400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақшадағы психологтың жарты жылдық есебі 2024

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтың қыркүйектен желтоқсанға дейінгі атқарған жұмыстарына шолу жасап,есеп беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагог-психологтың I жарты жылдық есебі

Мақсаты: психологтың атқарған жұмыстарына шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.

Психолог қызметі

Мақсаты: тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және балалардың эмоционалдық оңдылығы мен психофизикалық денсаулығын сақтаудың талаптарын қамтамасыз ететін дамытудың жағымды әлеуметтік ортасын қалыптастыруда педагогтарға, ата-аналарға, әкімшілікке көмек көрсету.

Міндеттері:

  • Балалардың психологиялық даму нәтижелерін бақылап отыру;

  • Балалардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау;

  • Балалардың индивидуалды және жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды жүзеге асыру;

  • Балалардың көңіл-күйлерін ұйымдастыруға қатысу;

  • Педагогикалық ұжымды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, ақыл-кеңестерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру.

Психология қызметінің негізгі жұмыс бағыттары:

Психологиялық диагностика
Мақсаты:
Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.

Психологиялық профилактика
Мақсаты:
Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

Психотүзету(психокоррекция) және дамыту
Мақсаты:
Тәрбиеленушілердің психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.

Психологиялық кеңес(консультация) жүргізу
Мақсаты:
Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

Психологиялық білімді көтеру
Мақсаты:
Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың мәдениетін көтеру.

2024-2025 оқу жылына жоспар , айлық жоспар және циклограмма құрылды. Жоспар бойынша топтарды аралап, балалардың көңіл- күйлерін бақылау және бақшада балаларға өздерін еркін сезінуге жағдай жасау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Кіші топтағы балаларға өздерін еркін сезінуге жағдай жасау мақсатында ойындар,жаттығулар өткізілді. Кіші топ балаларының тілін дамыту мақсатын жұмыстар жүргізілді.Балалардың танымдық қабілетін зерттеу мақсатында әдістемелер алынды. Балалардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында дидактикалық ойындар өткізілді. Орта топ балаларының көңіл-күйін көтеру және қимыл-қозғалысын дамыту мақсатында «Айдаhар өз құйрығын тістейді» ойыны өткізілді.Орта топ балаларына психопрофилактикалық бағытта баллардың көңіл-күйлерін көтеру және қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында « Айдаhар өз құйрығын тістейді» ойыны өткізілді. Орта топтарындағы балалардың заттарды салыстыруын зерттеу мақсатында «Аз және көп» әдістемесі алынды. Орта топтарындағы балалардың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында «Атомдар мен молекула» ойыны өткізілді Орта топ балаларының зейінін дамыту мақсатында «Не өзгерді» ойыны өткізілді. Ересек топ балаларының танымдық деңгейін дамыту мақсатында «Не өзгерді» ойыны өткізілді. Балалардың таным деңгейін дамыту мақсатында «Пішінді құрастыр, түстерді ата» ойыны өткізілді. Балалардың заттарды ажырату қабілеттерін зерттеу мақсатында «Айырмашылықты тап» әдістемесі алынды.Балалардың ойлауын дамыту мақсатында «Сөйлемді аяқта» ойыны өткізілді. Мад тобы балаларына «Ғажайып қыс», «Ертегілер әлемінде», «Калейдоскоптан алынған өрнектер», «Жаңа жыл қақпа алдында» тақырыптарында психологиялық түзету сабақтары жүргізілді.Ата-аналарға және педагогтарға сұраныстары бойынша психологиялық кеңес жүргізілді.Семинарда педагогтарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Ата-аналарға ағартушылық бағытта «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында кеңес берілді. Ата-аналар жиналысында «Танысу» тренингі өткізілді. Жаңадан келген педагогтарға психологиялық қолддау көрсетілді. Педагогтарға кәсіби жанудың алдын алу, өзара сыйластық қарым-қатынас орнату мақсатында «Кәсіби жанудың алдын алу» тақырыбында тренинг жүргізілді, ағартушылық бағытта «Арт-терапия» емдік өнер тақырыбында презентация оқылды.Педагогтарға диагностикалық бағытта «Сіз төзімдісіз бе?» тест алынды.Құжатпен жұмыс жасалынды, диагностикалық материалдар әзірленіп, хаттама және анықтама толтырылды. Қиын бейімделген балалардың тәрбиешілене кеңестер берілді, ата-аналармен әңгіме жүргізілді.Жеке түзете-дамытуды қажет ететін балардың тізімі дайындалып, балалардың таным қабілеттерін дамытатын ойындар және жаттығулар жүргізілді.Агрессивті балалармен релаксация жаттығулары және ойын-жаттығулар өткізілді.Жеке жұмыс барысында баланың қабілеттері ашылып, жаңа дағдыларды қалыптастырды.

Психологиялық қызметі 2024-2025 II жарты жылдыққа мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды:

  • Оқу жылының жұмыс жоспарын өзіндік жетілдіру;

  • Педагогтармен, ата-аналармен және балалармен жүргізілетін бес бағыт бойынша жұмыс мазмұнын толықтыру;

  • Өзіндік білімін жетілдіру деңгейін жоғарлату;

  • Психолог кабинетін жабдықтау;

  • Жобалар бойынша жұмыстарды жетілдіріріп, толықтырып, жалғастыру.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі