Тәрбиеші:
Күз де келді ,алтын дәнін
сапырып,
Күз де келді, той-думанды
шақырып,
Күздің күні алтын нұрын
шашады.
Жердің жүзін шұғылаға
батырып,
Армысыздар, құрметті
қонақтар!
Бармысыздар, жадыраған жас
достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз,
құтты болсын!
«Берекелі күз»
ертеңгілігімізді бастаймыз.
«Жапырақтар»
биі
Қол соғып қошеметпен І кіші
топ бөбектерін ортамызға шақырамыз.
Тәрбиеші:
Алақай-ау,
алақай
Той тойлайық
балақай
Тақпақ айтып, бір
бірлеп
Қол соғайық
балақай
Жомарт көңіл жарқын
күз
Берекесі
елімнің
Қош келіпсің жомарт
күз
Құт қонағы
төрімнің!
Ән: «Жомарт
күз»
Орындайтындар:
Айзере, Рамазан, Ернұр,
Алтынай, Ыбырай, Нұриман, Еламан, Көркем, Альбина, Айсұлу,
Ақылхан
Би «Саңырауқұлақтар мен
ұлулар»
Тәрбиеші:
Ал, балалар,
балалар
Енді бері
қараңдар
Бізге қонақ
келмекші
Сендерді бір
көмекші
Тәрбиеші: Қошеметпен Күз Ханша мен
Ханшайымын шақырамыз.
Жаңай
Ханша:
О, халайық,
жараңдар
Міне маған
қараңдар
Алтын түске
боялды
Тау мен қырда, дала
түз
Келді міне
ортаға
Менің атым – Алтын
күз
Раяна
Ханшайым:
Тілегім, аман болсын ел
іргесі
Алтын күз қайта келді
берекелі
Молшылықтың жаршысы бола
білді
Алтын күз, ырыс, береке алып
келді.
Ойын: «Ғажайып
қоржын»
Шарты: Балалар мына қоржынның
ішіндегі жемістердің атын атап, түсін
ажыратамыз.
Тәрбиеші:
Күз мереке, күз ырыстың
белгісі
Күздің бізге бақыт – байлық
бергені, - деп күздің керемет байлықтарын ортаға шақырайық, өздері
туралы тақпақтарын арнасын.
Алма:
Сабина
Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Жүзім:
Жаңай
Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Шие:
Көркем
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр:
Раяна
Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Асқабақ:Айсұлу
Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Картоп:Айару
Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қызанақ:
Альбина
Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Ән:
«Қолшатыр»
Тәрбиеші: Келесі кезекті балалардың
тақпақтарына береміз:
Айзере:
Сарғайды
тоғай
Сап-сары
маңай
Соңғы ән
айтып
Құс кетті
қайтіп
Рамазан:
Жапырақ
ұшты
Суық
түсті
Сонда да
бізге
Қызық көп
күзде
Ернұр:
Қайық терек
басынан
Сарғыш тартты
жапырақ
Жерге түсіп
шомылған
Жел үрлесе
қалтырап
Алтынай:
Алтын сары, қызыл
көк
Алуан-алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
атырап
Ыбырай:
Сары ала тон
жамылған
Күз атамыз
секілді
Қойны толған дәмді
нан
Тәттісі көп не
түрлі
Нұриман:
Мен өрікпін,
өрікпін
Табиғатқа
көрікпін.
Еламан:
Көбейді құт
береке
Астық толы
қоймамыз
Құтты болсын
мерекем
Алтын күзді
тойлайық
Ақылхан:
Күн суытып
келеді
Жапырақтар
түседі
Астық жеміс
жиылды
Қамбамызға
құйылды
Ойын: «Күн мен
жаңбыр»
Музыка
ойналады:
«Күн» дегенде -
билейміз
«Жаңбыр» дегенде қолшатыр
астына тығыламыз.
Би:
«Жемістер»
Көрме
Ата-аналардың үйден дайындап
келген жеміс жидектерден жасалған әртүрлі үлгідегі жемістер
кезегіне береміз.
Ән: «Алтын
күз»
Тәрбиеші:
Сеуіп мейір –
білімін
Табыстырған
біздерді
Берекелі күз
еді
Қосып білім – нұрға
нұр
Біз де, міне
жақынбыз
Рахмет мың да
бір
Рахмет жомарт
күз
Сау болайық
балалар!
Келгенше жыл айналып!-деп
сіздермен қоштасамыз. «Берекелі күз» атты ертеңгілігіміз осымен
аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп
рахмет!
«Жауқазын» бөбекжай балалар
бақшасы

ТАҚЫРЫБЫ: «Берекелі
күз»
ТӘРБИЕШІЛЕР:
А.Көшкінбаева
Б.Мұқанова