«Балауса»
балабақшасы
«Бақ-берекем - Алтын
күз»

Тәрбиеші: Альменова Г.
С.
Мақсаты:
-
Табиғатты күз мезгіліндегі
өзгерістері жайлы білімдерін біршама тиянақтау. Табиғаттың сыйын
балалар өз көздерімен көріп, дәмін татып, күз байлығын әңгімелей
білуге үйрету.
-
Есте сақтау және сөйлеу
дағдысын арттыру. Мәнерлі оқу қабілетін
дамыту.
-
Адамдардың еңбегін бағалауға
және табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Бөлме әсем безендірілген,
жеміс пен көкөністер қойылған. Балалар бастарына арнайы бас киімдер
киген.
Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар,
қонақтар!!!
Береке - бақ
дарыған.
Жомарт көңіл, жарқын
жүз.
Сары алтынға
малынған,
Жетті міне, алтын күз! –
деп «Бақ берекем – Алтын
күз» атты ертеңгілін бастауға
рұқсат етіңіздер!
Балалар, ертеңгілігімізді
бастамас бұрын елімізге жақсы тілк тілеп, бір бірімізге жылы
лебізімізді білдірейікші.
Дұрыс айтасыңдар, енді
білімімізді шыңдайық...
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі? (Күз)
Олай болса, күз айларын
атаңдаршы?! Күзде қандай өзгерістерді
байқадыңдар?
Тәрбиеші: Сары алтыннан бұрым
да,
Сары күліш
көйлегі.
Алтын күзді
шынында,
Ару десең
бейнелі.
Келістіріп бар
сәнін,
Берген өзі
табиғат.
Алтын күзді, ал
қане,
Қарсы алайық,
жамағат!
Алтын күз
(кіреді):
Алтын
күз: Толтырып дәнге
қырманды,
Бастадым қырда
думанды.
Мәуемді терген
бағбанның
Жанарында нұр
жанды.
Ырысқа толып
қоймалар,
Сабан тойы
тойланар!
Берекелі күз
болам
Байлыққа мұртың
майланар.
Астық жеміс
алмаға
Толып қойма,
қамбалар,
Байлығыммен ұлы
елім,
Алты ай қысқа
қамданар!
Тәрбиеші: Жомарт көңіл, жарқын
жүз
Берекесі
елімнің,
Қош келіпсің, Алтын
күз!
Құт қонағы
төрімнің!
Жоғары шық, кел
төрлет.
Абыройың бағың
бұл
Көңілдерді ән
тербеп,
Арналады саған
жыр.
Алтын
күз: рахметін айтып, төрге
шығады.
Тәрбиеші: «Неге күзді «Алтын күз»
дейміз?!
Айнала сап – сары болады, егін
піседі.
Көрініс: Ерасыл, Айару.
«Қайдан келдің бауырсақ?!» ертегісінен көрініс қойып
береді.
Тәрбиеші: Дастарханда
шашылып,
Жатты аппақ
бауырсақ.
Бауырсаққа
қызығып,
Қарап тұрып көзін
сап
Қуыршақ: Қайдан келдің
бауырсақ?!
Айару: деп сұрады
қуыршақ
Бауырсақ: Дүкеннен келдім нан
сатқан.
Ерасыл: деді оған
бауырсақ.
Қуыршақ: Дүкенге келдің қай
жақтан?
Бауырсақ: Наубайдан келдім нан
жапқан.
Қуыршақ: Наубайға келдің қай
жақтан?
Бауырсақ: диірменнен келдім ұн
тартқан.
Қуыршақ: Диірменге келдің қай
жақтан?
Бауырсақ: Даладан келдім, кең
жатқан.
Жер ана менің
көсілген,
Дихандар мені
өсірген.
«Ас атасы – нан, нан атасы –
дән» деген мақалда мол дүние, тоқшылық, нан бізге өте қастерлі,
нанның бірде - бір қиқымы жерде жатпауы
керек.
Тәрбиеші: Мерейлі күз, жарқын
күз
Сыйлығына
ырзамыз
Арайлы сенің
таңыңда
Шомыламыз нұрға
біз.
Хор: «Жасыл бағым –
жайнаған»
Тәрбиеші: Мына тұрғандардың барлығы
алтын күздің бізге сыйлаған сыйы екен, олай болса біз оны
қаншалықты бағалай алады екенбіз? Алтын күзімізге және
қонақтарымызға жемістер мен көкөністердің жыр айтысы арқылы
көрсетейік.
Мирас: Асханадан
шықпаймын,
Атым пияз
бұқпаймын.
Көзден жасты
шығарып,
Тұмаудан бірақ,
сақтаймын.
Әліби: Өсіретін
бойыңды,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянға да
азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Алихан: Ақ түсім бар қант
алар,
Қызыл түсім, қанға
нәр.
Зияным жоқ, біліп
қой,
Қызылшамын пайдам
бар.
Нұрасыл: Тал шыбығым,
бұралып
Бақшалар
қызарып,
Тұрған ол мен –
қызанақ
Күнге қарап
ұялып.
Алдияр: Көктем ерте
шырмалып,
Өсемін мен, бүр
жарып.
Атым қияр, теріп
ал
Жиі – жиі
суарып.
Рамазан: Бақшаларда
тізіліп,
Қаперсіз мен
жатамын.
Қабат – қабат
киініп
Қырыққабат
атандым.
Тәрбиеші: Күзім – ау, күзім –
ау,
Мінезің бұзық –
ау
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің қызық –
ау.
Хор: «Жау – жау
жаңбыр»
Нұрай: Бақ ішінде
алмалар,
Бар жемістен
бағалы.
Көрген адам
таңданар
Көздің жауын
алады.
Айару: Тіл үйірген
шырыным,
Жемістердің
бірімін.
Мен маржандай
шиемін,
Ұнатамын, күн
нұрын.
Айбөпе: Мынау – өрік,
күнімін,
Ерте ашар
гүлін
Қара өрік, сары
өрік
Ектім екі
түрін.
Еркеайым: Мен жүзіммін,
жүзіммін,
Моншақ болып,
тізілдім.
Балнұр: Мен алмұртпын,
алмұртпын
Аузындамын бар
жұрттың.
Нұрдана: Иісім жұпар
жидемін,
Олақтарға
инемін
Жеміс берем мен
күзде,
Оған дейін
тимегін.
Мариям: Тілді үйірер дәмәм
бал,
Күн көзімен
жалындар.
Қасиетті
жеміспен
Бойымда шип дәру
бар.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, көкөністер
мен жемістерде көптеген дәрумендер бар!
«Жемістер
биі»
Алтын
күз: Балалар мен сендердің
білімдеріңе риза болып отырмын. Ал енді мына сұрағыма жауап беріп
көріңдерші. Осыншама байлық бізге немен келедеі
екен?
Балалар:
«Еңбекпен»
Тәрбиеші: Міне, балалар! Ерең еңбектің
арқасында бар байлықты жерден алады екенбіз. Сондықтан жерді қалай
атасақ болады?
Балалар: Жер –
ана!
Жер –
байлық!
Көктемде еккен еңбектің
арқасында шалқан үлкен болып шықты. Осы еңбегіміздің нәтижесін
сіздерге сахналап көрсетейік.
Тәрбиеші: Атай шалқан егіпті, шалқан
үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақшы болып,
шалқанды тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суыра
алмайды. Еңбек пен бірліктің арқасында шалқанды суырып алдық. Осы
дастарханымыздағы жемістер жаздың бір күні, қыстың бір айын
асырайды.
Тәрбиеші: Қарашы күз келді, күз
келді,
Сары жауып,
біздерді.
Құс біткен керуен
түзеді.
Сағындырып,
біздерді.
«Құстар»
биі
«Алтын
күз»: Балалар! Дәл осы құстардай
менің де қайтар мезгілім жетті. Үлкен азамат болып, тер төгіп,
еңбек етсеңдер, келер күзде тағы да бақ – береке, байлық болып
ораламын.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Жаз бойы
төккен теріміз алтын күзімізде бақ – береке болып оралды. Абай
атамыз айтқандай, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» -
деп өзіміздің кішкентай бұлдіршіндерімізді еңбекті сүюге, бағалауға
және табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Бүгінгі ертеңгілігіміздің берері
мол. Жер – ананың сыйын балаларымыз өз көздерімен көріп, күз
мезгілі молшылық, байлық екеніне куәгер
болды.
Алдымызда қылышын сүйретіп,
қаһарлы қыс келе жатыр. Күзде жақсы қамданған қауым, қыста қысылмай
шығады.