аузында сақтап , шабақ өрбітеді. Балықтар ұрпағын сақтап қалу үшін әр түрлі әрекеттер жасауға бейімделе алады.

 «Балық аулау» ойыны. Балықтың суретін алып ондағы сұрақтарға жауап беріледі.

1. Ұрықтанудың түрлерін ата

2. Өрістеу деген не?

3. Өрістеудің қандай түрлері бар?

4. Кәсіптік мәні бар балықтарды қалай көбейтеді?

5. Өрістегіш балықтарды ата

Жауабы: бекіре, албырт, жыланбалық

6. Ұрпағына қамқорлық жасамайтын балықтарды ата

Жауабы: Шортан, сазан, треска, сутіл

Қорытындылау:

- Бүгінгі сабақта не білдік?

- Не білгіміз келеді?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Балықтарға байланысты сөзжұмбақ жасау.

Бағалау: Балдардың белсенділігіне қарай бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі