«Банк – ақшаны сақтаушы мекеме»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Банк – ақшаны сақтаушы мекеме»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды банк қызметкерінің еңбегімен таныстыру. Ақшаға ұқыпты қарауға, еңбектің құндылығын түсінуге баулу. Банк қызметкерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Банк – ақшаны сақтаушы мекеме»

Білім беру дағдылары:Коммуникативтік дағдылар, танымдық-зияткерлік дағдылары, шығармашылық дағдылары, әлеуметтік дағдылар.

Мақсаты: Балаларды банк қызметкерінің еңбегімен таныстыру.

Ақшаға ұқыпты қарауға, еңбектің құндылығын түсінуге баулу.

Банк қызметкерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік қоры: Ақша, теңге, монета, карта сияқты қаржы құралдарының атауларын үйрету.

Қажетті ресурстар: Ақша, теңге, мамандықтар суреттері,ноутбук, банкомат, банкомат карточкалары.


І. Кіріспе бөлім

Балаларды шеңберге тұрғызып, сергіту сәтін өткізу:

Экраннан көрсету.

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін сұрақ -жауап әдісі арқылы экраннан көрсету.

Тәрбиеші сұрақ қояды: «Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?»


Өткен іс-әрекетке қорытынды: Тәрбиеші (интерактивті тақтадан мамандық суреттерін көрсетеді (дәрігер, мұғалім, құрылысшы, өрт сөндіруші, аспаз, жүргізуші).

Әр мамандықтың не істейтінін түсіндіреді.

Педагог жетекшілігімен ойын «Мамандықты тап»

Шарты:Пішіндерге жасырылған мамандықты атау.

Дидактикалық ойын «Кімнің құралы?» интерактивті тақтадан

Шарты: Педагог маман иесін айтады.Балалар мамандыққа сәйкес әртүрлі құрал-жабдықтардың суреттерін табады қолмен (шприц – дәрігер, тақта – мұғалім, каска – құрылысшы). Балалар оны тиісті мамандықпен сәйкестендіреді.


Тәрбиеші: Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде банк қызметкерлері туралы түсініктерге ие боламыз. Банк туралы не білеміз экранға қарайық. ЖИ интелкт арқылы таныстыру.

Банк – адамдарға қызмет көрсететін қаржы мекемесі.

Банк ақшаны сақтайды, керек кезде банкоматтан алуға болады.

Әркімнің банк картасы болады. Ақша, теңге, монета, карта сияқты қаржы құралдарының атауларын үйрету.

Тәрбиеші: балаларға арналған сұрақтар?

Балалардың жауабы.

Сюжеттік-рөлдік ойын: «Біз банктеміз»

Тәрбиеші:Банкке барғанда заң мен тәртіпке бағынып, кезек сақтай білуіміз керек. Әр адамның өз құқығы болады .

Бір бала – кассир, екіншісі – клиент, үшіншісі – күзетші.

Клиент банкке келіп, шот ашады, ақша салады немесе банкоматтан алады.

Кассир клиентке қызмет көрсетеді.Балалар кезекпен рөлдерін ауыстырады.

Тәрбиеші балалар осы ақшаларымызды қаржыларымызды арнайы «Бизнес орталығы» мекемесіне апарып қандай кәсіп бастауға болатынын сұрайық.

Қимылды ойын: «Ақшаны жеткіз»

Шарты:Балалар қапшық санайды, қапшықтың көлемін ажыратады, бағыт-бағдар бойынша қоймаға қояды.Балалар ойыншық ақшаны бір жерден екінші жерге тасиды, банкте сақтайды

4. Сергіту сәті

«Ақшаны біз табамыз,

Еңбекпенен аламыз.

Үнемдеп те жұмсаймыз,

Банкте сақтап қоямыз!»

Миға шабуыл әдісі «Жылжымалы сурет» дидактикалық ойын

Шарты: Сандарда жасырылған суреттерді табу және неге қажет екенін табу. Бағыт- бағдарды ажырату.

«Кім тапқыр» педагог жетекшілігімен ойыны

Шарты : Экрандағы суретке қарап мақалдарды табу.

Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

Ақша еңбектің жемісі

Топка бөлу әдісі:

Құрылысшылыр : 100 теңгелік монета таңдайды

Тігіншілер:200 теңгелік монета таңдайды

Қаржыгерлер: ақшаны таңдайды

Шығармашылық орталық:

Құрлысшылар тобы:«Ғимарат құрастыру» (текшелерден немесе конструктордан).

Тігіншілер тобы : «Әмиян тігу»

Қаржыгерлер тобы: «Ақша жинау»

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сұрақтар:

Банк деген не?

Ақшаны не үшін банкке қояды?

Ақша қайдан келеді?

Қорытынды: «Ақша – еңбектің жемісі. Банк – ақшаны сақтайтын сенімді мекеме. Біз ақшаны дұрыс жұмсап, үнемдеуді үйренуіміз керек».



















Тақырыбы: «Банк – ақшаны сақтаушы мекеме»

Білім беру дағдылары:коммуникативтік, шығармашылық, танымдық, әлеуметтік,

Тобы: Ересек топ

Мақсаты:Балаларды банк ұғымымен, оның қызметімен таныстыру.

Ақшаның еңбектен табылатынын және банк мекемесінде сақталатынын түсіндіру.

Қаржылық сауаттылыққа баулу, үнемдеуге үйрету.

Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер:Ойыншық ақша, әмиян, банк ғимаратының суреті, карточка, банкоматтың үлгісі (қағаздан), кассир мен клиентке арналған рөлдік атрибуттар.

І. Кіріспе бөлім

Тәрбиеші: «Балалар, ақшаны біз немен аламыз?»

Балалар: «Еңбек етіп табамыз».

«Ал ол ақшаны қайда сақтаймыз? Үйде ме, әлде арнайы мекемеде ме?»

Тәрбиеші: «Ақша банкте сақталады. Банк – ақшаны сақтайтын мекеме».

ІІ. Негізгі бөлім

1. Әңгімелесу

Банк – адамдарға қызмет көрсететін қаржы мекемесі.

Банк ақшаны сақтайды, керек кезде банкоматтан алуға болады.

Әркімнің банк картасы болады.

2. Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет?»

Кассирге – касса, ақша.

Клиентке – банк картасы, әмиян.

Қорғаушыға – арнайы форма.

3. Сюжеттік-рөлдік ойын: «Біз банктеміз»

Бір бала – кассир, екіншісі – клиент, үшіншісі – күзетші.

Клиент банкке келіп, шот ашады, ақша салады немесе банкоматтан алады.

Кассир клиентке қызмет көрсетеді.

Балалар кезекпен рөлдерін ауыстырады.

4. Сергіту сәті

«Ақшаны біз табамыз,

Еңбекпенен аламыз.

Үнемдеп те жұмсаймыз,

Банкте сақтап қоямыз!»

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сұрақтар:

Банк деген не?

Ақшаны не үшін банкке қояды?

Ақша қайдан келеді?

Қорытынды: «Ақша – еңбектің жемісі. Банк – ақшаны сақтайтын сенімді мекеме. Біз ақшаны дұрыс жұмсап, үнемдеуді үйренуіміз керек».






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі