400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

балықты қалай күтуге болады

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

Балықты қалай күтуге болады

Мектеп

Күні

Педагогтің аты жөні

Сынып

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақтың оқытылу мақсаты

0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Shape1

Балық деген не? деген сұраққа жауап бере алады;

Балықтың түрлерін атай алады;

Балықтың күтімі туралы айта алады.

Ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;

Көпшілік балала

Балықты қалай күту керектігін түсіндіре алады;

Балықтың тіршілігі үшін не қажет екенін анықтай алады;

Кейбір балалар:

Балықтың тіршілігіне зиянды заттар;

Зерттеу іс-əрекеті барысында талқылай алады.

Тілдік мақсат


Дағдыларды дамыту.

Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын,танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану.

Shape2

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Көптілділік: балық –рыба – fish

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: балық, аквариум, балықтың тіршілігі, уылдырық

Жоспарланған іс әрекет

Жоспар

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-1 минут

Өмірлік тәжірбиені маңыздандыру

Мақсатты болжам

2-5 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері

Қол алысып, кəне, біз,

Достасайық бəріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!



Сабақтың ортасы

Тақырып бойынша жұмыс

6-25 минут


(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:


Жер бетіне бір шықпас,

Су түбінде тұншықпас.

Сөйлемейді, үндемейді,

Пісірсе оны кім жемейді.

(Балық)


Аузы бар, тілі жоқ,


Терісі бар, жүні жоқ.


Қанаты бар ұшпайды,


Су астында қыстайды.

(Б алық)

(Ұ)Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін акула, албырт, көксерке тəрізді балықтардың денесі ұршық сапты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тəрізділердің екі бүйірі шығыңқы, жоны көтеріңкі болады.

Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене мүшелері жүйесінің құрылысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас.


Ой-толғаныс.


Балықтың пайдасы туралы қосымша ақпарат:


  1. Балықтың майынан қажетті бірнеше түрлі дəрумендер алынады.


  1. Қабыршағынан інжу жасалады.


  1. Майынан ыстыққа төзімді бояулар дайындалады..


  1. Акула терісінен егеу дайындайды.


  1. Треска,акула бауырынан дəрі жасалады.


  1. Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады.


  1. Балық пен сүт ақуыздары қосылған кезде адам организміне қажетті ең

құнарлы заттар түзіледі.

Дидактикалық ойын: «Алтын балық»

Ойын шарты: Балалардың алдын ала қойылған салған суреттерінен, əр баладан қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға «алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында «алтын балықты» көп жинаған

бала марапатталады, мақсат балалардың өзін-өзі бағалауына дайындау.

(Ұ)Өзекті мəселелер.

Аквариумдағы балықтың адамға пайдасы.Аквариумды күн сайын ұқыпты түрде күту керек, аквариумдағы өсімдіктердің жағдайы, жалпы тазалық шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуге мүмкіндік береді.

Аквариумдағыбалық күтімі. Алдымен аквариумға су құямыз. Сосын түбін себеміз. Енді аквариум өсімдіктерін отырғызуға болады. Саусағымызбен үңгір қазып алып, оған өсімдіктің тамырын бекітеміз. Топырақпен

нығыздаймыз. Тастар мен өсімдіктерді орнатып болған соң, қабығын жапқанда судың үстіңгі беті көрініп тұрмайтындай етіп, су құямыз. Балықтарға ыңғайлы мекен қалыптасу үшін, аквариумға балықтарды əлі жібермей қоя тұрамыз. Кем дегенде 2-3 күн күтіп, ыңғайлы кезде балықтарды аквариумға саламыз. Бұл тіпті оңай. Үйге балықтарды қай суға салып əкелсеңіз, сол суымен қоса құясыз.

Күн сайынғы күтім.Күн сайын аквариумға назар салып, жарық бергіш, жылытқыш құралдардың жұмысын қадағалап отыру қажет. Сау балықтар теңселмей, бірқалыпты жүзеді, денесінде ешбір дақ болмайды. Тамақты таңертең жəне кешке берген дұрыс.

Кезеңдік күтім.Аквариумдағы өсімдіктерді күтіп, суды ауыстырып отыру кезеңдік күтімге жатады. Аквариумның əйнегін көтеріп, құралдарды сөндіреді, қораптың түбін тазалап, су құяды.

Мерзімдік күтім. Көктем мен күзде жасалады. Көктемде жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдың күшін төмендетеді, құралдарды жуып-тазалап, ескі өсімдіктерді жояды. Ал күзде аквариумды қысқы тəртіпке ауыстырады. Яғни жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдардың жұмысын күшейтеді.

Балықтардың көбеюі: Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке.

Shape3

Балықтарды тағам ретінде пайдалану жолдары:

Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады.Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.



(Ұ)Сергіту сəті.


Əуенмен «Балықтар» биін билейді.

Мəлімет: Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте-бірте пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал ең кішкентай балық – итбалық деп аталады. Балықтарға қарап тұрсақ балықтардың пішіндері де əртүрлі. Осы пішіндеріне қарап та балықтың қандай екенін, атын атауға болады екен. Мысалы: жалпақбалық, табанбалық, жыланбалық.

Мынадай қызықты білесің бе?

Металмен қапталған кемені тұмсығымен тесіп өтетін балық:семсер балық.

Аңшы иттер ажырата алмаған иісті ажырататын балық:жыланбалық.

(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1..Балықтың күтіміне қажетті заттарды ата. (Аквариум, су, сүзгі, балдырлар, жылытқыш, компрессор)

2.Сурет бойынша балыққа жүзуге көмектесетін дене мүшелерін белгілету.

3.Аквариум мен теңіз балықтарын топтастыр.

4.Океанариумдағы балықтар мен аквариумдағы балықтардың ерекшелігі

қандай?
















































«Теңіз» музыкасы.



Музыкалық сүйемелдеу


Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.

Shape4

Океанариум мен аквариумның суреті .



Сабақты қортындылау


Рефлексация

26-30 минут

(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Рефлексивті бағалау.

(Ұ, Ө) Аквариумді бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – көк.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.

Әліппе дәптер қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі