Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
жоспары
Күні:
06.11.2020
Білім беру саласы:
Таным
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы:
Бақшадағы
көкеністер.
Мақсаты: Көкеністер, олардың өсетін
жері туралы балалардың түсініктерін байыту, түстерін,пішінін
ажыратуға,көкеністердің аттарын дұрыс атай білуге, еңбекқорлыққа
баулу.
Көрнекілігі: көкеністер туралы
суреттер.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету,
сұрақ-жауап, ойын, сергітту
сәті,әңгімелеу.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
I-Кіріспе
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын апайлармен амандасып
алайық.
Апайлармен
сәлемдесу.
Шаттық
шеңбері:
Алақанды
ашайық,
Шаттық шеңбер
құрайық.
Күннің нұрын
салайық,
Жүрекке жылу
силайық.
Жүректен алған
жылуды,
Апайларға
шашайық.
-
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз
-
Күздің неше айы бар?
-
3 айы бар.
-
Күз мезгілінде қандай құбылыстар, ерекшеліктер
болады?
-
Күн бұлтты, жаңбырлы, салқын болады және бақшамыздағы түрлі
көкеністер пісіп қамбамыз астыққа толады.
Ендеше ашық оқу
қызметімізді бақшадағы көкеністер туралы өтетін
боламыз.
Балаларға өлең
оқу.
Өрік, шие, бәрі
бар,
Қауын, қарбыз
көбейді.
Жегің келсе, бәрін
ал,
Неге аласың
демейді.
Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен.
Бәрін тауып
беретін,
Жомарт екен күз
деген.
Берекелі күздің сыйы
көкеністерге тоқталамыз. Көкеністерге қауын, қарбыз, жуа, картоп,
сәбіз, қызылша,қызанақ,қырыққабат, қияр жатады. Көкеністер жерде,
бақшада өседі. Балалар көкеністер дәрумендерге бай. Көкеністерді
тамақ пісіргенде қолданамыз.
1-ші Еркін
ойын:
Көкеністі
тап?
Балалар араласып жатқан
жемістермен көкеністердің атрибудтарын бастарына кию арқылы
көкеністерді табады және топырақта өсетін және жер бетінде өсетін
көкеністі ажыратады.
Сергіту
сәті:
Бақшаға біз барамыз,(бір
орында сап түзіп жүруұстап шеңберді айналып
жүреді)
Жарайсыңдар балалар!
Тамаша жасадыңдар жаттығуды!
2-ші Қимылды
ойын:
Көкеністер
ойыны
Балалар шеңбер құрып
отырады. Тәрбиеші көкеністің атын атайды, балалар қолдарымен қимыл
жасайды. Егер ол топырақтың үстінде өсетін көкеніс болса қолдарын
жоғары көтереді. Ал егер тәрбиеші топырақтың астында өсетін көкеніс
болса қолдарын төмен түсіреді. Осылайша, ойынды бірнеше рет
қайталайды.
Балалар бүгін оқу
қызметімізде нелермен таныстық?
Балалар алған
әсерлері туралы айтады.
Оқу қызметіне жақсы
қатысқан балаларды тәрбиеші
мадақтайды.