15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балықты қалай күтуге болады?
Пәні: Экология негіздері |
|||||
ТАҚЫРЫБЫ: Балықты қалай күтуге болады? |
Мұғалімнің аты-жөні:
|
||||
Күні: 08.11.2018 |
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
СЫНЫП: МАД
|
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау |
||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады :
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
|
||||
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер: Дағдыларды дамыту. Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын,танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту. Көптілділік: балық –рыба – fish Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: балық, аквариум, балықтың тіршілігі, уылдырық, ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл: Талқылауға арналған сұрақтар: Балықты қалай күтуге болады? Күн сайынғы, кезеңдік, мерзімдік күтім деген не? Балықтың қандай түрлерін білесіңдер? Олар немен тамақтанады? Балықтың пайдасы? Балық қалай көбейеді? |
||||
Алдыңғы оқу |
Жылудың тіршілік үшін маңыздылығы, оның қасиеттері. |
||||
Сабақтың жоспары |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Ресурстар |
|||
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздан-дыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин. |
(Ұ) Шаттық шеңбері Қол алысып, кəне, біз, Достасайық бəріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру!
(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады: Жер бетіне бір шықпас, Су түбінде тұншықпас. Сөйлемейді, үндемейді, Пісірсе оны кім жемейді. (Балық) Аузы бар, тілі жоқ, Терісі бар, жүні жоқ. Қанаты бар ұшпайды, Су астында қыстайды. (Балық) (Ұ)Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін акула, албырт, көксерке тəрізді балықтардың денесі ұршық сапты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тəрізділердің екі бүйірі шығыңқы, жоны көтеріңкі болады.Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене мүшелері жүйесінің құрылысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас. Ой-толғаныс. Балықтың пайдасы туралы қосымша ақпарат: 1. Балықтың майынан қажетті бірнеше түрлі дəрумендер алынады. 2. Қабыршағынан інжу жасалады. 3. Майынан ыстыққа төзімді бояулар дайындалады.. 4. Акула терісінен егеу дайындайды. 5. Треска,акула бауырынан дəрі жасалады. 6. Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады. 7. Балық пен сүт ақуыздары қосылған кезде адам организміне қажетті ең құнарлы заттар түзіледі. Дидактикалық ойын: «Алтын балық» Ойын шарты: Балалардың алдын ала қойылған салған суреттерінен, əр баладан қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға «алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында «алтын балықты» көп жинаған бала марапатталады, мақсат балалардың өзін-өзі бағалауына дайындау. |
|
|||
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин. |
(Ұ)Өзекті мəселелер. Аквариумдағы балықтың адамға пайдасы.Аквариумды күн сайын ұқыпты түрде күту керек, аквариумдағы өсімдік-тердің жағдайы, жалпы тазалық шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуге мүмкіндік береді. Аквариумдағы балық күтімі. Алдымен аквариумға су құямыз. Сосын түбін себеміз. Енді аквариум өсімдіктерін отырғызуға болады. Саусағымызбен үңгір қазып алып, оған өсімдіктің тамырын бекітеміз. Топырақ-пен нығыздаймыз. Тастар мен өсімдіктерді орнатып болған соң, қабығын жапқанда судың үстіңгі беті көрініп тұрмайтындай етіп, су құямыз.Балықтарға ыңғайлы мекен қалыптасу үшін, аквариумға балықтарды əлі жібермей қоя тұрамыз. Кем дегенде 2-3 күн күтіп, ыңғайлы кезде балықтарды аквариумға саламыз. Бұл тіпті оңай. Үйге балықтарды қай суға салып əкелсеңіз, сол суымен қоса құясыз. Күн сайынғы күтім.Күн сайын аквариумға назар салып, жарық бергіш,жылытқыш құралдардың жұмысын қадағалап отыру қажет. Сау балықтар теңселмей, бірқалыпты жүзеді, денесінде ешбір дақ болмайды. Тамақты таңертең жəне кешке берген дұрыс. Кезеңдік күтім.Аквариумдағы өсімдіктерді күтіп, суды ауыстырып отыру кезеңдік күтімге жатады. Аквариумның əйнегін көтеріп, құралдарды сөндіреді, қораптың түбін тазалап, су құяды. Мерзімдік күтім. Көктем мен күзде жасала-ды. Көктемде жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдың күшін төмендетеді, құралдарды жуып-тазалап, ескі өсімдіктерді жояды. Ал күзде аквариумды қысқы тəртіпке ауыстырады. Яғни жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдардың жұмысын күшейте-ді. Балықтардың көбеюі: Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке. Балықтарды тағам ретінде пайдалану жолдары: Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады.Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады. «Кім епті?» (Ұ)Сергіту сəті. Əуенмен «Балықтар» биін билейді. Мəлімет: Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте-бірте пайда болыпты. Осы балық-тардың ішіндегі ең үлкен балық кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал ең кішкентай балық –итбалық деп аталады. Балықтарға қарап тұрсақ балықтардың пішіндері де əртүрлі. Осы пішіндеріне қарап та балықтың қандай екенін, атын атауға болады екен. Мысалы: жалпақбалық, табан-балық, жыланбалық. Мынадай қызықты білесің бе? Металмен қапталған кемені тұмсығымен тесіп өтетін балық:семсер балық.Аңшы иттер ажырата алмаған иісті ажырататын ба-лық:жыланбалық. (Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1.Балықтың күтіміне қажетті заттарды ата. (Аквариум, су, сүзгі, балдырлар,жылытқыш, компрессор) 2. Сурет бойынша балыққа жүзуге көмекте-сетін дене мүшелерін белгілету. 3. Аквариум мен теңіз балықтарын топтастыр. 4.Океанариумдағы балықтар мен аквариумдағы балықтардың ерекшелігі қандай? |
Əліппе-дəптер
Суреттер.
«Теңіз» музыкасы.
Музыкалық сүйемелдеу
Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар. Океанариум мен аквариумның суреті.
|
|||
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин. |
(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Рефлексивті бағалау. (Ұ, Ө) Аквариумді бояйды. 1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – көк. 3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл. |
Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.
|
|||
Сабақты қорыту:
Сабақтың оң жақтары:
Сабақтың теріс аспектілері:
Тексерді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген