400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бақша және бақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балаларға бау-бақша, бақтарда өсетін жемістер мен көкөністер туралы әңгімелей білуге уйрету, балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін,түсін,пішінін)сөздермен байыту,балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы : «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бақша және бақ»

Мақсаты: Балаларға бау-бақша, бақтарда өсетін жемістер мен көкөністер туралы

әңгімелей білуге уйрету, балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін

(көлемін,түсін,пішінін)сөздермен байыту,балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы

жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу

Сөздік жұмыс :Бау-бақша, бақ

Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауаптар,ойын, мнемотехникалық кесте,СТО стратегиясы БҮҮ.

Көрнекіліктер: Жеміс пен көкөніс муляждары, суреттер, бау мен бақшаның макеті,үлестірмелі материалдар,слайд.

Үш тілді компонент :жеміс-фрукты- fruit алма-яблоко- apple алмұрт-груша- pear көкөнітер-овощи- vegetable сәбіз-морковь- carrot пияз-лук- onion картошка-картоп- potatoes қызанақ-помидор-tomato

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Қайырлы таң – Көк аспан

Қайырлы таң- Жер ана

Қайырлы таң-достарым,

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым бос.

Мнемотехникалық кесте арқылы күз туралы айту

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі екенін қалай білдік? Балалар күз мезгілінде бау- бақшадағы жемістер мен көкөністер піседі. Оларды жинайтын мезгіл күз. -Ал балалар күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністердің түсі,пішіні қандай атайықшы.

Ғажайып сәт: -Топқа кірпі келеді.

-Балалар, мен қысқа азық жинап жүріп, осы топта көкөністер мен жемістер туралы айтылып жатқанын естіп қалдым. Менде көкөністер мен жемістер туралы білгім келеді.

Тәрбиеші: -Олай болса төрлет ,кірпі, бізбен бірге бол, бізбен бірге көкөністер мен жемістер туралы түсініп,үйреніп ал.

-Балалар біздер бұрыннан жемістер мен көкөністер туралы білеміз,ал енді мен сендерге жемістер мен көкөністердің қайда өсетіні туралы айтып берейін, мұқият тыңдап алыңдар.

Көкөністер – жерде өседі, ол жерді бақша деп атаймыз.Бақшаны күтіп баптайтын адамды-бағбан деп атаймыз. Жемістер- ағаштарда өседі, ол жерді бақ деп атаймыз. (макет бойынша түсіндіру).

-Балалар сендер көкөністер мен жемістер туралы тақпақтар білесіңдерме?

Балалар, жемістер мен көкөністерді үш тілде айтайықшы. жеміс-фрукты- fruit алма-яблоко- apple алмұрт-груша- pear көкөнітер-овощи- vegetable сәбіз-морковь- carrot пияз-лук- onion картошка-картоп- potatoes қызанақ-помидор-tomato

Сөздік жұмысы: Бау-бақша, бақ -Балалар сендер көкөністер мен жемістер туралы тапақтар біледі екенсіңдер, олай болса өз білімімізді сынау үшін осы көкөністер мен жемістерді ажыратып,ойын ойнайық. Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат» Шарты: Балалардың алдарындағы көкөністер мен жемістерді себеттерге ажыратып салу. Жемістерді- іші қызыл себетке, көкөністерді- іші сары себетке салу

. Сергіту сәті: «Табиғат тамашасы» Табиғаттың құбылыстарында кездесетін жел, жапырақ сыбдыры, жаңбыр, нөсер жаңбыр, кемпірқосақты бейнелеп көрсету. Мысалы, жел-ауызбен үру, жапырақ сыбдыры-алақандарын уқалау, жаңбыр-саусақтарымен тарсылдату, нөсер жаңбыр-аяқтарына алақандарымен шапалақтау . Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң» Ол үшін алдын ала қиылып қойылған көкөністер мен жемістер суреттерді құрастыруымыз керек. Тәрбиеші: Кірпіге қарап: «Қалай бізбен бірге болып, көп нәрсе үйрендің бе? Үнемі бізбен бірге болсаң бұдан да көп нәрсе үйренетін боласың»

Кірпі: -Рахмет, балалар сендер өте ақылды екенсіңдер,мен енді өзімнің достарыма барайын,сендерге арнап мына алмаларды ала келдім. (алманың артындағы сөзді оқып,балалардың мойынына ілу) Балалар біздер бүгінгі оқу қызметімізде не туралы айттық? Жұмыс дәптеріміздегі тапсырманы күннің екінші жартысында орындаймыз.

Рефлексия(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып

кемшілікті жою)

-Жемістер қайда өседі? -Ал көкөністер ше?




















Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы :

Бөлімі:

Тақырыбы:

Мақсаты:











Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы :

Бөлімі:

Тақырыбы:

Мақсаты:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2022
1019
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі